Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gista_bilet-2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38.42 Кб
Скачать

3 билет

Аты: Адамның спермотозоидтары

Зерттеу объектісі:

1-акросомасы

2-басы

3-құйрығы

Сипаттамасы: Препаратта ұзындығы 70 мкм болатын, пішіні жіп тәрізді аталық жыныс жасушасы спермотозоид көрінген. Ол бас, мойын, құйрық бөлігінен тұрады. Басында жұмыртқа жасушасын танитын гликозилтрансфераза рецепторы, ядросы, гиалурон және протеаза ферменті бар акросома бар.Мойыны байланыстырушы бөліктен(проксималды, дисталды), құйрығы аралық, негізгі, терминальды болып бөлінеді. Аралық бөлігінде 2орталық және 9жұп шеткі микротүтікшелермен бұларды қоршаған митохондриялары спираль түрінде орналасқан.

Қызметі: Көбею, репродуктивті

4 – билет

1.ОВОЦИТ, аналық жұмыртқа жасушасы

2.(1-ядро, 2-цитоплазма,3-мөлдір қабық,4-сәулелі тәж)

3.Аналық жыныс жасушасы 22-28 тәул пісіп жетіліп отырады.

Овоциттің активті мембранасы, цитоплазмасы, 3 қабатты мембранасы бар.

Олар:плазмолемма,мөлдір қабық,сәулелі тәж

Плазмалеммасында кортикальды түйіршіктері орналасқан.

Овоциттер цитоплазмасындағы сары уызы бойынша 4 ке бөлінеді.

1-Алецитальді цитопл-да сары уызы жоқ

2-Олигоцетальді сары уызы аз

3-мезолецитальдісары уызы орташа

4-полилецитальді сары уызы көп

Адам жұмыртқа жасушасы изолецитальді.

4- Атқаратын қызметі:Көбею, репродуктивті.

#6-Билет

Препарат аты: плацента. Нәресте бөлігі.

Зерт обьектісі:1- ана қанына толы лакуналар(шұңқырлар)

2-Хорион бүрлерінің кесінділері

3-Тамырлар

Адам плацентасы- дискоидальды, гемохориальды, бүрлі типке жатады. Ұрықты ана ағзасымен байланыстырады. Плацентаның бөлігін ажыратады: нәресте және аналық бөліктер

Плацентаның нәресте бөлігі хорион бүрлері мен хорион пластинкасынан тұрады. Плацентаның құрылыс- қызметін атқаратын бірлігі болып котиледондар саналады. Котиледондар- құрамында бағаналы және бұдан тараған екіншілік, үшіншілік тармақтары бар хорион бүрлері.

Хорион пластинкасының қуысында нәрестенің қан тамырлары орналасады.

Ана қаны мен нәресте қаны араласпайды, себебі екі қан ағымы арасында гематохориальды сүзгі орн.

Қызметі: тыныс алу, қоректік, эндокринді, экскреторлық

8-билет.

  1. Аты. Кіндік бауы

  2. Зерттеу объектісі. 1) аминион эпителийі

2) сарыуыз қапшығының қалдықтары

3) артериялар

4) аллантоистың қалдығы

5) вена

6) кілегейлі дәнекер тіні (Вартонов іркілдек заты)

  1. Сипаттамасы. Кіндік бауы препаратынан екі артерия, бір вена, сарыуыз қапшығы мен аллантоис қалдықтарын және Вартонов кілегейлі қабығын көруге болады. Вартонов кілегейлі заты артерия мен венаның бір-біріне жабысып қалмауын сақтайды. Кіндіктің сырты амнион эпителийімен қапталған. Кіндік бауы амнион аяқшасының туындысы. Кіндіктің ұз 40-50см, d=1,5см.

Кіндік, амнион, сарыуыз қабы, аллантоис «Ұрықтан тыс мүшелерге» жатады.

Амнион – суға толы қапшық. Негізгі қызметі - секреторлы су бөліп, нәрестені механикалық әсерлерден қорғау. Амнион қапшығының эпителийі алғашқыда бір қабатты жалпақ, эмбрионның 3-айлығында юбір қабатты призмалы болып келеді.

Сары уыз қабы. Эктодерма мен ұрықтан тыс мезодермадан дамиды. Қызметтері: қан түзу процесіне қатысады, нәрестенің бірінші жыныс жасушалары гонодобласттар сары уызда пайда болып, қан мен жыныс бездерінің бастамасы бар жерге келіп қоныстанады.

Аллантоис. Амнион аяқшасының құрамында болатын, ішек энтодермасының соңғы бөлігіндегі саусақ тәрізді өсіндісі. Қызметі: трофикалық және нәрестенің тыныс алу процесіне қатысады. 2-айлық эмбрионда аллантоис редукцияланады да (кері дамиды), кіндік жібінің құрамында қалады.

  1. Қызметі. Ана мен баланы байланыстырады.

9-билет

Аты: Бүйрек түтікшелеріндегі аласа призмалы эпителий

Зерттеу объектісі:

1-Апикальды полюсі

2-Базальды полюсі

3-Ядросы

4-Түтікше қуысы

5-Дәнекер тіні

Сипаттамасы: Препараттан ені мен қабырғасы бірдей, пішіні кубтәрізді эпителиоциттер бар. Бүйректің проксимальді және дистальды нефрон түтікшелердің ішін тыстайды. Проксимальды бөлігіндегі эпителиоциттің жиегі болады, ал базальды мембранаға бекінген полюсінде көптеген митохондриясы сызық түрінде көрінеді.

Қызметі: Реабсорбция (қайта сору)

10 Билет. 50-сурет.

Препараттың аты: Бүйрек түтікшелеріндегі призма тәрізді 1 қабатты 1 қатарлы эпителийі

Зертттеу объекттісі:

1) призма тәрізді жасушаның апикальды полюсі;

2) призма тәрізді жасушаның базальды полюсі;

3) жасуша ядросы;

4) түтікшелердің қуысы;

5) түтікшелерді қоршап жатқан дәнекер тіні.

Сипаттамасы: Ені қабырғасынан кіші пішіні призма тәрізді эпителиоциттер. Бүйректің проксимальді және дистальды нефрон түтікшелерінің ішін тыстайды. Проксимальды бөлігіндегі эпителиоциттердің жиегі болады, ал базальды мембранаға бекінген полюсінде көптеген митохондриялары сызық түрінде көрінеді. Базальды мембранаға бекінген бөлігі базальды полюсы, ал сыртқы ортамен байланысқан бөлігі апикальды полюсі.

Бір қабатты бір қатарлы призмалы эпителиоциттер асқорыту жүйесінің ортаңғы бөлігіндегі мүшелердің ішін тыстайды. Бір қабатты бір қатарлы призмалы эпителий екі түрлі жасушалардан тұрады: базальды эпителиоциттер мен бокал тәрізді жасушалар. Базальды жасушалардың пішіні призма тәрізді, камбиальды қызмет атқарады. Бокал тәрізді жасушалар муцинді секрет бөліп, механикалық, инфекционалді және басқа да әсерлерден қорғайды.

Қызметі: Бүйрек түтікшелеріндегі призма тәрізді 1 қабатты 1 қатарлы эпителийдің қызметі: реабсорбциялық. Бір қабатты бір қатарлы призмалы эпителийдің қызметі: қорғаныштық.

11-билет.

  1. Аты. Кеңірдектің қабырғасындағы бір қабатты көп қатарлы кірпікшелі эпителий.

  2. Зерттеу объектісі. 1) жасушаның кірпікшелері

2) бокал тәрізді жасушалар

3) кірпікшелі жасушалар

4) базальды жасушалар

5) кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасының дәнекер тіні

6) Тамырлар

  1. Сипаттамасы. Бір қабатты көп қатарлы эпителий ауа өтетін жолдарда, тыныс алу мүшелердің – мұрын қуысы, кеңірдек, бронхыларда кездеседі. Бір қабатты көп қатарлы жасушаларының барлығы базальды мембранаға бекінген. Бірақ ядролары әр түрлі деңгейлерде орналасқан. Негізгі жасушаларына кірпікшелі бокал тәрізді жасуша, ұзын дәне қысқа қыстырма жасушалары жатады. Ұзын қыстырмалары кірпікшелердің қозғалысына қатысады, қысқа қыстырма камбиальды қызмет атқарады. Базальды жасушалары қысқа, базальды мембранаға өте жақын орналасқан. Кірпікшелі жасушалары биік, пішіні призмалы, апикальды полюсінде көптеген кірпікшелері болады. Кірпікшелері ауаға қарсы қозғалып, сырттан келген шаң мен бөгде заттарды ұстап қалады. Бокал тәрізді жасушалары ауа жолына муцинді секрет бөліп, механикалық, инфекционалды және басқа да әсерлерден сақтайды.

  2. Қызметі. Қорғаныштық.

12-билет.

  1. Аты. Көздің қасаң қабығының көп қабатты жалпақ мүйізделмейтін эпителийі.

  2. Зерттеу объектісі. 1) жалпақ жасушалар қабаты

2) тікенекті жасушалар қабаты

3) базальді жасушалар қабаты

4) базальді мембрана

5) талшықты дәнекер тіні

  1. Сипаттамасы. Көп қабатты мүйізделмеген эпителий көздің қасаң қабығы, ауыз қуысы, өңеште кездеседі. Пішіні призма тәрізді базальды қабатынан, полигональды аралық қабатынан, жалпақ жасушалардан тұратын үстіңгі қабаттары болады. Көп қабатты эпителийдің тек базальды полюсі ғана базальды мембранаға бекінген. Құрамында: базальды, аралық, үстіңгі жалпақ жасушалар қабаттары болады.

  2. Қызметі. Қорғаныштық.

13-билет

Аты: Қуықтың ауыспалы эпителийі

Зерттеу объектісі:

1- үстіңгі жасушалар қабаты

2-аралық жасушалар қабаты

3-базальды жасуша қабаты

4-талшықты дәнекер тіні

Сипаттамасы: Ауыспалы эпителий бүйрек түбегі, несеп ағар, қуықтың кілегейлі қабығы кіреді.Эпителий құрамы: базальді, аралық, үстіңгі деп аталатын қабаты бар. Базальді қабатын- камбиальді жасуша, аралық қабатын -полигональды, үстіңгі қабатын- күмбез тәрізді жасушалар несеп жиналуына байланысты пішінін өзгертіп отырады.

Қызметі: Қорғаныштық

14-билет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]