Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тесты Гист стом каз 450.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
22.54 Mб
Скачать

ЕМТИХАНДЫҚ ТЕСТТЕР ЖИНАҒЫНЫҢ БАЗАСЫ

пәні Гистология

оқу курсы 2-ші

мамандығы Cтоматология

оқыту тілі қазақша

кафедра Гистология

оқу жылы 2015-2016

*Гистологиялық техника*1*8*2

#1

*!Тіндерді гистологиялық фиксациядан өткізу процессі, ол

  • Белоктардың қайтымсыз коагуляциясы

  • Зат алмасудың күшею процесі

  • Жасушалардың дифференциялануының индукциясы

  • Тіндердің тіршілігіне әсерін тигізбейді

  • Жасушалар пролиферациясының индукциясы

#2

*!Тіндерден алынған гистологиялық кесінділерді бояудың мәні

  • Тіндердің тығыздығын күшейту

  • Белоктардың коагуляциясын тудыру

  • Құрылымдарға түрлі-түсті түс беру

  • Жасушалардың бөлінуін ынталандыру

  • Тіндерді ұзақ мерзімге сақтау

#3

*!Негіздік бояулар байланысады

  • Гистологиялық құрылымдардағы қышқылдық бояулармен

  • Гистологиялық құрылымдардағы негіздік бояулармен

  • Минералдық заттармен

  • Бейтарап майлармен

  • Цитоплазмадағы гликогенмен

#4

*!Қышқылдық бояулар байланысады

  • Гистологиялық құрылымдардағы қышқылдық бояулармен

  • Гистологиялық құрылымдардағы негіздік бояулармен

  • Минералдық заттармен

  • Бейтарап майлармен

  • Цитоплазмадағы гликогенмен

#5

*!Импрегнация әдісі гистологиялық құрылымдарының қандай қабілетіне негізделген

  • Қышқылдық бояулармен боялады

  • Негіздік бояулармен боялуна

  • ШИФ-иод қышқылымен байланысады

  • Ауыр металлдардың тұздарына шөгеді немесе тотықтандырады

  • Судан-III-пен боялады

#6

*!Гистологиялық кесінділерді бальзамдау немесе басқа синтетикалық ортада сақтаудың маңызы

  • Тіндердің тығыздығын күшейтеді

  • Тіндердің тығыздығын азайтады

  • Тіндердің құрылысын анық көрсетеді

  • Тіндердің құрылысын анық көрсетпейді

  • Дайындалған препаратты ұзақ уақыт сақтауға болады

  1. #7

  2. *!Жасушалардағы май қосындыларын анықтау үшін қолданатын бояу

  • Судан III

  • Пиронин Ж

  • Фельген - реакциясы

  • ШИҚ - реакциясы

  • Көк толуидин

#8

*!0,2 мкм-ден кіші құрылымды зерттеп анықтау үшін қолданылатын микроскоп

  • Фазалы – контрасты

  • Люминесценттік

  • Ультра – күлгін

  • Электронды

  • Морфоденситометриялық

*Цитология. Эмбриология *1*23*2

  1. #9

*! Бір жасушадан екінші жасушаға заттардың өтуін қамтамасыз ететін жасуша аралық байланыс

  • Десмосома

  • Тығыз байланыс

  • Саңылау арқылы байланыс

  • Адгезиялық белдеу

  • Қарапайым байланыс

  1. #10

  2. *! Жасуша плазмолеммасындағы гликокаликс қабаты болып саналатыны

  • Қалың липидтер қабаты

  • Рибонуклеопротеидтер қабаты

  • Гликопротеинді және гликолипидті комплекстер

  • Сульфаттанған гликозаминогликандар қабаты

  • Микрофиламенттер мен микротүтікшелердің шоғырлары

#11

*!Құрамында гидролитикалық ферменттері бар мембраналық органелла

  • Түйіршікті ЭПТ

  • Гольджи кешені

  • Лизосома

  • Митохондрия

  • Түйіршіксіз ЭПТ

#12

*! Белоктарды «экспортқа» синтездейтін органелла

  • Ядрошық

  • Митохондриялар

  • Түйіршікті эндоплазмалық тор

  • Түйіршіксіз эндоплазмалық тор

  • Гольджи кешені

#13

*!Рибосомалардың қызметі

  • Белокты синтездейді

  • Гликогенді синтездейді

  • Фагоцитозға қатысады

  • Гликозаминогликандарды синтездейді

  • Заттарды тасымалдайды

#14

*!Бейтарап май тамшысы қандай жасуша қосындыларына жатады?

  • Секреторлы

  • Экскреторлы

  • Пигментті

  • Трофикалық

  • Фагоцитарлы бөтен заттар

#15

*!Эритроциттердің цитоплазмасындағы гемоглобин мына қосындылардың қайсысына жатады?

  • Трофикалық

  • Секреторлы

  • Экскреторлы

  • Эндогенді пигментті

  • Экзогенді пигментті

#16

*!Жасуша цитоплазмасындағы трофикалық қосындыларға жататыны

  • Билирубин

  • Гемосидерин

  • Гликоген

  • Липофусцин

  • Меланин

#17

*!Рибосомальді РНҚ синтезін іске асыратын ядроның құрылымы

  • Ядро қабығы

  • Ядрошығы

  • Кариоплазмасы

  • Эухроматині

  • Гетерохроматині

#18

*!Жасуша орталығының жасуша полюсіне ажырауы байқалатын кезең:

  • Интерфаза

  • Профаза

  • Метафаза

  • Анафаза

  • Телофаза

#19

*!Пішіні шар тәрізді, диаметрі 130 мкм, сырты жылтыр және сәулелі тәж тәрізді қабықтармен қоршалған, гаплоидты хромосомалар жиынтығы бар жыныстық жасуша

  • Овогония

  • I реттік овоцит

  • II реттік овоцит

  • Жұмыртқа жасушасы

  • Редукциялық денешігі

#20

*!Цитоплазмасында сары уыз қосындысының орналасуына байланысты адамның жұмыртқа жасушасы

  • Центролецитальдік

  • Анық телолецитальдік

  • Біркелкі телолецитальдік

  • Изолецитальдік

  • Алецитальдік

#21

*!Пішіні жіп тәрізді, ядросында 23 хромосомалары бар жыныстық жасуша

  • Сперматогония

  • Сперматида

  • I реттік сперматоцит

  • Сперматозоид

  • II реттік сперматоцит

#22

*!Сперматозоидтың ядросы қайда орналасқан

  • Басында

  • Құйрығының байланысқан бөлігінде

  • Құйрығының бас бөлігінде

  • Құйрығының аралық бөлігінде

  • Құйрығының терминальді бөлігінде

#23

*!Адамның жұмыртқа жасушасының ұрықтануы іске асатын мүше

  • Жатыр түтігінің ампулярлы бөлігі

  • Жатыр мойыны

  • Жатыр қуысы

  • Құрсақ

  • Қынап

#24

*!Адам зиготасының бөлшектену типі

  • Толық, ассинхронды

  • Толық, тең емес

  • Синхронды, тең

  • Толық, тең емес, ассинхронды

  • Толық емес, тең

#25

*!Адам бластоцистасындағы трофобласттың құрамында

  • Бір қабатты ашық түсті жалпақ жасушалар

  • Бір қабатты куб тәрізді жасушалар

  • Бір қабатты призма тәрізді жасушалар

  • Екі қабатты куб тәрізді жасушалар

  • Екі қабатты призма тәрізді жасушалар

#26

*!Адам ұрығының бластоцистасындағы эмбриобласттың құрамында

  • Бластоцистаның ортасында орналасқан ашық түсті бір бластомер

  • Бластоцистаның ортасында орналасқан екі күңгірт түсті бластомер

  • Трофобласттың ішіндегі екі ашық түсті бластомер

  • Трофобласттың ішіндегі ашық түсті ірі бір бластомер

  • Трофобласттың ішіндегі күңгірт түсті бластомерлер жиынтығы

#27

*!Имплантация процесі қай тәулікте жүреді

  • 3 тәулікте

  • 15 тәулікте

  • 7 тәулікте

  • 10 тәулікте

  • 1 тәулікте

#28

*!Ұрықтың мүшелері мен тіндері мына сатылардың қайсысында түзіледі?

  • Ұрықтануда

  • Бөлшектенуде

  • Гаструляцияның бірінші сатысында

  • Гаструляцияның екінші сатысында

  • Ұрық жапырақшаларының түрленуінде

#29

*!Миотомнан пайда болатын

  • Миокард

  • Тегіс салалы бұлшық ет тіні

  • Қаңқа бұлшық еті

  • Қаңқа сүйектері

  • Терінің дәнекер тіні

#30

*!Адам ұрығындағы сары уыз қабының қызметі

  • Қорғаныс

  • Қан түзу

  • Эндокринді

  • Зәр шығару

  • Секреторлы

#31

*!Аталған қызметтердің қайсысы кіндік жібіне тән

  • Қорғаныс

  • Экскреторлы

  • Эндокринді

  • Иммунды

  • Тасымалдау