- •Энергия. Энергияның сақталу заңы.
- •Энергия. Энергияның сақталу заңы.
- •Энергия. Энергияның сақталу заңы.
- •Энергия. Энергияның сақталу заңы.
- •Массасы m нәрсені вертикаль жазықтықта жіппен айналдырады. Жіптің төменгі нүктедегі керілу күші оның жоғарғы нүктедегі керілу күшінен неше есе артық? энергия. Энергияның сақталу заңы.
- •Энергия. Энергияның сақталу заңы.
- •Энергия. Энергияның сақталу заңы.
- •Энергия. Энергияның сақталу заңы.
- •Доп 4 м биіктікке абсолют серпімді көтерілуі үшін оны 2 м биіктіктен төмен қарай қандай бастапқы жылдамдықпен лақтыру керек?
Энергия. Энергияның сақталу заңы.
VII НҰСҚА
Тік жоғары 30 м/с жылдамдықпен атылған массасы 50 г садақ жебесінің 2с өткеннен кейінгі потенциалдық және кинетикалық энергиялары қандай?
Массасы m акробат бастапқы жылдамдықсыз Н биіктіктен сақтандыру торына секіріп түсіп, оны х шамаға керді. Осындай керуге сәйкес келетін тордың ең үлкен серпімділік күші қандай?
54 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан массасы m=200 т вагон Ғ=6 кН үйкеліс күшінің әсерінен бірқалыпты кемімелі қозғалып барып тоқтады. Үйкеліс күшінің жұмысын және тежелу жолын анықтаңдар.
Биіктігі h=2 м , табаны b= 5 м дұрыс үшбұрышты төбешіктен шана сырғанап түседі де, горизонталь бағытта s=35 м жол жүріп тоқтайды. Үйкеліс коэффициентін анықтаңдар( оны бүкіл жол бойында тұрақты деп есептеңдер).
Массасы m маятник вертикаль күйден α бұрышқа ауытқиды. Тепе – теңдік күйден өтер кездегі маятник жібінің керілу күші қандай?
Дене горизонтқа 30о бұрыш жасап, 20 м/с жылдамдықпен лақтырылған. Оның биіктіктегі жылдамдығы қандай?
Энергия. Энергияның сақталу заңы.
VIII НҰСҚА
Ұзындығы l=5м, қимасы S=100 см2 болат білеуді көткргіш кран h=12 м биіктікке горизонталь көтереді. Егер білеу бірқалыпты көтерілген болса, онда кран осы уақыт аралығында қандай жұмыс атқарады? Болаттың тығыздығы ρ=7800 кг/м3.
Доп 4 м биіктікке абсолют серпімді көтерілуі үшін оны 2 м биіктіктен төмен қарай қандай бастапқы жылдамдықпен лақтыру керек?
Массасы 160 г хоккей шайбасы 20 м/с жылдамдықпен қақпаға еніп, оның торын 6,4 см – ге кереді. Шайба торға қандай максимал күшпен әрекет етті? ( Тордың серпімділік күшінің ығысуға тәуелділігі Гук заңына бағынады деп есептеңдер).
Массасы1 кг тас 9,8 м/с бастапқы жылдамдықпен тік жоғары лақтырылған. 0≤ t ≤ 2с уақыт аралығы үшін потенциалдық, кинетикалық және толық энергиялардың уақытқа тәуелділік графигін салыңдар.
Өлшемі де, массасы да бірдей абсолют серпімді екі шар бір – біріне жанаса ілулі тұр. Олардың массалар центрі іліну нүктесінен l қашықтықта төмен орналасқан. Оның біреуін вертикаль күйінен α бұрышқа ауытқытып қоя береді. Соқтығысудан кейінгі шарлардың жылдамдықтары қандай?
Массасы 2т машина тежелгеннен кейін 50 м жол жүріп тоқтады. Егер жол горизонталь, ал кедергі коэффициенті 0,4 болса, онда үйкеліс күшінің жұмысы және машинаның кинетикалық энергиясының өзгерісі қандай?
