Сынып жұмысы
Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары
Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары – міндетті педагогикалық құжат
Сынып жетекшісінің тәрбие жоспарындағы мақсат |
міндеттері және мазмұнымен танысу барысында, белгілі бір сыныптағы оқушылардың тәрбиелік деңгейінің сапасын, адамгершілік қасиетін, қызығушылығы мен жеке бастарының кемшілігін т.б. қасиеттерін байқауға болады. Ол үшін тәрбие жоспары объективтік тұрғыда сыныптағы оқушылардың нақтылы жағдайларын ескере отыра жасалуы тиіс. Сонда ғана мектеп оқушыларын тәрбиелеу қоғамның талабына сай нәтижелі жүргізіледі. Тәрбие жұмысын жоспарлау оқушылар ұжымының бүгінін ойлауға, ертеңінің негізін қалауға көмектеседі |
Жоспар
Тоқсандық Апталық
Айлық
Тәрбие жоспарының үлгісі
I. Сынып жайлы мәлімет:
1. сынып
2. сынып белсенділері
3. балалардың тәртібі
4. денсаулығы
5. сабақ үлгірімі
6. қабілеттері
7. олардың ата-аналары
8. белгілі бір ұйымға қатысы
9. қоғамдық тапсырмасы
10. тұрғын мекен-жайы туралы қысқа сипаттама
II. Өткен оқу жылына сай атқарылған тәрбиелік шаралардың нәтижесіне қысқаша талдау
III. Жаңа оқу жылына белгіленген тәрбие жұмысының мақсат-міндеттерін анықтау
IV. Өткен оқу жылында атқарылатын тәрбие жұмыстарының нәтижесін талдау, ата-аналар мен қоғамдық ұйымдар және пән мұғалімдерімен бірлесе атқарылатын тәрбиелік шаралар мазмұны және формалары көрсетіледі.
Апта аралығын көрсету |
|||||
Негізігі бөлімдер |
Тәрбиелік шаралардың мазмұны |
Формасы мен тәсілі |
Мерзімі мен уақыты |
Жауапты адамдар |
Өтілгені туралы белгі |
1.Сынып ұжымын ұйымдастыру |
|
|
|
|
|
2.Оқушының өзін-өзі басқару ұйымдары және балалардың бірлестіктері мен өзара әрекеттері |
|
|
|
|
|
3.Пән мұғалімдері және мектеп әкімшілігімен байланыс |
|
|
|
|
|
4.Отбасы және жұртшылықпен жұмыс |
|
|
|
|
|
5.Жеке оқушымен жұмыс |
|
|
|
|
|
Апталық тәрбие жоспары |
||||
Өтетін мерзімі |
Әрекет |
Орындаушылары |
Өткізілгені туралы белгілер |
Ескерту |
15.03-15.12 |
Сынып сағаты «Отан туралы не білемін?» |
Сынып жетекші, оқушылар |
+ |
Көрнекілік құралдар болған жоқ |
15.09-19.09 |
Мектеп кезекшілігі |
Айтбаев Е. Қлышбаев Е. |
+ |
|
17.09 |
Әңгімелесу |
Сынып жетекші, психолог |
өткізілеген жоқ |
Психолог келмей қалды |
19.09 |
Күнделікті жинау |
Сынып жетекші |
+ |
3 оқушы тапсырған жоқ |
Іс-әрекетінің түрлері |
Қазан |
|||
I апта |
II апта |
III апта |
IV апта |
|
1.Танымдылық
2.Құнжылық-бағыттылық 3.Еңбек 4.Шығармашылық 5.Дене-шынықтыру
6.Қарым-қатынас әрекетіне 7.Ойын |
«Умники и умницы» |
Пікір-талас |
Субботник |
Спорттық олимпиада |
Мына тәрбие жоспарын белгілі орыс педагогтар Л.И. Маленков, Н.Е. Щурковаұсынады, оның мазмұны оқушылардың іс-әрекет түрлеріне байланысты.
Жалпы азаматтық құндылықтар бағдарламасы |
Қараша |
|||
I апта |
II апта |
III апта |
IV апта |
|
1.Жер 2.Отан 3.Отбасы 4.Еңбек 5.Білім 6.Мәдениет 7.Әлем және бейбітшілік 8.Адам |
|
|
|
|
Тәрбие жоспарына қойылатын талаптар
Тәрбие жоспарының мақсаты, міндеттері айқын болсын.
Тәрбие жоспарының мазмұны, оның мақсатымен бірлікте болу қажет.
Оқушылардың жеке басының жас ерекшеліктерін және мүмкіндіктерін ескерту.
Тәрбие жоспарын ықшамды, әрі онда көрсетілетін шаралар орындалатын болсын.
Тәрбие жоспарындағы атқарылған шаралар саны жағынан емес, сапасы анықталған болсын.
Тәрбиелік шараларды атқаруда қолданатын әдістер бір сарынды емес, әр тарапта және әр жақты болуын ескеру керек.
Жоспар құру барысында сынып жетекшісі оқушылардың не нәрсеге қызығатынын олардың қандай істерді өткізгілері келетінін, ұсынылған шараларға қалай қарайтынын анықтауы қажет.
Жоспарындағы тәрбиелік шаралар жүйесі, бірізділікпен құрылуы тиіс.
Тәрбиенің салаларына қатысты белгіленген шаралар жеке дара емес, біртұтастық ұстанымға сай құрылуын ескеру.
Тәрбие сағаты, оның тәрбиелік қызметтері
