- •Oot 2216 - өзін-өзі тану «Білім беру» топ мамандықтары үшін мамандығы үшін
- •2 Кредит
- •«Пікірталас» – топтың әрбір мүшесі қатыса отырып, берілген тақырып бойынша өз пікірін білдіріп, әрбір адамның позициясын, бағыт-бағдарын анықтауға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсіл.
- •Пәннің мазмұны
- •1 Модуль. Өзін-өзі тану негіздері
- •1 Тақырып. Өзін-өзі тану баспалдақтары
- •2 Тақырып. Менің ішкі жан дүнием
- •3 Тақырып. Мен және өзгелер
- •4 Тақырып. Менің жақын айналам
- •5 Тақырып. Мен және қоғам
- •6 Тақырып. Мен және әлем
- •Семинар сабабақтарының тізімі
- •Соөж үшін тапсырмалар
- •Сөж үшін тапсырмалар
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •2 Модуль. Педагогтің кәсіби өзін-өзі тануы және өзін-өзі дамытуы
- •1 Тақырып. Педагог идеалы кәсіби өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытудың бағдары ретінде
- •2 Тақырып. Педагогтің кәсіби өзін-өзі тануы және өзін-өзі дамытуының ерекшеліктері
- •3 Тақырып. Педагогтің кәсіби өзін-өзі тануы және өзін-өзі дамытуының әдіс-тәсілдері, құралдары
- •4 Тақырып. Оқушылардың өзін-өзі тануы мен өзін-өзі дамытуына педагогикалық қолдау көрсету
- •5 Тақырып. Педагогтің оқушыларға өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту бойынша педагогикалық қолдау көрсетуді жүзеге асыруға дайындығы
- •Семинар сабабақтарының тізімі
- •Соөж үшін тапсырмалар
- •Сөж үшін тапсырмалар
- •Қосымша әдебиет
4 Тақырып. Менің жақын айналам
Өзін-өзі жақын алдамдармен өзара қарым-қатынаста тану. Адам өміріндегі отбасы мен туыстық қатынастардың маңызы. Отбасындағы ер адам мен әйелдің рөлдері. Ата-аналар мен балалар қарым-қатынастары. Қазіргі заманғы отбасының образы.
Махаббат – көпжақты сезім ретінде. Махаббат және адамгершілік. Ерлер және әйел бастамасының үндестігі қоғамның өмір сүруінің негізі. «әйелдік, нәзіктік» және «ерлік, жүректілік» ұғымдарының мәні.
Адам өміріндегі достықтың орны. Дос бола білу қабілеті ерекше адами сый ретінде.
Адамға өзінің жақын адамдарымен өзара қарым-қатынас жасау қажеттілігі: қамқорлық жасау, өзін басқаның орнына қоя білу, кешірімді болу.
5 Тақырып. Мен және қоғам
Қоғамға қарым-қатынас арқылы өзін-өзі тану. Тұлғаның тарихқа және мәдени мұраға құндылықты қатынасы. Азаматтық және қазақстандық патриотизм туралы түсінік. Қазақстан халықтарының рухани құндылықтарын түсінушілік. Азаматтық әлем және этникалық келісім.
Дін қоғам және тұлғаның рухани байлығының бөлігі ретінде. Әртүрлі діндердің ізгілікті негіздері. Адамның діни наным-сеніміне құрмет – оның тұлғалық таңдауына құрмет ретінде. Әртүрлі дін өкілдерімен рухани келісім.
6 Тақырып. Мен және әлем
Әлемге қатынас арқылы өзін-өзі тану. Әлемнің тұтастығы және және адамның, қоғамның және табиғаттың өзара тәуелділігі. Тұлғаның әлемдегі өз орнын түсінуі. Тұлғаның табиғатқа құндылықты көзқарасы. Экологиялық мәселелерді шешуге әрбір адамның қосар үлесі.
Өнерге қатынас арқылы өзін-өзі тану. Өнерге деген эмоционалдық қатынас. Адамдағы сұлулық сезімі.Адамның өмірін сұлулық заңдары бойынша құруға ұмтылысы.
Бұқаралық мәдениет және әрбір адамның даралығы.
Семинар сабабақтарының тізімі
1. Өзін-өзі тану қарым-қатынас арқылы.
2. Қарым-қатынастың вербальды және вербальсыз жақтары.
3. Жақын адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы өзін-өзі тану.
4. Адам өмірінідегі достықтың орны. Дружба в жизни человека.
5. Қоғаммен қарым-қатынас арқылы өзін-өзі тану.
6. Өнер арқылы өзін-өзі тану.
7. Жеке тұлға және бұқаралық мәдениет.
Соөж үшін тапсырмалар
«Жан дүние» төлқұжатын жасау.
Тест арқылы темперамент типін анықтау.
Тест арқылы тұлғаның типін анықтау.
Тест арқылы тұлғаның кикілжің деңгейін анықтау.
Тест арқылы тұлғаның бағытталғандығын анықтау.
Тест арқылы тұлғаның әлеуметтік интеллект деңгейін анықтау.
Меңгеретін мамандығына сәйкес кәсіби маңызды қасиеттер тізімін жасау.
Уақытты тиімді жұмсау жоспарын жасау.
Өз әдістер арқылы кикілжің жағдайларды шешу.
Хрестоматия материалдарын оқу, талдау.
Хрестоматия материалдарын топ болып талқылауға дайындық.
Студент дәптері материалдарымен жұмыс.
Берілген тақырыптардың біреуі бойынша эссе жазу.
Кинофильмдерді көріп, талқылау.
Әрбір адам үшін имидждің маңызы жөнінде шағын шығарма жазу.
Сөж үшін тапсырмалар
Атақты тұлғаның өмірі туралы эссе жазу.
Өзінің ата-тегінің, отбасының тарихы немесе отбасы мүшелерінің бірі туралы шағын зерттеу жұмысын жазу.
Көркем әдебиет шығармалары және кино туындылары бойынша этикалық тақырыпқа талқылау, пікірлесу үшін хабарлама даярлау.
Төменде берілген тақырыптар бойынша баяндамалар дайындау:
Жастық шақтың кейбір ерекшеліктері.
Басқа дамадармен қалайша позитивті қарым-қатынастар құруға болады?
Студенттік өмірдің өзекті мәселелері.
Махаббат – «Өзін-өзі тану» курсының негізгі ұғымдарының бірі ретінде.
Достық - «Өзін-өзі тану» курсының негізгі ұғымдарының бірі ретінде. Ұсынылған тақырыптардың біріне шығарма жазу:
Кім азды қанағат тұта білсе, сол –бай. (К. Гольдони);
Ақшаға қызмет етпей, оны басқару қажет. (Сенека);
Байлықтың беретін ең қымбат игілігі – еркіндік. (Р.Эмерсон)
Ақша бәрін істей алады деп есептейтін адамдар – ақша үшін өздері бәрін істей алатындар. (П.Буаст)
Сараңдық – барлық жаманшылықтардың өсіп-өнетін тамыры. (Д.Чосер)
Сараң мұқтаждықтан көз ашпайды. (Гораций)
Жылдам келген нәрсе жылдам кетеді.(Ш.Бронте)
Ақшалы адам жазаға тартылмайды. (Цицерон)
Ақша онсыз (ақшасыз) күн көру үшін де қажет.(О.Бальзак)
Ақшаның көзін жойсаң – соғысты да болғызбайсың. (Квинтилиан)
Хрестоматия материалдарының «Қазіргі заманғы бұқаралық мәдениет және тұлға» тақырыбы негізінде дәптерде кесте дайындау.
Туған жерінің, атамекенінің сұлу табиғаты жөнінде фотоальбом немесе бейнеролик даярлау.
Көркемөнер мұражайына барып, қазақстандық суретшілердің туындыларымен танысып, топ болып талқылау, пікір алысу.
Қазіргі заманауи қылқалам шеберлерінің бір туындысына талдау жасау.
Ұсынылған тақырыптардың біріне шығармашылық жоба даярлап, іске асыру: «Менің қаламның тарихы», «Менің қалам – менің замандасым және досым», «Мен қаламның көркейе түскенін қалаймын».
Тест арқылы өзінің шығармашылық әлеуетін анықтау.
Студенттің қайталанбас этникалық мәдениетін бейнелеп, ашатын шаығармашылық жоба даярлау.
