Динамика
I Нұсқа
Күш әрекетінен массасы 1 кг дене 10 м/с2 үдеу алады. Осы күш массасы 0,5 кг денеге қандай үдеу береді?
30 м/с жылдамдықпен тік жоғары атылған массасы 50 г жебенің 2 с өткендегі потенциалдық және кинетикалық энергияларының мәндері қандай болады?
Доп жерге соғылып, 2h биіктікке серпіле көтерілуі үшін оны h биіктіктен қандай υобастапқы жылдамдықпен тік төмен лақтыру керек? Доптың жерге соғылуын абсолют серпімді деп есептеңдер.
Массасы m автомобильдің орнынан қозғала бастаған кездегі үдеу а – ға тең. Егер қозғалысқа әрекет ететін кедергі коэффициенті μ болса, онда тарату күші қандай болар еді?
Дене үйкеліс коэффициенті 0,1, ұзындығы 1 м, биіктігі 0,6 м көлбеу жазықтықтың бойымен қозғалады. көлбеу жазықтықтың ПӘК – і қандай?
Үстелдің үстінде жатқан сынаның көлбеулік бұрышы α. Оның үстінде білеуше қозғалмай тұр. Үйкеліс коэффициенті μ. Суретте көрсетілгендей, а үдеумен қозғалады. үдеудің қандай ең аз мәнінде білеуше сырғанай бастайды?
Динамика
II Нұсқа
20 Н күш өрекет еткенде дене 0,4 м/с2 үдеумен қозғалады. ал 50 Н күш әрекет еткен кезде ол дене қандай үдеу алады?
Массасы 2,5 кг нәрсе 5 м биіктіктен құлады. Оның жер бетінен 2 м биіктіктегі потенциалдық және кинетикалық энергиясы қандай?
Тас тік жоғары қарай 10 м/с жылдамдықпен лақтырылды. қандай биіктікте тастың кинетикалық энергиясы, оның потенциалдық энергиясына тең болады?
Массасы 1000 т пойыз бекеттен шыққан соң өзінің тарту күшін 250 кН – ға жеткізді. Егер кедергі күші барлық жол бойында тұрақты, ал оның ауырлық күшіне қатынасы 0,005 болса, онда пойыздың бекеттен 1 км қашықтықтағы жылдамдығы қандай болар еді? Осы жылдамдықты алуға қанша уақыт кетеді?
Көлбеу бұрышы 30о жылдамдықпен массасы 400 кг жүкті 2 м биіктікке сүйреп шығу үшін қандай жұмыс істеу керек? Үйкеліс коэффициенті 0,3. көлбеу жазықтықтың ПӘК – і қандай?
Салмақсыз блок көлбеу бұрыштары α= 30о және = 45о болатын көлбеу жазықтықтың төбесіне бекітілген. Салмақтары бірдей Р1=Р2=10 Н екі жүк өзара жіппен жалғастырылып шығырдан асырып тасталған. Мыналарды анықтаңдар: 1) жүктер жүйесі қандай үдеумен қозғалады? 2) жіптің керілу күші қандай? Үйкеліс ескерілмейді.
Динамика
III Нұсқа
60 Н күш денеге 0,8 м/с2 үдеу береді. Қандай күш осы денеге 2 м/с2 үдеу бере алады?
Массасы 160 г хоккей шайбасына 30 м/с жылдамдық берілді. Массасы 480 г футбол добының импульсі шайбаның импульсіндей болу үшін оған қандай жылдамдық беру керек?
Массасы 100 г доп 20 м/с жылдамдықпен жоғары қарай тік лақтырылды. оның ең жоғары көтерілу нүктесінің потенциалдық энергиясы қандай?
Массасы m дене орнынан а үдеумен қозғалады. Eгер қозғалысқа әрекет ететін кедергі коэффициенті μ болып, тарту күші көкжиекпен α бұрыш жасаса, онда тарту күші неге тең?
Массасы 15 т троллейбус орнынан 1,4 м/с2үдеумен қозғалады. егер кедергі коэффициенті 0,02 – ге тең болса, онда жолдың алғашқы 10 м – дегі тарту күшінің жұмысы мен кедергі күшінің жұмысы қандай болар еді? Троллейбус қандай кинетикалық энергия алады?
Шананы қар үстімен сүйрегенде жұмсалатын ең үлкен күш 0,5 кН болады. Үйкеліс коэффициенті 0,1. Oсы күштің әрекетінен бірқалыпты қозғалатын жүк тиелген шананың массасын табыңдар.
