- •Oot 2216 - өзін-өзі тану «Білім беру» топ мамандықтары үшін мамандығы үшін
- •2 Кредит
- •«Пікірталас» – топтың әрбір мүшесі қатыса отырып, берілген тақырып бойынша өз пікірін білдіріп, әрбір адамның позициясын, бағыт-бағдарын анықтауға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсіл.
- •Пәннің мазмұны
- •1 Модуль. Өзін-өзі тану негіздері
- •1 Тақырып. Өзін-өзі тану баспалдақтары
- •2 Тақырып. Менің ішкі жан дүнием
- •3 Тақырып. Мен және өзгелер
- •4 Тақырып. Менің жақын айналам
- •5 Тақырып. Мен және қоғам
- •6 Тақырып. Мен және әлем
- •Семинар сабабақтарының тізімі
- •Соөж үшін тапсырмалар
- •Сөж үшін тапсырмалар
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •2 Модуль. Педагогтің кәсіби өзін-өзі тануы және өзін-өзі дамытуы
- •1 Тақырып. Педагог идеалы кәсіби өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытудың бағдары ретінде
- •2 Тақырып. Педагогтің кәсіби өзін-өзі тануы және өзін-өзі дамытуының ерекшеліктері
- •3 Тақырып. Педагогтің кәсіби өзін-өзі тануы және өзін-өзі дамытуының әдіс-тәсілдері, құралдары
- •4 Тақырып. Оқушылардың өзін-өзі тануы мен өзін-өзі дамытуына педагогикалық қолдау көрсету
- •5 Тақырып. Педагогтің оқушыларға өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту бойынша педагогикалық қолдау көрсетуді жүзеге асыруға дайындығы
- •Семинар сабабақтарының тізімі
- •Соөж үшін тапсырмалар
- •Сөж үшін тапсырмалар
- •Қосымша әдебиет
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Жоғарғы кәсіптік білім
Oot 2216 - өзін-өзі тану «Білім беру» топ мамандықтары үшін мамандығы үшін
2 Кредит
Алматы
Алғы сөз
1. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Оқу-әдістемелік секциясы ЖАСАҒАН және ҰСЫНҒАН
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің №___ «_» _____ 20 ж. бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН және Қолданысқа ЕНГІЗІЛГЕН
БІРІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН
3. Типтік оқу бағдарламасы 5В012300 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес жасалынған
4. Бағдарлама БҒМ –нің ҚазМемҚызПУ базасындағы жоғары және жоғары оқу орыннан кейінгі білім берудің республикалық оқу - әдістемелік кеңесімен ұсынған. Хаттама № 2_ «06» 04._2010
Типтік бағдарлама Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің рұқсатынсыз көбейтілмейді және таратылмайды
МАЗМҰНЫ
Түсінікхат
1 Модуль «Өзін-өзі тану негіздері»
Мазмұны
СОӨЖ үшін тапсырмалар
СӨЖ үшін тапсырмалар
Әдебиет
2 Модуль «Педагогтің кәсіби өзін-өзі тануы және өзін-өзі дамытуы»
Мазмұны
СОӨЖ үшін тапсырмалар
СӨЖ үшін тапсырмалар
Әдебиет
ТҮСІНІК ХАТ
Қазақстан Республикасының даму перспективалары халықтың тұрмысының жоғары деңгейіне қол жеткізіп, оның әлемдік қауымдастықтағы мәртебесін арттыру болып табылады. Жоғарғы технологиялар дәуірінде білім беру жүйесі болашақтың көкжиегін анықтайды, мемлекеттің тұрақты дамуы мен зияткерлік қуатын қамтамасыз етеді.
Қазақстанды бәсекеге қабілетті адам капиталы бар елге айналдыру үшін, алдыңғы қатарлы озық білім, білім берудің заманауи модельдері және экономикалық өмірдің прогрессивті нысандары бүкіл қоғамның игілігіне айналуы тиіс.
Білім берудің ұлттық жүйесінің еліміздің адам ресурстарын дамытуға үлесінің тиімділігін арттыру үшін, жоғары білім беру бағдарламасының «Білім беру» мамандықтары тобы бойынша базалық пәндер циклына «Өзін-өзі тану» пәні енгізіліп отыр. Бұл пән болашақ педагогтің рухани мүмкіншіліктерін, оның тұлға ретіндегі, мәдениет, әлеуметтік және кәсіби шығармашылық субъектісі ретіндегі мәнін дамытуды және байытуды көздейді,
Жаңа пән әрбір адамның өзінің сәйкестілігін және арналғанын сезініп, түсінуіне, жалпыадамзаттық идеалдармен, жалпыұлттық қазақстандық идеямен және өзінің қайталанбас даралығымен сәйкес келетін құндылықтардың өзіндік жүйесін қалыптастыруға жағдай жасап, мүмкіндіктер тудырады.
Қазіргі әлемде әрбір педагогтің басты қызметі , міндеті – оқушының өзінің оның өзін-өзі танып, қоғамға қызмет ету мақсатында өзінің өлшенбес әлеуетін жүзеге асыруына мүмкіндік алуы үшін өзін-өзі тануының және өзін-өзі дамытуының ұйтқысы болу.
Мұғалімнің оқушыға ықпалы тұлғалық қасиеттермен, өмірлік ұстанымдарымен, педагогикалық қызметтің мәні мен әлеуметтік рөлін, өзінің кәсіби міндеттері мен тұлға ретінде өзіне қойылатын талаптарды сезіну және қабылдау дәрежесімен анықталады. Мұғалімнің дүниетанымы, көзқарастары оқушыларға өз өмірінің мәні мен мақсаттарын, өзінің мүмкіншіліктерін түсінуге, әлем мен адамдарға қатысты адамгершілік, ізгілік ұстанымдарын айқындауға септігін тигізеді.
Оқытушы даярлығының жеке тұлғаға бағытталған сипаты жоғары оқу орнында білім алушылардың өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту мәселелеріне қызығушылығын дамытуына, сонымен қатар олардың әлемнің тұтастығы мен әртүрлілігін түсініп, қабылдауға қабілетті толық тұлғаны қалыптастыру жолдары мен тәсілдерін игеруіне мүмкіндік береді.
«Өзін-өзі тану» пәні құрылымы бойынша ЕКІ МОДУЛЬДЕН тұрады:
1 МОДУЛЬ – «Өзін-өзі тану негіздері» (1 кредит: байланыс сағаттары – 15, СОӨЖ – 15 сағат., СӨЖ– 15 сағат).
2 МОДУЛЬ 2 – «Педагогтің кәсіби өзін-өзі тануы және өзін-өзі дамытуы»
(1 кредит: байланыс сағаттары – 15, СОӨЖ – 15 сағат., СӨЖ – 15сағат).
Пәннің мақсаты болашақ педагогтардың ізгілікті дүниетанымын дамыту, олардың тұлғалық және кәсіби өзін-өзі дамытуы, оқушылардың өзін-өзі тануы мен өзін-өзі дамытуына педагогикалық қолдау көрсету жөнінде теориялық білім мен практикалық іскерліктер жүйесін қалыптастыру болып табылады.
1 МОДУЛЬДІҢ міндеттері:
студенттердің өзін-өзі тануға және шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруына қажеттілігін дамыту;
әлемнің тұтас картинасын қалыптастыруға, жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін түсінуге көмектесу;
рефлексия, өзін-өзі талдау, өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыру;
білім алу, өмірлік жағдаяттарда адамгершілік мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру.
«Өзін-өзі танудың» 1 модулін оқыту білім алушыларға:
әлемнің тұтастығын, адамның, қоғамның және табиғаттың бірлігі және өзара тәуелділігін;
адамның, оның өмірінің және абыройы мен қадір-қасиетін, құқықтары мен бостандықтарының құндылықтарын, жалпыадамзаттық құндылықтарға жақындығын көрсетуді;
қоғамдағы өзінің орны және неге арналғандығын, өзін-өзі мейлінше толық шығармашылық жүзеге асыру қажеттілігін;
өмірдегі адами қарым-қатынастар құндылығын (отбасы, махаббат, достық) терең сезінуге;
келесі:
азамат болу, өз Отаны – Қазақстан Республикасын сүю;
тарихқа, отандық және әлемдік мәдени мұраға құндылықты қарау;
әлемді және өзін-өзі тануда жасампаздық белсенділік таныту;
өмірлік және кәсіби жағдаяттарда адамгершілік критерийлерін басшылыққа алу;
адамдарға түсіністікпен қарау, өзге наным сенім, көзқарастағы адамдарға төзімділік таныту;
табиғатқа, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау;
салауатты өмір салтын ұстану, өзінің физикалық және эмоционалдық-рухани жағдайын бірқалыпта ұстау құзыреттерін игеруге мүмкіндік береді.
2 МОДУЛЬДІҢ міндеттері:
болашақ мамандардың кәсіби өзін-өзі дамытуына даярлығын дамыту;
студенттердің кәсіби өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту теориясы мен практикасы жөніндегі толық түсінігін қалыптастыруына көмектесу;
педагогикалық міндеттер мен жағдаяттарды тиімді шешу тәжірибесін қалыптастыру.
Курсты оқыту барысында пәннің ерекшелігіне сәйкес оқытудың белсенді және интерактив әдістерінің жиынтығы қолданылады.
«Педагогтің кәсіби өзін-өзі тануы және өзін-өзі дамытуы» модулі осы сала бойынша болашақ мамандарды даярлауда маңызды орын алады. Ол мамандықтың негізгі пәндер циклына кіреді.
«Педагогтің кәсіби өзін-өзі тануы және өзін-өзі дамытуы» модулін оқыту нәтижесінде студент:
- педагогикалық қызметтің құндылық-мәндік негіздерін;
- кәсіби өзін-өзі дамытудың басты заңдылықтарын;
- педагогтің кәсіби өзін-өзі тануы мен табысты өзін-өзі дамытуының тетіктері мен шарттарын білуі қажет.
Студент келесі іскерліктер мен дағдыларды игеруі тиіс:
кәсіби өзін-өзі дамытуда өзінің әлеуетін;
кәсіби өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың жеке бағдарламасын жобалау және жүзеге асыру;
педагогикалық міндеттерді шешуге шығармашылықпен қарау;
кәсіби құзыреттілігін жүйелі түрде арттырып отыру.
«Өзін-өзі тану» гуманитарлық циклдың «Қазақстан тарихы», «Философия», «Мәдениеттану», «Этика», «Эстетика», «Дінтану», «Экология», «Психология», «Педагогика» пәндерімен тығыз байланысты.
1 МОДУЛЬДІҢ «Өзін-өзі тану негіздері» бағдарламасының мазмұнын анықтаудың концептуалды негізлдері болып адамның рухани өмірінің басты: интеллектуалды, этикалық (әдеп және өмір әдебі), эстетикалық салалары алынды. 1 МОДУЛЬДІҢ ұйымдастырушылық және әдістемелік ерекшеліктері модуль мазмұнының өзіне тән сипатына негізделген.
Өзін-өзі тану сабақтарының аудио- және бейнетехникамен, көрнекі және дидактикалық материалдармен жабдықталған арнайы кабинеттерде өткізілуі педагогтің студенттермен тұлғалық қарым-қатынасқа түсуіне мүмкіндік береді, оның барысында болашақ мамандар өздері мен өзгелердің адами істеріне баға береді, адамдардың шын мәнінде қандай екенін танып, оларға қайырымдылық көрсетіп, төзімділік танытуға үйренеді.
1 МОДУЛЬДІҢ «Өзін-өзі тану негіздерін» оқыту барысында оқытудың интерактивті әдістері, сондай-ақ пәннің ерекшелігі ескеріле отырып, әдістемелік тәсілдер мен амалдардың жиынтығы кеңінен қолданылады.
«Шаттық шеңбері» – сабақтың басында қолданылатын әдістемелік тәсіл. Педагог студенттермен бір-бірімен еркін тілдесетін шеңбер құрып тұрады. “Шаттық шеңберінде” сабақтың тақырыбына сәйкес сәлемдесудің әр түрі қолданылады. Бұл шеңбердің педагогикалық мәні - әрбір студенттің сенімділікті және жалпы әлем мен қоршаған айналасына ашықтық жағдайын сезінуінде. Өзін-өзі тану сабақтарының осы компоненті студенттік топта позитивті бағыт-бағдар мен шығармашылық жағдайын қалыптастырып, әлеуметтік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
«Лекция-әңгіме»– лекция жүргізудің интерактивті түрі, белгілі бір тақырып бойынша педагогтің қысқаша хабарламасынан кейін студенттер сұрақтар қою арқылы тақырыптың мазмұнын ашуға белсенді түрде кіріседі. Әрбір студент өз пікірін айтады, тақырыпқа байланысты өз ойын білдіреді, өзін тоғандыратын сұрақтарды қоя алады. Педагог студенттердің ой толғау қабілеттерін дамытуға, қарастырылып отырған мәселелер бойынша өз ойын ашық айтуға жетелейді.
«Берілген тақырып бойынша ой толғау» – сабақтың бұл элементі барысында адамзаттың атақты ойшылдарының даналық сөздері мен афоризмдеріне түсініктеме беру ұсынылады. Студенттер өздері үшін маңызды ақиқатқа жету жолында өз ойларын, сезімдерін ортаға салып, талқылауға қатысады.
«Даналық тағылымы» хрестоматияда берілген материалдарды, атақты ойшылдар мен философтардың, белгілі ғалымдардың, ақын-жазушылардың айтқан ойларының кең палитрасын қамтиды.
«Өзіңмен бір сәт қалғанда» – бұл тәсіл студентке өзінің ішкі әлеміне бір сәт көз жіберіп, оны түсініп, тыңдауға мүмкіндік береді. Тәсіл позитивті эмоцияларды, сезімдерді, рефлексияға қабілетті дамытуға көмектеседі. Эмоционалдық әсер ету тақырыпқа сәйкес аудиоқатарды қолдану арқылы күшейтілуі мүмкін (классикалық музыканы т.б. тыңдау).
«Ойын», «Жаттығу» тәсілдері арқылы оқу материалдары студенттің жеке тәжірибесінде көрініс табады. Ойындар мен жаттығулар арқылы болашақ мамандар әлеуметтік мәні бар, маңызды құзыреттер мен өмірлік дағдыларды қалыптастырады.
