Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экзаменационные задачи для ЖМ казах 2015-2016 учебный год.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
158.42 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

БИОЛОГИялЫҚ ХИМИЯ КАФЕДРАСЫ

ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ 2 КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ арналған

БИОЛОГИЯЛЫҚ ХИМИЯДАН 2015-2016 ОҚУ ЖЫЛЫНың ЕМТИХАН ЕСепТЕРІ

«КЕЛІСІЛГЕН» «БЕКІТЕМІН» «Жалпы медицина» «Өмір туралы ғылымдар»

факультетінің деканы ОД директоры Жумашева Р.Т. Мустафина К.К.

_______________ ________________

«____»________________2015 ж. «____»________________2015 ж.

2015-2016 Оқу жылы бойынша жалпы медицина факультетінің 2 курс студенттеріне арналған биохимиядан емтихан есептері

Биологиялық химия кафедрасының мәжілісінде талқыланған және бекітілген

№ ____ хаттама «____» _______________ 2015 ж.

Биохимия кафедрасының меңгерушісі, профессор Шарипов К.О.

«Өмір туралы ғылымдар» ОД ОБК мәжілісінде талқыланған

№ ____ хаттама «____» _______________ 2015 ж.

«Өмір туралы ғылымдар» ОД ОБК-ның төрағасы, доцент Битанова Э.Ж.

1 есеп

Кейбір сырқаттану кезінде науқастың ауруға қарсы тұруының салдарынан оның дене қызуы көтеріледі. Дегенмен дене қызуының көтерілуі ағза белоктары үшін ауыр соққы болып табылады. Не себепті дене қызуы +400С-тан жоғары көтерілсе, белок қызметі бұзылып, адам өміріне қауіп төнетінін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Белоктардың құрылымы және олардың құрылымын нативті конформацияда ұстап тұратын байланыстары.

  2. Температура жоғарылағанда белоктардың қызметі мен құрылымы қалай өзгереді?

  3. Ферменттер үшін оңтайлы температура дегеніміз не? Қайтымды және қайтымсыз инактивация.

2 есеп

Ми нейропептиді Leu-энкефалин тир-гли-гли-фен-лей тізбегінен тұрады. рН-ң мәні 3,0-ке; 7,0-ге; 11,0-ге тең болғандағы молекуланың қосынды зарядын анықтаңыз. Осы пептидтің изоэлектрлік нүктесі рН-ң қандай мәнінде жатады?

Шешу алгоритмі:

  1. Берілген пентапептидтің формуласын келтіру.

  2. Берілген амин қышқылдары химиялық құрылымы және қасиеттері бойынша қандай топтарға жататынын анықтау.

  3. Берілген рН мәндерінде амин қышқылдарын ион түрінде жазу.

3 есеп

Мидағы пептидтер нейропептидтер болып табылады. Нейропептидтердің алдыңғы екі өкілі энкефалиндер деп аталады, олар 1975 жылы жануарлар миынан бөлініп алынған. Бұл пептидтер ауруды тыныштандыратын қасиетіне орай дәрілік құралдар ретінде пайдаланылады. Берілген пентапептидті сипаттаңыз.

Шешу алгоритмі:

  1. Тир-Гли-Гли-Фен-Мет метионин-энкефалиннің құрылымдық формуласын жазыңыз және пептидтің «N» және «С» шетін айқындаңыз.

  2. Бейтарап ортада пептидтің қосынды зарядын және оның электрофорезде жылжу бағытын анықтаңыз.

  3. Бұл пептидпен қандай түсті реакциялар оң болады?

4 есеп

Молекулаларды немесе иондарды мембрана арқылы тасымалдайтын белоктар кей жағдайда трансмембраналық белоктар деп те аталады. Мұндай белоктардың құрылымында биомембрананың липидтің қабатында қоршалған және жасушаның ішкі жағына (цитоплазмаға) қарай, сонымен қатар жасушаның сыртқы аймағына бағытталған аумағы болады. Осындай белоктарды сипаттаңыз.

Шешу алгоритмі:

  1. Берілген трансмембраналық протеиннің түрлі телімдерінде қандай аминқышқылдары басым болатындығын жобалаңыз.

  2. Полярлы және полярсыз радикалды амин қышқылдарына мысалдар келтіріңіз.

  3. Қандай жағдайда белок молекуласының қосынды заряды нөлге тең болатынын түсіндіріңіз.

5 есеп

Фенилкетонуриямен ауыратын науқастың зәрінде фенилаланиннің мөлшері – 6мМ/л (қалыпты жағдайда 0,01мМ/л) және оның метаболиті болып табылатын фенилпирожүзім қышқылы – 4,9 мМ/л (қалыпты жағдайда болмау керек) анықталды. Не себепті науқастың ағзасында фенилаланиннің деңгейі жоғары және оның метаболиті зәрде пайда болған?

Шешу алгоритмі:

  1. Қай фермент болмаған кезде фенилаланиннің тирозинге айналуы тоқтайды? Реакция теңдеуін жазыңыз.

  2. Жоғарыда аталған реакцияны жылдамдататын ферментті, оның коферментін және ферменттің дұрыс жұмыс істеуіне қажет витаминдерді атаңыз.

  3. Жаңа туылған сәбиде фенилкетонурия ауруы анықталған жағдайда дәрігер қандай ұсыныстар беру керек және бұл ауру дер кезінде анықталмаса, қандай қауіп тудыруы мүмкін?

6 есеп

Қазіргі кезде биохимиялық зертханаларда адам ағзасынының биологиялық сұйықтықтарындағы ферменттерінің активтілігін анықтау үшін автоматты биохимиялық анализаторлар қолданылады. Лактатдегидрогеназаның (ЛДГ) активтілігін анықтау үшін қажетті реактивтерді дұрыс таңдауға лаборантқа көмектесіңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. ЛДГ катализдейтін реакцияны жазыңыз.

  2. Субстратты, коферментті, негізін қалаушы витаминді, ферменттің кездесетін жерін көрсетіңіз.

  3. Ферментативті реакция жылдамдығын қандай параметрлер бойынша бағалауға болатындығын түсіндіріңіз.

7 есеп

Адам гомойотермді (температурасы тұрақты деңгейде) тірі ағзалар қатарына жатады. Медицинада кейбір жағдайларда емдік әсерде экстремалды температура қолданылады. Жекеше алатын болсақ, мәселен, ұзаққа созылатын ота кезінде, әсіресе миға және жүрекке ота жасағанда гипотермиялық жағдай қолданылады. Гипертермиялық жағдайлар тіндерді коагуляциялау мақсатында қолданылады. Аталған жағдайлардың қаншалықты дұрыстығын түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Көптеген ферменттер үшін оптималды температураны және ферментативті реакция жылдамдығының температураға тәуелділік графигін сызып көрсетіңіз.

  2. Ұзаққа созылатын ота кезінде гипотермиялық жағдайдың қажеттігін түсіндіріңіз.

  3. Тіндерді термиялық коагуляциялау әдісі неге негізделгендігін суреттеңіз.

8 есеп

35 жастағы әйел ауруханаға ауыз қуысының шырышты қабатының қабыну үдерістеріне, бұлшық ет әлсіздігіне, конъюнктивитке шағым айта келді. Науқас әйел ұзақ уақыт бойы өзінің рационынан бауыр, сүт, қарабидай, ашытқы тәрізді тағамдарды алып тастап, бір текті тамақтанған. Дәрігер В2 витаминінің гиповитаминозын анықтады. Байқалған симптомдардың себептерін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Құрамына В2 витамині кіретін коферменттерді атаңыз және олардың құрылысын сызбанұсқа түрінде көрсетіңіз.

  2. Коферменттерінің құрамында В2 витамині бар ферменттерді атаңыз.

  3. Аталған ферменттер қандай реакцияларды жылдамдататынын атаңыз (кез-келген біреуінің реакция теңдеуін жазыңыз).

9 есеп

Науқас көзінің шырышты қабатының және зәр шығару жолдарының жиі қабынуға ұшырайтындығына, сонымен қатар қараңғыда көзінің көруі нашарлағанын айтып шағымданды. Тексеру барысында көздің қасаң қабығының қабынуы мен құрғақтығы, склерасында гиперкератоз, яғни ақ шел баса бастағандығы айқындалды. Бұл күйі қалай аталады? Бұл белгілердің механизмдері қандай?

Шешу алгоритмі:

1) Берілген жағдайға қажетті витаминнің химиялық табиғатын, биологиялық әсерін сипаттаңыз және әріптік белгісін көрсетіңіз

2) Бұл витаминнің провитамині қалай аталады, витамин мен оның провитамині қандай тағамдарда кездеседі?

3) Витаминнің биологиялық әсерін сипаттаңыз.