Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экзаменационные задачи для ЖМ казах 2015-2016 учебный год.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
158.42 Кб
Скачать

23 Есеп

Барбитураттар (натрий амиталы және тб) медицинада ұйықтататын заттар ретінде қолданылады. Бірақ бұл препараттарды емдік дозадан 10 есе артық қабылдаса, өліп кетуі де мүмкін. Барбитураттардың организмге токсикалық әсері неге негізделген?

Шешу алгоритмі:

  1. Осы препараттар әсер ететін үдерістердің сызбанұсқасын салыңыз.

  2. Сызбанұсқадан барбитураттармен біріншілік ингибирленетін үдеріс сатысын көрсетіңіз.

  3. Олардың ағзаға әсерінің салдарын сипаттаңыз.

24 Есеп

ХХ-шы ғасырдың басында медицина қызметкерлері 2,4-динитрофенол секілді жарылғыш заттар шығаратын әскери зауыттарда жұмыс істейтіндер салмақтарын тез жоғалтатындығын байқады. Осы негізде медицинада 2,4-динитрофенолды дене салмағын азайтатын препарат ретінде қолданды. Бірақ кейін жоғары токсикалық әсері мен кейбір жағдайларда соңы қазалы болғаны байқалғандықтан, қолдану тоқтатылды. 2,4-динитрофенолдың жоғары токсикалық әсері неге байланысты?

Шешу алгоритмі:

  1. Осы препарат арқылы бұзылатын метаболиттік жолдың сызбанұсқасын салыңыз.

  2. Әсер ету механизмін сипаттаңыз.

  3. 2,4-динитрофенолды дене салмағын азайтатын препарат ретінде пайдалану неге негізделгенін түсіндіріңіз.

25 Есеп

Митохондрия суспензиясына 2 ммоль цитрат және 2 ммоль АФД қосты. Субстраттың тотығу жылдамдығын оттекті жұтуы бойынша есептеді. Бірнеше уақыттан кейін реакция тоқтап қалды. Неге?

Шешу алгоритмі:

  1. ҮКЦ-да цитраттаң альфа-кетоглутар қышқылы түзілу реакциясын жазыңыз.

  2. Қай саты оттектің сіңіруімен және АДФ-ты пайдаланумен байланысты екенін анықтаңыз; тотығатын субстратты атаңыз.

  3. БТ сызбанұсқасы түрінде сутектің тотығатын субстраттан оттекке дейінгі жолын көрсетіңіз; Р/О коэффициентін көрсетіңіз.

26 Есеп

Науқаста пируватдекарбоксилазаның генетикалық жетіспеушілігі анықталды. Бұл қандай зардаптарға алып келуі мүмкін?

Шешу алгоритмі:

  1. Осы фермент катализдейтін реакция теңдеуін жазып беріңіз.

  2. Осы реакцияның өнімі қандай үдерістерде қолданылады.

  3. Осы үдерістердің бұзылуының зардаптары туралы қорытынды шығарыңыз.

27 Есеп

Клиникаға сүтпен тамақтандырғаннан кейін диареямен ауыратын нәресте келіп түсті. Диагноз қою үшін лактозаға толеранттығын тексеру үшін тест жүргізді. Науқасқа ашқарынға суда еріген 50 г лактоза берді. 30, 60 және 90 минут өткеннен кейін қаннан глюкоза концентрациясын анықтады. Нәтижелер қандағы глюкоза мөлшерінің өзгермегендігін көрсетті. Алынған нәтижелердің мүмкін болатын себептерін атап айтыңыз және дәлелдеңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Лактозаның ішекте қорытылу реакциясының сызбанұсқасын жазып, ферментін көрсетіңіз.

  2. Қандағы глюкоза мөлшері неге өзгермеді, түсіндіріңіз.

  3. Осы науқаста сүт тағамдарын көтере алмаушылық бұдан кейін де жалғасады ма? Жауабыңызды дәлелдеңіз.

28 Есеп

Қант диабеті – созылмалы гипергликемиямен сипатталатын ауру (ашқарында қандағы глюкоза мөлшері 6,1 мМ/л-ден көп болса), инсулиннің жеткіліксіз бөлінуі немесе әсерінің болмауынан болады. Қанда глюкозаның деңгейiн төмендету тәсiлдерінiң бiрi «Глюкобай»  препаратын қолдану болып табылады. Оның әсер етуші заты – акарбоза, оның құрылысы тетрасахарид және көмірсулар алмасуына қатысатын альфа-гликозидаза ащы ішек ферментінің ингибиторы. Акарбоза бар препараттармен емдеу барысында ащы ішекте глюкозаның түзілуі және оның қандағы мөлшерінің өзгеруін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Көмірсулардың ішекте қорытылу сызбанұсқасын салыңыз.

  2. Осы қосылыспен ингибирленетін ферменттерді атап шығыңыз.

  3. Осы ферменттердің акарбозамен ингибирлеу типін атаңыз.