Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Байкулова Арай.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
425.17 Кб
Скачать
  1. Өндірістің технологиялық схемасы

2.1 Тізбекті жұмыс жасауының графикалық схемасын сипаттау

Қабырғалы жабын тақтасының технологиялық схемасы төмендегі 1.2 –суретте келтірілген.

1.2-сурет. Екі қалыптау постымен 3х6 м жабын тақталарының конвейерлі өндірісінің технологиялық схемасы

Қабырғалы жабынды тақталарын дайындаудың технологиялық процесінің сипаттамасы.Темірбетон қабырғалы тақталардың жабындарын өндіру шұңқырлы камераларда жылулықөңдеу арқылы конвейерлі технология бойынша ұйымдастырылған. Арматураның кернеуі электромагниттік әдіспен көзделген. Тақталарды дайындаудың технологиялық процесі келесі операциялардан тұрады:

  • Қалыптарды алдын ала дайындау.

Қалыптарды дайындау жұмыс жасау бетін тазалау және май жағу операцияларынан тұрады.Форманы тазалау құрыш қысқыштар арқылы жүзеге асады. Қалдықтарды арнайы қалдықтар бадьясына жинақтайды. Майды форманың жұмыс бетіне қармақ тозаңдатқыш арқылы жағады. Арматура және арматуралық бұйымдар. Арматуралық цехтен алынған жеке өзектер, торлар, қаңқалар және кепілдік бөлшектер түріндегі арматура формаларды арматурамен өңдейтін жерге әкелінеді.Өзектерді алдын ала жылыту үшін электржылытқыш қондырғыға қойып, қондырғыны қосады. Жылыту аяқталғаннан кейін өзектердіді ұштарын бекітіп жоспарланған жағдайда формадағы берік ұяшықтарға қояды, содан кейін торларды, кепілдік бөлшектерді де жоспарланған жағдайда орнатып, оларды өзара тоқыма сым арқылы бекітеді. Бетонды қорғағыш қабатпен және арматураны жоспарлық жағдаймен қамтамасыз ету үшін тығыз цементті – шағылды ерітіндіден жасалған төсемелер орнатады.

  • Формаларды жинау.

Қалыптың бортын көтеріп, жоспарлаған жағдайда орнатады және бұрандалы қысқышпен бекітеді.

  • Қалыптау.

БСЦ-дан құралған бетон қоспа бетон таситын эстакада бойынша үлестіру бункер көмегімен бетонтөсегіштің жинақтағыш бункеріне беріледі. Қалыптауға дайын форманы көпірлі кран көмегімен діріл алаңына орнатады.Бетөнтөсегіштен бетон қоспа формаға төселіп, қол аспаппен жайылып, дірілмен тығыздалады.Бетондау кезінде тірегіш зоналар қабырғаларыныңұзындығы бойынша бетонмен толық толуына қатты назар аудару қажет. Жаңа қалыпталған бұйымның бетін қол аспабымен салып тастап, топсалардан босатады, содан кейін форманы көпірлі кран көмегімен ауыстырып, жылумен өңдеу үшін булау камерасына орнатады. ТВО: булаудың ұсынылған режимі:

Алдын ала ұстау 2 сағ.

Температураны 90ºС-ға дейін көтеру 2 сағ.

Изотермиялық жылыту 5 сағ.

Суыту 2 сағ.

  • Қалыптан босату.

Жылулық өңдеуден соң форманы кран көмегімен камерадан шығарып, дерені алып тастау орнына орнатады. Қалыптан босату орнында форманы босатып, борттарын ашады, кернеу стерженьдерін кеседі. Алдын ала кернеуді беру байсалды жүргізілу қажет. Келесі кесуде шеткі бөліктерін алдын ала ысыту үшін арнайы құрал-саймандарды қолданады. Кесуді қабырғаның шетінен 10 мм-ден аспайтындай етіп бұйымның шетіне жақындатып жасау қажет.Қалыптарды іліп, жетілдіру орнына ауыстырып орнатады.

  • Жетілдіріп, таңбалау.

Жетілдіру орнында бұйымның міндерін (кемістігін) жөндеп, салатын бөлшектерді тазалайды, арматураның шеттерін қалыңдығы 10 мм цементті ерітіндімен және битумды лакпен бітейді. Дайын бұйымдар таңбаланып, техникалық бақылау бөліміне жіберіледі.

  • Қоймалау.

Техникалы бақылау бөлімі қабылдаған бұйымды өзі жүретін арбаға орналастырып, дайын өнімдерді сақтайтын қоймаға жібереді. Дайын өнімдер қоймасында МемСТ 13015.4-84 талаптарына сәйкес орнатады.