- •Әдістемелік папканың мазмұны
- •С ынып жетекшісінің циклограммасы
- •Ұ стаздық еткен
- •Сынып жетекшісінің жұмысының негізгі мақсаты:
- •Сынып жетекшісінің жұмысының негізгі міндеті:
- •Сынып жетекшісінің профессиограммасы
- •С ынып жетекшінің негізгі міндеттері
- •Жеке тұлғаны зерттеу схемасы
- •Ұжымды зерттеу схемасы
- •Әдістемелік папка
- •Дискуссия
- •Тәрбие сағатының қызметі
- •Әшекейлеу
- •Жанрлар
- •Басылым
- •Сынып құрамы.
- •Сынып жинақтылығы.
- •Сынып ұйымшылдығы.
- •Сыныптағы қоғамдық пікір.
- •Ұжымдық жолдастық қатынастрадың сипаты.
- •Сынып белсенділері.
- •Сынып ұжымының қоғаммен байланысы.
- •Сыныптың жинақтылығын іс-шаралар арқылы дамыту.
- •Сыныптан тыс өткізілетін сынақ шараларына талдау жасаудың жобасы
- •Сабақты жазып алу мен байқаудың түрі
- •Конференцияның табысты өтудің бірден-бір шарттары
- •Конференция өткізу қарсаңында
- •Ойынды жүргізу әдістері.
- •Ойынды басқару.
- •Ойын ережелері.
- •Сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмыс істеуі мына бағытта болады
- •Сынып жетекшісінің бала тәрбиелеуде ата-аналармен ынтымақтастығындағы мақсаттары
- •Сынып жетекшісінің бала тәрбиелеуде ата-аналармен ынтымақтастығындағы міндеттері
С ынып жетекшінің негізгі міндеттері
Тәрбиеші педагог өз назарынан тыс қалдырмайтын бірінші объект – тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру. Бұл бастапқы – міндет. Себебі ұйымдастыру қызмет болмаған жерде тәрбиеде болмайды, ал сонымен, тұлғаның даму барысында кездейсоқ жағдайлар орын алады.
Ұжымды ұйымдастыру және дамыту – сынып жетекшісінің назарындағы екінші объектісі мен міндеті.
Оқушы тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның қабілеттерінің қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасау – сынып жетекшінің тәрбиелік ықпалдарының үшінші міндеті.
Кейбір зерттеушілердің пайымдауы бойынша, сынып жетекшілері оқушылар және олардың ата-аналарымен қарым-қатынастар ұйымдастырғанда төрт түрлі міндеттер атқарады екен:
Бірінші топ міндеттері. Оларды әлеуметтік міндеттер деуге болады. Бұл – баланы қорғау, көмек көрсету, әлеуметтік байланыстар жүйесіне енгізу, отбасымен және басқа да тәрбие институттарымен баланың дамуына және оның даралық қасиеттерін қалыптастыруға қолайлы жағдай жасау үшін байланыс орнату.
Екінші топ міндеттері. Диагностикалық-әдептік-этикалық деуге болады. Сыныппен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін, сынып жетекші өз оқушыларын, олардың ерекшеліктерін, дара қасиеттерін білуі қажет.
Үшінші топ міндеттері. Адамгершілік міндеттер деп атауға болады. Олар баланың жақсылық пен жамандықтың белгілерін ажырата алуына бағытталған, белгілі жағдайаттарда оқушының адамгершілік шешімдер қабылдай алуына мүмкіндік береді.
Төртінші топ міндеттері. Жеке-дара практикалық сипаттағы міндеттер деуге болады. Оларға оқушылармен жұмыс ұйымдастырудағы тиімді педагогикалық құралдарды таңдап алуды, өз жұмысын жоспарлауды, талдап түзетуді және педагогикалық рефлексияны жатқызуға болады.
А
та-аналар
жиналысы
Ата-аналар жиналысы мектеп бойынша жылына екі рет, сыныптар бойынша төрт рет өткізіледі. Жиналысты дұрыс ұйымдастырып өткізуге ата-аналар комитеті мен ата-аналар белсенділері және мектеп басшылары сынып жетекшісімен бірдей жауап береді. Ата-аналар жиналысында оқу-тәрбие үрдісі қарастырылады, оның сапасын жақсартудың негізгі жолдары белгіленеді. Кейбір ата-аналар отбасылық тәрбие жайлы есеп береді. Жиналыстарда сынып жетекшілері ата-аналарды сынып ұжымының оқу-тәрбие жоспарымен, ал мектеп басшылары оқушылар және ата-аналар комитетінің іс-жоспарымен таныстырады.
Мектеп өмірінде тақырыптық ата-аналар жиналыстарын өткізіп отырудың зор тәрбиелік мәні бар. Мұндай жиналыстардың мақсаты - ата-аналар психологиялық-педагогикалық білім мен тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру, ой қорыту.
Селолық жерлерде ата-аналардың жұмыс жағдайын, ер шалғайын ескеріп, жиналысты сол жерге де барып өткізуге болады. Ол үшін мектеп ұжымы алыстағы малшаруашылығы отарында қызмет істейтін оқушылардың жоспарға еңгізеді. Жоспар бойынша сынып жетекшілері, мұғалімдар оқу-тәрбие мәселелері жайлы педагогикалық тақырыптарға халықаралық жағдай туралы дәрістер оқиды, әңгімелер өткізеді. Мұндай жиналыстар ата-аналармен кең пікір алу дәрежесінде өткізілуі тиіс.
Мұғалімдердің басшылығымен оқушылар көркем-өенрпаздар үйірмесінің мүшелері ата-аналар алдында өенр көрсетеді.
Ата-аналар жиналысының хаттамасы
(Күні, айы, жылы, уақыты)
Кімдер қатысты......................................................................................
..............................................................................................................
Тақырыбы...............................................................................................
Күн тәртібі
1)...........................................................................................................
2)...........................................................................................................
3)...........................................................................................................
Жарыссөзге қатысқандар........................................................................
..............................................................................................................
Ата –аналардың сұрақтары, ескертпелері, ұсыныстары..........................
..............................................................................................................
Қабылданған шешімдер..........................................................................
..............................................................................................................
Төраға.............................../
Хатшы............................../
Ата-аналардың ашық есік күні
(Күні, айы, жылы, уақыты)
Кімдер қатысты......................................................................................
...............................................................................................................
Кімдер арнайы шақырылды.....................................................................
...............................................................................................................
...............................................................................................................
...............................................................................................................
Талдау қызметі:
балалар мен жасөспірімдердің жеке дара ерекшеліктерін зерттеу.
әр оқушының отбасындағы тәрбие жағдайын зерттеп, талдау.
әр оқушымен ұжымның тәрбиелік деңгейін талдап, бағалау.
сынып ұжымының қалыптасуы мен дамуын зерттеп, талдау.
қоршаған айналаның сынып оқушыларына ықпалын зерттеп, талдау.
өткізілген іс-шараның тәрбиелік құндылығын талдау.
Болжамдық:
тәрбиелік ықпалмен жоспарланған іс-шараның нәтижесін болжау.
оқушылардың жеке дара даму деңгейінің нәтижесін болжау.
ұжымның қалыптасуы мен дамуы кезеңдерін болжау.
мектептің тәрбие жүйесіне сәйкес кіші тәрбие жүйесінің моделін түзу.
ұжымдағы қалыптасып келе жатқан қарым-қатынастардың салдарын болжау (оқушылар арасындағы оқушылар мен оқытушылар арасындағы, оқушылар, ата-аналар оқытушылар арасындағы).
Ұйымдастыру-үйлестіру:
әр оқушының даму ерекшеліктерін психологиялық-педагогикалық картада көрсету.
оқушыларға оқу әрекетінде көмек көрсету.
жас ерекшеліктеріне және сынып өмірінің талабына сәйкес оқушылардың әртүрлі қоғамдық пайдалы әрекетін ұйымдастыруда және жрспарлауда көмек пен ынтымақтастық.
өзін-өзі басқару ұйымдарымен байланыс және көмек, сынып ұжымының өзін-өзі басқару ұйымдарын дамыту, оларға шешім қабылдауда жауапкершілікпен қарауды үйрету.
әр оқушыға және ұжымға жеке дара ықпал жасау.
оқушыларға үйірмелер, клубтар, секциялар, бірлестіктер арқылы қосымша білім алуға көмектесу.
оқушылар өзін-өзі дамытуға, өзіе-өзі тәрбиелеуге жағдай жасау, мектеп психологымен бірігіп психологиялық білім беру.
оқушылардың дербестігі мен құқықтарын қорғау.
оқушылардың отбасыларымен байланыс ұйымдастыру: ата-аналар жиналысын өткізу, ата-аналарға кеңес беру, ата-аналарды мектепке көмек беруге тарту, оқушылардың денсаулығы мен өміріне байланысты төтенше жағдайларда ата-аналармен жедел түрде байланысу.
өз сыныбы оқушыларының үлгіріміне байланысты кіші педагогикалық кеңестер жұмысын ұйымдастыру, пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысу.
әдістемелік және әкімшілік жиналыстар, семинарлар мен педагогикалық кеңестер жұмысына қатысу.
мектептен тыс мерекелермен байланыс және көмек.
кәсіби бағдар беру, болашақ мамандығын таңдауға сапалы көзқарас қалыптастыру.
ата-аналардың мұғалімдердің, оқушылардың шығармашылық, жаңашылдық әрекеттерін қолдау, сынып мұғалімдерін, психолог және басқа да әлеуметтік мұғалімдердің тәрбиелік ұмтылыстарын қолдау.
сабақтан тыс өткізілетін іс-шаралар барысында оқушылардың қауіпсіздігі, денсаулығы және өмірі үшін жауапкершілік.
оқушылардың тамақтануына, сынып, мектеп бойынша кезекшілігіне, жазғы еңбек практикасы мен сыныпты жаңа оқу жылына дайындауға жауаптылық.
қажетті іс-қағазды жүргізу.
сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін қолайлы методологиялық жағдай жасауға үлес қосу.
Коммуникативтік:
оқушылар арасында өзара қарым-қатынас қалыптастыру, ұжымға үйренуге көмектесу, қатарларының арасында өзін қанағаттандыратын статусқа ие болуға көмектесу.
«оқушы- оқушы», «оқушы-ата-ана», «ата-ана- оқушы» арасындағы өзара қолайлы байланыс орнату.
оқушылардың қоршаған ортамен қолайлы қатынас орнату.
ұжымда әр оқушыға қолайлы психологиялық ахуал орнатуға үлес қосу.
Жалпы мағлұмат:
оқушының аты-жөні, тұған жылы, денсаулығы, отбасындағы тұрмыс тіршілігі, үлкендермен қарым-қатынасы, отбасы тәрбиесіндегі негізгі бағыттың дұрыстығы.
мектепке қатынасы және оқушылар ұжымымен өзара қарым-қатынасы.
Оқу әрекеті:
үлгерімі, пәндерге ықыласы мен қызығушылығы, білім деңгейі.
ой өрісі, көп оқығандығы.
оқуға қатынасы мен білімге қызығушылығ.
оқу қабілеті.
оқу әрекетіндегі ынта-жігері.
оқи білуі.
тіл байлығы.
Еңбек әрекеті:
еңбекке қатысты.
еңбек дағдысы мен шеберлігін меңгеруі.
еңбек процесіндегі жауапкершілігі мен тәртібі.
ұзақ еңбек дағдысына машықтануы.
еңбек әрекетінің түрін қалауы.
Жеке бастың бағыты және арнайы қабілеті:
қызығушылығы.
сенімі, арманы. Мінезіндегі асқақтық байқала ма?
қайсібір әрекетінде қабілеті ерекше.
нені армандайды және келешектре нені істеуге ниет етіп жүр?
Тәртібі:
мінез-құлқына сипаттама.
темперамент ерешелігігің көрінісі.
үлкендердің талабын орындауы шын ниетпен немесе зорлықпен: оларды орындауға жиі қарсылық көрсете ме, атап айтқанда олар қандай?
Темпераменті мен мінезіндегі ерекшеліктері:
мінезіндегі оң және теріс қабілеті.
теперамент ерекшелігінің көрінісі.
көңіл-күй ктеріңкілігі.
Жалпы психологиялық-педагогикалық қорытынды:
оқушының жеке басының қалыптасуындағы негізгі жетістік пен кемшіліктер.
мұғалімнің алдында тұрған негізгі психологиялық-педагогикалық міндеттерді және келешекте оқушылармен атқарылатын тәрбие жұмыстарының бағыттарын анықтау.
1б.
Мектеп директоры аты-жөні ...................................................................................
Тәрбие жөніндегі орынбасары
Мерзімі
2б.
Сынып жетекшісінің аты-жөні................................................................................
Сынып
Қоңырау кестесі
Сынып сабағының кестесі
3б.
Оқушылар тізімі
№ |
аты-жөні |
жынысы |
ұлты |
қоғамдық жұмыстары |
үйірмеге қатысы |
оқушының денсаулығы |
1 |
|
|
|
|
|
|
4б.
Ата-аналар туралы мағлұмат
№ |
ата-ананың аты-жөні |
атқаратын қызметі |
мекен жайы |
телефон |
анасы |
әкесі |
ана мамандығы |
әке мамандығы |
жұмыс істемейді |
||||
жоғары білімі |
арнаулы орта білімі |
жалпы орта білімі |
жоғары білімі |
арнаулы орта білімі |
жалпы орта білімі |
||||||||
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5б.
Сыныбының тоқсандық жалпы үлгерімінің нәтижесі
№ |
пән аты |
қазақ тілі |
әдебиет |
орыс тілі |
әдебиет |
математика |
геометрия |
сызу |
ән |
бейнелеу |
дене шынықтыру |
география |
хмимя |
физика |
ағылшын |
|
оқушы аты-жөні |
|
|||||||||||||
1 |
|
5 |
4 |
3 |
3 |
4 |
5 |
5 |
4 |
3 |
4 |
4 |
5 |
4 |
5 |
6б.
Көп балалы туралы мағлұмат
№ |
ата-ананың аты-жөні |
отбасындағы бала саны |
қандай көмек қажет |
қандай көмек көрсетілді |
1 |
|
|
|
|
7б.
Ата-ана комитетінің құрылымы
8б.
Сынып ұжымына жалпы мінездеме
9б.
Өткен оқу жылындағы атқарылған тәрбие жұмысына педагогикалық-психологиялық талдау
10б.
Биылғы оқу жылының мақсат-міндеттері
11б.
Тәрбие жұмысының жоспары
12б.
Тәрбие жоспарына сай сыныпта атқырылатын жұмыстарға педагогикалық-психологиялық талдау жұмыстары
Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары – міндетті педагогикалық құжат. Жоспар оқушылар ұжымының қалыпты дамуына мақсатты және жүйелі түрде ықпал етеді, тәрбие міндеттері дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады. Тәрбие – қиын да күрделі процесс. Жоспар болмаған жағдайда тәрбие процесінде көп қиыншылықтар туады. Тәрбие жұмысын жоспарлау оқушылар ұжымының бүгінін ойлауға, ертеңнінің негізін қалауға көмектеседі.
Тәрбие жоспарына қойылатын негізгі талаптар
Жоспар ұжымдық еңбектің белгісі. Сондықтан тәрбие жоспарын құру барысында оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, олардың өздерін қатыстыруды қамтамасыз ету.
Тәрбие жоспарының мақсаты, міндеттері айқын болсын.
Тәрбие жұмысының жоспарының мазмұны оның мақсатымен бірлікте болуы қажет.
Оқушылардың жеке басының, жас ерекшеліктерін және мүмкіншіліктерін ескеру.
Тәрбие жоспары ықшамды, әрі ондағы көрсетірген шаралар орындалатын болсын.
Тәрбие жоспарындағы атқарылатын шаралар саны жағынан емес, сапасымен анықталатын болсын.
Тәрбиелік шараларды атқаруда қолданылатын әдістер бір сарында емес, әртарапты және әржақты болуын ескеру керек.
Жоспар құру барысында сынып жетекшісі оқушылардың не нәрсеге қызығатынын, олардың қандай істері өткізгілері келетінін, ұсынылған шараларға қалай қарайтынынанықтауға қежет.
Жоспардағы тәрбиелік шаралар жүйелі, бірізділікпен құрылуы тиіс.
Тәрбиенің салаларына қатысты белгіленген шаралар жеке дара емес, біртұтастық ұсынымға сай құрылуын ескеру.
I. Сынып жайлы мәлімет:
1. сынып
2. сынып белсенділері
3. балалардың тәртібі
4. денсаулығы
5. сабақ үлгірімі
6. қабілеттері
7. олардың ата-аналары
8. белгілі бір ұйымға қатысы
9. қоғамдық тапсырмасы
10. тұрғын мекен-жайы туралы қысқа сипаттама
II. Өткен оқу жылына сай атқарылған тәрбиелік шаралардың нәтижесіне қысқаша талдау
III. Жаңа оқу жылына белгіленген тәрбие жұмысының мақсат-міндеттерін анықтау
IV. Өткен оқу жылында атқарылатын тәрбие жұмыстарының нәтижесін талдау, ата-аналар мен қоғамдық ұйымдар және пән мұғалімдерімен бірлесе атқарылатын тәрбиелік шаралар мазмұны және формалары көрсетіледі.
Апта аралығын көрсету |
|||||
Негізігі бөлімдер |
Тәрбиелік шаралардың мазмұны |
Формасы мен тәсілі |
Мерзімі мен уақыты |
Жауапты адамдар |
Өтілгені туралы белгі |
1.Сынып ұжымын ұйымдастыру |
|
|
|
|
|
2.Оқушының өзін-өзі басқару ұйымдары және балалардың бірлестіктері мен өзара әрекеттері |
|
|
|
|
|
3.Пән мұғалімдері және мектеп әкімшілігімен байланыс |
|
|
|
|
|
4.Отбасы және жұртшылықпен жұмыс |
|
|
|
|
|
5.Жеке оқушымен жұмыс |
|
|
|
|
|
Апталық тәрбие жоспары |
||||
Өтетін мерзімі |
Әрекет |
Орындаушылары |
Өткізілгені туралы белгілер |
Ескерту |
15.03-15.12 |
Сынып сағаты «Отан туралы не білемін?» |
Сынып жетекші, оқушылар |
+ |
Көрнекілік құралдар болған жоқ |
15.09-19.09 |
Мектеп кезекшілігі |
Айтбаев Е. Қлышбаев Е. |
+ |
|
17.09 |
Әңгімелесу |
Сынып жетекші, психолог |
өткізілеген жоқ |
Психолог келмей қалды |
19.09 |
Күнделікті жинау |
Сынып жетекші |
+ |
3 оқушы тапсырған жоқ |
Іс-әрекетінің түрлері |
Қазан |
|||
I апта |
II апта |
III апта |
IV апта |
|
1.Танымдылық
2.Құнжылық-бағыттылық 3.Еңбек 4.Шығармашылық 5.Дене-шынықтыру
6.Қарым-қатынас әрекетіне 7.Ойын |
«Умники и умницы» |
Пікір-талас |
Субботник |
Спорттық олимпиада |
Мына тәрбие жоспарын белгілі орыс педагогтар Л.И. Маленков, Н.Е. Щуркова ұсынады, оның мазмұны оқушылардың іс-әрекет түрлеріне байланысты.
Жалпы азаматтық құндылықтар бағдарламасы |
Қараша |
|||
I апта |
II апта |
III апта |
IV апта |
|
1.Жер 2.Отан 3.Отбасы 4.Еңбек 5.Білім 6.Мәдениет 7.Әлем және бейбітшілік 8.Адам |
|
|
|
|
