- •1 Тақырып. Криминалистикалық әдістеменің жалпы ережелері
- •2. Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің
- •1. Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің ұғымы мен міндеттері
- •2. Қылмыстардың жекеленген түрлерін және топтарын тергеу әдістемесінің пәні мен қағидалары
- •3. Криминалистикалық әдістеменің құрылымы мен негізгі ұғымдары
- •2 Тақырып. Қылмыстың криминалистік сипаттамасы
- •1 Криминалистикалық сипаттаманың түсінігі және оның тарихи аспектілері
- •2. Криминалистикалық сипаттаманың элементтері
- •Қылмыскердің тұлғасы
- •Жәбірленуші
- •Қылмыс жасау тәсілі
- •Қылмыс жасау механизмі
- •Бастапқы тергеу ситуациясы
- •Қылмыс жасау жағдайы
- •Қылмыстық қол сұғушылықтарының заттары
- •Қылмыстың материалдық іздері
- •Қылмыстың ниеті және мақсаты
- •10. Қылмыстың салдары
- •Қылмыс жасауға итермелейтін себептер мен жағдайлар
- •Қылмыс мән-жайлары бойынша көрсетпелерді қалыптастыруға әсер ететін факторлар
- •Қылмыс іздерін жасыруға бағытталуы мүмкін әрекеттер
- •3 Тақырып Криминалистикалық болжаулар және тергеуді жоспарлау
- •1. Тергеу болжауының және тергеу жоспарының түсінігі, олардың өзара байланысы
- •2. Тергеу жоспарының негізгі қағидалары, элементтері және жоспар жасау техникасы
- •Қазақстан Республикасының қк-нің " " бабымен_______қарсы қозғалған
- •3. Тергеушінің жедел-іздестіру, анықтама және басқа да органдармен байланысы
- •4 Тақырып Адам өлтіру және дене жарақатын салу қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •1. Адам өлтіру қылмысын тергеу әдістемесінің теориялық алғышарты
- •2. Адам өлтіру қылмысының криминалистикалық сипаттамасы
- •3. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулары және жоспарлануы
- •4 Күш қолдану белгілері бар мәйіт табылған жағдайларда жүргізілетін алғашқы тергеу әрекеттері
- •5. Келесі тергеу кезеңдерінің міндеттері (мақсаты)
- •5 Тақырып Ұрлық қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •1. Ұрлықтың криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Типтік ситуациялар, болжаулар және тергеудің алғашқы кезеңі
- •3. Ұрлық істері бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •6 Тақырып Тонау және қарақшылық жолымен жасалған мүлікті талан-таражға салуды тергеу әдістемесі
- •1. Тонау және қарақшылық шабуылдарының криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулар және тергеуді жоспарлау
- •3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •7 Тақырып Алаяқтық қылмысын тергеу әдістемесі
- •2.Алғашқы тергеу кезіндегі типтік ситуациялар және тергеу
- •2. Алғашқы тергеу кезіндегі типтік ситуациялар және тергеу болжауы мен жоспары
- •3. Алғашқы тергеу әрекеттерінің тактикасы.
- •4. Кейінгі тергеу әрекеттері
- •8 Тақырып Қорқытып алушылық қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •1. Қорқытып алушылық қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Типтік ситуациялар, тергеу болжауы және алғашқы кезеңі.
- •3. Кейінгі жүргізілетін тергеу әрекеттері
- •9 Тақырып Бөтен мүлікті иелену және ысырап ету қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •3. Істі қозғау кезеңіндегі тексеру әрекеттері
- •5. Жеке тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •1. Экономика саласында жасалатын қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Сеніп тапсырылған бөтен мұлікті иеленіп алу немесе ысырап ету қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасы
- •3. Істі қозғау кезеңіндегі тексеру әрекеттері
- •4. Типтік ситуациялар және тергеудің бастапқы кезеңі
- •5. Жеке тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •10 Тақырып Көліктегі қылмыстарды тергеу әдістемесі
- •1. Көліктегі қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Типтік ситуациялар мен болжаулар және тергеудің алғашқы қезеңі
- •3. Тергеу әрекетінің тактикасы
- •11 Тақырып Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзуды тергеудің әдістемесі
- •1. Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзудың криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Тергеудің типтік ситуациялары, болжаулар және жоспарлау
- •3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •13 Тақырып. Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстарды тергеу. Парақорлықты тергеу.
8 Тақырып Қорқытып алушылық қылмыстарын тергеу әдістемесі
Жоспар:
1. Қорқытып алушылық қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасы
2. Типтік ситуациялар, тергеу болжауы және алғашқы кезеңі.
3. Кейінгі жүргізілетін тергеу әрекеттері.
1. Қорқытып алушылық қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасы
Қорқытып алушылық, яғни бөтен мүлікті немесе мүлікке құқықты беруді немесе күш қолданумен не бөтен мүлікті жоюмен немесе бүлдірумен қорқыту арқылы мүліктік сипаттағы басқа да іс-әрекеттерді жасауды талап ету, сол сияқты жәбірленушіні немесе оның жақындарын масқаралайтын мәліметтерді таратумен, не жәбірленушінің немесе оның жақындарының мүдделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін өзге де мәліметтерді жариялау. Қорқытып алу кезіндегі қылмыстық қол сұғушылықтың заты болып қолма-қол ақшалар, ал кей жағдайларда басқа да мүліктер немесе оған деген құқықтар жатады. Мемлекеттік мүлікті қорқытып алу жағдайлары тіпті кездеспейді. Көбінде қылмыскерлер азаматтардың жеке мүліктерін немесе коммерциялық құрылым-дардың мүліктерін иеленуді көздейді.
Қорқытып алушылық қылмыстарының басты элементтерінің біріне қылмыс жасаудың тәсілдері жатады. Әдетте қорқытып алу қылмыстары - қылмысқа дайындалуға, қылмыстық ойды жүзеге асыруға және қылмыстың ізін жасыруға бағытталған іс-әрекеттер жиынтығынан тұрады. Қорқытып алуға дайындық кәсіпорынның қызметі (кооперативтік, арендалық және т.б.) және жоғары табыс табатын адамдар жөнінде мәліметтер алудан көрініс табады. Қорқытып алушыларды бұл тұлғалардың: табыс көлемі, тұрмыс-тіршіліктері, олардың қолма-қол ақшалары мен құнды мүліктері, жеке өмірінің жағдайлары және мінез-құлық ерекшеліктері қызықтырады.
Қылмыскерлер қорқытып алушылық қылмыстарына дайындық кезінде атыс және суық қару-жарақтарын иемденеді, қару макеттерін (үлгілерін) жасайды, көлік құралдарын қарастырады және т.б. Қорқытып алу кезіндегі бір нәрсені талап ету жолдары авторы көрсетілмеген хаттармен, байланыс жүйелерімен, тікелей қатынаспен, сондай-ақ үшінші жақтың (делдалдардың) қатысуымен жүзеге асырылады.
Қорқытушылар келесідей тәсілдер қолдана отырып талап ету хатын дайындайды: қол жазуын өзгерту, өзіне тиесілі емес басу машинкасында жазу, керекті әріптер мен сөздерді газет, журналдардан қиып алып құрастыру арқылы. Телефон жүйесімен сөйлесу кезінде дауыс ырғақтарын, интонациясын өзгертіп, сондай-ақ басқа ұлттардың дауысына ұқсастыра акцент келтіру арқылы қорқытып талап етеді.
Көбінесе қылмыскерлер талап еткен затты алудың уақытын, жерін, әдісін өздері белгілейді.
Талап етілген зат қолдан-қолға берілу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндай жағдайда қорқытып алушылар: адамдар аз жүретін жерді, қараңғы уақытты таңдай отырып, түрлі көліктерді пайдаланады. Сонымен қатар, талап етілген затты делдалдардың көмегін қолдану арқылы да алады.
Кейде қылмыскерлер талап етілген заттарды тастап (жасырып) кететін нақты жерлерді көрсетеді. Бұл жерде жасырын бақылау жүргізе отырып, біраз уақыт өткен соң қалдырылған ақшалар мен құнды заттарды қорқытып алушылардың өздері немесе басқа біреулер арқылы алуға әрекет етеді. Қорқытып алу қылмысы жүйелі түрде, көп көріністегі сипаттамада жасалады. Қорқытып алушылық қылмысынан қалатын әртүрлі іздер мен заттай дәлелдемелер қылмыстың жасалу сипатына, тәсіліне және басқа да жағдайларға байланысты. Қылмыстың материалдық іздеріне: қорқытып алушылардың жәбірленушіге өз атын жасырып жазған хаттары; дене жарақаты, қан дақтары, аяқ, қол, көлік құралдарының іздері; қылмыскерді ұстау кезінде лақтырып жіберілген заттар және т.б. жатады. Осы санаттағы қылмыстар бойынша өз көзімен көруші куәлердің болмауы себебінен бұл іздер мен заттай дәлелдемелер аса маңызды мәнге ие болады. Жәбірленушінің есінде қалған қорқытып алушылардың сөз саптаулары мен сөз мәнерлері арқылы қылмыскер жайында басты ақпарат аламыз.
Қорқытып алу кезінде қажетті іздер өте аз қалдырылатындықтан, қылмысты тергеу қиынға түседі. Қылмыскерді қылмыс үстінде қорқытып алу кезінде затымен ұсталудың маңызы өте зор. Епті жүргізілген ұстау әрекеті көбінде тергеу нәтижелілігін қамтамасыз етеді.
Қорқытып алушының жеке басы – сараңдық, өзімшілдік, қатыгездік, азғындық пен шектен шығушылық қасиеттерімен сипатталады. Басым көпшілік жағдайда қорқытып алу қылмыстары ер адамдармен жасалады. Ал, әйел адамдары тек топ құрамына кіру арқылы қылмыс жасауға қатысады. Әдетте қорқытып алу қылмысын көбінесе 16-35 жас аралығындағы бұрын сотталған қылмыскерлер жасайды.
Қорқытып алу қылмысын ұйымдасқан қылмыстық топ құру жолдары арқылы жасау жиілеп кетті. Мұндай құрылған топқа қылмыскерлердің өзара атқаратын қызметтері мен міндеттерін бөлу, қылмысқа барынша дайындалу, атыс қаруын, автокөліктерді қолдану және т.б. әрекеттер тән. Ұйымдасқан топ құрып қорқытып алу қылмысын жасау тәсіліне: қылмыскерлердің коммерциялық ұйым басшыларына олардың қауіпсіздігін қорғағаны үшін ақы төлеуін талап ету, кәсіпорын қызметіне қажет емес мүліктерді алу немесе басқа фирманың есеп шотына белгілі бір соммадағы ақшалай қаражаттарды аудару талаптарын нығайта түсуі жатады. Қойылған талаптардан бас тартқан жағдайда қылмыскерлер олардың мүліктерін бүлдіріп немесе жойып жібереміз деп қорқытады.
Қорқытып алу қылмыстарының жәбірленушілері көп жағдайда барынша бай; талап етушілердің ойынша, табыстары жоғары (мысалы, коммерсанттар, кәсіпорын басшылары); сондай-ақ заңсыз немесе жартылай заңды қызметпен айналысатын адамдар. Қорқытып талап етушілер жәбірленушінің жеке басының қорқақтық пен еріксіздік қасиеттерін ескере отырып қылмыс құрбандарын таңдайды.
Қылмыс жасау тәсілі мен ұйымдасқан топ құру дәрежесіне байланысты қорқытып алушыларды үш топқа бөліп көрсетуге болады.
Жәй қорқытып алу, қандай-да бір дайындықты қажет етпей жеке ересек адамдармен немесе жасөспірімдермен (жасөспірімдер тобымен) жүзеге асырылады. Қылмыскерлер көбінде кездейсоқ адамдардың мүлкін қорқытып алу үшін қолайлы жағдайды пайдаланады. Бұл ситуациядағы қылмыстар қорқытудың негізгі түрі денеге жарақат салу мен зорлық-зомбылық жасау қаупін төндіру арқылы жасалады. Егер қылмыс жасөспірімдердің тобымен жасалса, ұйымдасқан топтың белгілі бір элементтері болады.
Қорқытып алу, ұйымдасу деңгейі төмен немесе ұйымдасқан топ құру белгілері жоқ ересек адамдар тобымен жасалатын қылмыстар. Мұндай топтар бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін құрылып, қылмыс соңында тарқап кетеді. Бұл қорқытып талап ету тәсілі дайындық кезеңінен, яғни қол сұғу обьектісімен қолайлы жағдайды таңдаудан тұрады. Мүлікті беруді талап ету кезінде көбінесе өлтіру немесе денеге ауыр жарақат салу қаупін төндіру арқылы жасалады. Өмірде құрбанды қинау және азаптау жағдайлары кездеседі. Қорқытып алуда көбінесе көп көлемде ақша соммаларын немесе құнды заттарды, ал кей жағдайда белгілі бір ақша мөлшерін жүйелі түрде беруді талап етеді.
Қорқытып алу, бірігіп ұйымдасқан топпен жасалып, рэкет атауымен аталатын қылмыс. Бұл қорқытып алу қылмыстарының ішіндегі баю мақсатымен қылмыстық кәсіпшілікті көздейтін ең ауыр түрі. Мұндай топтарға қылмыстың жоғарғы дәрежеде ұйымдасуына: қатысушылардың, ұйымдастыру-шылардың (басшы), бақылаушылардың, барлаушылардың, орындаушылар мен көмекшілердің атқаратын қызметтерінің қатаң түрде бөлінуі; сондай-ақ топ мүшелерінің бағыныштылығы тән. Олар қылмыстық қызметін жасырын түрде жүзеге асырады. Көптеген мүшелері сырт көзге заңға бағынышты өмір сүріп сауда орындарында, кәсіпорындар мен мекемелерде т.б. жерлерде жұмыс жасайды, ал кейбіреулер мүгедектік туралы жалған анықтамаларды пайда-ланады. Топ мүшелері жақсы автокөліктермен, қару-жарақтармен барынша қамтамасыз етіледі.
Бұл топтардың қылмыс жасауы барлық уақытта мұқият дайындық жұмыс-тарын жүргізумен сипатталады, яғни қорқытып талап ету құрбандарының жеке басы туралы мәліметтерді жинауы, топ құрамдарының атқаратын қызметтерін өзара бөліп алуы, көлік құралдарын дайындау мен кепілдікке алынатын адамдарды жасыру орындарын және т.б. алдын ала іздестіру. Мүлікті заңсыз беруді талап етудің кеңінен таралған түріне - оны иеленушілер мен меншіктеушілерге ауыр дене жарақатын салу немесе өлтіру қаупін төндіру жатады. Рэкеттер меншік иелерінің сағын сындыру мақсатымен ұрып-соғу, қинау әрекеттерін де қолданады.
