- •Дәріс конспектілері
- •Топырақты игеру технологиясы
- •4.1. Жер жұмыстары және жер құрылымдары
- •4.2. Топырақтың жіктелуі және жер құрылғыларының орнықтылығы
- •4.3. Топырақты механикалық әдіспен өңдеу
- •4.3.1. Топырақты жер қазу және тасымалдау машиналарымен өңдеу
- •4.7 Сурет. Бульдозердің принципиалды сұлбасы:
- •4.8 Сурет. Топырақты ор түрінде қазу
- •4.9 Сурет. Топырақты кесу сұлбасы:
- •4.10 Сурет. Скреперлер: а – тіркемелі; б – жартылай тіркемелі; в – өздігінен жүретін
- •4.11 Сурет. Топырақты қазу кезіндегі скрепердің жүріс сұлбасы:
- •4.12 Сурет. Грейдер:
- •4.3.2. Топырақты кешенді механикалық әдіспен өңдеу
- •4.15 А, б, в - сурет. Циклді әсердегі экскаваторлардың жұмыс жабдығы:
- •4.16 Сурет. Қазаншұңқырлар мен орларды қазу:
- •4.4. Экскаваторларға қажетті машиналарды таңдау
- •4.5. Жұмыс көлемін есептеу
4.3. Топырақты механикалық әдіспен өңдеу
Топырақта ойықтарды өңдеу технологиясына мынадай үрдістер жатады: топырақты өңдеу, жиекке тасымалдау (қажет болған жағдайда тасымал көлігіне тиеу) немесе төгу, ойық түбі мен еңістерін жоспарлау.
Топырақты механикалық әдіспен өңдеу екі түрлі әдіспен жүргізіледі:
- топырақты жер қазатын – тасымалдайтын машиналардың көмегімен қазып, оны онша алыс емес қашықтыққа тасымалдау;
- тасымалдау және көмекші механизмдері бар негізгі жер қазатын машинаның көмегімен кешенді-механикалық әдіс.
Әдістер орындалатын жұмыс көлеміне және мерзіміне, топырақ түріне, құрылымның өлшемдеріне, құрылыс мекемесінің мүмкіндіктеріне қарай таңдалады.
4.3.1. Топырақты жер қазу және тасымалдау машиналарымен өңдеу
Топырақты жер қазу және тасымалдау машиналарымен өңдеу жұмыстары территорияны жоспарлау, өсімдікті-құнарлы қабатты алу, биіктігі 1-1,5 м үйінділерді тұрғызу, шұңқырдағы топырақты алу және т.с.с. жұмыстар біткеннен кейін жүргізіледі. Жер қазу және тасымалдау машиналарының негізгі түрлері: бульдозерлер (топырақ сырғыш машина), грейдерлер (жол салатын машина), скреперлер (жер тегістейтін машина). Бұл машиналардың барлығы да кезеңді (циклді) түрде жұмыс жасайтын машиналарға жатады.
Бульдозерлер дегеніміз құрылымы қарапайым және үлкен маневрлі болып келетін өніділігі жоғары машиналар. Бульдозер пышағы бар қайырма үйінді (2) түрінде жасалған аспалы қондырғысы бар трактор (1) (шынжыр табанды немесе дөңгелекті) (4.7 – сурет). Қайырма үйінді айналмалы немесе айналмайтын болып келеді. Айналмалы қайырма үйіндісі бар бульдозерлер әмбебап деп аталады. Қайырма үйінді механикалық (сым арқанды) және гидравликалық (3) түрде басқарылады. Гидравликалық басқару жобалау кезінде биіктегі белгілерді үлкен дәлдікпен қамтамсыз етеді. Бульдозер жұмысының циклы жұмыс жүрісі мен бос жүріс операцияларынан тұрады. Бульдозердің жұмыс жүрісі топырақты сілемнен алып, үйіндіге тасымалдау жұмыстарынан тұрса, бос жүріс бульдозердің ойық ернеуіне дейінгі жұмысынан тұрады. Осы үрдістердің орындалу әдісіне және қозғалыс сұлбасына байланысты бульдозердің өнімділігі анықталады.
Тереңдігі 2 м-ден аспайтын ойықтарда бульдозермен тасымалдағанда топырақ шығыны болмас үшін, топырақты ор түрінде қазады (4.8-сурет), ол үшін ең алдымен қазаншұңқырлардың арасын қабырғалармен бөліп қазады, сонан соң қабырғаларын қазады. Тереңдігі 2 м-ден артық болатын шұңқырларды қабатты-орлы түрінде қазады.
Барлық жұмыстарды орындағанда бульдозер айналым жасамайды, ол қазаншұңқырға қайта оралғанда артымен жүреді – қозғалыстың челнокты сұлбасы жүзеге асырылады, сондай-ақ көлденең челнокты, эллипс, спираль тәрізді және т.б. болуы мүмкін.
Топырақты үлкен қашықтықтарға тасымалдағанда қазаншұңқырдан топырақты қалыңдығы бірдей жаңқалар түрінде алады. Сондай-ақ сына тәрізді жаңқа түрінде де алады (4.9 сурет).
Егер топыырақты 100 м-ден артық қашықтыққа тасымалдаса, скреперлер пайдаланылады. Скреперлермен жердің өсімдікті қабатын алу, ойықтар мен үйінділер жасау, тасымалдау және жоспарлау жұмыстары орындалады. Скрепердің технологиялық мүмкіндіктері шөміш сыйымдылығы мен жүріс бөлігінің типімен анықталады. Олар тіркемелі, жартылай тіркемелі және өздігінен жүретін болып бөлінеді. Шөміш сыйымдылығы 6-25 м3 аралығында болады. Скрепер (4.10 сурет) мынадай бөлшектерден тұрады:
