- •2015-2016 Оқу жылы бойынша жалпы медицина факультетінің 2 курс студенттеріне арналған биохимиядан емтихан есептері
- •10 Есеп
- •11 Есеп
- •12 Есеп
- •13 Есеп
- •14 Есеп
- •15 Есеп
- •16 Есеп
- •17 Есеп
- •18 Есеп
- •19 Есеп
- •20 Есеп
- •21 Есеп
- •22 Есеп
- •23 Есеп
- •24 Есеп
- •25 Есеп
- •26 Есеп
- •27 Есеп
- •28 Есеп
- •29 Есеп
- •30 Есеп
- •31 Есеп
- •66 Есеп
- •67 Есеп
- •68 Есеп
- •69 Есеп
- •70 Есеп
- •71 Есеп
- •72 Есеп
- •73 Есеп
- •74 Есеп
- •75 Есеп
- •76 Есеп
- •77 Есеп
- •78 Есеп
- •79 Есеп
- •80 Есеп
14 Есеп
Дәрігердің қабылдауындағы пациент көбіне пісірілген тағамдарды жейді, оның рационында көкөністер мен жеміс-жидектер жоқтың қасы. Науқас әлсірей беретіндігін, қызыл иегінің қанайтындығын, тістерінің босап кеткендігін, буындарының қақсайтындығын, есте сақтау қабілетінің нашарлағандығын, жиі суық тиіп ауыратындығын айтып шағымданды. Дәрігер тексеру барысында көптеген петехиялар, терісінің бозарғанын байқады. Қан талдауы гипохромды анемияны көрсетті. Берілген белгілердің механизмін түсіндіріңіз.
Шешу алгоритмі:
Берілген жағдайға қажетті витаминнің химиялық табиғатын, биологиялық әсерін сипаттаңыз, әріптік белгісін көрсетіңіз
Бұл витамин қандай тағамдардың құрамында болады, қандай ферменттердің құрамына кіреді?
Капиллярлардың жоғары сынғыштығының және дәнекер тінінің дәрменсіздігімен байланысты авитаминоздың басқа да белгілерінің негізінде жататын, бұл витаминнің авитаминозы кезінде өзгеретін реакция теңдеуін жазыңыз, ферментті атаңыз.
15 Есеп
Созылмалы гастритпен және ащы ішектің шырышты қабатының зақымдануымен ауыратын науқастың қанына анализ жасағанда эритроциттер, лейкоциттер, гемоглобин мөлшерінің төмендегені, жетілмеген ірі жасушалар-мегалобласттар бар екендігі анықталды. Орталық және перифериялық жүйке жүйесінде ауытқулар, атап айтқанда есте сақтау қабілетінің нашарлауы, парездер және сал ауруының белгілері байқалды. Берілген белгілердің механизмін түсіндіріңіз.
Шешу алгоритмі:
Берілген жағдайға қажетті витаминнің химиялық табиғатын, биологиялық әсерін сипаттаңыз, әріптік белгісін көрсетіңіз
Берілген витаминнің сіңірілуі үшін қандай фактор қажет және ол қай жерде түзіледі?
Берілген витаминнің қатысуымен жүретін реакция теңдеуіне мысал келтіріңіз.
16 Есеп
Антибиотиктермен ұзақ уақыт емделген соң пациентте мұрынның жиі қанауы, бір жерін сәл кесіп алса да, қан көп кетуі, көздің тор қабығына қан құйылуы тәрізді белгілер байқалды. Аскорутинді қабылдау оң нәтиже бермеді. Берілген белгілердің механизмін түсіндіріңіз.
Шешу алгоритмі:
Берілген жағдайға қажетті витаминнің химиялық табиғатын, биологиялық әсерін сипаттаңыз, әріптік белгісін көрсетіңіз.
Берілген витаминнің антивитаминдері және синтетикалық аналогы қалай аталады, бұл витамин қандай тағамдарда кездеседі?
Бұл витаминнің биологиялық әсерін сипаттаңыз.
17 Есеп
Қышқылды фосфатаза ферменті фосфор қышқылының күрделі эфирлерінің гидролизі реакциясын жылдамдатады. Бұл фермент көк бауыр, простата жасушаларында түзіледі, эритроциттер, тромбоциттер, макрофагтар және остеокласттар құрамында болады. Бұл фермент сперматозоидтар акросомасында болады, және ұрықтану кезінде ооцит плазмолеммалары фосфолипидтерін ыдыратады. Қышқылды фосфатаза ферментінің ең жоғары ферментативтік активтілігі қышқылдық ортада, рН-ң 4,7-6,0 мәнінде болады.
Шешу алгоритмі:
Реакция жылдамдығының рН-қа тәуелділік графигін тұрғызыңыз. рН-ң өзгеруімен қышқылды фосфатаза активтілігінің өзгеру себебін түсіндіріңіз.
Ферменттің класын, тобын және топшасын анықтаңыз.
Берілген ферментті анықтаудың диагностикалық маңызы.
