Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5555555555555555555.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
149.49 Кб
Скачать

Жетіасар

Жетіасардагы әрбір қала орнының төңірегінде мыңдаған жерлеу құрылыстары бар қорымдар орналасқан. Олар негізгі екі түрге: оба астына жерге көму және сағаналарға жатады. Олардың көпшілік бөлігі — оба астындағы жерден қазылған шұнқырлар. Обаның айналасьшан кішкене ор қазылғаны аңғарылады. Қабір шұнқырлары әдетте солтүстіктен оңтүстік бағытына ұзынынан бағдарланған. Өлген адамның мәйіті қамыстан тоқылған төсенішке ұзынынан жатқызылып оралып, шұңқырдың түбіне немесе лақатқа салынған. Қасына 2-3 керамика ыдыс қойылған. Еркектердің қабірінен әдетте пышақтар, семсерлер, сүйектен жасалған бастырмалары бар күрделі садақтар мен жебелер шықты. Әйелдердің қабірлерінде қола айналар, кабыршақтар, сырғалар, моншақтар, білезіктер жиі кездеседі. Жетіасардағы қабірлердің екінші тобы кірпіш сағаналар болып табылады. Жерлеу камерасына көлбеу дәліз-дромос апарады, ол да күмбез тәрізді етіп жабылған. Тікбұрышты камераның(орта есеппен 3,5x2 м) ішінде екі-үш қабырғаны бойлай жататын сәкілер салынған. Өлікті шиге немесе киізге орап, сәкіге қойған. Айналасына оған керекті заттар, тамақ салып, су құйған керамика ыдыс қойылған. Жер бетіндегі сағаналардың түрлері де жер астындағы сияқты, бірақ олар күйдірілген кесектен қаланған аласа цоколь-стилобаттарга тұрғызылып, олар да оба үйіліп жабылса керек. Қабірлерден табылған материалдарға талдау жасау жерден қазылған қабір- лер Жетіасар мәдениетінің бүкіл бойында болған, ал сағаналардың пайда болуы неғұрлым соңғы кезеңге — біздің заманымыздагы II — IV ғасырларға жатады деген қорытындыга келуге негіз береді.

Бұл орайда жерден қазылған қабірлер мен сағаналарға жерленгендер арасында қандай да болсын этникалық-мәдени, антропологиялық елеулі айырмашылықтар байқалмайды.[1]

Бұлардың біріншісі Ташкент аумағында, екіншісі Сырдың орта ағысысы мен Қаратаудан Таласқа дейінгі аралықта. Қауыншы мәдениетіне жататын Ақтөбе мекені көбірек зерттелді. Табылған ескерткіш - сарай крест тәрізді салынған бес үйден, екі дәлізден тұрады.

Отырар-Қаратау мәдениетіне жататын ескерткіш Отырар өңірі. Қазылған үйлер бір бөлмелі, екінші бөлме қойма болған. Ортада тікбұрышты жер ошақ жасалған.

Шаруашылығы, кәсібі

Керамика ыдыстар, құмыралар, табалар табылған. Қаңлылар темірді балқытып орақ, пышақ, жебе ұштарын жасаған. Егін шаруашылығы, мал өсіру, аң аулаумен айналысқан.

Сонау ертеде осыдан екі мың жылдан астам бұрын Қытай батыс жағындағы елдерге елшілік жібереді.Елшіліктің мақсаты сол елдермен танысып , сауда-саттық қатынастарын дамыту еді.Елшілік он үш жыл жүріп,біраз елдерді аралап,аман-есен еліне оралды.Елшілік басшысы жол – жөнекей көрген,білгендерінің бәрін жазып отырған.Жазғандарының бәрін Қытай билеушісіне берген.Сол жазбаларда Қытайдың батыс жағындағы көптеген қалалары бар өркениетті елдер мен көшпелі тайпа одақтары туралы баяндалады .Солардың арасында қаңлы елі де аталады .Б.з.б 2 ғасырда “Халықтардың ұлы қоныс аударуы” деп аталып кеткен оқиғалар нәтижесінде Орталық Азия бірнеше жаңа мемлекеттік бірлестіктер пайда болды . Солардың бірі Қаңлы мемлекеті еді .Шығыс тарихын зерттеуші ғалымдардың еңбектерінде қаңлылар көп айтылады .Бірақта нақты деректер ,әсіресе жазба деректер өте аз . Археологиялық ескерткіштер. Қаңлылар туралы жазба деректер аз болғандықтан ,ғалымдар көбіне археологиялық қазба жұмыстарының қрытындыларына сүйенеді.Қазірге дейін археологтар қаңлылар мекендеген аудандарда қазба жмыстарын жүргізіп ,көптеген қорымдар мен қоныстарды тапты. Оларды ғалымдар қуанышы,отырар-қаратау ,жетіасар археолоиялық мәдениеттері деп атады . Бұл мәдениеттердің біріншісі – Ташкент өңіріндегі көгалды аймақта, екіншісі- Сырдария өзенінің орта ағысы тұсындағы Қаратау беткейлерінен Талас өзеніне дейінгі аралықта тараған . Ал үшіншісі – Қуаңдария мен Жаңадария аңғарларын алып жатыр .Қазба жүмыстары кезінде Пұшық- Мардан қаласы маңындағы Қостөбе қоныстары зерттелді.Бұл жерден б.з 1 мыңжылдығының алғашқы жартысындағы топырақ қабаттары табылды . Қала ортасынан мықты салынған бекіністің қираған үйіндісі аршылды.Құрылыстың бірінші қабатында күмбез тәрізді тар дәліз болған. Ал құрылыстың екінші қабатының қабырғалары 1-1,2 метр биіктікте салынған . Шаруашылығы және тұрмысы. Қаңлылар табиғи – климаттық, географиялық жағынан әр түрлі өңірді мекендеген.Бұл аймақтарда топырағы құнарлы, ылғалы мол тау аңғарлары мен беткейлері, мол сулы өзендер мен көлдер, көгалды жазық дала алмасып отырады . Тау-тасты аймақтардың жиі ұшырасуы түрлі ұсталық ісін , құрылыс жұмысын дамытуға қолайлы жағдай туғызады . Тас пен ағаш негізгі құрылыс материалы қызметін атқарады . Егіншілік және мал шаруашылығы . Хорезмде , Арал өңірінде , Зеравшан аңғарында , Ташкент алқабында отырықшылық дамып , ежелгі қоныстар мен қалалар қалыптаса бастады . Отырықшы қоныстар тұрғындары қарапайым суландыру тәсілімен егіншілікпен айналысты . Олар біздің заманымыздың бас кезінде-ақ Шыршық өзенінің оң жағалауында ұзындығы 20 шақырым келетін Зах арығын қазды . Ал сол жағалауынан Ханарық арығы тартылды . Сауда қатынастары . Қаңлылар тарихын зерттеген ғалымдар өз кезінде оларда ішкі сауда , сондай-ақ сыртқы елдермен де сауда байланысы жақсы дамыған деген қорытындыға келіп отыр . Біздің заманымыздың 2-5 ғасырларында-ақ қаңлылар өздерінің күнделікті тұрмысына қажетті барлық өнімдерді өздері дайындаған . Әсіресе , қажетті қолөнер бұйымдарымен өздерін толық қамтамасыз еткен . Мұның өзі қалалар мен қоныстардың өсуіне , оларда сауда-саттықтың дамуына жағдай жасаған . Қаңлы қоғамы .Қаңлы елін хан билеген . Оның үш орынбасары-уәзірлері болған . Бүкіл елді басқару ісБүкіл елді басқару ісін осы үшеуі атқарған . Кейбір жазба деректерде елдің астанасы – Битянь қаласы , ол қазіргі Түркістан қаласының маңында болған деп көрсетеді . Ал екінші бір деректерде елдің астанасы Отырар қаласы болғандығы туралы айтылады . Демек , бұл мәселе әлі толық зерттеліп болмаған . Мәдениеті және діни нанымдары . Ертеден –ақ қаңлылардың өз заманына лайық мәдениеті болғандығы туралы тарихи деректер бар . Мәдениеттің қалыптасуына отырықшы тайпалар да , көшпелі тайпаларда қатысты . Қаңлылардың қоныстанған аумақтарында өзендер мен жылғалардың жағаларын ала орналасқан елді мекендері мен қалалары болды. Қаңлылардың материалдық мәдениеті- бұл көбінесе отырықшы , егін салатын тайпалардың мәдениеті . Қаңлылардың жарқын ескерткіштерінің бірі – Алтынасар қала жұрты 16 га жерді алып жатыр . Биік әрі қалың дуалмен қоршалған қалада тұрғын үйлер қатарластыра салынған . Үйлердің қабырғалары шикі кірпіштен қаланып , балшықпен салынған .Ортаңғы бөлмелердің бірінің қабырғасына қызыл бояумен оюлар , гүл суреттері салынған . Шаруашылығы — Қаңлы мемлекеті алып жатқан жер табиғи-климаттық және ландшафтық-географиялық көрсеткіштері жөнінен мейлінше алуан түрлі болған. Мұнда тау аңғарларындагы құнарлы тау беткейлері, өзендердің анғарлары, кең-байтақ дала кеңістіктері, шөлейттер мен шөлдер де бар еді. Нақты шағын аймақтардың әрқайсысындағы тұрғындардың шаруашылық қызметінің негізгі бағытын да географиялық орта анықтады. Оның үстіне түрлі аудандар адамның игеру дәрежесімен, шаруашылық қызметке тартылуымен, шаруашылықтың белгілі бір түрінің даму дәрежесімен ерекшеленді. Хорезмде, Арал өңірінде, Зеравшан аңғарында, Ташкент алқабында ертедегі және алдыңғы антик дәуірінде отырықшылық дамып, ежелгі қоныстар мен қалалар қалыптасқан. Көшпелі (жартылай көшпелі) мал шаруашылығы мен суармалы егіншілікпен айналысқан тұрғындар мемлекеттік құрылым шеңберінде жарасымды біріктірілді. Бұл орайда сол шаруашылық бағыттарының өкілдері этникалық жағынан туыс еді, олардың мәдени тамырлары бір болатын. Бұл қоныстар тұрғындарының шаруашылық қызметі қарапайым суландыру негізіндегі егіншілік болды. Бірақ біздің заманымыздағы алғашқы ғасырлардың өзінде-ақ, мысалы, Шыршық өзенінің оң жағалауында ірі Зах каналы (20 шақырым) қазылды, ал сол жағалауында Ханарық каналы тартылды. Жетіасар алқабында тұракты емес, тасыған өзендерді, су жайылған тоғандарды, көп еңбек жұмсау керек етілмейтін шағын суландыру жүйелерін пайдаланып, көлдете жайып суару түрі басым болды31. Көк-Мардан алқабындағы суландыру жүйесін қосымша зерттеу Арыстың ескі арналарында топырақ үйіп бөгелген тоғандар мен бөгет салынған тармақтары суландыру үшін пайдаланылғанын көрсетті, олардан егістіктер мен бақшаларға су ағатын арықтар тартылған. Жергілікті жерді зерттегенде және ескерткіштер мен олардың төңіректерінің аэрофото суреттерін ажыратқыш қарағанда арықтардың іздері, плотиналар мен бөгеттердің қалдықтары аңғарылды. Қаңлылардың қазылған қоныстары мен ертедегі қала орталықтарының бәрінен дәнді дақылдардың (арпа, тары, бидай) қалдыктары, бақша дақылдары (қауын, қарбыз) мен жемістердің (алма, жүзім, өрік және басқалары) дән- сүйектері табылды.

Тұрғын үйлер жанындағы зат сақтайтын жайлардан қор сақтауға арналған үлкен қыш көзелер мен ыдыстар табылды, еденнен ұра-шүнқырлар қазьшған. Мәдени қабатта, тұрғын үйлердің қираған жұртында дәнүккіштер, тас диірмендер мен келілер көп. Тұрғын үйлер жанында малды қоршауда ұстауға арналғаны анық орындар кездеседі. Малдың негізгі бөлігі, қоныстан тыс жерде, ұжымдык табында ұсталса керек. [[Қаңлы]лардың қоныстарын қазған кезде үй жануарларының сүйектері көп кездеседі. Олардың ішінде ең көбі қойдың, сиырдың, ешкінің, жылқының сүйектері. Палео- зоологтар елік, таутеке, арқар, киік, марал, қабан сияқты жабайы жануар- лардың сүйектерін де бөліп көрсетеді. Басқасын былай қойғанда, мүйіздерден әр түрлі бұйымдар жасалған. Үйрек, қаз, бірқазан сияқты суда жүзетін құстар ауланған. Балық аулау дамыған, оны балық сүйектері мен қабыршақтарынын табьшуы дәлелдейді. Балықты сүңгімен түйреп, басқа да әр түрлі құралдармен аулаған. Тегінде, мемлекеттің билеуші таңдаулы адамдары, кейініректе Орталық Азия тарихында болғанындай, өздерінің ерте замандағы ата-бабаларының көшпелі тұрмыс дәстүрін, идеологиясын, тарихи аңыздарын сақтап қалса керек. Осыған байланысты Қытай хроникаларының қаңлы билеушілерінін жазғы және кысқы ордаларының әр жерде орналасқанын, олардың бір-бірінен 900 ли қашықтықта жатқанын хабарлайтындығын еске сала кетейік. Қазақстан аумағындағы көшпелі мал шаруашылығына өте ертеден бастап, қазіргі кезге дейін жайылымдардың маусымдар бойынша бөлінуі тән екенін және көшіп-қону жолдарының меридиан бойынша болатынын ескере келіп, қаңлы қысқы астанасы Сырдария бойындағы аймақта болса, жазғы жайылымы мен билеушінің ордасы алыста жатқан Орталық Қазақстан далаларында болуы мүмкін деп жорамалдау әбден орынды болады32.

Сауда

Сауда — Біздің заманымыздағы II — V ғасырлардағы қаңлылардың шаруашы- лығьшың сипаты туралы жинақталған деректер тұрғындарды барлық қажетті өнімдермен, шикізатпен және қолөнер бұйымдарымен өзін-өзі толық қамтамасыз еткен деп қорытынды жасауға қазірдің өзінде мүмкіндік береді. Ең дамыған аймақтарда ертедегі қалалы орталықтар қалыптасып, колөнер мен сауда орталықтарына айналады. Ішкі базардың дамуын сол кезенде жергілікті теңгелердің тұрақты соғып шығарыла бастауы дәлелдейді. Қазіргі уақытга мамандарға салмағы әр түрлі, иконографиялық дәстүрі тұрақты 1300-ден астам мыс теңгелер мәлім. Негізгі үлгісі — билеушінің портреті қырынан бейнеленген. Иконографиялық нұсқалардьщ өзі де әр түрлі сериялы, бірак оларды таңбалардың бір үлгіде бейнеленуі мен теңгенің сырт жағындағы ертедегі бейнелер біріктіреді36. Мұндай теңгелер табылған негізгі аймақ — Ташкент алқабы. Қаңлы кейіннен енген қаңлылар Юни деген шағын иелігі осында орналасқан. Біздің заманымыздағы III ғасырда қаңлылардың бөлшектенуі салдарынан бұл иелік дербес Шаш иелігі ретінде мәлім. Жоғарыда суреттелген үлгідегі теңгелердің мерзімі дәстүр бойынша біздің заманымыздағы III - IV ғасырлар деп белгіленеді. Алайда қаңлылардың теңгенің неғұрлым ертеректе қолданылғанына дәлелдер бар. В.М. Массон Грек-Бактрия билеушісі Эвкра- тидтің кейіннен қаңлылар теңгелерінің соғылуына ұқсас таңба соғылған күміс теңгесін атап өткен. Бұл теңгенің мерзімі б. з. б. II ғасыр деп белгіленеді және Сырдария аймағы мәдениеттерінің қаңлы тобына жатқызылады37. Ташкент теңгелеріндегі таңбалар сияқты таңба біздің заманымыздағы I ғасырдан бастап Хорезм теңгелерінде кімге тиесілі екендігінің негізгі белгісі ретінде орнықтырылады38. Осы деректер негізінде мамандар Хорезм мен Шаш билеушілерінің қаңлы қалыптасып, ол гүлденген кезенде ғана орнығуы мүмкін болған туыстық байланыстары туралы мәселе қойып отыр39. Сонымен бір мезгілде дерлік қаңлы аумағында қытай теңгелері — У- шу пайда болады. Олар, атап айтқанда, Отырар алқабындағы Мардан қорымынын қабірлерінен табылды40 және алыс жерлермен сауда байланыстары жасалғанын дәлелдейді. Бұл теңгелер Орта Азияға Шығыс Түркістан арқылы келген. Ферганадағы үңгіп қазып жерлеген қабірлерден олар едәуір көп табылды41. Олардың мерзімі б. з. б. II ғасырдан басталады деп белгіленеді. Қабірлерден теңгелердің табылуы, сөз жоқ, тауар-ақша қатынастарының дамығанын дәлелдейді. Соңғы кезенде қаңлыларға қушандар мен сасанилердің күміс, мыс теңгелері келеді. Талас аңғарындағы Шоң-Қаңқа-1 қорымынан осындай екі теңге табылды. Олардың біреуі — сасанилік Хормизд патшаның атынан соғылған күміс теңге де, екіншісі — Кушан билеушісі Васудеваның мыс теңгесі.

Қолөнер

ҚолөнерҚаңлылардің қалалары мен қоныстары жергілікті базарларды не қажеттінің бәрімен қамтамасыз ететін қолөнер орталықтарына айналады. Қоныстар мен қорымдарды қазғанда керамика мейлінше көп табылды. Зерттеушілер шаруашылықта түрлі қажеттерді камтамасыз ететін ыдыстардың ондаған түрін атайды. Металл ыдыспен бірге, керамика ыдыс тамақ дайындау үшін пайдаланылған. Сұйықгы тасу және сақтау үшін тұтқалы құмыралар тұтынылған. Азық-түлік жерге қазып орнатылған үлкен ыдыстар — көзелерде сақталған. Ақырында, әсемдеп жасалған ас ішетін сапты- аяқтар, құмыралар, кеселер де болды. Әдетгегі бұйымдар ішінде зор көркемдік талғаммен істелгендері кездеседі. Мысалы, тұтқасы жануар мүсіні түрінде жасалған қакпақ сондай бұйым. Ол жануардың тұмсығы дөңес, құлақтары тік әрі шұнақ сауыры шөпкөректілерге тән, қысқа құйрығы жоғары қайырылған. Тегі, мүсінде киік бейнеленген болса керек. Бұл кезде керамика дайындау ісіңце қыш үршықшасы әлі таралмаған. Ыдыстар айналып тұратын тұғырда таспалау әдісімен жапсырып жасалған. Безендіру және сапасын жақсарту үшін антобтық қаптама, жылтырату, ойып өрнектеу қолданылған. Күйдіру көбінесе қыш күйдіретін пештерде жүзеге асырылды. Жалпы алғанда, зерттеушілер Сырдариядағы керамика өндірісінің әдеттен тыс қарапайымдылығын, дәстүрлілігін үнемі атап көрсетеді. Қаңлылар заманындағы қорымдар мен қоныстардан алуан түрлі металл бұйымдардың табылуы жергілікті жерде металлургия қолөнерінің дамығанын көрсетеді. Қаңлы үшін металлургия өндірісінің жетекші орталықтары Шаш - Илақ аймағындағы қоныстар мен қалалар болды. Нақ сол кезде осында, тауларда, жергілікті кен негізінде темір және полиметалл өндіру, алтын мен күміс өндеу дамиды. Алдыңғы қалалық ірі металлургия орталықтарының бірі қираған Құлақта қаласының орнындағы қала болған. Оның көлемі 50 гектарга жеткен, метал-лургия өндірісінің іздері айқын сақталған33. Әдетте құрамы бай кеніштерден кен алынды. Олар опырылып, ашық өңірлеу мен аралас топырақты өңдеу жолымен өндірілді, бұл кенді аз бергенімен, оған шығын да аз жұмсалатын еді. Кеңді балқыту, байьтту, тегінде, кеніштерге жақын жерде жүргізілсе керек. Дөңгелек пештер де, төрт бұрышты пештерде пайдаланылған34. Металл бұйымдардың құрамы мен шеберханалардың қалдықтарды ме- таллургияның түрлі салалары — темір ұсталығы, қола құю, зергерлік істің дамығаның дәлдейді. Шеберханалардың өніміне қорғаныс және шабуыл жасау қарулары, ат әбзелдерінің болшектері, ауыл шаруашылық кұралдары, темірден соғылған бұйымдар кірген. Қаңлылардың қабірлерінен әдетте қанжарлар, семсерлер, пышақтар, жебелердің үштары, сауыт табақшалары табылды. Темір тағалар, шегелер, ілмектер, қапсырмалар, түсті металдан істелген бұйымдар — сырғалар, алқалар, білезіктер, айылбастар, инелер, біздер ұшырасады.[

Тест.

  1. Қай жылдары I Дарий сақтарға қарсы жорыққа аттанған?  A) Б.з.б. 500 – 499 ж.ж.  B) Б.з. 512 – 513 ж.ж.  C) Б.з.б. 518 – 517 ж.ж.  D) Б.з. 518 – 519 ж.ж.  E) Б.з.б. 519 – 518 ж.ж.  2. Алтын Орда мемлекетінде беклербек қандай салаға басшылық жасады?  A) Шаруашылық.  B) Салық жинау.  C) Әскери іс.  D) Сауда.  E) Діни істер.  3. Керей мен Жәнібек сұлтандар бөлініп кетті…  A) АҚ Ордадан.  B) Моғолстаннан.  C) Ноғай Ордасынан.  D) «Кµшпелі µзбек» мемлекетінен.  E) Сібір хандығынан.  4. 1916 жылғы көтеріліс жайлы жазылған «Тар жол, тайғақ кешу» еңбегінің авторы:  A) Сәкен Сейфуллин.  B) Әлихан Бөкейханов.  C) Мұхтар Әуезов.  D) Сәбит Мұқанов.  E) Ахмет Байтұрсынұлы.  5. ҚазАКСР-ның құрылған жылы:  A) 1923.  B) 1920.  C) 1922.  D) 1919.  E) 1921.  6. Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Шолаққорған қалашығының батыс жағынан табылған кейінгі палеолитке тән тұрақ:  A) Тұщысай.  B) Ащысай.  C) Батпақ.  D) Қоянды.  E) Қарабас.  7. Андроновтықтар жерді қандай еңбек құралдың көмегімен өңдеді?  A) Темір соқа.  B) Күрек.  C) Тас тесе.  D) Кетпен.  E) Тырнауыш.  8. Қазақ халқының құрамындағы ірі тайпалардың бірі және Орта жүздің руы:  A) Адай.  B) Найман.  C) Дулат.  D) Қаңлы.  E) Үйсін.  9. Ежелгі және орта ғасырлардағы континентаралық қатынас жолы:  A) Нефриттік жол.  B) Лазуриттік жол.  C) Ұлы Жібек жолы.  D) Варягтан Грецияға дейінгі жол.  E) Дала жолы.  10. Қазақстан аумағында ХІІІ-ХІV ғ.ғ. халық ауыз әдебиеті мен әдебиет қай тілде дамыды?  A) Өзбек тілінде.  B) Ноғай тілінде.  C) Қазақ тілінде.  D) Ұйғыр тілінде.  E) Қыпшақ тілінде.  11. Кенесары Қасымұлы билер сотын жойып, оның орнына енгізді:  A) Қазылар сотын.  B) Империялық сотты.  C) Халықтық сотты.  D) Шекаралық сотты.  E) Хандық сотты.  12. Сталиндік террор жаппай сипат алған жылдар:  A) 1934-1935  B) 1936-1937  C) 1938-1939  D) 1935-1936  E) 1937-1938  13. Еңбеккерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту мәселелерімен қай бұқаралық ұйым айналысты?  A) Партия.  B) Комсомол.  C) Колхоз.  D) Кәсіподақ.  E) Кеңестер.  14. Қазақстан Республикасының ең жоғары Заң шығару органы  A) Конституциялық Кеңес  B) Әділет Министрлігі  C) Жоғары Сот  D) Парламент  E) Конституциялық сот  15. Нұралыны хандықтан тайдыру жөнінде шешім қабылдаған Кіші жүз старшындарының съезі болған жыл:  A) 1783 ж.  B) 1784 ж.  C) 1786 ж.  D) 1785 ж.  E) 1787 ж.  16. Абайдың әкесі Құнанбай старшын болған ру:  A) Тобықты.  B) Байбақты.  C) Жаппас.  D) Төртқара.  E) Тарақты.  17. 1920 жылғы наурыздың аяғына Қарай Семей облысының солтүстік жағы аҚ гвардияшылардан азат етіліп, соған байланысты жойылған майдан:  A) АҚмола.  B) Сырдария.  C) СарыарҚа.  D) Жетісу.  E) Алтай.  18. Индустрияландырудың алдындағы И.М. Губкин экспедициясының зерттеу объектісі:  A) Орал-Ембі ауданы.  B) Орталық Қазақстан.  C) Жезқазғандағы мыс орындары.  D) Түркістан.  E) Оңтүстік Қазақстан.  19. 1930 жылғы Созақ ауданындағы шаруалар көтерілісі басшыларының бірі:  A) Берсиев.  B) Жақыпов.  C) Оразбаев.  D) Төлепов.  E) Тәштитов.  20. Ұлы Отан соғысы жылдарында майданға әрбір ... қазақстандық аттанды.  A) бесінші.  B) жетінші.  C) алтыншы.  D) төртінші.  E) үшінші. 

Сөзжұмбақ.

с

а

қ

т

а

р

1. Екі жағынан да өңделген қарапайым шапқыш тас құрал атауы

2. 1938 ж Өзбекстаннан неандертальдық баланың сүйегі табылған үңгір

3. Орталық Қазақстан жеріндегі кейінгі полеолитке жататын 300-ге таяу тас қүрал шыққан ең көрнекті көне мекен

4. Ежелгі адамдардың ең алғашқы кәсібі

5. Мезолит кезеңіндегі адамдардың негізгі кәсібінің бірі

6. Алғашқы егіншілердің егін оратын қарапайым құрал атауы.

 Жауабы.

1.Бифас

2.Тесіктас

3.Батпақ

4.Терімшілік

5.Аңшылық

6.Тас орақ

Глосарий.

Анархия – 1) Мемлекеттік  биліксіз  әр  түрлі  қауымдастықтар, бірлестіктер, одақтар  арқылы  өзін-өзі  басқаратын  қоғам  құруға  тырысушылық;  2) үйреншікті  өмірде  тәртіпсіздікті, жөнсіздікті, заңсыздықты, басшылықтың  жоқтығын  білдіреді.

Монархия – мемлекеттің  жоғарғы  өкімет  билігі  жеке-дара  бір  билеушінің  қолында  болып, ол  әкеден  балаға  мұра  ретінде  қалатын  түрі.  Оны  хан, патша, император, король, сұлтан, шах  және  т.б. деп  атауы  мүмкін. Монархия  өз  кезегінде  абсолюттік (шексіз) және  конституциялық  болып  екіге  бөлінеді.

Мемлекеттік  билік – барлық  адамдарға  міндетті  заңдарды  шығаруға  жеке-дара  құқығы  бар, заңдар  мен  ұйымдарды  сақтау  үшін  ерекше  күштеу  аппаратына  сүйенетін  саяси  биліктің  түрі.

Революция – қоғамның барлық әлеуметтік-экономикалық саяси құрылымындағы түбегейлі сапалы төңкеріліс.Оның біртіндеп,ақырын дамитын эволюциядан және ішінара өзгерістір жасайтын реформадан айырмасы зор.ол көпшілік күштерді қозғалысқа келтіріп,революциялық ситуацияны тудыратын объективтік өзгерістер нәтижесінде пайда болады.Оның қозғаушы күшіне үстемдік етіп отырған қоғамдық құрылысты құлатып,одан жоғары прогресті құрылысты орнатқысы келген таптар,әлеуметтік топтар жатады.Революция қоғамның дамуын орасан зор жеделдетеді.

         Терроризм — саяси себептермен  жеке адамдарды,көпшілікті қорқыту,жазалау мақсаттарындағы қылмыстық әрекет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]