- •2015-2016 Оқу жылы бойынша жалпы медицина факультетінің 2 курс студенттеріне арналған биохимиядан емтихан есептері
- •10 Есеп
- •11 Есеп
- •12 Есеп
- •13 Есеп
- •14 Есеп
- •15 Есеп
- •16 Есеп
- •17 Есеп
- •18 Есеп
- •19 Есеп
- •20 Есеп
- •21 Есеп
- •22 Есеп
- •23 Есеп
- •24 Есеп
- •25 Есеп
- •26 Есеп
- •27 Есеп
- •28 Есеп
- •29 Есеп
- •30 Есеп
- •31 Есеп
- •66 Есеп
- •67 Есеп
- •68 Есеп
- •69 Есеп
- •70 Есеп
- •71 Есеп
- •72 Есеп
- •73 Есеп
- •74 Есеп
- •75 Есеп
- •76 Есеп
- •77 Есеп
- •78 Есеп
- •79 Есеп
- •80 Есеп
78 Есеп
Стационардың қабылдау бөліміне 64 жастағы ер адам түсті, оның шағымы 12 сағат бойы сол аяғының бас бармағының қатты (жан шыдатпай) ауруы. Ер адам семіздіктен зардап шегеді, ішімдікті жиі қолданады. Тексеру барысында сол жақ табанының бас бармағының метакарпофалагиальды буынының қабынуы анықталды. Денесінің басқа жерінде қабыну байқалмады. Қабылдау бөлімінің дәрігері подагра деген болжам жасады.
Шешу алгоритмі:
1) Қабылдау бөлімі дәрігерінің болжамын нақтылау үшін қандай биохимиялық көрсеткішті анықтау қажет? Оның қалыпты шамасын көрсетіңіз.
2) Науқастың буынында ауырсыну тудырған негізгі заттың түзілу реакциясын жазыңыз.
3) Науқасқа подагра ұстамасының жиілігін азайту үшін қандай диета ұсынылуы тиіс?
79 Есеп
Отбасылық дәрігерге артық салмаққа шағымданған 30-жасар әйел келді. Ол тұрмыс құрған, бірақ балалары жоқ. Ол сонымен қатар етеккір циклінің ретсіз екендігіне де шағымданды. Отбасылық анамнезден оның анасы мен екі әпкесі де семіздіктен зардап шегетіні анықталды. Оның жұмысы офисте және ол жаттығулар жасамайды (спортпен айналыспайды). Сондай-ақ, ол тәбетінің жақсы екенін және жолдасы (артық салмақты) екеуі фаст-фудпен жиі тамақтанатынын айтты. Оның бойы 163 см, салмағы 91 кг.
Шешу алгоритмі:
1) Семіздік кезінде қандағы қандай биохимиялық көрсеткіштер қалыпты шамадан ауытқуы мүмкін және неліктен?
2) Отырып жұмыс істейтін және дұрыс тамақтанбайтын ересек адамдарда байқалатын абдоминальды семіздік несімен қауіпті?
3) Дені сау организмдегі липидтердің тасымалдану формаларының метаболизмін сипаттаңыз.
80 Есеп
Науқаста артық салмақ, дене жүктемесі артқанда күшейе түсетін ентігу, қабағы мен денесінің басқа да бөліктерінде ксантоманың пайда болуы. Фаст-фудпен (жеңіл сіңетін көмірсуларға, крахмалға, жануар майларына бай тағам) тамақтанады. Науқастың қанынан қандай зертханалық көрсеткіштерді анықтау қажет? Осы жағдайда аталған белгілерді биохимиялық тұрғыдан түсіндіріңіз. Жауабыңызды дәлелдеңіз.
Шешу алгоритмі:
1) Липидтердің тасымалдану формаларын атаңыз және олардың метаболизмін сызбанұсқа түрінде көрсетіңіз.
2) Дені сау ересек адамның қанындағы жалпы холестериннің, триглицеридтердің және глюкозаның қалыпты мөлшерлерін көрсетіңіз.
3) Осы науқасқа диетаға қатысты қандай ұсыныстарды айтасыз?
Дайындаған: биологиялық химия кафедрасының оқытушылары
Ішкі тел.: 7056
