- •Техникалық мәселенің қойылуы
- •Техникалық мәселе қою процесінің негізгі операциялары
- •Мәселелік жағдайдың қысқаша баяндамасы
- •Техникалық объект функциясының (қажеттігінің) баяндамасы
- •Түпнұсқаның кемшіліктерінің тізімі мен жобаланатын техникалық объектіге қойылатын талаптарды құрастыру
- •Бастапқы мәселені тұжырымдау
8-дәріс
Техникалық мәселенің қойылуы
Жалпы жағдайларда жаңа техникалық объекті жасау процесі реттелген ізденіс болып есептеледі және алты типті мәселелердің жобалау – конструкторлық шешімдерін таңдау болып табылады. Сонда кезекті типтегі мәселенің қойылуы көпшілік жағдайларда алдыңғы типтегі мәселенің табылған шешімі сияқты анықталады, сондықтан бұл алдында келтірілген техниканың инвариантты ұғымдарының сатылы бағыныштығы болатыны сияқты инженерлік мәселелердің сатылы болатынын байқатады.
Бірінші типтегі мәселелер – қанағаттандырылатын мұқтаждықты таңдау мәселелері. Бұл мәселелер сыртқы жобалау мәселелері болады және маркетинг пен маркетинг зерттеулеріне жатады. Бұл типтегі мәселелердің шешімін іздеу «Жаңа бұйым қандай жаңа мұқтаждықты қанағаттандыруы тиіс және бұл бұйымның шамалап қанша тұтынушыларын күту керек?» деген сұраққа жауап беру арқылы жасалады. Қабылданған шешімге сәйкес жаңа бұйымның техникалық қызметінің сапалы баяндамасы орындалады және тиімділік белгілерінің, атап айтқанда, өнімділіктің, сенімділіктің, үнемділіктің, тағы басқаларының шамалары дәлелденеді және анықталады.
Екінші типтегі мәселелер – берілген мұқтаждықты іске асыруға арналған физикалық операциялар таңдау мәселелері. Қазіргі кезде іс жүзінде кез келген мұқтаждық және де осы мұқтаждықты қанағаттандыратын объектінің техникалық қызметі кірер жердегі зат, энергия немесе ақпарат ағындарының үстінен жүргізілетін әртүрлі физикалық мәндерді иемденетін бір немесе бірнеше физикалық операциялар орындаумен іске асырылуы мүмкін. Нақты физикалық операцияны таңдау жобаланатын бұйымның техникалық қызметінің берілген сандық сипаттамаларын қамтамасыз ететін кірер жердегі зат, энергия немесе ақпарат ағынының шығатын ағынға өзгерткенде осы операция көмегімен мейлінше үлкен тиімділікке қол жеткізуді қалау арқылы жүргізіледі.
Үшінші типтегі мәселелер – жобаланатын техникалық объектінің функционалды құрылымын таңдау мәселелері. Бұл типтегі мәселелерді шешу барысында таңдалған физикалық операция арқылы берілген техникалық қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін альтернативті қызметтік құрамдар қарастырылады. Осылардың ішінен ең ұтымдысын таңдау адам мен техникалық жүйе арасында қызметтердің оңтайлы үлестірілуі мен керекті тұтынушылық қасиеттерге қол жеткізуді ескеріп, жүргізеді.
Төртінші мәселелер – физикалық жұмыс істеу принципін таңдау мәселелері. Шешім іздеу бұйымның құрылыстық функционалды құрылымы деңгейінде жүргізілетін үшінші типтегі мәселелерге қарағанда төртінші типтегі мәселелер физика тұрғысында, яғни қызметтік элементтердің берілген қызметтерді орындау қабілетінен пайда болатын олардың қасиеттерінің деңгейінде қарастырылады. Физикалық жұмыс істеу принципін жобалау шығармашылық деңгейде жаңа техникалық объектілерді жасау кезеңдерінің ең жоғарғы кезеңінің біреуі болып табылады, өйткені мұндай типті мәселелерді шешу бұйымның әрбір элементі мен біртұтас бұйымға жүктелген техникалық қызметті мейлінше үлкен тиімділікпен орындауға мүмкіндік беретін физикалық – техникалық әсерлерді іздеумен және таңдаумен байланысты болады.
Бесінші типтегі мәселелер – техникалық шешім таңдау мәселелері. Бұл типтегі мәселелердің шешімдерін іздеу таңдалған жұмыс істеу принципін мейлінше үлкен тиімділікпен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бұйым элементтерінің құрамы, олардың өзара орналасуы, оларды байланыстыру тәсілдері мен құралдары, қолданатын материалдар және элементтер мен біртұтас бұйымның құрылыстық орындалуының басқа белгілер бойынша оңтайлы техникалық шешім жасауға бағытталған.
Алтыншы типтегі мәселелер – таңдалған техникалық шешім параметрлерінің оңтайлы шамаларын анықтау мәселелері. Бұл типтегі мәселелер жоғарыда қарастырылған мәселелермен салыстырғанда ең үлкен еңбек көлемділікті иемденеді, өйткені кез келген техникалық объект, әдетте, көпшілік параметрлермен сипатталады: оның элементтерінің габариттік өлшемдері мен массалары, олардың физикалық – механикалық қасиеттері, сонымен қатар объектінің өзінің көрсеткіштері – сенімділігі, өнімділігі, қойылған қозғалтқыштардың қуаттары және т.б. Алтыншы типтегі мәселелерді шешкенде техникалық объектінің және оның жеке элементтерінің параметрлерінің оңтайлы шамаларын анықтауға арналған дербес мәселелерді қояды және шешеді.
Сатылық деңгей жоғарылауына байланысты (алтыншы типтен бірінші типке дейін) мәселелер беретін техникалық – экономикалық тиімділік өсіп отыратынын ескерген жөн. Ең үлкен тиімділікті маркетингтік зерттеулер кезеңінде табылған жаңа мұқтаждықтар қамтамасыз етеді.
