- •Энергия. Энергияның сақталу заңы.
- •Энергия. Энергияның сақталу заңы.
- •Энергия. Энергияның сақталу заңы.
- •Энергия. Энергияның сақталу заңы.
- •Массасы m нәрсені вертикаль жазықтықта жіппен айналдырады. Жіптің төменгі нүктедегі керілу күші оның жоғарғы нүктедегі керілу күшінен неше есе артық? энергия. Энергияның сақталу заңы.
- •Энергия. Энергияның сақталу заңы.
- •Энергия. Энергияның сақталу заңы.
- •Энергия. Энергияның сақталу заңы.
- •Доп 4 м биіктікке абсолют серпімді көтерілуі үшін оны 2 м биіктіктен төмен қарай қандай бастапқы жылдамдықпен лақтыру керек?
Энергия. Энергияның сақталу заңы.
I НҰСҚА
20 кг шананы теп – тегіс беткей бойымен 300 Н күш жұмсап, 2,5 м биіктікке көтереді. Шана 3 м/с2 үдеумен қозғалады. көтергенде қандай жұмыс атқарылады? Шананың потенциалдық энергиясының өзгерісі неге тең? Шананың төбеге шығар кездегі кинетикалық энергиясы неге тең?
Ұзындығы l=5м, қимасы S=100 см2 болат білеуді көткргіш кран h=12 м биіктікке горизонталь көтереді. Егер білеу бірқалыпты көтерілген болса, онда кран осы уақыт аралығында қандай жұмыс атқарады? Болаттың тығыздығы ρ=7800 кг/м3.
s=10м жолда массасы 1 т дененің жылдамдығын υ1=2 м/с – тен υ2 =6 м/с – ке арттыру үшін қандай жұмыс істеу керек? Бүкіл жол бойында Ғүйк=2 Н үйкеліс күші әрекет етеді.
Массасы 3 кг дене биіктігі 0,5 м, ұзындығы 1 м көлбеу жазықтықтан υо=0 бастапқы жылдамдықпен сырғанай бастады да, етегіне келгенде жылдамдығы 2,45 м/с болды. Үйкеліс коэффициентін және үйкеліс кезіндегі бөлінген жылуды анықтаңдар.
Ядроны горизонтқа 30о бұрышпен лақтыру үшін 216 Дж жұмыс атқарылады. Қанша уақыт өткен соң және қандай қашықтықта ядро жерге құлайды? Ядроның массасы 2 кг.
« Өлі тұзақпен» жасалған мектеп тәжірибесінде массасы m бытыра Н=3r ( r – тұзақ радиусы) биіктіктен жіберілген. Тұзақтың төменгі және жоғарғы нүктелерін бытыра қандай күшпен қасады?
Энергия. Энергияның сақталу заңы.
II НҰСҚА
Доп 4 м биіктікке абсолют серпімді көтерілуі үшін оны 2 м биіктіктен төмен қарай қандай бастапқы жылдамдықпен лақтыру керек?
Мұз бетімен 3 м/с жылдамдықпен лақтырылған тас тоқтағанға дейін 20,4 м жол жүрді. Тас пен мұздың арасындағы үйкеліс коэффициенті қандай?
Массасы 160 г хоккей шайбасы 20 м/с жылдамдықпен қақпаға еніп, оның торын 6,4 см – ге кереді. Шайба торға қандай максимал күшпен әрекет етті? ( Тордың серпімділік күшінің ығысуға тәуелділігі Гук заңына бағынады деп есептеңдер).
Массасы 1 т машинаға қозғалыс кезінде оның ауырлық күшінің оннан бір бөлігіндей ( Ғүйк= 0,1 Mg) үйкеліс күші әрекет етеді. Жүрілген 0,5 км жолда машина жылдамдығын υо= 10 км/сағ – тан υ1=40 км/сағ – қа арттыру үшін қозғалтқыш қанша бензин шығындайды? Қозғалтқыштың ПӘК – і η=0,2; бензиннің меншікті жану жылуы q = 46МДж/кг.
Массасы1 кг тас 9,8 м/с бастапқы жылдамдықпен тік жоғары лақтырылған. 0≤ t ≤ 2с уақыт аралығы үшін потенциалдық, кинетикалық және толық энергиялардың уақытқа тәуелділік графигін салыңдар.
Массасы m нәрсені вертикаль жазықтықта жіппен айналдырады. Жіптің төменгі нүктедегі керілу күші оның жоғарғы нүктедегі керілу күшінен неше есе артық?
Энергия. Энергияның сақталу заңы.
III НҰСҚА
Массасы 60 кг шана биіктігі 10 м төбеден еңіске қарай 500 м – ге сырғанайды. Егер төбе етегінде шананың жылдамдығы 8 м/с болса, онда сырғанау кезіндегі орташа кедергі күші қандай? Шананың бастапқы жылдамдығы нөлге тең.
Қозғалып келе жатқан массасы 2 кг дене мына жағдайларда қандай жұмыс атқарады? 1) дене жылдамдығын 2 м/с – тен 5 м/с – ке дейін өсіреді; 2) 8 м/с бастапқы жылдамдықпен қозғалып келе жатып тоқтады.
Егер топырақтың тығыздығы ρ болса, онда тереңдігі h квадрат пішінді шұңқыр қазу үшін қандай жұмыс істеу керек? Квадраттың қабырғасы а.
Горизонталь бетте қозғалып келе жатқан массасы 10 кг денеге 30о бұрышпен 100 Н күш әрекет етеді. Денеге әрекет ететін барлық күштерді және осы күштердің дене 10 м аралыққа орын ауыстырғанда істейтін жұмыстарының қосындысын анықтаңдар. Дене мен бет арасындағы үйкеліс коэффициенті μ=0,1.
Өлшемі де, массасы да бірдей абсолют серпімді екі шар бір – біріне жанаса ілулі тұр. Олардың массалар центрі іліну нүктесінен l қашықтықта төмен орналасқан. Оның біреуін вертикаль күйінен α бұрышқа ауытқытып қоя береді. Соқтығысудан кейінгі шарлардың жылдамдықтары қандай?
« Өлі тұзақпен» жасалған мектеп тәжірибесінде массасы m бытыра Н=3r ( r – тұзақ радиусы) биіктіктен жіберілген. Тұзақтың төменгі және жоғарғы нүктелерін бытыра қандай күшпен қасады?
