- •Әдебиеттер Аннотация
- •Нормативтік сілтемелер
- •Анықтамалар
- •Қысқартулар мен белгілер
- •1.1. Инновациалық менеджмент объектісі ретінде жаңалық енгізудің пайда болуының объективті қажеттілігі
- •1.2 Инновациялық жоба: түсініктер, құру мен жүзеге асырудың негізгі кезеңдері
- •Портфельдік Аймақтық Мемлекеттік және
- •Бұл жерде:
- •Жұмсалған күш/инвестициялынған қаржылар
- •Сату көлемі
- •2.1 Компанияның шаруашылық қызметінің қазіргі жағдайы және инновациялық ресурстары
- •2.1.1. Бухгалтерлік баланс қорытындыларын талдау
- •2.1.2 Компания балансын көлденең қаржылық талдау
- •2.1.3 Компания балансын индекстік талдау
- •2.2 Компанияның қаржылық-шаруашылық және инновациялық қызметін талдау
- •2.3 Компания қызметінің қорытынды қаржылық коэффициенттерін талдау
- •2.3.1 Өтімділік коэффициенттерді талдау
- •2.3.2. Капитал құрылымы коэффициенттерін талдау
- •2.3.3 Қаржылық коэффициенттердің қатынастарын талдау
- •Компания қызметінің рентабельділігін талдау
- •2.3.5 Айналымдылықты талдау
- •3.1. Компанияның концептуалдық бейнесі және оның эталондық жағдайына жету жолдары
- •3.1.1 Компанияның концептуалдық бейнесі
- •3.1.2 Дағдарыс жағдайынан эталондық жағдайға ауысу бойынша шаралар
- •3.2 Кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын жетілдіру бойынша инновациялық факторларды енгізу
- •Компанияның өнеркәсіптік-өндірістік персоналының құрылымы
- •Корреляциялық-регрессиялық талдау жүргізуге қажетті бастапқы мәліметтер
3.2 Кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын жетілдіру бойынша инновациялық факторларды енгізу
Инновациялық факторлар негізінде компанияның қаржылық жағдайын жақсарту жолдарының бірі өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру болып табылады.
«Алекс» ЖШС ұйымдастырушылық құрылымын жетілдіру стратегиясы билік функцияларын орталықтандыру және бейорталықтандыру арасында ең тиімді шешімді іздеуге бағытталған, бұл келесі қажеттіліктерді қанағаттандыруға байланысты:
1) сыртқы орта факторларының (сұраныс, баға және конъюнктура) өзгеруіне жедел бейімделу;
2) компанияның басшысын өндірісті оперативті басқаруға байланысты күнделікті, мардымсыз жұмыстардан босату;
3) барлық деңгейде басқарудың буындары мен сатыларының арасында қолайлы байланыстарды орнату; басқару құрылымының стыларының санын азайту;
4) мәселені шешу өкілеттілігін, осы мәселе бойынша ең көп ақпараты мен біліктілігі бар басқару аппаратының бөлімшесіне беру;
5) қабылданатын шешімдердің оперативтілігін жоғарылыту.
Бұл тұрғыдан басқарудың құрылымын шеңберінде басқару процесі жүзеге асатын, басқару қызметінің бөліну және кооперациялану формасы ретінде қарастыруға болады. Сонымен, басқару стратегиясы әртүрлі буындар арасында бөлінген барлық мақсаттарды біріктіреді, ал олардың арасындағы байланыс мақасаттарды орындау бойынша жекелеген әрекеттерді үйлестіруді қамтамасыз етеді.
Құрылымның басқарудың маңызды ұғымдарымен - оның мақсатымен, қызметтерімен, процеспен, қызмет ету механизмімен, адамдармен және олардың өкілеттіктерімен – байланысы оның ұйымның жұмысының барлық жақтарына орасан ықпал ететінін көрсетеді.
Кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын қалыптастырудағы маңызды шарт басқару деңгейлері арасында ең тиімді байланысты таңдау болып табылады. Бұл үшін компанияға еңбек, қаржы, материалдық-техникалық және технологиялық қорларын тиімді пайдалана отырып, қойған мақсатына жетуге мүмкіндік беретін стратегияны таңдау керек.
Бүгінгі күні «Алекс» ЖШС ең жоғарғы басқару органы бүкіл құрылтайшыларр ұжымының жалпы жиналысы болып табылады. Жалпы жиналыс экономикалық және әлеуметтік даму бағыттарын айқындайды; пайданы бөлісу тәртібін белгілейді; жекелеген бөлімшелерді құру және олардың қызметін тоқтату туралы шешім қабылдайды; сыртқы экономикалық қызмет бағыттарын белгілейді; әкімшілік пен еңбек ұжымы арасында туындайтын даулы жағдайларды шешеді, сонымен қатар Жарғыда қарастырылған басқа да шаруашылық-экономикалық мәселелерді шешеді.
Күнделікті қызмет мәселелерін Бас директор және ол тағайындаған орынбасарлар, басқару аппаратының бөлімшелерінің басшылары шешеді. Бірлестіктің әлеуметтік-экономикалық қызметі бойынша шешімдерді барқару органдары жалпы жиналыста еңбек ұжымының қатысуымен құрастырады және шешеді.
Бас директор «Алекс» ЖШС басшысы болып табылады және оны қызметке акционерлердің жалпы жиналысы тағайындайды.
Басқарудың белгілі бір қызметтерін атқаратын компанияның бөлімшелері мен қызметкерлері басқарудың қызметтік жүйешелерін құрайды. «Алекс» ЖШС басқару қызметінің функцияларын өзара экономикалық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік және психологиялық байланыстағы басқару аппаратының бөлімшелері мен жеке қызметкерлер жүзеге асырады.
Компанияның басқару аппараты ғылыми-техникалық, экономикалық және ұйымдастырушылық тұрғыдан «Алекс» ЖШС барлық бөлімдерінің өзара байланыстырылған бірлігін қамтамасыз ететіндей, сонымен қатар еңбек және материалдық ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ететіндей етіп түзілген.
«Алекс» ЖШС басқару құрылымына сәйкес басқарудың жоғарғы деңгейі келесідей: Бас директор; 4 орынбасар, соның ішінде Бас директордың 2 бірінші орынбасары: біріншісі – кәсіпорынның бас инженері; екіншісі – шаруашылық жұмыс және сыртқы экономикалық қызмет бойынша.
Компанияның негізгі потенциалы оның адам ресурстарында. Қажетті білікті еңбеккерлерсіз бірде-бір ұйым мақсатына жете алмайды және бәсекелестікке төтеп бере алмайды.
«Алекс» ЖШС персоналын сипаттайтын негізгі мәліметтер мен көрсеткіштерді қарастырайық.
Компанияның 2006-2007 жылдардағы персоналының сандық және сапалық көрсеткіштері 18-ші кестеде келтірілген.
18-ші кесте.
