Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экзаменационные задачи для ЖМ казах 2015-2016 учебный год.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
158.42 Кб
Скачать

10 Есеп

Туберкулезге қарсы препараттармен (тубазид, фтивазид) ұзақ уақыт емделгеннен соң науқаста ашуланшақтық, кейде тырыспа, дерматит, стоматит пайда болды. Қанға биохимиялық талдау жасағанда гипохромды анемия, гипераминоацидемия белгілері, сонымен қатар зәрінде оксалаттың және аминқышқылдарының, әсіресе гомоцистеин мен цистатионның көбейгендігі байқалды. Берілген белгілердің, ауытқулардың механизмін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Берілген жағдайға қажетті витаминнің химиялық табиғатын, биологиялық әсерін сипаттаңыз, әріптік белгісін көрсетіңіз.

  2. Бұл витаминнің витамерлерін атаңыз.

  3. Құрамында аталған витамин бар ферментер катализдейтін реакцияларға мысалдар келтіріңіз.

11 Есеп

Негізгі тағамы жүгері болып келетін Оңтүстік Америка тұрғындары көп жағдайда жүйке жүйесінің зақымдануы (деменция), ас қорыту жүйесінің зақымдануы (диарея) және терінің ашық жерлерінің симметриялы түрде зақымдануы (дерматит) тәрізді белгілер көрсететін аурулармен жиі ауырады. Аталған белгілердің механизмін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Берілген жағдайға қажетті витаминнің химиялық табиғатын, биологиялық әсерін сипаттаңыз, әріптік белгісін көрсетіңіз.

  2. Бұл витаминнің антивитаминін атаңыз; қандай тағамдардың құрамында болатынын және механизмін түсіндіріңіз.

  3. Бұл витамин ағзада қандай аминқышқылдарынан түзілетінін атаңыз және формуласын жазып көрсетіңіз. Ағзада бұл витамин аминқышқылдарының біреуінен (атаңыз) түзілгеніне қарамастан, егер де тағаммен түспесе, неліктен авитаминозға ұшырататындығын түсіндіріңіз.

12 Есеп

Инсоляция (Күн сәулесі аз түсетін) төмен болып келетін Солтүстік аймақта тұратын сәбиге мешел ауруының алдын алу үшін балық майы берілген. Дәрігер тексеру кезінде бас сүйегінің ерте қатаюын, сүйектердің ұзына бойы өсуінің баяулауы нәтижесінде қаңқа сүйегінің қисаюын байқады. Анасы сәбиде іш қату барлығына, тағамға тәбетінің нашарлағанына және салмақ жоғалтқанына шағымданды. Сәбидегі бұл өзгерістердің себептерін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Сәбиде қандай алмасу үдерісі бұзылған? Витамин қалай аталады?

  2. Теріде витаминнің түзілу сызбанұсқасын және оның бауыр мен бүйректегі метаболизмін көрсетіңіз.

  3. Берілген витаминнің әсер ету механизмін және ішек қабырғасындағы метаболиттік алмасу түрлерін көрсетіңіз.

13 Есеп

Ұзақ уақыт бойы алкогольді мөлшерден тыс ішуінің нәтижесінде бауыр циррозына ұшыраған науқас көмірсуы басым диетаға отырған және жүрек тұсының ауыратындығына, саусақтарының ұшы жансызданатындығына, балтыр бұлшық етінің ауыратындығына, есте сақтау қабілетінің нашарлағандығына шағымданды. Қан талдауы пируват пен лактаттың концентрациясының жоғарылауынан туындаған ацидозды көрсетті. Бұл себептердің механизмін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Науқаста алмасудың қандай түрі бұзылған? Витамин қалай аталады?

  2. Берілген жағдайда пируват пен лактаттың түзілу реакциясын жазыңыз. Ферменттерді, коферменттерді және олардың құрамына кіретін витаминдерді атаңыз.

  3. Аэробты жағдайда пируваттың өзгеріске ұшырау реакциясын, ол реакцияның жүру жолын, реакцияны катализдейтін ферменттерді, олардың коферменттерін және құрамына кіретін витаминдерді жазыңыз.