- •1 Тақырып. Криминалистикалық әдістеменің жалпы ережелері
- •2. Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің
- •1. Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің ұғымы мен міндеттері
- •2. Қылмыстардың жекеленген түрлерін және топтарын тергеу әдістемесінің пәні мен қағидалары
- •3. Криминалистикалық әдістеменің құрылымы мен негізгі ұғымдары
- •2 Тақырып. Қылмыстың криминалистік сипаттамасы
- •1 Криминалистикалық сипаттаманың түсінігі және оның тарихи аспектілері
- •2. Криминалистикалық сипаттаманың элементтері
- •Қылмыскердің тұлғасы
- •Жәбірленуші
- •Қылмыс жасау тәсілі
- •Қылмыс жасау механизмі
- •Бастапқы тергеу ситуациясы
- •Қылмыс жасау жағдайы
- •Қылмыстық қол сұғушылықтарының заттары
- •Қылмыстың материалдық іздері
- •Қылмыстың ниеті және мақсаты
- •10. Қылмыстың салдары
- •Қылмыс жасауға итермелейтін себептер мен жағдайлар
- •Қылмыс мән-жайлары бойынша көрсетпелерді қалыптастыруға әсер ететін факторлар
- •Қылмыс іздерін жасыруға бағытталуы мүмкін әрекеттер
- •3 Тақырып Криминалистикалық болжаулар және тергеуді жоспарлау
- •1. Тергеу болжауының және тергеу жоспарының түсінігі, олардың өзара байланысы
- •2. Тергеу жоспарының негізгі қағидалары, элементтері және жоспар жасау техникасы
- •Қазақстан Республикасының қк-нің " " бабымен_______қарсы қозғалған
- •3. Тергеушінің жедел-іздестіру, анықтама және басқа да органдармен байланысы
- •4 Тақырып Адам өлтіру және дене жарақатын салу қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •1. Адам өлтіру қылмысын тергеу әдістемесінің теориялық алғышарты
- •2. Адам өлтіру қылмысының криминалистикалық сипаттамасы
- •3. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулары және жоспарлануы
- •4 Күш қолдану белгілері бар мәйіт табылған жағдайларда жүргізілетін алғашқы тергеу әрекеттері
- •5. Келесі тергеу кезеңдерінің міндеттері (мақсаты)
- •5 Тақырып Ұрлық қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •1. Ұрлықтың криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Типтік ситуациялар, болжаулар және тергеудің алғашқы кезеңі
- •3. Ұрлық істері бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •6 Тақырып Тонау және қарақшылық жолымен жасалған мүлікті талан-таражға салуды тергеу әдістемесі
- •1. Тонау және қарақшылық шабуылдарының криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулар және тергеуді жоспарлау
- •3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •7 Тақырып Алаяқтық қылмысын тергеу әдістемесі
- •2.Алғашқы тергеу кезіндегі типтік ситуациялар және тергеу
- •2. Алғашқы тергеу кезіндегі типтік ситуациялар және тергеу болжауы мен жоспары
- •3. Алғашқы тергеу әрекеттерінің тактикасы.
- •4. Кейінгі тергеу әрекеттері
- •8 Тақырып Қорқытып алушылық қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •1. Қорқытып алушылық қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Типтік ситуациялар, тергеу болжауы және алғашқы кезеңі.
- •3. Кейінгі жүргізілетін тергеу әрекеттері
- •9 Тақырып Бөтен мүлікті иелену және ысырап ету қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •3. Істі қозғау кезеңіндегі тексеру әрекеттері
- •5. Жеке тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •1. Экономика саласында жасалатын қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Сеніп тапсырылған бөтен мұлікті иеленіп алу немесе ысырап ету қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасы
- •3. Істі қозғау кезеңіндегі тексеру әрекеттері
- •4. Типтік ситуациялар және тергеудің бастапқы кезеңі
- •5. Жеке тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •10 Тақырып Көліктегі қылмыстарды тергеу әдістемесі
- •1. Көліктегі қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Типтік ситуациялар мен болжаулар және тергеудің алғашқы қезеңі
- •3. Тергеу әрекетінің тактикасы
- •11 Тақырып Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзуды тергеудің әдістемесі
- •1. Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзудың криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Тергеудің типтік ситуациялары, болжаулар және жоспарлау
- •3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •13 Тақырып. Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстарды тергеу. Парақорлықты тергеу.
2. Типтік ситуациялар мен болжаулар және тергеудің алғашқы қезеңі
Жол-көлік оқиғасының тергеу тәжірибесін талдап жалпылау оның типтік тергеу ситуацияларын толық қалыптастыруға, сондай-ақ солардың негізінде жол-көлік оқиғасының тергеу жоспарын ұтымды түрде пайдалану үшін қажетті жедел-іздестіру шараларын және алғашқы тергеу әрекеттерінің жиынтығы мен типтік тергеу болжауларын құруға мүмкіндіктер береді.
Берілген санаттағы іс бойынша типтік тергеу ситуациялары мен болжаулар қатарына келесілер жатады:
жол-көлік оқиғасын қалыптастыратын динамикалық өзгерістердің тоқтау сәтіндегі жағдай өзгеріссіз оқиға болған жердегі барлық тиісті заттармен бекітілген. Бұл ерекше ситуациялық жағдайлардағы тергеу болжауларына: а) оқиғаның болу себебі – жүргізушінің жол қауіпсіздік ережелерін қылмыстық бұзу салдарынан; ә) оқиға жол қозғалысы ережелерін жәбірленуші тұлғалардың (жаяу жүрген адам-дардың немесе жолаушылардың) бұзуы нәтижесінде болған; б) оқиғаның болуы өкілетті тұлғалардың көлік құралдарын жолға заңсыз түрде шығаруынан немесе көлік құралдарының күтпеген жерден техникалық ақаулықтарға ұшырауынан;
оқиғаға қатысушылармен жол-көлік оқиғасының нәтижесін нақты сипттайтын жағдайлардың өзгертілуі. Мұндай ситуацияларда жоғарыда көрсетілген болжаулармен қатар, осы немесе басқа да оқиғаларға қатысты тұлғалардың кінәсін әшкерелеп көрсететіндей жекеленген іздердің көзін жою мақсатында жол қозғалысына, болмаса қозғалыс қауіпсіздігіне өзгерістер енгізілуі мүмкін деген болжаулар құрылуы қажет. Сонымен қатар міндетті түрде бұл іздерді жою ниеті туралы болжаулар құрылуы тиіс;
жол-көлік оқиғасының барлық фактілік белгілері сақталған, бірақ көлік жүргізуші оқиға болған орыннан қашып кеткен ситуация. Мұндай ситуа-цияларда тергеуші алдымен болған оқиғаға нақты қандай көлік құралдарының қатысқандығын және оны кім жүргізгендігі жөнінде болжаулар құруы керек. Сонымен қатар міндетті түрде жоғарыда көрсетілген бірінші ситуациядағыдай болжаулар құрылуы қажет;
жол қозғалысы аймағынан қылмыстық фактілер көрініс табатын жағдайлар (мысалы, көшенің немесе жолдың бойынан, болмаса жиегінен, шетінен мәйіт табылған, бірақ жол-көлік оқиғасы болғандығын нақтылайтын белгілердің болмауы). Мұндай ситуацияларда келесідей болжаулар құрылуы тиіс: а) басқа қылмыстың ізін жасыру үшін жол-көлік оқиғасы болды деп инсценировка жасау; ә) нақты оқиға болған жерді жасыру, бұл ситуацияларда жалпы тергеу болжауларымен қатар жол-көлік оқиғасының болған жері, оның сипаты мен нақты жағдайы, оны жасау орны мен жолдың бойы, жиегі, шеті және т.б. жерлерде мәйіттің пайда болу жағдайы туралы жеке болжаулар жасалуы тиіс;
жол қозғалыс ағымы шекарасынан тыс жерлерден (орманнан, парктен, сай-жыралардан) мәйіт табылған, бірақ оның денесі мен киімдеріндегі жарақат, зақымдардың көлік құралдарынан болғандығын сипаттайтын белгілер (дөңгелек протектрлерінің іздері; фар шыныларының, болмаса автокөліктің терезесінің ұсақ үгінділері; мәйітті сүйрету іздері) болған жағдайлар. Мұндай ситуацияларда тергеуші жол-көлік оқиғасына қатысты емес болжауларды жасаумен қатар жол-көлік оқиғасында қандай жағдайлар болғандығы туралы жалпы болжаулар құрып алып, содан кейін басқа қылмыс болғандығы жөнінде инсценировка жасалғандығы туралы болжаулар құрады.
Жол-көлік оқиғасын тергеуді дер кезінде жоспарлау қылмыс түрінің объек-тивті әрі нәтижелі тергелуіне белгілі бір дәрежеде маңызды әсер етеді. Ол алғашқы алынған фактілік мәліметтерге сәйкес жүзеге асырылады. Жол-көлік оқиғасының жоспарын құру кезінде тергеуші ситуацияға байланысты және құрылған болжаулар бойынша тергеу әрекеттерін жүргізудің тиімді кезектілігін, сондай-ақ қажет болған жағдайларда жол-көлік оқиғасы болған орыннан кетіп қалған көлік құралдары мен жүргізушілерді іздеп табуға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізуді анықтауы тиіс.
Жоспарда бірінші орынға оқиғаны көзімен көрушілерді анықтау мәселелері қойылады, содан кейін куәлерден, жәбірленушілерден жол-көлік оқиғасының болуына кінәлі көлік құралының жүргізушісінен жауап алу; сот медициналық сараптама тағайындау; жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізушілер оқиға болған кезде алкогольдік мас күйінде болған немесе болмағандығын тексеру мақсатында куәландыру әрекеттерін жүргізу мәселелері қарастырылады. Жол-көлік оқиғасын тергеу жоспарында әсіресе автотехникалық-сараптама тағайындау мен жургізу маңызды орын алады. Автотехникалық-сарапшының қорытындысы көп жағдайларда қылмыстық істің кейінгі тағдырын анықтайды. Жол-көлік оқиғасының жоспарында, сонымен қатар белгіленген шараларды жүзеге асыру мерзімі мен олардың нақты орындаушылары қарастырылады.
Сонымен, тергеушінің құрған жоспарында төменгідей мәселелер қарастырылуы тиіс:
оқиғаны көзімен көруші-куәлерден, жәбірленушілерден, көлік құралын жүргізушіден жауап алу;
оқиға болған орыннан кетіп қалған (жасырынудағы) жүргізушілерді іздестіру мен ұстауға байланысты жедел-іздестіру қызметкерлеріне тапсыр-малар беру; оқиғаны көзімен көрушілер мен жолаушыларды анықтау;
сот-медициналық сараптамасын тағайындау, жүргізушінің мас күйінде болғандығын (немесе болмағандығын) тексеру мақсатында куәландыру әрекетін жүргізу;
сезіктіден жауап алу.
Тергеудің кейінгі кезеңінің жоспарында келесі мәселелер қарастырылады:
әртүрлі сараптама түрлерін тағайындау мен жүргізу (автотехникалық, криминалистикалық, химиялық, психиатриалық, психологиялық және т.б.);
айыпталушыдан және т.б. жауап алу;
қажет болған жағдайларда тергеу экспериментін жүргізу;
оқиғаның болуына мүмкіндік туғызған себептер мен жағдайларды анықтау.
