Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сот психа.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
296.96 Кб
Скачать

Дәрістердің тезистері

1 дәріс

Тақырыбы: Сот психиатриясының түсінігі. Сот психиатриясының пәні, әдістері. Мақсаты: Сот психиатриясының түсініктерін беру.

Жоспары:

1. Сот психиатриясының түсінігі.

2. Сот психиатриясының пәні және әдісі.

1. Сот психиатриясының түсінігі.

Сот психиатриясы – психиатрияның арнайы бөлімі, оның міндеттеріне азаматтық және қылмыстық құқық пен іс жүргізу сұрақтарына арнайы қатысы бар әртүрлі жүйке қабынуларын зерттеу жатады. Қылмыстық іс жүргізуде айыпталушының, жәбірленушінің және куәлердің немесе азаматтық іс жүргізуде талапкер мен жауапкердің психикалық жағдайын бағалауда сарапшы-сот психиатрлары жүйке қабынулары бар-жоқтығын анықтап қана қоймай, сонымен бірге аурудың диагнозын дұрыс қоя білуі және оны емдей білуі қажет. Жауаптылыққа қабілеттілігі туралы сұрақты шеше отырып сарапшы айыпталушының өз іс-әрекетіне есеп бере алатындығын және құқықбұзушылық жасау барысында оларға басшылық жасай алатындығын анықтай білуі керек.

Сот психиатриясы әділсотқа қызмет қылып, заңдылықты және құқық тәртібін бекітуге көмектеседі. Сот-психиатриялық сараптама жалпы психиатрияның барлық жетістіктерін пайдаланады және тергеу мен сот үшін заңның адамгершілігін шығарады. Оған сәйкес психикалық ауру тұлғалардың қоғамға қауіпті әрекеттері қылмыс ретінде бағаланбайды, ал оны жасаған психикалық ауру қылмыскер болып есептелмейді. Сот психиатрларының жұмысы жалпы профильді психиатрлардың жұмыстарынан ерекшеленеді. Көбіне сараптамаға өмірінің анамнезінде және психикалық жағдайында бірнеше ерекшеліктері бар тұлғалар түседі. Сот психиатрлары психикалық бұзылуды ғана емес, оның ауырлығында анықтаулары керек. Көп клиникалық тәжірибесі бар дәрігерлер ғана сот психиатрлары бола алады, олар жалпы терапияны білулері және құқықтық сұрақтардан хабардар болулары керек. Мұндай жан жақты дайындық негізделген диагностика жүргізуге және сот психиатриялық қорытындыда жазылатын тұжырымды дұрыс құруға мүмкіндік береді (сот-психиатриялық сараптама акті).

2. Сот психиатриясының пәні және әдісі.

Зерттелушінің жағдайын нақты және негізделген психопатологиялық саралау жүргізетін клиникалық әдіс психиканы зерттеудің негізгі әдісі болып отыр. Психикалық бұзылудың табиғатын және сипатын анықтайтын барлық пайда болған фактілер сот психиатриялық бағалауды жеңілдетеді.

Әртүрлі психикалық бұзылулардағы қабілетсіздіктің критерийлерін әрі қарай теориялық және практикалық дайындау сот психиатриясының қазіргі міндеттеріне жатады. Психопатия, шизофрения кезіндегі ремиссия сияқты күрделі клиникалық мәселелердің сараптамалық ыңғайын негіздеу және мұқият саралау қажет. Азаматтық іс жүргізудегі сот психиатриялық сараптаманың өскен мәні қабілеттілік – қабілетсіздік критерийлерін терең дайындауды және нақтылауды қажет етеді. Сот психиатрлары психикалық аурулардың қоғамға қауіпті әрекеттерінің алдын алуға айрықша көңіл бөлулері қажет. Мәжбүрлеп емдеу – мұндай профилактиканың негізгі әдістерінің бірі. Мәжбүрлеп емдеуден шыққан тұлғалар тұрғылықты жерлеріндегі психоневрологиялық диспансерлердегі және басқа медициналық мекемелердегі дәрігерлердің бақылауына түсулері керек; олар арнайы есепте болулары қажет. Бұл оларға уақытылы бақылау жүргізуді ұйымдастыруға және ауру қабынған немесе рецидивтенген кезде қайта госпитальдауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Тақырып бойынша әдебиет:

    1. В.Н. Крюков, Сот медицинасы, - Москва: «Норма», 2004 ж.

    2. В.Л. Попов, Сот-медициналық сараптама, Анықтамалық: - Санкт-Петербург: «Питер», 1997 ж.

    3. В.Л. Попов, Сот медицинасы, - Санкт-Петербург: «Питер», 2000ж.

    4. Г.С. Шанаева, Сот-медициналық сараптама, -Алматы: - «Дәнекер», 2003 ж.

2 Дәріс

Тақырып: Сот медицинасының түсінігі.

Мақсаты: Сот медицинасының түсініктерін беру.

Жоспары: