Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
История на каз.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
161.79 Кб
Скачать

Ауру тарихын бағалау ережесі.

1.Бірінші кезеңде оқулық ауру тарихын кафедраның ассистенті тексереді, онда бағаланатыны:

а) оқулық ауру тарихының әдістемелік нұсқаудағы сызбаға сәйкес келетіні

б) негізгі шағым мен анамнездің шынайылығы

в) объективті зерттеуді дұрыс жүргізуі

г) клиникалық және лабораториялық зерттеу нәтижелерін жинау, бағалау

д) инструментальдық зерттеу әдістерінің нәтижелерін жинау, бағалау

е) сұрыптау диагностикасының кезеңдерін дұрыс жүргізуі, клиникалық диагнозды дұрыс негіздеп құрастыруды

ж) консервативтік емді тағайындағанда клиникалық фармакологияның негізін білу

з) операция алдындағы қорытынды мен операция хаттамасын дұрыс құрастыру

и) курация кезінде науқастың жағдайының өзгеру ерекшелігі

к) науқас ауруханадан шыққанда беретін ұсыныстардың және науқастың қалпына келу уақытының (реабелитация) шынайылығы

2. Екінші кезеңде ауру тарихын қорғау ауызша мамандық практика бойынша емтихан тапсырған кезде болады. Бағаланатыны:

а) ауру этиопатогенезінің қағидасы және ауру тарихы жазылған нақты науқастағы патофизиологиялық және биохимиялық өзгерістердің даму үдерісі.

б) жетекші синдромды анықтағанда, сұрыптау диагносткасын жүргізгенде және клиникалық диагнозды құрастырғанда байқалған клиникалық ойлану логикасы

в) қосымша зерттеу әдістерін таңдап алуды, емдеу әдістерін, операцияға дәлел және қайшы көрсеткіштерді, операция қауіптілігін және аурудың болжамын негіздей алу қабілетін.

Санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу үшін ұсынылатын дәрістер тақырыптары

  1. Дәрігерге кеш қаралу және өз бетімен емделу – қауіпті

  2. Өмір сыйлайтын тамшы (донорлық туралы).

  3. Маусымдық ауру – ГРИПП.

  4. Кір қолдың аурулары (ішек инфекциялары).

  5. Іштің жедел хирургиялық ауруларының белгілері.

  6. Қатерлі ісікті анықтау мен емдеудегі медициналық ғылымның жетістіктері.

  7. Уланғанда, күйгенде, жарақаттанғанда көрсетілетін алғашқы көмек.

  8. В, С гепатиттердің жұғу жолдары.

  9. Алкоголь мен травматизм.

  10. Тиімді тамақтану – іш қуысындағы органдардың ауруларының алдын алу.

  11. Жүрек пен тамырларды сақтау - өмірді ұзарту.

  12. Сүт безінің ауруларын болдырмау жолдары.

  13. Темекі шегу мен тамыр аурулары.

  14. Қант диабеті, оның асқынуларының алдын алу.

  15. Қала тұрғындарының арасындағы эхинококкоз.

  16. Туберкулез, ғасыр эпидемиясы.

  17. АИВ (ВИЧ), жұғу жолдары, алдын алу.

  18. Ине үшіндегі өмір (нашақорлық).

  19. Қазақстан медицинасындағы инновациялық технология.

  20. Хирургиядағы деонтология.

Тәжрибелік дағдылар тізімі

  1. Медициналық құжаттарды толтыру (ауру тарихының барлық тарауларын – алғашқы зерттеу, күнделіктер, кезеңдік, шығару және өлгенде жазылатын эпикриз, МСЭК – ға жолдама).

  2. Клиникалық – лабораториялық зерттеулер әдістерінің нәтижелерін талқылау.

  3. Инструментальдық зерттеу әдістерінің нәтижелерін талқылау.

  4. Қан тобы мен резус қатыстылықты анықтау.

  5. Донор мен рецепиенттің жекелей бірлестігін анықтау.

  6. Донор қанның жарамдығын анықтау.

  7. Парэнтеральдық қоректендіру және шоққа қарсы терапияны жүргізу үшін ертінділерді таңдау.

  8. Тіндерді ажырату және қосу үшін қолданатын саймандарды іріктеп алу.

  9. Хирургиялық тігіс салу, тігіс жібін алу.

  10. Трахеостомияға және лапароцентезге саймандар топтамасын жинау.

  11. «Ақтару қатетерімен» диагностикалық лапароцентез жасау техникасы.

  12. Пневмоторакс және гидроторакс болғанда плевральдық пункцияның техникасы.

  13. Торакоцентез бен плевра қуысын дренаждау техникасы.

  14. Белгенді аспирация жасау үшін Бобров аппаратын және Бюлау әдісімен дренаждау саймандарын жинау.

  15. Қабырға аралық нервтерге блокада жасау техникасы.

  16. Қол саусақтарын жансыздандыру үшін Оберт- Лукашевич әдісімен жасалатын өткізгіш анестезиясының техникасы.

  17. Бауырдың жұмыр байламының блокадасын жасау техникасы.

  18. Паранефральдық блокаданың техникасы.

  19. Панкреатит болғанда Роман әдісімен жасалатын блокаданың техникасы.

  20. Лорин-Эпштейн әдісімен шәуһет бауына жасалатын блокада. Диафаноскопия әдісі.

  21. Жұмсақ тіндердің іріңдігін ашуға сайман топтамасын жинаңыз.

  22. Қан тоқтататын резеңкені салу, оны дұрыс салғанының бағалау өлшемі (критериі).

  23. Қуыққа металлдан жасалған катетер қою.

  24. Аяқ артериялары мен көк тамырларын зерттеу.

  25. Перефериялық тамырлардың соғуын анықтау.