Динамика
VII Нұсқа
Массасы 0,2 кг тыныштықта тұрған денеге 5 с бойы 0,1 Н күш өрекет етті. Осы дене қандай жылдамдық алады және сол уақыт ішінде қандай жол жүреді?
Үйкеліс коэффициенті 0,2 болса, онда білеуше көлбеулік бұрышы 30о болатын көлбеу жазықтық бойымен қандай үдеумен қозғалады?
Тыныштықта тұрған шана беткей ұзындығы 40 м, биіктігі 10 м төбешіктен сырғанап кетті. Үйкеліс коэффициенті 0,05 – ке тең болса, шананың сырғанап түсуі қанша уақытқа созылады?
Тыныштық қалпында тұрған шана биіктігі 10 м төбешіктен еңіске қарай 40 м – ге сырғанады. Егер үйкеліс коэффициенті 0,05 – ке тең болса, шананың сырғанап түсуі қанша уақытқа созылады?
Велосипедшілер жарысатын жолда радиусы 40 м бұрылыс бар. Осы жол аралығы 40о бұрыш жасай көлбеген. Мұндай көлбеулік қандай жылдамдықпен жүруге есептелген?
Конькиші радиусы R шеңбер бойымен υ жылдамдықпен сырғанап барады. Ол тепе – теңдік қалпын сақтау үшін мұз айдынына қандай бұрыш жасап қисаюы керек?
Динамика
VIII Нұсқа
Массасы 0,5 кг доп 0,02 с уақытқа созылған соққыдан 10 м/с жылдамдық алады. Соққының орташа күшін табыңдар.
Массасы 10 т троллейбус орнынан қозғалып, 50 м жол жүргенде жылдамдығын 10 м/с – қа жеткізді. Егер тарту күші 14 кН болса, онда кедергі коэффициенті неге тең?
Кедергі коэффициенті 0,005 болғанда, тепловоздың ең үлкен тарту күші 300 кН – ға жетсе, онда ол м/с2 үдеумен массасы қандай тіркемені сүйрей алады?
Жылжымайтын блоктан асыра тасталған жіпке массасы 0,3 және 0,2 кг жүктер ілінген. Осы жүйе қандай үдеумен қозғалады? Қозғалыс кезіндегі жіптің керілу күші қандай?
Конькиші радиусы 30 м шеңбер бойымен 10 м/с жылдамдықпен қозғалып барады. Ол тепе – теңдігін сақтау үшін горизонталь бетке қандай бұрыш жасап қисаяды?
Ұзындығы l салмақсыз жіпке іліеген математикалық маятник тұрақты ω бұрыштық жылдамдықпен горизонталь бағытта шеңбер бойымен қозғалады. маятник тік бағыттан қандай α бұрышқа ауытқиды?
Динамика
IX Нұсқа
Массасы 2 т автомобиль орнынан қозғалып, 10 с ішінде 100 м жол жүрді. Тарту күшін табыңдар.
Электровоз массасы 1600 т тіркеме вагондарды орнынан қозғайды. Егер кедергі коэффициенті 0,004, ал тарту күші 350 кН болса, онда пойыз қандай үдеумен қозғалады?
Массасы 14 т автомобиль орнынан қозғалып, алғашқы 50 м қашықтықты 10 с ішінде жүріп өтеді. Егер кедергі коэффициенті 0,05 болса, онда тарту күші қандай?
Жылжымайтын блоктан асыра тасталған жіпке массасы 0,3 және 0,34 кг жіп ілінген. Қозғалыс басталғаннан кейін 3 с ішінде әр жүк 2,7 м жол жүрді. Осы тәжірибеге сүйене отырып, еркін түсу үдеуінің шамасын табыңдар.
Пойыз радиусы 400 м бұрылыста 54 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келеді. Пойыздың екі рельске қатар қүсіретін ауырлық күші өзіне перпендикуляр болу үшін сыртқы рельс ішкісінен қанша биік болуы керек? Рельстердің арасы 152,4 см.
Массасы m машина радиусы Rкөпірдің үстінен υ тұрақты жылдамдықпен қозғалып келеді. Дөңес және ойыс көпірлер үшін машинаның көпірдің ортасына түсіретін қысым күшін табыңдар.
