- •2015-2016 Оқу жылы бойынша жалпы медицина факультетінің 2 курс студенттеріне арналған биохимиядан емтихан есептері
- •10 Есеп
- •11 Есеп
- •12 Есеп
- •13 Есеп
- •14 Есеп
- •15 Есеп
- •16 Есеп
- •17 Есеп
- •18 Есеп
- •19 Есеп
- •20 Есеп
- •21 Есеп
- •22 Есеп
- •23 Есеп
- •24 Есеп
- •25 Есеп
- •26 Есеп
- •27 Есеп
- •28 Есеп
- •29 Есеп
- •30 Есеп
- •31 Есеп
- •66 Есеп
- •67 Есеп
- •68 Есеп
- •69 Есеп
- •70 Есеп
- •71 Есеп
- •72 Есеп
- •73 Есеп
- •74 Есеп
- •75 Есеп
- •76 Есеп
- •77 Есеп
- •78 Есеп
- •79 Есеп
- •80 Есеп
18 Есеп
Көп мөлшерде кофеин қабылдаған адамдарда адреналиннің әсеріне ұқсас белгілер пайда болады: жүрек жиырылуының артуы, қолқаның кеңеюі, қозу, энергия тасымалдаушыларды қорға жинақтаушы ұлпаларда метаболизмнің өзгеруі. цАМФ-тің ыдырауына (цАМФАМФ) жауапты фермент фосфодиэстеразаның (ФДЭ) бәсекелес ингибиторы болып табылатын кофеиннің әсер ету механизмін түсіндіріңіз.
Шешу алгоритмі:
Кофеиннің әсерінен жасушада қандай заттың концентрациясы артады?
Кофеинді қолдану нәтижесінде қандай үдерістер активтенетінін атаңыз және бұл үдерістердің (реакциялардың) сызбанұсқасын келтіріңіз.
Берілген жағдайда қандай реакциялардың жылдамдығы артады және қандай ферменттер активтенеді?
19 Есеп
Клиникада асқазан ішек жолдарындағы бездерінің функциялары жеткіліксіздігінде және ингибиторлар ретінде де көбіне энзимді препараттарды тағайындайды. Бұл жағдайда ферменттерді қабылдау неге негізделген ?
Шешу алгоритмі:
Асқазан ішек жолдарында асқорыту үдерістері бұзылғанда энзимдік препараттармен орынбасу терапиясын тағайындайды. Осы препараттарға қандай ферменттер кіреді (класын, тобын және топшасын, түзілетін жерін көрсетіңіз).
Ас қорытуға қатысатын ферменттердің әсерін (сызбанұсқамен) көрсетіңіз.
Созылмалы панкреатитте (ұйқы безінің қабынуы) трасилол немесе басқа трипсиннің пептидтік ингибиторларын тағайындайды. Созылмалы панкреатитте трипсинннің ингибиторларын қабылдау неге негізделген? (ингибирлеу түрін көрсетіңіз).
20 Есеп
Аурухананың қабылдау бөліміне түскен науқас кеуде астының, көкірек тұсының ауыратынына және өзін нашар сезінетініне шағымданды. Қабылдау бөлімінің дәрігері биохимиялық зерттеулер арқылы АСТ-ның көрсеткіштері жоғарылағанын анықтады. Науқастың қай органы зақымдалған деп болжам жасауға болады?
Шешу алгоритмі:
АСТ жылдамдататын реакция теңдеуін жазып, осы ферменттің құрамына қандай витамин кіретінін көрсетіңіз.
Диагнозды нақтылау үшін науқасқа қосымша қандай биохимиялық көрсеткіштерді анықтауды тағайындау керек?
Атеросклерозды анықтау үшін науқаста қандай көрсеткішті анықтау керек?
21 Есеп
Оңашаландырылған митоходриялармен жүргізілетін зерттеуде тотығатын субстрат ретінде малатты пайдаланды. Берілгендердің ішінде қайсысы тыныс алу тізбегінің, ал қайсысы тотығудан форфорлану үдерістерін ингибирлейді?
А) натрий амиталы; Б) 2,4-динитрофенол; В) цианидтер; Г) май қышқылдары; Д) СО
Шешу алгоритмі:
Электрондарды (БТ) тасымалдау тізбегінің сызбанұсқасын салыңыз және түсіндіріңіз, сіз таңдаған қосылыстар БТ қай сатыларына қалай әсер етеді?
БТ мен ТФ қабысу нүктелерін көрсетіңіз.
Қай кезде тыныс алу коэффициенті 1, 2, 3-ке тең және осы көрсеткіштердің ішінде қайсысы қалыптыға сәйкес келмейді, түсіндіріңіз.
22 Есеп
Митохондрияларды жабық ыдыста фосфатты буферде инкубациялады, сутек доноры ретінде малат қолданды. Реакция жылдамдығын тәжірибелік сынамадағы сіңірілген оттекпен (ыдыстағы газдың азаюымен) анықтап отырды. АДФ-ты әр қосқан сайын оттектің сіңірілуі жедел артып отырды және АДФ-тың келесі үлесі қосылғанша өзгермей тұрды. Мұны қалай түсіңдіруге болады?
Шешу алгоритмі:
1) Малатты дегидрлеу реакциясын жазыңыз, БТ сызбанұсқасын пайдалана отырып, электрондар мен протондардың оттекке жолын көрсетіңіз.
2) БТ тізбегіндегі электрондардың тасымалдануымен АТФ синтезі арасындағы байланысты көрсетіңіз.
3) «Тыныс алуды бақылау» түсінігіне анықтама беріңіз және АДФ-ты мөлшерлеп қосқанда митохондрияда өтетін құбылыстарды түсіңдіріңіз.
