- •1 Тақырып. Криминалистикалық әдістеменің жалпы ережелері
- •2. Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің
- •1. Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің ұғымы мен міндеттері
- •2. Қылмыстардың жекеленген түрлерін және топтарын тергеу әдістемесінің пәні мен қағидалары
- •3. Криминалистикалық әдістеменің құрылымы мен негізгі ұғымдары
- •2 Тақырып. Қылмыстың криминалистік сипаттамасы
- •1 Криминалистикалық сипаттаманың түсінігі және оның тарихи аспектілері
- •2. Криминалистикалық сипаттаманың элементтері
- •Қылмыскердің тұлғасы
- •Жәбірленуші
- •Қылмыс жасау тәсілі
- •Қылмыс жасау механизмі
- •Бастапқы тергеу ситуациясы
- •Қылмыс жасау жағдайы
- •Қылмыстық қол сұғушылықтарының заттары
- •Қылмыстың материалдық іздері
- •Қылмыстың ниеті және мақсаты
- •10. Қылмыстың салдары
- •Қылмыс жасауға итермелейтін себептер мен жағдайлар
- •Қылмыс мән-жайлары бойынша көрсетпелерді қалыптастыруға әсер ететін факторлар
- •Қылмыс іздерін жасыруға бағытталуы мүмкін әрекеттер
- •3 Тақырып Криминалистикалық болжаулар және тергеуді жоспарлау
- •1. Тергеу болжауының және тергеу жоспарының түсінігі, олардың өзара байланысы
- •2. Тергеу жоспарының негізгі қағидалары, элементтері және жоспар жасау техникасы
- •Қазақстан Республикасының қк-нің " " бабымен_______қарсы қозғалған
- •3. Тергеушінің жедел-іздестіру, анықтама және басқа да органдармен байланысы
- •4 Тақырып Адам өлтіру және дене жарақатын салу қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •1. Адам өлтіру қылмысын тергеу әдістемесінің теориялық алғышарты
- •2. Адам өлтіру қылмысының криминалистикалық сипаттамасы
- •3. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулары және жоспарлануы
- •4 Күш қолдану белгілері бар мәйіт табылған жағдайларда жүргізілетін алғашқы тергеу әрекеттері
- •5. Келесі тергеу кезеңдерінің міндеттері (мақсаты)
- •5 Тақырып Ұрлық қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •1. Ұрлықтың криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Типтік ситуациялар, болжаулар және тергеудің алғашқы кезеңі
- •3. Ұрлық істері бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •6 Тақырып Тонау және қарақшылық жолымен жасалған мүлікті талан-таражға салуды тергеу әдістемесі
- •1. Тонау және қарақшылық шабуылдарының криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулар және тергеуді жоспарлау
- •3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •7 Тақырып Алаяқтық қылмысын тергеу әдістемесі
- •2.Алғашқы тергеу кезіндегі типтік ситуациялар және тергеу
- •2. Алғашқы тергеу кезіндегі типтік ситуациялар және тергеу болжауы мен жоспары
- •3. Алғашқы тергеу әрекеттерінің тактикасы.
- •4. Кейінгі тергеу әрекеттері
- •8 Тақырып Қорқытып алушылық қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •1. Қорқытып алушылық қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Типтік ситуациялар, тергеу болжауы және алғашқы кезеңі.
- •3. Кейінгі жүргізілетін тергеу әрекеттері
- •9 Тақырып Бөтен мүлікті иелену және ысырап ету қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •3. Істі қозғау кезеңіндегі тексеру әрекеттері
- •5. Жеке тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •1. Экономика саласында жасалатын қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Сеніп тапсырылған бөтен мұлікті иеленіп алу немесе ысырап ету қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасы
- •3. Істі қозғау кезеңіндегі тексеру әрекеттері
- •4. Типтік ситуациялар және тергеудің бастапқы кезеңі
- •5. Жеке тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •10 Тақырып Көліктегі қылмыстарды тергеу әдістемесі
- •1. Көліктегі қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Типтік ситуациялар мен болжаулар және тергеудің алғашқы қезеңі
- •3. Тергеу әрекетінің тактикасы
- •11 Тақырып Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзуды тергеудің әдістемесі
- •1. Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзудың криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Тергеудің типтік ситуациялары, болжаулар және жоспарлау
- •3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •13 Тақырып. Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстарды тергеу. Парақорлықты тергеу.
2. Сеніп тапсырылған бөтен мұлікті иеленіп алу немесе ысырап ету қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасы
Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету қылмыстарын өзіне мүлікті сеніп тапсырылған тұлғалар жасайды. Өздеріне берілген мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жағдайларын теріс пайдалана отырып, олар заңсыз жолмен сол заттарға деген құқықтық меншікті өздері иеленеді немесе басқа тұлғаларға иелену құқығын береді. Мүлік әртүрлі формада болуы мүмкін, мемлекеттік немесе жеке меншік.
Қылмыстың субъектілері болып табылатын тұлғалар, олар заңда көрсетілген барлық белгілері бар – мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер мен қарапайым азаматтар.
Бұл қылмыс түрінің криминалистикалық сипаттамасын барлық элементтері үздіксіз тізбектелген ақпараттық мәліметтерді құрайды және қылмыстық қол сұғушылық затынан көрініс табады.
Иеленіп алу затына – ақшалай қаражаттар, бағалы қағаздар немесе материалды құндылықтар жатады.
Ақшалай қаражаттарына – мемлекеттік кәсіпорындармен бөлінетін қаржы қаражаттары, банкке салымшылардың (азаматтардың, заңды тұлғалардың) салған ақшалары; зейнеткерлік жинақ қорларының, сақтандыру компаниялары мен басқа да қорлардың, заңды тұлғалардың және т.б. ақшалай қаражаттары жатуы мүмкін.
Материалдық құндылықтардың шеңбері кең. Атап айтқанда, олар: жер учаскелері, өндірістік комплекстер, рудниктер, мұнай ұңғылары, техникалық және компьютерлік жабдықтар, шикізаттар, материалдар, дайын өнімдер, сауда объектілері, ғимараттар, пәтерлер және т.б.
Жоғарыда аталған қылмыстық қол сұғушылық заттарының экономикалық және әлеуметтік аяда өз алдына ерекше орны бар. Олардың әрқайсысы белгілі бір қаржы-шаруашылық операциялармен және тиісті қоғам шеңберімен байланысты болып келеді.
Ұрлау затына не жататынын анықтап алдық, енді ұрлықты кім және қандай тәсілмен жасайтындығын анықтауға мүмкіндіктер бар.
Қоғамға ерекше қауіпті қылмыстардың түріне – бюджеттік қаржыны, зейнеткерлік жинақ қорларының ақшалай қаражаттарын, табиғи қорларды және т.б. ұрлау жатады.
Бүгінгі таңда сенімге кіру жолымен жасалған бөтеннің мүлкін иелену мен ысырап ету қылмыстары жалпы қоғамның – мемлекетке, үкіметке, құқық қорғау органдарына сенімсіздікпен қарау қаупін тудырады.
Қылмыс субъектілерінің жеке басының ерекшеліктері, яғни оларға тән қасиеттер – көбінде бұл білім деңгейі жоғары, жұмыс істеу тәртібін өте жақсы білетін, тәжірибесі мол, қызмет технологиясын білетін, басқару қызметін орындау құзіреттілігі берілген және экономика немесе технология, сондай-ақ қаржы саласымен басқа да салалардан білімі бар тұлғалар. Оларға кәсіптік тәжірибелерінің болуы тән. Жас категориясы шамамен кемелденген деңгейі ''30-50'' аралығындағы адамдар. Жыныс жағынан көбінде ер адамдар. Психологиялық көзқарастан сипаттайтын болсақ, олар: отбасына берік, өнегелі, ұқыпты, қамқоршыл, ішімдік ішпейтін, есірткі заттарды пайдаланбайтын аса тәртіпті жандар. Сонымен қатар бұл тұлғалар – пайдакүнем, сараң, үнемшіл және өте сақ, ал интеллект жағынан жоғары білімді болғаныменде арсыз болып келеді.
Ысырап ету – бұл категориядағылардың психологиялық портреті, яғни ой-өріс, мінез-құлықтары мүлдем өзгеше, нақты айтқанда: олар жеңілтек, мен-меншілдігі басым, кәсіби қабілеті төмен немесе мүлдем жоқ, талдап-саралау дегенді білмейтін адамдар. Жас және жыныс жағынан –бұлар көбінде қызмет бабының өсуін, жоғарлауын таныс-тамыр арқылы жасаған, өз тәжірибесі аз немесе жоқ, жасы әлі кемелдене қоймаған ер адамдар.
Иелену жолымен жасалатын бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын тәсілдері бойынша төмендегідей екі түрге бөліп қарастыруға болады:
мүлікті ұрлауды қарапайым жолмен жасау;
инсценировкалау жолымен жасау.
Өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті қарапайым жолмен ұрлау кезінде қылмыскер (ақшалай қаражаттарды, заттарды немесе басқа да нәрселерді) мүліктерді ешбір ысырап етуінсіз немесе бүркемелеулер жасамай-ақ ашық түрде иеленеді. Ол қылмысты жалғыз немесе екі-үш адаммен шағын ғана топ болып жасайды. Мұнда – кассирлердің ақша қаражаттарын иеленуі, қоймашылардың (зат сақтаушылардың) дайын немесе басқа да өнімдерді иеленіп алуы жөнінде сөз қозғалып отыр.
Бөтен мүлікті инсценировка жолымен ұрлау қылмыстары әртүрлі тәсілдермен жасалады. Солардың ішінде универсалды тәсілдер –өндірістерде (банктік қызметтерде), сауда және әлеуметтік аяларда қолданылады. Олар: қайтыс болып кеткен тұлғаларды ведомостқа қосып жазу; орындалмаған жұмысқа ақшалай төлемдер беру; жалған құжаттар жасау арқылы ақша алу; құндылықтарды және т.б. иелену жолымен жасалады.
Көрсетілген қызмет салаларына байланысты, мысалы, өндірісте мынандай тәсілдер қолданылады:
жалған банкроттық;
өнімдерді дайындау технологиясын бұзу;
кәсіпорынның аты мен оның ұйымдық-құқықтық жағдайын өзгерту жолдарымен қайта тіркеуге тұру;
ақшаны шетелдік есеп-шотқа аудару;
кәсіпорынның тұрақ-орнын, мекен-жайын өзгерту;
бухгалтерлік есеп жүргізу ережелерін бұзу және т.б..
Көп көріністік, яғни ірі мөлшерде жасалатын ұрлау қылмыстары ұйымдасқан топ құрамымен жасалады. Әдетте, бұлар – материалды жауапты тұлғалардың (бухгалтерлермен, кассирлермен) алдын ала келісулері арқылы жүзеге асыры-лады. Тергеу барысының барлық кезеңдерінде қылмыстық топ құрамының қатысушылары, сондай-ақ олардың туыстары және достары тарапынан қарсы әрекеттер жасалуы мүмкін.
Криминалистикалық сипаттаманың келесі элементіне ұрлау қылмысының жасалу жағдайлары жатады. Ол қылмыскердің немесе қылмыстық топтың ықпал ету шарттарынан, сондай-ақ қылмыстық қол сұғылатын заттардан тұрады. Олар: фирмалар, цехтар, зауыттар, мекемелер, олардың құрылтай құжаттары, акционерлердің және құрылтайшылардың жиылыс хаттамалары, басқа да қаржылы-шаруашылық операциялар (бастапқы құжаттар, есептік тіркеулер, басты кітапша, қаржылық есеп құжаттары) және басқа да объектілер. Бұлардың барлығы объективті жағдайлар ретінде ұзақ уақытта қолданылады және қылмыстың ізін сақтай отырып тергеу кезінде түгелдей жоғалып кетуі мүмкін емес.
