- •2015-2016 Оқу жылы бойынша жалпы медицина факультетінің 2 курс студенттеріне арналған биохимиядан емтихан есептері
- •10 Есеп
- •11 Есеп
- •12 Есеп
- •13 Есеп
- •14 Есеп
- •15 Есеп
- •16 Есеп
- •17 Есеп
- •18 Есеп
- •19 Есеп
- •20 Есеп
- •21 Есеп
- •22 Есеп
- •23 Есеп
- •24 Есеп
- •25 Есеп
- •26 Есеп
- •27 Есеп
- •28 Есеп
- •29 Есеп
- •30 Есеп
- •31 Есеп
- •66 Есеп
- •67 Есеп
- •68 Есеп
- •69 Есеп
- •70 Есеп
- •71 Есеп
- •72 Есеп
- •73 Есеп
- •74 Есеп
- •75 Есеп
- •76 Есеп
- •77 Есеп
- •78 Есеп
- •79 Есеп
- •80 Есеп
66 Есеп
Жас жігіт жол-көлік оқиғасына ұшырап, көптеген жарақат алды. Оған қан құйылды және хирургиялық операция жасалды. Емханаға түскеннен кейін ол тәулігіне 500 мл зәр шығарды. Науқаста сусызданудың клиникалық белгілері байқалды, артериялық қысымы 90/50 мм сынап бағанасында.
Зертханалық мәліметтер:
-
Қан сарысуы:
Калий
5,6 ммоль/л
Мочевина
21,0 ммоль/л
Креатинин
140 мкмоль/л
Зәр:
Натрий
5 ммоль/л
Мочевина
480 ммоль/л
Шешу алгоритмі:
1) Қан плазмасының қалыпты химиялық құрамын көрсетіңіз.
2) Науқастың қанының анализіндегі байқалған өзгерістерді сипаттаңыз. Осы жағдайдағы қанның биохимиялық анализіндегі өзгерістер немен байланысты?
3) Қандағы калий, мочевина және креатинин деңгейінің өзгеру себептерін көрсетіңіз. Креатининнің түзілу реакциясын көрсетіңіз, бұл зат қайда түзіледі?
67 Есеп
20 жастағы студентте тұмау белгілері байқалды, оның асқа тәбеті жоқ, жүрегі айниды, оң жақ қабырғасының асты ауырады. Бауыр тұсын қолмен ұстап тексергенде оның ауыратыны анықталды. Екі күннен соң сарғыштану байқалды, зәр қоңыр түсті, ал нәжісі ақшылдау (солғын) болды.
Зертханалық мәліметтер:
-
Ауруханаға түскен кездегі
Бір аптадан соң
Қан сарысуы:
билирубин
38 мкмоль/л
230 ммоль/л
альбумин
40 г/л
38 г/л
АсАТ
450 МЕ/л
365 МЕ/л
СФ
70 МЕ/л
150 МЕ/л
ГГТ
60 МЕ/л
135 МЕ/л
Зәр:
билирубин
оң
оң
уробилиноген
оң
оң
Анализдерге түсінік – АсАт активтілігінің айтарлықтай артуы және сілтілі фосфатаза мен гамма-глутамилтрансфераза активтілігінің сәл жоғарылауы байқалады.
Осы жайтқа байланысты сіздің ойыңыз.
Шешу алгоритмі:
1) Берілген қан мен зәр анализін сипаттаңыз.
2) Науқаста сарғыштанудың қай түрі? Жауабыңызды түсіндіріңіз.
3) Өт, зәр және нәжіс пигменттерінің түзілу үдерісін сызба түрде көрсетіңіз және оларға қысқаша сипаттама беріңіз.
68 Есеп
Барда жұмыс істеген зейнеткер отбасылық дәрігерге қаралды, оның шағымы: 3айға созылған іш тұсының ауруы арқасына берілді, бұл ауырсыну тағам қабылдағанға байланысты еместігін айтты. Оған антацидтер қабылдау ұсынылды, дегенмен бір айдан соң ол ауруының күшейгеніне және дене салмағының азайғанына шағымданады. Соңғы аптада оның зәрінің түсі қоюланғаны, ал нәжісі түссізденгені байқалды. Тексеру барысында сарғыштану және арықтау белгілерінен басқа аномалия байқалмады.
Зертханалық мәліметтер:
-
Қан сарысуы:
жалпы белок
72 г/л
альбумин
40 г/л
билирубин
380 мкмоль/л
СФ
510 МЕ/л
АсАТ
80 МЕ/л
ГГТ
115 МЕ/л
Анализдерге түсінік – сілтілі фосфатаза мен гамма-глутамилтрансфераза активтілігінің айтарлықтай жоғарылауы байқалады.
Шешу алгоритмі:
1) Берілген қан мен зәр анализін сипаттаңыз.
2) Науқаста сарғыштанудың қай түрі? Жауабыңызды түсіндіріңіз.
3) Өт, зәр және нәжіс пигменттерінің түзілу үдерісін сызбанұсқа түрінде көрсетіңіз және оларға қысқаша сипаттама беріңіз.
