- •2015-2016 Оқу жылы бойынша жалпы медицина факультетінің 2 курс студенттеріне арналған биохимиядан емтихан есептері
- •10 Есеп
- •11 Есеп
- •12 Есеп
- •13 Есеп
- •14 Есеп
- •15 Есеп
- •16 Есеп
- •17 Есеп
- •18 Есеп
- •19 Есеп
- •20 Есеп
- •21 Есеп
- •22 Есеп
- •23 Есеп
- •24 Есеп
- •25 Есеп
- •26 Есеп
- •27 Есеп
- •28 Есеп
- •29 Есеп
- •30 Есеп
- •31 Есеп
- •66 Есеп
- •67 Есеп
- •68 Есеп
- •69 Есеп
- •70 Есеп
- •71 Есеп
- •72 Есеп
- •73 Есеп
- •74 Есеп
- •75 Есеп
- •76 Есеп
- •77 Есеп
- •78 Есеп
- •79 Есеп
- •80 Есеп
74 Есеп
Науқас инфекциялық аурулармен жиі ауырады, жарасының жазылуы баяу өтеді. Қан сарысуындағы белок фракцияларын зерттегенде, олардың мөлшері: альбуминдер – 60%; альфа-1-глобулиндер – 5%; альфа-2-глобулиндер – 10%; бета-глобулиндер – 12%; гамма-глобулиндер – 13% екені анықталды. Осы жағдайдағы қан сарысуын электрофоретикалық зерттеу нәтижесі нені білдіреді?
Шешу алгоритмі:
1) Қан сарысуындағы белок фракцияларының қалыпты көрсеткіштері қандай?
2) Қалыпты жағдайдағы қан плазмасының химиялық құрамын және организм үшін гамма-глобулиндердің ролін көрсетіңіз.
3) Электрофорез әдісінің мәні неде? Глобулиндердің химиялық қасиеттерін атап шығыңыз.
75 Есеп
Науқаста бауыр зақымдануы деген болжам бар. Осы болжамды нақтылау үшін науқастың қаны мен зәрінен қандай көрсеткіштерді анықтауға ұсыныс бересіз.
Шешу алгоритмі:
1) Бауырдың арнайы ферменттерін атаңыз, оның ферменттер класындағы орнын көрсетіңіз және олар тездететін реакцияларды жазыңыз. Олардың құрамына қандай витаминдер кіреді?
2) Бауыр ауруларында билирубиннің қандай түрі артады? Оның қан сарысуындағы қалыпты мөлшерін, химиялық қасиеттерін және түзілу үдерісін көрсетіңіз.
3) Бауыр функциясын (антитоксикалық, секреторлы-экскреторлық, синтетикалық) зерттеу үшін клиникалық практикада қандай функционалдық сынамалар қолданылады?
76 Есеп
Ирина К., 35 жаста, таныс дәрігердің кеңесі бойынша құрамында көмірсуы жоқ тағамды пайдаланды. Оның бұлай жасауына бір аптаға созылған қатты уайым әсерінен қандағы глюкоза мөлшерінің артуы себеп болды. Осындай диета ұстағаннан бір аптадан кейін ол өзінің салмақ тастағанын (арықтағанын) байқады, бірақ қандағы глюкоза мөлшері қалыпқа келмеді. Ол көмірсусыз диета ұстауды одан әрі жалғастырды, бір айдан соң оның дене салмағы бастапқыдағыдан 30%-ға төмен болды, аузынан жеміс эссенциясының иісі сезілді. Қосымша шағымдары:
-кіші дәретке жиі отыру;
-тіл ұшының қызаруы, тамақтанған соң даусының бітуі пайда болды;
-көз алдында қара нүктелер байқалды.
Шешу алгоритмі:
1) Қант диабеті деген диагнозды жоққа шығару немесе бекіту үшін қандай көрсеткіштерді анықтау қажет?
2) Стресс реакцияларына қандай гормондар қатысады және қандағы глюкоза мөлшерін арттырады? Қандағы глюкозаның қалыпты мөлшерін көрсетіңіз, осы гормондарды атаңыз және түзілетін орнын көрсетіңіз. Олардың гипергликемиялық әсерінің механизмін көрсетіңіз.
3) Науқастың демінен жеміс эссенциясының иісі сезілуі немен байланысты? Осы иісті туғызуы мүмкін заттардың түзілу реакцияларын сызба түрінде көрсетіңіз. Олар қайда түзіледі және дені сау организмдегі олардың ролі қандай?
77 Есеп
Науқас артық салмаққа, жүргенде және кез келген дене еңбегімен айналысқанда ентігіп қалатынына, ыстықты көтере алмайтынына шағымданады. Ол негізінен жеңіл сіңетін көмірсулармен және жануар майларымен тамақтанады, ас мәзірінде белоктар мен өсімдік талшықтары аз. Оның жұмысы компьютермен байланысты (отырып істейді). Тағамда көмірсудың көп мөлшерде болуы және физикалық жүктеменің аз болуы ересек адамдарды неліктен алиментарлық семіздікке ұшырататынын түсіндіріңіз.
Шешу алгоритмі:
1) Глюкозаның катаболизм үдерісін сызбанұсқа түрінде көрсетіңіз.
2) Липонеогенез дегеніміз не? Бұл үдеріске қандай аралық өнімдер түседі және қалай жүзеге асады? Бұл үдеріс қандай жағдайларда күшейеді?
3) Неліктен белоктардың, өсімдік талшықтарының тапшылығы және дене еңбегімен аз айналысу семірудің тәуекелдік факторлары болып табылады?
