Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИНАМИКА.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
97.79 Кб
Скачать

Динамика

X Нұсқа

  1. Тыныштықтағы дене 50 мН күштің әрекетінен 0,2 м/с2 үдеу алады. Егер ол 30 с бойы түзусызықты қозғалса, онда оның орын ауыстыруы қандай болады?

  1. 12 м/с жылдамдықпен келе жатқан автобус апаттық тежеуден кейін қанша уақыт өткенде тоқтайды? Апаттық тежелу кезіндегі кедергі коэффициенті 0,4 – ке тең.

  1. Массасы 5 т автомобиль орнынан қозғала бастағанда 0,6 м/с2 үдеу алды. Қозғалыстағы кедергі коэффициенті 0,004 болса, тарту күші неге тең?

  1. Массасы 400 г білеуше массасы 100 г жүктің әрекетінен тыныштық қалпынан шығып, 2 с ішінде 80 см жол жүрді. Үйкеліс коэффициентін табыңдар.

  1. Массасы 2 кг ағаш білеушені қатаңдығы 100 Н/м серіппенің көмегімен горизонталь ағаш тақтайдың бетімен бірқалыпты сүйреп келеді. Үйкеліс коэффициенті 0,3 – ке тең болса, серіппенің ұзаруын табыңдар.

  1. Конькиші радиусы R шеңбер бойымен υ жылдамдықпен сырғанап барады. Ол тепе – теңдік қалпын сақтау үшін мұз айдынына қандай бұрыш жасап қисаюы керек?

Динамика

XI Нұсқа

  1. 2 Н күш әрекет еткен кезде 4 см ұзарған серіппенің қатаңдығын табыңдар.

  1. Массасы 50 кг бала алтыбақан теуіп тұр. Алтыбақанның биіктігі 4 м. Тепе – теңдік қалпынан 6 м/с жылдамдықпен өткен кезде ол орындыққа қандай күшпен қысым түсіреді?

  1. Массасы 50 кг бала төбешіктен сырғанап түсіп, горизонталь бойымен 10 с ішінде 20 м жүріп барып тоқтады. Үйкеліс күшін және үйкеліс коэффициентін табыңдар.

  1. Массасы 2 т автомобиль тасжолмен бірқалыпты қозғалып барады. Егер дөңгелектерге әрекет ететін кедергі коэффициенті 0,02 – ге тең болса, автомобильдің тарту күші қандай?

  1. Ұзындығы 60 см жіпке ілінген жүк бірқалыпты қозғалып, горизонталь жазықтықта шеңбер сызып шығады. Егер қозғалыс кезінде ілінген жіппен тіктеуіш арасында тұрақты α – 30о бұрыш пайда болса, онда жүк қандай жылдамдықпен қозғалады?

  1. Салмақсыз блок көлбеу бұрыштары α= 30о және β = 45о болатын көлбеу жазықтықтың төбесіне бекітілген. Салмақтары бірдей Р12=10 Н екі жүк өзара жіппен жалғастырылып шығырдан асырып тасталған. Мыналарды анықтаңдар: 1) жүктер жүйесі қандай үдеумен қозғалады? 2) жіптің керілу күші қандай? Үйкеліс ескерілмейді.

Динамика

VII Нұсқа

  1. Қатаңдығы 105 Н/м болатын тіркеу тросымен массасы 2 т автомобильді 0,5 м/с2 үдеумен сүйресе, трос қаншаға ұзарады? Үйкеліс ескерілмесін.

  1. Старт кезінде жер бетінен 15 м/с2 үдеумен тік жоғары қозғалған зымырандағы массасы 80 кг ғарышкердің салмағын табыңдар.

  1. Кедергі коэффициенті 0,005 болғанда, тепловоздың ең үлкен тарту күші 300 кН – ға жетсе, онда ол м/с2 үдеумен массасы қандай тіркемені сүйрей алады?

  1. Жылжымайтын блоктан асыра тасталған жіпке массасы 0,3 және 0,34 кг жіп ілінген. Қозғалыс басталғаннан кейін 3 с ішінде әр жүк 2,7 м жол жүрді. Осы тәжірибеге сүйене отырып, еркін түсу үдеуінің шамасын табыңдар.

  1. Массасы 15 т троллейбус орнынан 1,4 м/с2үдеумен қозғалады. егер кедергі коэффициенті 0,02 – ге тең болса, онда жолдың алғашқы 10 м – дегі тарту күшінің жұмысы мен кедергі күшінің жұмысы қандай болар еді? Троллейбус қандай кинетикалық энергия алады?

  1. Үстелдің үстінде жатқан сынаның көлбеулік бұрышы α. Оның үстінде білеуше қозғалмай тұр. Үйкеліс коэффициенті μ. Суретте көрсетілгендей, а үдеумен қозғалады. үдеудің қандай ең аз мәнінде білеуше сырғанай бастайды?