Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5555555555555555555.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
149.49 Кб
Скачать

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті.

Пәні. Қазақстан тарихы

кейс

Орындаған.___________________________

Тобы.________________________________

Қабылдаған.__________________________

Жоспар

Үйсіндер..................................................................................................

Қаңлы мемлекеті...................................................................................

САЯСИ ТАРИХЫ.................................................................................

Археологиялық ескеткіштері.............................................................

Қауыншы мәдениеті.............................................................................

Жетіасар..................................................................................................

Шаруашылығы, кәсібі.........................................................................

Сауда........................................................................................................

Қолөнер...................................................................................................

Тест...........................................................................................................

Сөзжұмбақ...............................................................................................

Үйсін мемлекеті - Б.д.д. 3 ғасырда Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері болды. Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын. Қазақ мемлекеттігінің тағы бір қайнар көзі '''үйсіндер''' мемлекеті болып есептеледі. Үйсіндерде ежелгі өркениетке тән дамудың барлық белгілері байқалды. Бұл қалыпты даму белгілеріне мемлекеттік билік жүйесін, жазудың болғандығын, тұрақты әскерді, елшілік жоралғыларын және т.б. жатқызуға болады. Сақ дәуірінде болған малға, еңбек құралдарына және тұрмыс бұйымдарына деген жеке меншік үйсіндерде де кең қанат жайды. Қоғамның билеуші және бағынышты топтарға бөлінуі мейлінше айқын байқалды. Қоғам — ру ақсүйектері мен тәуелді ұсақ өндірушілер, жартылай тәуелді құлдарға бөлінді. Жерді жеке иеленумен қатар иерархиялық иелену түрі де дамыды (рулық, тайпалық, қауымдық). Ежелгі үйсіндерде әлеуметтік-экономикалық қатынастар өтпелі кезеңге тән сипатта болды. Дамудың мұндай ерекше түрінің болу себебі экономикалық кұрылысқа байланысты. Жартылай көшпелі және жартылай отырықшы үйсін коғамында өндірістің екі негізгі түрі болды: мал және жер. Мал түріндегі байлықтың жиналуы, мал-мүлік, жиһазға жеке меншіктің, тауар алмасудың дамуына әкелді. Әйтсе де көшпелі қоғам ерекшелігіне сай — әлеуметтік қатынастар аса ірі және шағын дәулетті мал иелерінің жеке меншік қатынастары түрінде дамыды. Рулық құрылыстың ыдырауы барысында туындаған таптық қатынастар құлиеленушілік сипатқа ие болды. Дегенмен ежелгі үйсін қоғамында құлдың еңбегін пайдалану өзіндік ерекше түрде дамыды; яғни, құл еңбегі өндірістің негізгі тірегіне айналған жоқ, ал құл иелену классикалық түрге жете алмады. Жазбаша және археологиялық деректерден ежелгі үйсін қоғамында б.з.д. II—I ғасырлардың өзінде-ақ жекелеген адамдардың қолында байлықтың шоғырланғандығы байқалды. Қытай деректерінде: "Үйсіндерде жылқы көп. Олардың ең бай адамдарында төрт-бес мың жылқы болады", — деп көрсетілген. Демек, малы көп дәулеттілер болса, малы аз немесе жоқ кедейлер тобының да болғандығы даусыз. Сонымен қатар үй малдарына салынған таңбалар, металдан, тастан және қыштан жасалған мөрлер де жеке меншіктің пайда болғандығын көрсетеді. Ертедегі жылнамашылардың мәліметіне қарағанда, үйсіндердің кейбір әскербасылары мен шенеуніктерінде, күнби сарайы жанындағы тағы да басқа лауазымды адамдардың алтын және мыс мөрлері болған. Үйсін мемлекетінің басында үлкен күнби тұрды. Кей зерттеушілер үйсін мемлекетінің ел-басын күнби деп те атап жүр. Қытай тілінде үйсін патшасын гуньмо деп атаған. Үлкен күнбиден кейінгі мемлекеттік лауазым күнби болды. Бұл — бас уәзір. Одан кейіңгі лауазым — тулы (дулы), бұл Қытай мемлекетіндегі үлкен уәзірмен дәрежелес болды. Әскер оң және сол қанатқа бөлінді, оларды екі қолбасы басқарды. Елдің жоғарғы сотының қызметін билер деп аталатын екі орынбасары атқарды, оларды даруға (дарту) деп атады. Абыз атанған лауазым діни басшылықты іске асырды. Бұдан кейінгі мемлекеттік лауазым — бүкіл ұлыстың шыбегі (биі) болды. Оның екі орынбасары болған. Ел билейтін лауазым иелерінің тапсырмаларын орындатып отыратын атқосшы мансаптары болды. Үйсін мемлекетінің астанасы Ыстықкөл жағалауындағы Чигучэн қаласы болды.[1]

Үйсіндер — Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы таптық бірлестіктердің бірі. Егер VIII ғасырдағы жазушылардың Бесбалықты «Үйсін князінің шекарасы» деп атайтынын ескерсек, үйсіндердің шығыс шегі бір кездерде Бесбалық ауданы арқылы өткен деген қорытынды жасау керек. Үйсіндер иеліктерінің шекарасы батысында Шу және Талас өзендерінің бойымен өткен. Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатса керек. Үйсіндер иеліктерінің орталығы — Іле аңғары, дегенмен олардың ордасы — «Қызыл Аңғар қаласы» Ыстықкол мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты. Чжан Цянның (б. з. б. II г.) хабарлауына қарағанда, үйсіндердін «бұрын» мекендеген жері шығыстағы алыс бір жерде болған, мұның шындықка жанаспайтыны анық. «Үйсін» терминінің мағынасы осы кезге дейін анықталмай отыр. Ол қытайдың иероглифтік жазбаларынан ғана мәлім, оның қазіргі айтылуы қазақ этнонимдерінің бірі — ұлы жүз казақтарының басты этникалық компоненті болып табылатын тайпаның өзін атайтынындай «үйсін» сөзіне сәйкес келеді. Бірқатар зерттеушілер бұл транскрипцияны Орта Азия тарихынан мәлім асиан этнонимі деп білуге бейім. Алайда соңғы зерттеулерде асиан термині ятии этнонимінің диалектілік нұскалары- ның бірі болуы мүмкін деген басқаша түсініктеме айтылады, ал оның транс- крипциясының дәстүрлі ертедегі кытайша түрі казіргі қытай тілінде айтылатын (юечжи) иероглифтері болған. Үйсін терминінің транскрипциясын түсіндірудің тағы бір нұсқасы бар. Қазір үйсіен деп айтылатын екі иероглиф ертедегі қытай тілінде асман, яғни асман, «аспан» делініп айтылған деп жорамалданады. Бұл айтылғандарды үйсінн гуньмосына күйеуге берілген қытай ханшасының хатындағы: «Менің үйім мені... Аспан Еліне... күйеуге берді» деген сездер растауы мүмкін. Бұл тұрғыдан алғанда, «көк тіреген таулар» дегенді білдіретін тянь-шань деген сөздің өзі де жергілікті атаудың аудармасы сияқты екенін атап өту маңызды. Үйсінндердің ертедегі этникалық-саяси тарихына байланысты оқиғалар жеткілікті зерттелмеген. Үйсіндер туралы алғашқы хабарлар б. з. б. II ғасырдың аяғында пайда болады. Қытай императорының сарайындағылар ғұндарға қарсы күресте одақтас іздеп, Батыс өлкеге Чжан Цянь бастаған елшілік жіберген. Чжан Цяньды сюнну-ғұндар тұтқынға алып, олардың елінде он шақты жылдай болады. Алайда ол кейіннен қашып шығып, Жетісуға барады, үйсіндер туралы алғашқы хабарды еліне сол жақтан апарған. Оның кезінде үйсіндер арасында сэ (сақтар) «тармағы» мен юечжилер мекендеген. Юечжилер туралы хабарлар Чжанье ауданындағы сюннулерден алынғандықтан, Чжан Цянь үйсіндердің өзі де бұрын Цилянь- шань мен Дуньхуан аралығында мекендеген деген қорытынды жасаған. Қазіргі деректер бойынша, үйсінндер Жетісуды қосқанда неғұрлым байтақ аумақты алып жатқан. Қытай үйсіндердің сюннулерге Ордоста соққы беруін қалады. Бұл пікір үйсіндердің нақ сол Чжан Цянь жазып алып, кейіннен шежіреге енгізілген генеалогиялық аңызының редакциясында да әз көрінісін тапқан. Оның айтуынша, үйсіндердің билеушісің бір кезде көршілері юечжилер өлтірген де, оның қаншық қасқыр мен қарға күзетіп жалғыз қалгһған ұлы есейген шағына дейін шаньюй ордасында тәрбиеленген. Ер жеткен соң гуньмо әкесін өлтіргені үшін кек қайтаруға шаньюйден рұқсат сұрап, юечжилерді талқандапты. Өз кезегінде Орта Азия юечжилерінің аман қалған бөлігі басқа тайпалармен одақтасып, б. з. б. 140 жылы Грек-Бактрия мемлекетін талқандаған. Үйсіндерде үштік жүйе болса керек. Сюннулер сияқты, олар да үш бөлікке: сол қанат, орталық және оң қанат болып бөлінген (олардың әрқайсысында он мыңнан жауынгер болган).

Үйсіндер тұрған жер

Үйсіндер бірсыпыра уақыт бойы сюнну-ғұндарға саяси жағынан тәуелді болғандықтан, соңғы этноним белгілі бір уақыт бойы үйсіндердің өзін де тасасында ұстап келген деп санауга болады. Мүны грек-рим жазушыларының ертедегі гұндар туралы хабарлары дәлелдейді. Мәселен, ғұндар туралы хронологиялық жағынан алғаш рет Страбонның айтқандарында Бактрия патшалары «өз иеліктерін серлер мен фаундарға дейін жайды» делінген. Тегінде, Грек-Бактриясының иеліктері бір кезде Тарым ойпатының батыс шегінен әріге созылып жатса керек, демек, бұлайша салыстыру тарихи-географиялық тұрғыдан даулы. Кейінгі уақыттағы үйсіндер тарихы сақтармен және юечжилермен байланысты. Грек-рим авторлары енді «ғұн-үйсіндар» жайында айтады. Ғұндар атауының үйсіндерге де таралғанына қарамастан, олардың этникалық туыстығы туралы айтуға берік негіз жоқ, дегенмен мұны толық, бекерге шығаруға болмайды. Сюннулердің тілі әзірше белгісіз. Зерттеушілер қазіргі уақытта сюннулер тілін ежелгі түрік тіліне бәрінен де жақын «алтай» тобыныңтіліне жатқызуға бейім. Үйсін, Усун — қазақ халқының қалыптасуына негіз болған ежелгі түркі тайпаларының бірі. Ежелгі қытай жазбаларында Үйсін атауы б.з.б. 2 ғасырдан бастап кездеседі. Ғұндардың күшеюінен қорыққан Қытай үкіметі өзіне одақтас іздеп, батыс елдеріне елшілік жіберді. Қытай елшісі келген кезде Үйсіндер Қытаймен және ғұндармен терезесі тең қуатты мемлекет болды (қ. Үйсін мемлекеті). Үйсіннің шығу тегі, таралуы, халықтардың тарихындағы рөлі жайында тарихи-генеалогиялық зерттеулерде талас пікірлер азды-кемді ұшырасады. Оған себеп жазба дерек көздері. Оларда адамдардың есімі, лауазымы, қытай транскрипциясы бойынша жазылған. Атап айтқанда, 7 ғасырдағы Қытай жазушысы Чин-гу, "Батыс өлкенің өзге шетелдіктерінен Үйсіндердің едәуір айырмашылығы бар, олардың көзі көк, жирен сақалды” деп жазады (қ. Үйсін антропологиялық типі). Үйсіндердің шаруашылық жағдайы мен мәдениеті жайындағы деректер археол. қазбалардан анықталып отыр (қ. Үйсін дәуірінің ескерткіштері). Б.з.б. 105 жылдарда Үйсін күнбиіне ұзатылған Қытай императорының қызы киізбен ораған дөңгелек үйде тұратынын, ет, сүтпен қоректенетінін айтып, өлеңмен зарлы хат жазған. Жазба деректемелерде б.з.б. 1 ғасырда Үйсін халқының жалпы саны 630 мың адам (120 мың түтін) болғаны айтылады. Олар 188 мың 800 адамнан тұратын әскер ұстаған. Алғашында Бұлыңғыр өзеннің бойын мекендеген. Б.з.б. 2 ғасырдың орта шенінде Жетісуға, Іле бойына ығысқан. Дегенмен, олардың барлығы көшпеген деген ғыл. жорамал бар. Оны шығыстанушы С.Е. Малов Тоныкөк ескерткіштеріндегі Үйсін есімінің жазылуымен дәлелдейді. Жетісу Үйсіндерінің шығу тегін анықтау жолында А.Н. Бернштам, К.А. Ақышев, Г.А. Кушаевтар археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Шығыстағы Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріндегі деректер де осындай бұлтартпас қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бұл деректерге сүйенген Ресей ғалымдары Үйсіннің исседондармен туыс екенін дәлелдеп, оларды Тянь-Шань және Шығыс Түркістан тармағы деп бөледі. Б.з. 6 ғасырдан бастап Үйсін этнонимі тарихи әдебиетте кездеспейді. Бірақ одан тараған рулар дулат, албан, Шігіл (жікіл) Түрік қағандығы кезіндегі мемлекеттерді құруға қатысқан. 13 ғасырда Рашид әд-Диннің шығармасында Шағатай ұлысындағы Үйсін халқы туралы айтылады. Жетісу, Оңтүстік Қазақстанды мекендеген Ұлы жүз құрамындағы тайпалардың жалпы атауы ретінде халық арасында да, жазба әдебиетте де қолданылды. Қазақтың дәстүрлі шежіре деректері Үйсінді Шыңғыс хан заманындағы Майқы биден таратады. Ботбай руынан шыққан Диқанбай батырдың шежіресінде (Н.Аристов жазбасында) Майқы биден: Қаңлы, Бақтияр, Қырықжүз, Мыңжүз. Бақтиярдан: Үйсін, Ойсыл. Үйсіннен: Ақсақал (Абақ), Жансақал (Тарақ). Абақтан — Қараша, одан Бәйдібек, Байтулы. Ұлы жүздің негізін құраған тайпалар Бәйдібектің балалары болып саналады. Олар: албан, дулат, суан, шапырашты, сарыүйсін, ошақты, ысты. Ш.Уәлихановтың жазбаларында Үйсін — бұл тайпалардың ғана емес, Ұлы жүздің барлық тайпасының түп атасы. Онда Төбейден — Үйсін, одан — Қойылдыр (Қатаған, Шанышқылы), Мекрейіл (Жалайыр), Майқы (Абақ), Қоғам (Қаңлы) тарайды. Үйсін қырғыз халқының құрамында да бар. Солты тайпасының бір тармағы Усон, Қаракесек тармағы Сарыүйсін, Бағышындағы Қалша аталары Үйсін деп аталады. Сол сияқты Үйсін қарақалпақтардың құрамына да енген.

Қаңлы мемлекеті - Қытай жазба деректерінде канцзюй деген атпен, б.з.д. 2 ғ. айтылады.

Сырдария, Талас өзендері бойында орналасты. Саны 600 мың адам, 120 мың әскерімен Орталық Азиядан келген. Астанасы Битян қаласы.

Бүгінгі Қазақстанның қожасы болып отырған қазақ ұлты және оның Қазақстан Республикасы кездейсоқ бола қалған ұлт, қолдан жасалған мемлекет емес. Ол – ежелден осынау кең-байтақ Еуразия сақарасында өмір сүріп келген ертедегі ру-тайпапардың сан ғасырлар бойы өзара араласу, біртұтастану, ыдырау қайта біртұтастану барысында бір-бірімен етене жақын этникалық топтардың ортақ ұлттық мәдениет қалыптастыру үрдерістерін бастан кешіріп барып қалыптасқан толыққанды дербес ұлт. Сол сияқты Қазақ мемлекеті – Қазақ хандығы да Қазақстан аумағында ерте, орта ғасырларда құрылған тайпалық одақтар, аймақтық мемлекеттер, тіпті, алып империялардың дәурендеуі мен құлдырауы сынды әлемдік тарихтағы ерте, орта ғасырларда өмір сүрген мемлекеттерде болған жалпыға бірдей әлеуметтік заңдылықтарды бастан өткеріп барып Ұлттық мемлекет – Қазақ хандығы өмірге келді. Біздің осындай тұжырым жасауымызға дәйек болатын әр түрлі тілде жазылған тарихи деректер көп. Солардың ішінен мен тек қытайдың жазба деректерінен дәлел келтірмекпін. Баршаға мәлім, Кытайда "Жиырма төрт тарих" немесе Жиырма алты тарих" деп аталатын ресми жылнамалық тарихи жазбалар жинағы бар. Соның ең алғашқысы Сы Мачян (Сыма Циян) б.з.д. 90 жылы жазған Тарихи жазбалар" ("Шы ци"). Осы көлемді еңбектің 110-томының 50 баяны "Хұндар тарауы", 123-томының 63 баяны "Давань – Ферғана тарауы" деп аталады. Онда Қытайдың солтүстік батысын алып жатқан Хұн империясы және Орталық Азияда өмір сүріп жатқан елдер жөнінде аса құнды деректер жазылған. Ал Бан Гу б.з. 70 жылдары жазған "Хань патшалығы тарихы - Ханнама" ("Хань шу") атты екінші жылнамада "Хундар тарауынан" тыс, 96 бума 66 баянында "Батыс өңір тарауы" деген арнаулы тарау жазған. Осы бөлімде қытай тарихшысы Бан Гу "Батыс өңір" немесе Орталық Азия да өмір сүрген халықтарды екі типке жіктеп баяндаған. Мысалы, ол «Батыс өңірмен байланыс Чяао Уди патша кезінен (б.з.д. 140 ж. –Н.М.) басталды. Олар әсілі 36 мемлекет еді, кейін келе бөлшектеніп 50 ден аса ел болған. Олардың барлығы хұндардың батысы, үйсіндердің оңтүстігінде тұрады. Батыс өңірдегі халықтардың барлығы – жергілікті тұрғындар. Оларда қала, қыстақ, егістік жер мен мал бар. Олардың ғұрып-әдеттері хұндар, үйсіндерден өзгеше. Олардың барлығы хұндарға тәуелді» /1/ -деп жазған. Осыдан кейін жазылған Қытай жылнамарының барлығы Орталық Азияда өмір сүрген ру-тайпалардың этникалық ерекшеліктеріне тоқталғанда, олардың айырмашылығын хұндармен, үйсіндермен және даружылармен (Большой Юечжы – Юэчжи) салыстырып көрсетеді. Мысалы, "Тарихи жазбалар. Ферғана тарауында": "Үйсіндер Ферғананың батыс солтүстігінде 2000 ли шақырымдай жерде тұрады, көшпенді мемлекет. Малға ілесіп көшіп жүреді, әдет-ғұрыптары хұндармен ұқсас" деп жазылған. Және осы тарауда "Даружылар (большой юечжылар) Ферғананың батысында екі-үш мыңдай шақырым жерде тұрады. Оң жағында – Бактрия, сол жағында – Арсақ, солтүстігі – қаңлы. Көшпенді ел, малға ілесіп көшіп жүреді. Ғұрып-әдеттері хұндармен ұқсас"-деп жазылған; "Қаңлы – Ферғананың батыс солтүстігінде 2000 ли – шақырымдай жердегі көшпенді мемлекет. Ғұрып-әдеттері даружылармен ұқсас"; "Ян-цай (Аландар) қаңлының батыс солтүстігенде 2000 шақырымдай жерде тұрады. Көшпенді мемлекет. Ғұрып-әдеттері қаңлыларға ұқсас "деп жазылған. Бұл жерде айтылып отырған "ғұрып-әдет" тек қана тұрмыстық салт – дағды емес, ол әлеуметтік тіршілік формасымен қоғамдық құрылым жүйесі және дүние танымын қамтитын үлкен ұғым болып табылады. Міне, осы тұрғыдан қарастыратын болсақ, белгілі бір қоғамдық топтың дағдысына айналған ғұрып-әдеттің ұрпақтан ұрпаққа, ғасырдан ғасырға жалғасып отыратын ерекшелігін ескеретін болсақ, онда қазіргі қазақ ұлтының этногенізінің қайдан бастау алғандьнрын аңғару қиын емес. Сондай-ақ, Қазақ мемлекеттілігінің қай заманнан басталғандығын да оңай байқай аламыз. Біз өз зерттеуіміз бойынша, б.з.д. IІІ ғасырдан б.з. VI ғасырға дейін негізінен, қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген үйсін, қаңлы және янцай – алан қатарлы үш үлкен этникалық топты – қазақ халқының ең алғашқы этногенезінің қайнарлары және осы атаумен аталған мемлекеттерді – Қазақстандағы ең алғашқы мемлекеттіліктің басталуы деп санаймыз. Олай болса, тарихи деректерге зер салып көрейік. Б.з.д. Ш ғасырда жалпақ Азия құрлығында иін тірескен екі ұлы империя қатар өмір сүрген. Оның бірі – қытайдың Хань империясы, екіншісі – Хұн империясы. Хұн империясы Қытайдың Ұлы қорғанының солтүстік батысында өмір сүретін көшпенді және отырықшы елдерге билік жүргізді. Қытайдың "Тарихи жазбаларында" хундар билігіндегі даружылар б.з.д. 174 жылы Тәңір тауының (Тянь шань) шығысынан қазіргі Қазақстан аумағына ауып келіп, "сақтар патшасын тас-талқан етіп жеңді. Сақ патшасы оңтүстіктегі Чянду-дан (Шеньду) /2/ асып кетті. Ружылар олардың жерінде орын тепті /3/ деп жазады. Бұл арада назар аударатын нәрсе «Тарихи жазбаларда" "Сақ патшасы" деп аталғаны болмаса, сақтардың мемлекеттік күш ретінде даружыларға пәрменді қарсылық көрсеткені жөнінде ешқандай мәлімет жазылмаған. "Тарихи жазбаларда" б.з.д. 161-160 жылдары Тәңір тауының шығысынан батысқа ауған "үйсіндер күн биі (Гунь мо) даружыларды шабуылмен тас-талқан етіп Даружылар батысқа ауып барып Бактрияны бағындырды. Үйсін күн биі олардың жеріне орнықты. Сондықтан үйсіндер сақтардың да, даружылардың да тұқымдарын өзіне қосып алды /4/ - деп жазылған. Бұл мәліметтер тарихи шындыққа жанасады. Өйткені үйсіндердің Іле-Жетісу жеріне орын тепкен соң тез көтеріліп, күшті мемлекет болып кетуінің бір сыры – олардың барымталап алған сақ, даружы адамдарының арқасында жан санының шұғыл көбеюінде болса керек. Үйдіндер б.з.д. 160 жылдары Іле – Жетісу өлкесінде өз билігін орнатқаннан кейін, қытай деректері оларды арнаулы тараушамен Үйсін мемлекеті (Усунь го ) деп жаза бастады. Сондай-ақ, Қытай Хань патшалығы оларды Батыс өңірдегі "ең құдыретті мемлекет" деп санады және олармен стратегиялық одақтастық орнатуға құлшынды. Сондықтан, қытайлар Орталық Азияда үйсіндерге көп назар аударды. Соған байланысты Үйсін мемлекеті жөнінде жазған тарихи деректер көп. Мысалы, Қытай жылнамаларында: "Үйсін мемлекетінің Ұлы күн биі (Большой Гунь ми) Чыгучың (Чигучэн-Қызыл caй) қаласында тұрады. Түтін саны 120 мың. жан саны 630 мың, жеңімпаз әскер саны 188 мың 800 адам" /5/ деп жазды. Сондай-ақ, Үйсін елінде күн би – патша тағы мұрагерлік жолмен жалғасатынын және ол тәртіп бұзылғанда ел ішінде наразылық туып, қарсылық әрекеттердің орын алатынын, үйсіндердің әскери-әкімшілік басқару жүйесі үш аймаққа бөлініп, олардың барлығын бірдей Ұлы күн бидің басқаратынын нақтылап жазған. Сонымен қатар, үйсіндердің ел басқару жүйесі "тоғыз дәрежелі» болғандығы және елді заңмен басқарғандығы да анық айтылған. Үйсін мемлекетінің иелік еткен аумағы да қытай жылнамаларында жазылған. Сол деректерде, Үйсін мемлекетінің аумағы – Іле өзенінің шығысынан батысына – Балқаш көліне дейін, Балқаш көлінен оңтүстікке қарай Шу, Талас өзендерінің ортаңғы ағысына дейін, орта оңтүстігі Ыстықкөл өзендеріне дейінгі кең-байтақ даланы қамтығандығы айтылады. Ежелгі үйсін елі осы өлкеде өсіп-өніп, өркен жайғандықтан, бұл ай¬мақ үйсіндердің мекені болып танылған. Сондықтан, IX ғасырда жазылған Қытайдың "Көне Таңнамасының" «Түріктер тарауында" осы өңірді "Үйсіндердің байырғы мекені» - деп жазылғаны соның дәлелі. Осы кезеңде үйсіндердің әлеуметтік шаруашылығы айтарлықтай дамыды. Мал шаруашылығы үйсіндердің негізгі шаруашылығы болды. Үйсін елінде 4-5 мыңнан жылқы айдаған байлардың болғандығын, Күн бидің жер-жайылым заңын қолданатынын қытай елшілері екжей-текжейлі жазып қалдырған. Үйсін елі мал шаруашылығымен қоса егін шаруашылы және қол өнеркәсібімен де кең көлемде шұғылданғандығын археологиялық қазба материалдар айғақтайды. Әсіресе, қолөнер кәсібінің жоғары деңгейде дамып, өзіндік ерекшелік қалыптастырғаны – тарих ғылымы мойындаған шындық. Демек, үйсіндер Іле – Жетісу өңірін алғашқы қадамда игеріп, қоғамдық дамуды ілгерілетті. Әлеуметтік мәдениеттің өсуіне өшпес үлес қосты. Сол арқылы тарихқа үйсін мәдениеті таңбасын қалдырды. Үйсін мемлекеті ішкі және сыртқы - 4 себептердің салдарынан б.з.д. II ғасырынан бастап құлдырауға бет алды, есімі де көмескіленді, ақыры VI ғасырда құрылған Түрік қағанатының құрамына қосылды.

Б. з. б. II ғасырдың екінші жартысындағы «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталмыш кеткен тарихи оқиғалардың нәтижесіңде Орталық Азияда жаңа мемлекеттік бірлестіктер, соның ішінде Үйсін, Янцай, Қаңлы мемлекеттері қалыптасады. Соңғысы Қазақстан тарихында елеулі рөл атқарды.

Тарихнаманың ауқымды болғанына қарамастан, қаңлылардың зерттелуі әлі де қанағаттандырмайды. Бұған жазбаша деректемелердің мейлінше шектеулілігі себеп болды, оның үстіне деректер үздік-создық және қарама-қайшы, мұның езі мәселенің әркелкі түсіндірілуін туғызады. Мемлекеттің аумағы ұланбайтақ жерді: Ташкент жазирасы мен Сырдария, Жаңадария, Қуандария алабының ежелгі арналарын және Жетісудың онтүстік-батыс бөлігін қоса Оңтүстік Қазақстанды алып жатты. Ең құдіретті кезінде оған Сусе, Фумо, Юйни, Цзи, Юйцзянь сияқты бес «шағын иелік», сондай- ақ Янцай бағынды. Алайда олардың орналасуы даулы болып қалып отыр. Айтылған аймақта археологтар сол уақыттағы негізгі үш мәдениетті - қаңлы мәдениетіне баланатын Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар мәдениетін атап көрсетеді. Осы мәдениеттерді 70—80-жылдары белсенді түрде ерістетілген зерттеу қаңлы тұрғындарының материалдық мәдениетінің сипаты, шаруашылығы, қоленері туралы деректерді едәуір толықтыра түседі.

Қытайдың тарихи хроникаларық деректерінің ерекшеліктері мынадай: тек соларға ғана қарап бұл мемлекеттің пайда болған уақытын, оның нақты шекарасын, астанасы Битянь қаласының қайда екенін, тәуелді бес иеліктің қалай орналасқаның және басқа да көптеген нәрселерді айқын анықтау мүмкін емес.

Орналасу мәселелері.Қаңлы мемлекеті мен оның иеліктерінің орналасу мәселелерінің тарихы И. Бичуриннен басталады, ол оның орналасқан жерін Сырдария өзенінің солтүстік жағындағы далалар деп белгілеген. «Шицзи» мәтініне «Давань туралы хикаяда» берген түсініктемесінде ол «Кангюй иелігі қазір қазақтың Ұлы жүзі мен Орта жүзі кешіп жүрген Сырдарияның солтүстік жағындагы далаларды алып жатыр» деп атап өткен. «Шицзиде» қаңлының орналасуы туралы былай делінген: «ҚаңлыДаваннын солтүстік-батысында шамамен алганда 2000 ли жерде жатыр. Бұл — әдетте 20 000 әскері бар юечжиліктерге ұқсайтын көшпелі иелік. Кангюй Даваньмен шектес және күшінің аз болуына қарай оңтүстікте юечжилердің билігін, шығысында ғұндардың билігін таниды».

Үлкен Хань әулетінің келесі хроникасы «Цянь Ханьшудың» «жерге орналасуды суреттеу» деген тарауында қаңлыға арналған бөлім бар, онда сөзбе-сөз келтіргенде былай делінген: "Қаңлы билеушісі Лоюень елінде, Уананнан 12 300 ли жердегі Битянь қаласын мекендейді. Ол наместникке тәуелді емес. Әміршінің жазда болатын жеріне Лоюеннен жеті күнде жетуге болады. Халқы 120000 отбасынан, 600 000 адамнан тұрады; әскер саны 120 000 адам. Әдет-ғұрпы үлкен юечжимен бірдей. Қаңлы шығыс жағында ғұндарға бағынады...»6. Осы ғасырдың ортасына қарай олардың орналасу мәселелері жөнінде негізінен екі көзқарас: 1. Қаңлылар Ташкент жазирасынан Хорезмге дейінгі қос өзен арасындағы кең-байтақ жерді алып жатты; 2. Қаңлы иелігі Сырдария өзенінің сағасынан Ташкентке дейінгі алқапта шоғырланған, ал байырғы жерлері Сарысу өзенінін орта ағысынан сол өзен мен Шу өзенінде, Ұлытауға дейін орналасқан деген көзқарастар қалыптасты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]