Динамика
IV Нұсқа
Массасы 4 кг денеге күш әрекет еткен кезде, ол 2 м/с2 үдеу алады. Массасы 10 кг денеге дөл осындай күшпен әрекет еткенде, ол қандай үдеу алады?
Массасы 2 кг және 6 кг серпімсіз екі дененің әрқайсысы 2 м/с жылдамдықпен қарама – қарсы қозғалып келеді. Осы денелердің әрқайсысының соқтығысқаннан кейінгі жылдамдығының модулі мен бағытын анықтаңдар.
0,3 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан массасы 20 т вагон жылдамдығы 0,2 м/с, массасы 30 т вагонды қуып жетті. Егер соқтығысу серпімсіз болса, онда соқтығысқаннан кейінгі олардың жылдамдығы қандай болады?
Массасы m автомобиль а үдеумен тауға көтеріліп барады. Егер таудың көлбеулік бұрышы α, ал кедергі коэффициенті μ және автомобильдің тарту Ғт болса, онда автомобиль қандай үдеумен қозғалар еді?
Ұзындығы 2 м жіпке массасы 2 кг, ішінде құмы бар кішкене жәшік ілулі тұр. Осы жәшікке массасы 10 г горизонталь ұшып келе жатқан оқ тиіп, оның ішінде қалып қояды. Сол кезде жүк ілінген жіп тік бағытынан 30о – қа ауытқиды. Оқ жәшікке қандай жылдамдықпен тиген? Жіптің ұзындығы жәшіктің өлшемінен өте үлкен. ( Бұл есеп зертханалық жұмыста оқтың жылдамдығын анықтау үшін де қолданылады).
Массасы m дене көлбеулігі α болатын тау бетінде Ғт күшінің әрекетімен үдемелі қозғалып келеді. Ғт тарту күші көлбеу бетпен β бұрыш жасайды. Егер үйкеліс коэффициенті μ болса, онда дене қандай үдеумен қозғалады?
Динамика
V Нұсқа
Ұшақтық массасы 60 т, қозғалтқыштың тарту күші 90 кН болса, ол ұшар алдындағы жолда қандай үдеу алады?
Бір – біріне қарама – қарсы қозғалған массалары 400 г және 600 г екі дене соқтығысқаннан соң тоқтады. Егер бірінші дененің жылдамдығы 4 м/с болса, екінші дененің жылдамдығы қандай?
Массасы 2000 т пойыз түзусызықты қозғалып, жылдамдығын 36 км/сағ – тан 72 км/сағ – қа қа дейін арттырады. Импульстің өзгерісін табыңдар.
Массасы 4 т автомобиль 0,2 м/с2 үдеумен тауға көтеріліп барады. Егер көлбеулік 0,02 және кедергі коэффициенті 0,04 болса, онда тарту күші қандай болады?
Массасы 2 кг ағаш білеушені қатаңдығы 100 Н/м серіппенің көмегімен горизонталь ағаш тақтайдың бетімен бірқалыпты сүйреп келеді. Үйкеліс коэффициенті 0,3 – ке тең болса, серіппенің ұзаруын табыңдар.
Ұзындығы l, биіктігі h көлбеу жазықтықта массасы m жүк жатыр. Осы жүкті ұстап тұру үшін жазықтық бойымен бағытталған қандай күш әрекет ету керек? Үйкеліс коэффициенті μ – ге тең.
Динамика
VI Нұсқа
Жеңіл автомобильдің массасы 2 т. жүк автомобилінің тарту күші жеңіл автомобильдікінен 2 есе артық. Олардың үдеулерін салыстырыңдар.
Ұзындығы 13 м, биіктігі 5 м көлбеу жазықтықта массасы 26 кг жүк жатыр. Үйкеліс коэффициенті 0,5. Жүкті жоғары көтеру үшін жазықтықты бойлай жүкке қандай күш әрекет етуі тиіс?
Зертханалық жұмыс жүргізу кезінде мынандай мәлімет алынды. Ұзындығы 1 м, биіктігі 20 см, көлбеу жазықтықта жатқан ағаш білеушеге ілінген динамометрдің көрсетуі 1 Н. Үйкеліс коэффициенті қандай?
Үйкеліс коэффициенті 0,2 болса, онда білеуше көлбеулік бұрышы 30о болатын көлбеу жазықтық бойымен қандай үдеумен қозгалады?
Ұзындығы 60 см жіпке ілінген жүк бірқалыпты қозғалып, горизонталь жазықтықта шеңбер сызып шығады. Егер қозғалыс кезінде ілінген жіппен тіктеуіш арасында тұрақты α – 30о бұрыш пайда болса, онда жүк қандай жылдамдықпен қозғалады?
Радиусы р шар жер бетінде тұр. өлшемі шардан көп кіші дене шардың төбесінен төмен қарай сырғанай бастады. Жер бетінен қандай биіктікте дене шардан ажырап кетеді?
