- •1 Тақырып. Криминалистикалық әдістеменің жалпы ережелері
- •2. Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің
- •1. Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің ұғымы мен міндеттері
- •2. Қылмыстардың жекеленген түрлерін және топтарын тергеу әдістемесінің пәні мен қағидалары
- •3. Криминалистикалық әдістеменің құрылымы мен негізгі ұғымдары
- •2 Тақырып. Қылмыстың криминалистік сипаттамасы
- •1 Криминалистикалық сипаттаманың түсінігі және оның тарихи аспектілері
- •2. Криминалистикалық сипаттаманың элементтері
- •Қылмыскердің тұлғасы
- •Жәбірленуші
- •Қылмыс жасау тәсілі
- •Қылмыс жасау механизмі
- •Бастапқы тергеу ситуациясы
- •Қылмыс жасау жағдайы
- •Қылмыстық қол сұғушылықтарының заттары
- •Қылмыстың материалдық іздері
- •Қылмыстың ниеті және мақсаты
- •10. Қылмыстың салдары
- •Қылмыс жасауға итермелейтін себептер мен жағдайлар
- •Қылмыс мән-жайлары бойынша көрсетпелерді қалыптастыруға әсер ететін факторлар
- •Қылмыс іздерін жасыруға бағытталуы мүмкін әрекеттер
- •3 Тақырып Криминалистикалық болжаулар және тергеуді жоспарлау
- •1. Тергеу болжауының және тергеу жоспарының түсінігі, олардың өзара байланысы
- •2. Тергеу жоспарының негізгі қағидалары, элементтері және жоспар жасау техникасы
- •Қазақстан Республикасының қк-нің " " бабымен_______қарсы қозғалған
- •3. Тергеушінің жедел-іздестіру, анықтама және басқа да органдармен байланысы
- •4 Тақырып Адам өлтіру және дене жарақатын салу қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •1. Адам өлтіру қылмысын тергеу әдістемесінің теориялық алғышарты
- •2. Адам өлтіру қылмысының криминалистикалық сипаттамасы
- •3. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулары және жоспарлануы
- •4 Күш қолдану белгілері бар мәйіт табылған жағдайларда жүргізілетін алғашқы тергеу әрекеттері
- •5. Келесі тергеу кезеңдерінің міндеттері (мақсаты)
- •5 Тақырып Ұрлық қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •1. Ұрлықтың криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Типтік ситуациялар, болжаулар және тергеудің алғашқы кезеңі
- •3. Ұрлық істері бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •6 Тақырып Тонау және қарақшылық жолымен жасалған мүлікті талан-таражға салуды тергеу әдістемесі
- •1. Тонау және қарақшылық шабуылдарының криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулар және тергеуді жоспарлау
- •3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •7 Тақырып Алаяқтық қылмысын тергеу әдістемесі
- •2.Алғашқы тергеу кезіндегі типтік ситуациялар және тергеу
- •2. Алғашқы тергеу кезіндегі типтік ситуациялар және тергеу болжауы мен жоспары
- •3. Алғашқы тергеу әрекеттерінің тактикасы.
- •4. Кейінгі тергеу әрекеттері
- •8 Тақырып Қорқытып алушылық қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •1. Қорқытып алушылық қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Типтік ситуациялар, тергеу болжауы және алғашқы кезеңі.
- •3. Кейінгі жүргізілетін тергеу әрекеттері
- •9 Тақырып Бөтен мүлікті иелену және ысырап ету қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •3. Істі қозғау кезеңіндегі тексеру әрекеттері
- •5. Жеке тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •1. Экономика саласында жасалатын қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Сеніп тапсырылған бөтен мұлікті иеленіп алу немесе ысырап ету қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасы
- •3. Істі қозғау кезеңіндегі тексеру әрекеттері
- •4. Типтік ситуациялар және тергеудің бастапқы кезеңі
- •5. Жеке тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •10 Тақырып Көліктегі қылмыстарды тергеу әдістемесі
- •1. Көліктегі қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Типтік ситуациялар мен болжаулар және тергеудің алғашқы қезеңі
- •3. Тергеу әрекетінің тактикасы
- •11 Тақырып Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзуды тергеудің әдістемесі
- •1. Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзудың криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Тергеудің типтік ситуациялары, болжаулар және жоспарлау
- •3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •13 Тақырып. Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстарды тергеу. Парақорлықты тергеу.
2. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулар және тергеуді жоспарлау
Тонау және қарақшылық шабуылдары бойынша қылмыстық іс көбінесе жәбірленушінің өзінің арызымен, ал егер шабуыл кәмелетке толмағандарға немесе әйелдерге қарсы жасалса және олар қорқыныш сезімінде болып жасалынған қылмыс туралы өздері арыз бере алмаса, туысқандарының, көршілерінің арызы бойынша қозғалады. Күзетшілерге шабуыл жасалынған кезде қылмыстық іс олардың арызы немесе лауазымды тұлғалардың хабарлауы бойынша қозғалады. Жәбірленушілердің емдеу мекемелеріне келіп түсуінен анықтама және тергеу органдары қарақшылық шабуылы туралы есту жағдай-лары да кездеседі. Егер жәбірленушінің нашар хал жағдайына байланысты жауап алу мүмкін болмаса және іс бойынша куәлар жоқ болса, қылмыстық іс емдеу мекемелерінен алынған хабарламаларының немесе оқиға болған жерді қарау нәтижелері негізінде қозғалады.
Тонау және қарақшылық шабуыл істері бойынша алғашқы тергеу әрекеттерінің кезектілігі, көбінесе, қылмыс жасау үстінде ұсталған қылмыс-керге қатысты немесе жасалған қылмыс фактісі бойынша қылмыстық істің қозғалуымен тікелей байланысты.
Тергеудің алғашқы кезеңінде жалпы болжаулар ұсынылуы мүмкін: тонау және қарақшылық шабуыл шынымен жәбірленуші хабарлаған жағдайларда жасалынды; шабуыл шынымен жасалынған, бірақ оқиғаның мән-жайлары арызданушымен бұрмаланған; басқа қылмыс орын алған (бұзақылық, біреудің өміріне қастандық жасау); тонау және қарақшылық шабуылы болған жоқ, тек шабуыл инсценировкаланған.
Тергеу ерекшеліктерінің қатарына уақыт факторын есепке алу маңызды-лығын және осымен байланысты жедел-тергеу тобының оқиға болған жерге шығуға жоғарғы деңгейдегі дайындығын қамтамасыз ету қажеттілігін жатқызуға болады. Тонау және қарақшылық шабуылы тез арада жасалынатын қылмыстар қатарына жататынын ескеру керек.
Тергеудің алғашқы кезеңіндегі тергеу ситуациясы тергеушінің іс-әрекетінің алгоритмін анықтайды.
Тонау және қарақшылық шабуылдарын тергеудің алғашқы кезеңіндегі біртектес тергеу ситуацияларына келесілер жатады:
тонауды немесе қарақшылық шабуылды жасаған тұлға қылмыс үстінде немесе оны жасағаннан кейін бірден ұсталса;
тергеушіде қылмыстық жазаланатын іс-әрекетті жасаған тұлға жөнінде жеткілікті мәліметтер бар, бірақ ол әлі ұсталынбаса;
қылмыс жасаған тұлға жөнінде мәліметтер болмаса.
Егер тонау немесе қарақшылық шабуылы туралы хабар жәбірленушіден тез арада түссе, тергеу әрекеттерінің тәртібі келесідей болу керек: ізін суытпай сезіктіні ұстау, жәбірленушіден жауап алу, тану үшін көрсету, жәбірленушіні және сезіктіні куәландыру, оқиға болған жерді қарау.
Жәбірленуші мен өз көзімен көрген-куәлардан жауап алу кезінде шабуылдың жағдайлары, қылмыскердің ерекше белгілері, сонымен қатар, ұрланған заттардың белгілері мен бағасы анықталады.
Егер қылмыстық іс қылмыстың жасалу фактісі бойынша қозғалып жатса, онда тергеу әдетте, жәбірленушіден жауап алудан, оқиға болған жерді қараудан, киімді қарау және жәбірленушіні куәландырудан, жәбірленушіге сот-медициналық сараптама тағайындаудан, өз көзімен көрген-куәгерлерден жауап алудан басталады.
