Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экзаменационные задачи для ЖМ казах 2015-2016 учебный год.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
158.42 Кб
Скачать

29 Есеп

Науқаста бауырдағы глюкозо-6-фосфатазаның тұқымқуалаушылық кемістігі анықталды. Бұл науқаста гликогеннің метаболизмі қалай өзгереді? Бұл жағдайдан кейін: тамақтанған кейін бауырда гликоген синтезі, гликогенолиз және глюкозаның қанға постабсорбтивті кезеңде шығуы жүре ме?

Шешу алгоритмі:

  1. Гликогеннің мобилизациялау сызбанұсқасын көрсетіңіз.

  2. Гликогеннің мобилизациялануына қатысатын ферменттерді көрсетіңіз және кемістігі бар (дефектілі) ферментті белгілеңіз.

  3. Бауырдағы бұл үдерістің, бұлшық еттегі үдерістен қалай ерекшеленетінін көрсетіңіз.

30 Есеп

Емтихан кезінде студенттің қандағы глюкоза мөлшері 7мМ/л тең екендігі анықталды. Егер студент емтиханға дейін 4 сағат бұрын таңғы асын ішсе, глюкозаның қандағы мөлшерінің өзгеру себебін түсінідіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Глюкозаның қалыпты жағдайдағы концентрациясын көрсетіңіз және бұл жағдайда студенттің қанында қай гормонның мөлшері жоғарылайтынын атаңыз.

  2. Бауырда бұл гормонмен активтенетін үдерістің сызбанұсқасын және реттеуші ферментті көрсетіңіз.

  3. Реттеуші ферментке гормонның әсер ету механизмін және гормондық сигналдың трансмембраналдық берілу жолын көрсетіңіз.

31 Есеп

Адам көмірсулардан тұратын түскі ас ішкеннен кейін 30 минут өткен соң жедел физикалық жұмыс (мысалы, қауіптен қашты) жасады. Осы жағдайда қаңқа бұлшық еттерінде гликоген синтезінің тоқтауы және ыдырауының стимулденуінің себебін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Гликоген синтезінің сызбанұсқасын көрсетіңіз. Гликоген тізбегіне бір молекула глюкоза қосылғанда жұмсалатын энергиямен байланысты реакцияны көрсетіңіз.

  2. Гликогенолиз сызбанұсқасын жазыңыз және бұлшық етте глюкозо-1-фосфаттың СО2 мен Н2О-ге дейін тотығуы кезінде түзілетін АТФ санын көрсетіңіз.

  3. Стресс жағдайында қай гормонның мөлшері жоғарылайтынын және бұл гормонның гликоген синтезі мен ыдырауына қатысатын реттеуші ферменттің белсенділігіне қалай әсер ететінін көрсетіңіз.

(32)37 есеп

Пируват түзілетін глюкозаның катаболизмі аэробты да, анаэробты да жағдайда жүреді. Аэробты және анаэробты жағдайда глюкоза екі молекула пируватқа ыдырағанда неше АТФ молекуласы түзіледі?

Шешу алгоритмі:

  1. Гликолиз сызбанұсқасын және АТФ синтезін қажет ететін реакцияны көрсетіңіз.

  2. Гликолиздің тотығу реакциясын формула пайдалана отырып, жазыңыз.

  3. Аэробты да, анаэробты да жағдайда НАДН2-нің пайдалану реакциясын сипаттаңыз.

(33)38 есеп

Спринтер мен стайер 100 м және 10 км арақашықтықта өзара жарысып жатыр. Спринтер жүз метрлікті бітірді, ал стайер оныншы километрді жүгіріп жатыр. Бұл жүгірушілердің бұлшық ет жұмысын энергиямен қамтамасыз етуінің айырмашылығын көрсет.

Шешу алгоритмі:

  1. Стайердің бұлшық ет жұмысының энергия көзі болып табылатын глюкоза катаболизмінің сызбанұсқасын көрсетіңіз.

  2. Дегидрлеу реакциясына қатысатын субстраттарды жазып, БТ (биологиялық тотығу) тізбегінде сутегінің бір субстраттан оттегіне дейінгі жолын көрсетіңіз.

  3. Спринтер мен стайердің глюкозаның арнайы катаболизм жолының энергетикалық эффектісінің және соңғы өнімінің құрамының, үдеріс барысындағы айырмашылықтарын көрсетіңіз.

(34)39 есеп

Тексерілу кезінде науқаста анемия және эритроциттерде Хайнц денешіктері анықталды. Хайнц денешіктері – оттегінің активті түрлерімен гемоглобиннің цистеиндік қалдықтарының SH-тобының тотығу барысында гемоглобин протомерлерінің агрегациясы және дисульфидті байланыстардың түзілуі. Эритроциттер метаболизмінің қандай бұзылыстары осындай клиникалық жағдайлардың себептері болуы мүмкін?

Шешу алгоритмі:

  1. Гемоглобиннің цистеин қалдығы тотықсызданған күйде қандай реакциялар көмегімен сақталатынын көрсетіңіз және осы үдеріске қатысатын коферментті атаңыз.

  2. Коферменттің тотықсызданған формасы түзілетін үдерістің сызбанұсқасын жазыңыз.

  3. Қай ферменттің қызметінің бұзылуы көрсетілген клиникалық жағдайға себеп болатын және керекті коферменттің жеткіліксіздігіне алып келетінін көрсетіңіз.

(35)40 есеп

Емханаға екі студент қан құрамындағы қантты тексеруге келді. Анализ нәтижелері дайын болғанда, 1-ші студентте қандағы глюкоза мөлшері 5,6 мМ/л, ал 2-ші студенттің қандағы глюкоза мөлшері 7 мМ/л екені анықталды. Алынған нәтижелерді талқылау кезінде, 2-ші студенттің таңертең тексеруге дейін жарты сағат бұрын тәтті шай ішкені анықталды. Алынған анализдерге қорытынды жасаңыз.

Шешу алгоритмі:

  1. Неліктен биохимиялық зертханада глюкозаның мөлшерін анықтау,қатаң түрде аш қарында жүргізіледі?

  2. Глюкозаның қандағы қалыпты мөлшері және тамақтанғаннан кейінгі жоғарылаған мөлшері қандай болады?

  3. Тамақтанғаннан кейін глюкоза мөлшерінің жоғарылауынан бауырда қандай үдеріс жылдамдайды?

(36)41 есеп

Ауыр дене еңбегі кезіндегі және ашығу кезіндегі глюконеогенездің ең басты субстраты – глицерин, ол майлардың тотығуы және ыдырауы кезінде түзіледі. Глюкозаның 1 молекуласының синтезіне неше молекула глицерин және АТФ керек екенін есептеңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Глюкозаның глицериннен синтезін керекті метаболиттермен толықтырыңыз: Глицеринглицерол-3-фосфатдигидроксиацетонфосфат234глюкоза

1

  1. Бастапқы екі реакцияны формуламен, ферменттерін және коферменттерін көрсете отырып, жазыңыз.

  2. Сызбанұсқа түрінде АТФ-ті қажет ететін реакцияны көрсетіңіз.

(37)42 есеп

Цинганың клиникалық көріністері – тері астында және шырышты қабықтың астында қанның жинақталуы, қызыл иектің қанауы, тістің түсуі, анемия. Бұл ауру қай витаминнің жетіспеушілігінен пайда болады және қандай үдерістің бұзылуына әкеледі?

Шешу алгоритмі:

  1. Осы витаминді атап, оның формуласын жазыңыз.

  2. Бұл витаминнің қандай белоктың синтезіне қатысатынын еске түсіріңіз, осы белоктың құрылысын сипаттаңыз.

  3. Осы витамин қатысатын реакцияны жазыңыз, оның функциясын түсіндіріңіз, ферментті атап; осы реакцияның жүруі үшін қандай заттың керек екенін көрсетіңіз.

(38)43 есеп

Коллагеннің альфа-тізбегі көп мөлшердегі глицин қалдықтарынан тұрады. Глициннің басқа амин қышқылына алмасуы нәтижесіндегі мутациялар келесі ауыр зардаптарға әкеледі: сүйектің сынғыштығына, тістің ауытқуына, буындардың аса қозғалтқыштығына және т.б. Неліктен осындай көрсеткіштер байқалады?

Шешу алгоритмі:

  1. Коллагеннің амин қышқылдық құрамын көрсетіңіз; осы құрамның коллагеннің құрлысының қалыптасуындағы маңызын түсіндіріңіз.

  2. Коллагеннің біріншілік құрылымының ерекшеліктерін және оның негізгі қызметін атаңыз.

  3. Тропоколлагеннің қалыпты молекуласын түзу үшін глицин қалдықтарының қандай маңызы бар екенін түсіндіріңіз.

(39)44 есеп

Адам тағамының құрамына линоль, линолен, олеин қышқылдары кіреді. Ас қабылдағаннан кейін 1 сағат өткенде хиломикрондардың құрамында пальмитин, линоль, стеарин және олеин қышқылдары басым екені анықталды. Осы нәтижелерді түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Тағаммен түскен майдың гидролизінің реакциясын жазыңыз

  2. Ішек қабырғасындағы ТАГ ресинтезінің сызбанұсқасын жазыңыз

  3. Тағам майларының құрамы және хиломикрон құрамындағы майлардың арасындағы айырмашылықтарды түсіндіретін реакцияларды жазыңыз.

(40)45 есеп

Құрамына майлар және көмірсулар кіретін тағаммен тамақтанғаннан кейін, қан сарысуының түрі өзгеріп, лайланады («сүттәрізді сарысу»), ал 2-3 сағат өткеннен кейін қайтадан мөлдір сұйықтыққа айналады. Осы өзгерістерді түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Неліктен майлы тағам қабылдағаннан кейінгі қандағы өзгерістерді «алиментарлық гиперлипидемия» деп атайды? Түсіндіріңіз.

  2. Өте майлы тағамды қабылдағаннан кейін 1 сағат өткенде, липопротеиндердің қайсысы қанда басым болады?

  3. Осы липопротеиндердің негізгі компоненттерін атаңыз?

(41)46 есеп

40 жастағы науқас әйелдің өт қапшығында, өт жолдарын жауып, өттің ішекке түсуін бұзатын өт тастары бар екені анықталды. Өттің секрециясының бұзылуының барлық салдарын атаңыз.

Шешу алгоритмі:

  1. Өт қышқылдарының формуласын жазыңыз.

  2. Липидтердің қорытылу өнімдерінің сіңірілуіндегі өт қышқылдарының қызметін көрсетіңіз және сызбанұсқа салыңыз.

  3. Осы науқаста қандай заттардың тапшылығы болуы мүмкін және оның белгілері мен салдары.

(42)47 есеп

Май қышқылдарының синтезі жүретін жасушаларда, сол үдеріспен қатар глюкозаның пентозофосфатты жолмен тотығуы (ПФЦ) жүреді. Осы үдерістердің арасындағы байланысты түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. ПФЦ және май қышқылдарының синтезінің сызбанұсқасын көрсетіңіз

  2. Май қышқылдарының синтез реакцияларын ПФЦ-мен қамтамасыз ететін коферментті және оның құрамындағы витаминді атаңыз. Осы коферменттің қатысуыменен жүретін май қышқылдарының синтез реакцияларын жазыңыз

  3. Неліктен бауырда, май тінінде, эритроциттерде ПФЦ өте қарқынды жүреді?

(43)48 есеп

Эксперименттік жануарларды құрамында тек көміртектің радиоактивті атомдары бар глюкозамен ған қоректендірді. Бірнеше сағаттан кейін адипоциттердегі майларды зерттегенде, радиоактивті көміртек глицерол және май қышқылдары радикалдарының құрамында табылғаны анықталды. Шешу алгоритмі:

  1. Глюкозаның ацетил-КоА-ға дейін катаболизмін жазыңыз.

  2. Фосфотриозадан глицеролға дейін липонеогенез сызбанұсқасын жазыңыз.

  3. Май қышқылдарының синтезін сызбанұсқа түрінде көрсетіңіз.

(44)49 есеп

Майлар энергияны көп қажет ететін молекулалар болып табылады. Майлардың құрамына қарап осыны түсіндіріңіз. Трипальмитиннің бір молекуласы тотыққан кездегі АТФ санын санаңыз. Шешу алгоритмі:

  1. Осы қосылыстың гидролиз реакциясын жазыңыз.

  2. Пальмитин қышқылының бір молекуласы тотыққан кездегі АТФ санын санаңыз.

  3. Глицериннің тотығу реакцияларын жазыңыз және және осы үдеріс кезінде түзілетін АТФ санын санаңыз. Трипальмитиннің бір молекуласы тотыққан кездегі толық АТФ санын санаңыз.

(45)50 есеп

Тұқым қуалау ауруларының біреуінде, қаңқа бұлшық еттерінде карнитиннің синтезіне қатысатын ферменттердің ақауларының нәтижесінде, карнитиннің концентрациясының төмендеуі байқалады. Неліктен осы науқастарда ауыр дене жұмысын істейтін қабілеті төмен болады?

Шешу алгоритмі:

  1. Май қышқылдарының алмасуындағы карнитиннің ролін көрсететін сызбанұсқаны жазыңыз.

  2. Осы науқастарда қай метаболиттік жолдың жылдамдығы төмендегенін көрсетіңіз.

  3. Неліктен науқастардың бұлшықеттерінің жасушаларында микроскоппен көрінетін үлкен май вакуольдары табылатынын түсіндіріңіз.

(46)51 есеп

Эксперименттік жануарларды 1 апта бойы құрамында көміртектің радиоактивті атомдары бар глюкозаның артық мөлшерімен қоректендірді. Сосын 2 күн бойы ашықтырды. Қандарында құрамында радиоактивті көміртек бар кетон денелері анықталды. Тәжірибенің нәтижелерін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Глюкозаның ацетил-КоА-ға дейін катаболизмінің сызбасын жазыңыз.

  2. АцетилКоА-ның кетон денелерінің синтезіне пайдалану сызбанұсқасын көрсетіңіз

  3. Глюкозаның катаболизміне және кетон денелерінің синтезіне қатысатын негізгі ферменттерді атаңыз.

(47)52 есеп

60 жастағы екі ер адамның қанындағы жалпы холестерол деңгейін және ТТЛП/ТЖЛП индексін анықтады. Екеуінде де жалпы холестерол деңгейі – 6,0 мМ/л болды, ал ТТЛП/ТЖЛП индексі бірінші науқаста – 4, ал екіншісінде – 3,1. Алынған нәтижелерді бағалаңыз.

Шешу алгоритмі:

  1. Қай науқаста атеросклероздың және оның асқынуының қаупі жоғары болады.

  2. Холестериннің тасымалдануындағы ТЖЛП ролін көрсететін сызбанұсқаны құрастырыңыз.

  3. Неліктен ТТЛП атерогенді липопротеиндер деп, ал ТЖЛП – антиатерогенді деп атайтынын түсіндіріңіз.

(48)53 есеп

Науқаста жедел панкреатит. Сол кезде ұйқы безі жолдарының қабырғаларының қабынуы және ісінуі, ұйқы безі өзегінің тарылуы, сөл бөлуінің жүрмей қалу құбылыстары байқалады. Осы науқасқа жедел медициналық жәрдем қажет. Ұйқы безі сөлінің бөлінуінің бұзылуы неге қауіпті екенін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Ұйқы безі сөлінде қандай ферменттер синтезелетінін айтыңыз.

  2. Олардың активтену жолдарын, проферменттердің активаторларын атаңыз.

  3. Ұйқы безі тінінде олардың активтенуі қандай салдарға әкелетінін түсіндіріңіз.

(49)54 есеп

Науқастың асқазан сөлінде лактат және өт пигменттері жоғарылағаны анықталды. Осы кезде қандай аурулар болуы мүмкін.

Шешу алгоритмі:

  1. Өнімі лактат болатын үдерісті атаңыз. Неліктен лактат асқазанда жиналады. Оның бар болуын қандай сапалық реакциямен анықтауға болады?

  2. Асқазан сөлінің ролін, асқазан сөлінің қышқылдық түрлерін және қалыпты жағдайдағы көрсеткіштері атаңыз.

  3. Неліктен асқазан сөлінде өт пигменттері пайда болады, оларға сапалық реакция?

(50)55 есеп

Асқазан жарасы бар аурудың асқазанының бір бөлігін алып тастады. Операциядан кейін тексеру нәтижесінде белоктардың қорытылу үдерісі айтарлықтай өзгермеді.Алынған зерттеу нәтижесін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Асқазанда синтезделетін пептидазаны, оның активтену механизмін және активаторын атаңыз.

  2. Панкреатидтік (ұйқы безі) пептидазаларды және энтероциттердің (ішек жасушаларының)

ферменттерін атаңыз.

  1. Бұл ферменттер пептидазалардың қай тобына жатады?

(51)56 есеп

Дені сау егеуқұйрықтарды ұзақ уақыт құрамында лейцин, валин и фенилаланин жоқ жасанды белоктық рационда ұстады.Бұл кезде азоттық баланс қалай өзгереді?

Шешу алгоритмі:

  1. Азоттық балансқа анықтама беріңіз.

  2. Бұл амин қышқылдары (лейцин, валин, фенилаланин) ағзада синтезделетін мүмкіндіктеріне қарай қандай аминқышқылдарының тобына жатады?

  3. Оң және теріс азотты баланстардың мүмкін болатын себептерін атаңыз.

(52)57 есеп

Науқаста миокард инфаркты деген болжаммен қанында АЛТ (аланинаминотрансфераза) және АСТ (аспартатаминотрансфераза) активтіліктері анықталды.Осы патология кезінде қандай аминотрансферазаның активтілігі көп мөлшерде артады және неге? Көрсетілген патологияны толық анықтау үшін қанда басқа қандай ферменттер анықталатынын атаңыз?

Шешу алгоритмі:

  1. АЛТ және АСТ катализдейтін реакцияны атаңыз.

  2. Бұл реакциялардың амин қышқылдары метаболизміндегі маңызын түсіндіріңіз.

  3. Энзимодиагностика принципін түсіндіріңіз.

(53)58 есеп

Науқастың зәрінде креатинин концентрациясы 30мМ/л (қалыпты жағдайда 88-176мМ/л).

Қандай тіннің зақымданғаны деп болжам жасауға болады?

Шешу алгоритмі:

  1. Креатинин туындысы болатын амин қышқылдарын атаңыз.

  2. Креатинин түзілу сызбанұсқасын жазыңыз және осы үдеріске қатысатын тіндерді атаңыз.

  3. Осы жағдайда аурудың қанында қандай ферменттер артады?

(54)59 есеп

Ірімшікте (творог) барлық алмастырылмайтын амин қышқылдары бар. Бауырды май басуда науқасқа көбірек ірімшік жеу ұсынылады. Неге мұндай диета науқастың жағдайын жақсартатынын түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Бауырдан триацилглицериндерді тасымалдауға қатысатын затты атаңыз; ол заттың құрамына кіретін заттарды атаңыз.

  2. Холин синтезделетін реакцияны жазыңыз, бұл реакцияға қандай алмастырылмайтын амин қышқылы керек?

  3. Құрамына холин кіретін фосфолипид формуласын жазыңыз.

(55)60 есеп

Тырыспа болғанда жедел жәрдем бөлімінің дәрігері науқастың ағзасына ГАМҚ (гамма аминомай қышқылын) енгізеді. ГАМҚ арнайы рецепторлары арқылы жүйке тіндерінде тежелу үдерісін туғызады, тырыспа талып қалу құбылысын тежейді. Неліктен В6 витаминінің жетіспеушілігінен тырыспа болуы мүмкін? Амин қышқылының алмасуының бұзылуына байланысты тырыспаға икем науқастарға қандай амин қышқылын ұсынуға болады?

Шешу алгоритмі:

  1. Ағзадағы ГАМҚ түзілетін орнын және функциясын көрсетіңіз.

  2. ГАМҚ түзілу сызбанұсқасын және инактивациясын жазыңыз, осы үдерістерге қатысатын ферменттер мен коферменттерді атаңыз.

  3. ГАМҚ синтезіне қатысатын ферменттің құрамына кіретін витаминді атаңыз.

(56)61 есеп

Аддисон ауруының бір себебі (қола түстес ауру, гипокортицизм, бүйрек үсті безінің гипофункциясы) кортикостероидтармен ұзақ емделуден бүйрек үсті безінің жасушаларының атрофиясы болып табылады. Аурудың негізгі симптомы бұлшық ет әлсіздігі, гипогликемия, бұлшық еттерде дистрофиялық өзгерістер, артериялық қысымның төмендеуі, кей жағдайда тері мен шырышты қабаттарда пигментацияның күшеюі байқалады. Аурудың бұл симптомдарын қалай түсіндіруге болады?

Шешу алгоритмі:

  1. Физиологиялық белсенді негізгі кортикостероидтарды атаңыз және олардың қызметін көрсетіңіз.

  2. Бұл аурудағы гипогликемия, бұлшық еттерде дистрофиялық өзгерістердің себебі қандай кортикостероидтардың жетіспеуінен болады?

  3. Аддисон ауруы кезіндегі гипогликемия мен қан қысымының төмендеу механизмін түсіндіріңіз.

(57)62 есеп

Таулы аймақта тұратын 18 жастағы қыз бала эндокринологқа жалпы әлсіздік, дене температурасының төмендеуі, көңіл күйінің төмендеуі шағымдарымен келді. Пациентті қанындағы ТТГ және йодтирониндерді анықтауға жіберді. Анализ нәтижесі қанда ТТГ концентрациясының жоғарылағанын және тироксиннің төмендегенін көрсетті. Науқаста қандай ауру деп болжам жасауға болады?

Шешу алгоритмі:

  1. Мұндай аурудың себебі не болуы мүмкін және тұратын жері мен аурудың пайда болуы арасында байланыс бар ма?

  2. Йодтирониндердің синтезінің реттелу сызбанұсқасын көрсетіңіз.

  3. Бұл патологияда профилактика үшін қандай диетаны сақтау керек.

(58)63 есеп

39 жастағы науқас үнемі аштық, шөлдеу сезіміне, тез шаршайтынына , қалыпты дене шынықтыру жүктемесі мен тәбеттінің жақсы болғанына қарамастан, салмағының азайғанына шағымданды. Аш қарынға глюкоза мөлшері 7мМ/л болды.

Шешу алгоритмі:

  1. Қалыпты жағдайдағы қандағы глюкоза мөлшерін көрсетіңіз және науқаста қандай ауруды болжауға болады?

  2. Көрсетілген симптомдардың механизмдерін түсіндіріңіз.

  3. Диагноз қою үшін қосымша қандай зерттеулер жүргізу керек? Бұл кезде қандай нәтиже күтуге болады?

(59)64 есеп

Ер адам есінен танып қалды. Сонымен қатар оның өңі бозарған, денесі салқындаған. Есін жинату кезінде оның қалтасынан глюкометр ( глюкоза мөлшерін анықтауға арналған прибор) және шприц табылды.

Шешу алгоритмі:

  1. Қандай патологиялық жағдай деп болжам жасауға болады және бұл жағдай қандай ауруда байқалады?

  2. Неліктен бұл жағдайда есінен тану байқалады және науқастың қалтасында глюкометр мен шприцтің болуы немен байланысты?

  3. Қандай алғашқы көмек көрсету керек және неге?

(60)65 есеп

Аурухананың инфекциялық бөліміне сарғыштану белгісі байқалған және әлсіздікке, дене температурасы жоғарылағанына (+38,5С) шағымданған науқас түсті. Тікелей және тікелей емес билирубин концентрациялары жоғарылаған. Зәрде тікелей билирубин және уробилин анықталған. Науқаста сарғыштанудың қандай түрі?

Шешу алгоритмі:

  1. Тікелей және тікелей емес билирубиннің түзілу сызбанұсқасын көрсетіңіз.

  2. Тікелей емес билирубиннің конъюгация реакциясын жазыңыз және тікелей және тікелей емес билирубиннің қасиетттерін атаңыз.

  3. Бауыр патологиясына диагноз қою үшін қанда бауырдың қандай ферменттерінің активтілігін анықтайды және энзимодиагностикаға негізделген негізгі принциптерді атаңыз.

(61)66 есеп

Науқас белінің ауратынына, ісіну пайда болғанына, әлсіздік және қан қысымының артқанына шағым жасады. Дәрігер науқастың бүйрегінің ауырғаны туралы болжам жасады. Дәрігер неге осындай болжам жасағанын түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Бүйректің зақымданғанын анықтау үшін қан мен зәрде қандай биохимиялық көрсеткіштерді анықтау керек?

  2. Бүйрек ауруларында қан мен зәрдің анализінде қандай өзгерістер болады (қан сарысуы белоктарының электрофорезінде)

  3. Неге бүйрек ауруы кезінде қан қысымының артатынын сызбанұсқа түрінде көрсетіңіз.

(62)67 есеп

Науқастың жіліншігінің төменгі жағы сынғандай ауырады.Соңғы кезде арықтағаны және әлсіздік байқалады. Дәрігер науқастың сүйек тіні зақымданғаны туралы болжам жасады. Осы болжам неге негізделген?

Шешу алгоритмі:

  1. Науқаста сүйек тіні зақымданағанын анықтау үшін қандай арнайы ферменттерді анықтау керек?

  2. Бұл жағдайда қанда қандай макроэлементтерді анықтау керек?

  3. Диагнозды анықтау және емдеу үшін қандай гормондарды анықтау керек, олардың физиологиялық әсерін.

(63)68 есеп

Стационардың қабылдау бөліміне буындары қабынған және жүрегі ауырған науқас түсті. Науқасқа қандай биохимиялық анализдерді өткізуге жолдама бересіз?

Шешу алгоритмі :

  1. Жедел қабыну кезінде қан сарысуындағы белок фракцияларының мөлшері қалай өзгереді?

  2. Қабыну созылмалы түрге ауысқан кезде қан сарысуындағы белок фракцияларының мөлшері қалай өзгереді?

  3. Қауіпті фаза белоктарын атаңыз және оларға қысқаша сипаттама беріңіз.

(64)69 есеп

Науқас ревматология бөлімінде ем алып жатыр. Емделудің 15-ші күнінде оның қан сарысуындағы белоктық фракцияны зерттеген кезде: альфа-1-глобулиндер – 5%, альфа-2-глобулиндер – 7%, бета-глобулиндер – 18%, гамма-глобулиндер – 23% болды. Альбуминдердің мөлшері қалыпты жағдайда. Көрсетілген анализде бұзылыстар байқалады ма?

Шешу алгоритмі :

  1. Қалыпты жағдайда қан сарысуында белок фракцияларының мөлшері қандай?

  2. Электрофорез әдісінің маңызы неде?

  3. Жедел және созылмалы қабынуда белок фракцияларының арақатынасы қалай өзгереді?

(65)70 есеп

Науқас ішінің үзілісті және айналдыра ауыратынын, әсіресе сол жақ қабырғасының асты қатты ауыратынына шағымданды. Соңғы кезде іші жиі өтеді, әсіресе майлы тағам қабылдағаннан кейін. Нәжісінде май бар екені анықталды. Дәрігер ұйқы безінің зақымданғанына болжам жасады. Бұл болжам неге негізделген?

Шешу алгоритмі:

  1. Ұйқы безінің зақымдануында қанда қандай арнайы фермент артады? Ол фермент қандай класқа және қай топқа жатады?

  2. Неге майлы тағамды қабылдағаннан кейін іш өту байқалады және онда май анықталады?

  3. Тағам триглицеридтерін гидролиздейтін ұйқы безінің ферментін активтеуге қандай заттар керек?