- •1 Тақырып. Криминалистикалық әдістеменің жалпы ережелері
- •2. Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің
- •1. Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің ұғымы мен міндеттері
- •2. Қылмыстардың жекеленген түрлерін және топтарын тергеу әдістемесінің пәні мен қағидалары
- •3. Криминалистикалық әдістеменің құрылымы мен негізгі ұғымдары
- •2 Тақырып. Қылмыстың криминалистік сипаттамасы
- •1 Криминалистикалық сипаттаманың түсінігі және оның тарихи аспектілері
- •2. Криминалистикалық сипаттаманың элементтері
- •Қылмыскердің тұлғасы
- •Жәбірленуші
- •Қылмыс жасау тәсілі
- •Қылмыс жасау механизмі
- •Бастапқы тергеу ситуациясы
- •Қылмыс жасау жағдайы
- •Қылмыстық қол сұғушылықтарының заттары
- •Қылмыстың материалдық іздері
- •Қылмыстың ниеті және мақсаты
- •10. Қылмыстың салдары
- •Қылмыс жасауға итермелейтін себептер мен жағдайлар
- •Қылмыс мән-жайлары бойынша көрсетпелерді қалыптастыруға әсер ететін факторлар
- •Қылмыс іздерін жасыруға бағытталуы мүмкін әрекеттер
- •3 Тақырып Криминалистикалық болжаулар және тергеуді жоспарлау
- •1. Тергеу болжауының және тергеу жоспарының түсінігі, олардың өзара байланысы
- •2. Тергеу жоспарының негізгі қағидалары, элементтері және жоспар жасау техникасы
- •Қазақстан Республикасының қк-нің " " бабымен_______қарсы қозғалған
- •3. Тергеушінің жедел-іздестіру, анықтама және басқа да органдармен байланысы
- •4 Тақырып Адам өлтіру және дене жарақатын салу қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •1. Адам өлтіру қылмысын тергеу әдістемесінің теориялық алғышарты
- •2. Адам өлтіру қылмысының криминалистикалық сипаттамасы
- •3. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулары және жоспарлануы
- •4 Күш қолдану белгілері бар мәйіт табылған жағдайларда жүргізілетін алғашқы тергеу әрекеттері
- •5. Келесі тергеу кезеңдерінің міндеттері (мақсаты)
- •5 Тақырып Ұрлық қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •1. Ұрлықтың криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Типтік ситуациялар, болжаулар және тергеудің алғашқы кезеңі
- •3. Ұрлық істері бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •6 Тақырып Тонау және қарақшылық жолымен жасалған мүлікті талан-таражға салуды тергеу әдістемесі
- •1. Тонау және қарақшылық шабуылдарының криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулар және тергеуді жоспарлау
- •3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •7 Тақырып Алаяқтық қылмысын тергеу әдістемесі
- •2.Алғашқы тергеу кезіндегі типтік ситуациялар және тергеу
- •2. Алғашқы тергеу кезіндегі типтік ситуациялар және тергеу болжауы мен жоспары
- •3. Алғашқы тергеу әрекеттерінің тактикасы.
- •4. Кейінгі тергеу әрекеттері
- •8 Тақырып Қорқытып алушылық қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •1. Қорқытып алушылық қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Типтік ситуациялар, тергеу болжауы және алғашқы кезеңі.
- •3. Кейінгі жүргізілетін тергеу әрекеттері
- •9 Тақырып Бөтен мүлікті иелену және ысырап ету қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •3. Істі қозғау кезеңіндегі тексеру әрекеттері
- •5. Жеке тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •1. Экономика саласында жасалатын қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Сеніп тапсырылған бөтен мұлікті иеленіп алу немесе ысырап ету қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасы
- •3. Істі қозғау кезеңіндегі тексеру әрекеттері
- •4. Типтік ситуациялар және тергеудің бастапқы кезеңі
- •5. Жеке тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •10 Тақырып Көліктегі қылмыстарды тергеу әдістемесі
- •1. Көліктегі қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Типтік ситуациялар мен болжаулар және тергеудің алғашқы қезеңі
- •3. Тергеу әрекетінің тактикасы
- •11 Тақырып Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзуды тергеудің әдістемесі
- •1. Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзудың криминалистикалық сипаттамасы
- •2. Тергеудің типтік ситуациялары, болжаулар және жоспарлау
- •3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •13 Тақырып. Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстарды тергеу. Парақорлықты тергеу.
3. Тергеушінің жедел-іздестіру, анықтама және басқа да органдармен байланысы
Қылмыстық Іс Жүргізу кодексінің талабы бойынша тергеуші заңда көрсетілген тергеу әрекеттерін өткізу арқылы әр қозғалған іс бойынша қылмыстың мән-жайын анықтап, жасалған қылмысты дер кезінде ашуға тиіс. Бірақ тергеуші тек заңда көрсетілген әрекеттерді жүргізу арқылы, өзінің күшімен ғана бұл заңда көрсетілген міндетті орындай алмайды. Сондықтан тергеушінің жедел-іздестіру жұмыстарын орындайтын, анықтама жүргізетін органдардың қызметкерлерін көмекке алуға, оларға тергеу үстінде жасалған қылмыстың кейбір мән-жайларын анықтау жөнінде арнайы нұсқаулар беру жайындағы өкілеттігі заңда көрсетіліп, бекітілген. Тек жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында анықталған мәліметтерді және осы органның басқа да мүмкіншіліктерін толық пайдаланған жағдайда ғана тергеуші тергеп отырған қылмысты дер кезінде аша алады. Тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының бірлесіп істеуі арқылы қылмысты тез арада ашуға, қылмыскерді дер кезінде ұстауға, керекті заттай дәлелдемелерді толық жинап алуға болады. Қандай қылмысты тергегенде болсын бұл екі органның алдында тұрған тағы бір міндет – ол қылмысты алдын алу, қылмысқа әкелетін себептер мен жағдайларды анықтап, оларды жоюға арнайы жедел шаралар қолдану. Ортақ міндеттері бар екі органның бір тергеу комитетінде шоғырлануы, атап айтқанда, бір мекеме шеңберінде болуы олардың қылмысқа қарсы күрес саласындағы ұйымдық тактикалық жұмыстарын, әрине сөзсіз арттырады.
Сонымен тергеу және анықтама жүргізуші органдардың тергеу үстінде қалыптасатын қарым-қатынасының түсінігі - қылмыстық істі тергегенде бір-біріне әкімшілік тұрғыдан тәуелсіз тергеу және жедел-іздестіру органдарының қылмысты ашуға, оны сапалы тергеуге, қылмыстың алдын алуға бірлесіп, іскерлікпен істейтін жұмыстары. Бірақ мақсаттары мен міндеттері бірдей, ортақ болғанмен аталған органдардың қызметтерінде өзіндік ерекшеліктер бар. Бұдан бұрынғы жедел-іздестіру жұмыстары жөнінде заңда өте қысқа, мәлімдеме есебінде ғана айтылған болатын. Қазір арнайы жедел-іздестіру жұмыстары жөніндегі заң қабылданғандықтан бұл органның өкілеттігі заң жүзінде толық бекітіліп көрсетілген. Осы заңға байланысты жедел-іздестіру органдарына жоғарыда айтылған жалпы міндеттермен қатар өзіне нақтылы жүктелетін міндеттері бар. Оның ішінде негізгісі - қылмыстың белгілерін, іздерін тауып, оған қатысқан қылмыскерлерді анықтап, оларды дер кезінде ұстау. Бұл өзінің алдына заң жүзінде қойылған міндеттерді анықтама жүргізуші органдар өзінің өкілеттігіне тән әдістермен, тәсілдермен жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы анықтап орындайды. Тергеуші істің кейбір мән-жайларын анықтау жөнінде бұл органдарға нұсқау бере отырып оны қандай әдістермен, қандай жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы шешетіндігіне араласып кіріспейді.
Тергеуші мен анықтама жүргізуші органдардың арасында екі түрлі қарым-қатынас калыптасуы мүмкін: тұрақты және бір жолғы. Тұрақты қатынас жағдайында тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері бір істі басынан аяғына дейін бірлесіп, бір жедел топ құрып тергейді. Қарым-қатынас қылмыс осы органдарға белгілі болған кезеңнен, тіпті іс қозғалмай тұрып-ақ қалыптасады. Мұндай жағдайда жедел-іздестіру органдары іс қозғауға негіз бола алатын фактілерді, мәліметтерді жинап, оны тергеушіге береді. Бұл мәліметтер тергеушінің қылмысты қозғау кезеңінде дұрыс шешім қабылдауына көмектеседі. Қылмыстық іс қозғалғаннан кейін жедел топ құрылып, оған тергеуші және қылмыстың түріне байланысты бірнеше жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері кіреді. Жедел топқа кірген тергеуші және жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері жалпы тергеу жоспарын жасап, онда көрсетілген іс-әрекеттерді нақтылы кім орындайтынын көрсетеді. Кей жағдайда тергеуші өз алдына жоспар жасап, жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері өзінше жоспар жасаулары мүмкін. Мұндай жағдайда жедел топтың кеңесінде екі жоспарда да көрсетілген іс-әрекеттер салыстырылып, екі жоспарға да белгілі бір дәрежеде өзгерістер енгізілуі керек. Анықтама жүргізуші органдар жедел-іздестіру жұмысын өткізгенде алынған мәліметтерді дереу тергеушіге хабарлап отыруы тиіс. Тергеу әрекетін жүргізу барысында алынған дәлелдеме фактілерді тергеуші анықтама жүргізуші органдардың қызметкерлеріне хабарлап отыруы керек. Бір-біріне осындай мәлімет беріп, іскерлік қарым-қатынаста болғанда ғана тергеу дұрыс бағыт алып, жедел топтың жұмысы нәтижелі аяқталып, қылмыс дер кезінде ашылады. Мұны екі орган да өз-өзімен жеке жұмыс жасайды деген мағынада түсінбеу керек. Бір тергеу әрекетін бірігіп өткізетін де жағдай болады. Айталық, оқиға болған жерді қарау үстінде тергеуші оқиға болған жерді қарап жатқанда, анықтама жүргізуші органдардың қызметкерлері қылмыскердің кім екенін анықтап, оны ұстауға, осы болған қылмысты көрген адамдарды табуға және басқа да қылмыстың мән-жайы жөніндегі мәліметтерді біліп, анықтауға бағытталған жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Жедел топқа кіретін жедел-іздестіру органының қызметкерлеріне тергеуші кейбір жеңіл тергеу әрекетін өзі жеке өткізуді де жүктеуі мүмкін. Сонымен, тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының тергеу үстіндегі тұрақты қарым-қатынасы жедел топты, сондай-ақ, жалпы тергеу жоспарын құрумен және кейбір тергеу әрекеттерін бірігіп өткізумен сипатталады.
Тергеу барысында осындай тұрақты қатынаспен бірге, көбінесе жеңіл қылмыстарды тергегенде, көріністік, былайша айтқанда, бір жолғы қарым-қатынас та қалыптасуы мүмкін. Мысалы, қылмыстық заңға сүйеніп тергеуші істің кейбір мән-жайларын жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы анықтап беру жөнінде осы органға нұсқау береді. Айталық, қылмысқа сезікті адамның тұрмыс жағдайын, кіммен қарым-қатынаста екендігін, кімнің үйіне және қай жерлерге жиі баратындығын, тағы да басқа мәліметтерді жинап беру жедел-іздестіру органдарының қызметкерлеріне тапсырылады. Сонымен қатар, тергеуші кейбір күрделі тергеу әрекеттерін өткізуге көмек беру үшін жедел-іздестіруші органның қызметкерлерін шақырып, тергеу әрекетін өткізу үстінде оларға арнайы тапсырмалар береді.
Күрделі тергеу әрекеттерін тергеуші жедел-іздестіру органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, іскерлікпен өткізуі тергеу әрекетінің нәтижелігін сөзсіз арттырады.
