Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Байкулова Арай.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
425.17 Кб
Скачать

Кіріспе

Бетон мен болат арматураны біртұтас құрылма етіп біріктіру. Темірбетонның негізгі артықшылығы - аса беріктігі, тозбайтындығы, қалаған формада құюға болатындығы. Көпір салуда, гидротехникалық құрылыста, үй және басқа ғимараттар салуға кеңінен қолданылады.

Темірбетон бұйымдарын өндіру келесі процестерден тұрады:

  • Арматураны дайындау

  • Қалыптау жұмыстары

  • Арматуралау

  • Бетондау

  • Қатайған бетонға қарау.

Темірбетон бұйымдарының тиімді жақтары:

  • Ұзаққа төзімділігі

  • Қол жетімді баға

  • Отқа төзімділігі

  • Технологиялылығы

  • Химиялық және биологиялық төзімділігі

  • Статикалық және динамикалық күштерге төтеп беруі.

Жабын тақталары көбінесе, бір қабатты қоймалар, ауыл шаруашылық нысаналарды, гараждарды, өндірістік ғимараттарды тұрғызуда қолданылады. Бұл тақталарды қолданудың стандартты жағдайы жабындарды жасау болып табылады. Негізінде, ол үшін бұл тақталар ойлап табылған болатын. Қабырғалы жабын тақталарыры кейде көп этажды нысаналарды тұрғызу үшін де қолданылады. 300 және 400 миллиметрлі плиталар ГОСТ 21506-87, ГОСТ 27215-87 стандартына сай етіліп шығарылады. Берілген бұйымдар жеңіл бетонмен де, ауыр бетонмен де өндіріледі. Тақтаны сатып алған кезде оның маркалануына көңіл бөлуі керек. Ол оның қандай жүктемеге есептеліп жасалғанын көрсетеді. Отандық азаматтық құрылыста көбінесе, 6 және 12 метрлік ұзындықты және ені 1,5 және 3 метрлік жабын тақталары қолданылады. Ұзындығы 6 метр және одан да аз тақталар маркалары М250, М300 бетондардан өндіріледі. Ал 12 метрлік тақталарды маркасы М400 бетоннан өндіреді.

Темірбетон өнеркәсібінің дамуына қозғаушы күш болған факторларды екі топқа бөлуге болады:біріншісі конструкциялық шешімдерді жетілдіруге немесе жаңа конструкциялардың пайда болуына мүмкіндік беретін факторлар; соның арқасында жетерліктей тимді және сенімді тәсілдермен конструкциялық жетілдіру жағынан шешу мүмкін болып, темірбетон бұйымдарын жасау және тұтас конструкциялық тұрғызу көлемі көбейе түсті. Әртүрлі құрылыс саласына керекті темірбетон бұйымдары номенклатурасының құрамын кеңейтуге, сондай-ақ, жобалық шешімдерді әрі қарай жаңалау бағыттарына әсер ететін және конструкциялар мен ғимараттарды жетілдіру қажеттігін анықтайтын факторлар.

Бірінші топтағы факторларға жататындар: бетон және темірбетон ғылыми теорияларын ескерудің тәжірибелік тәсілдерінің дамуы; түрлі бетондардың (ауыр, жеңіл, ұялық, ыстыққа төзімді және т.б), тимді арматуралық құрыштары мен арматуралық бұйымдардың жасалынулары, белгілі технологияларды және өндіріс процестерін дайындау және жетілдіру, темірбетон бұйымдары мен конструкцияларын зауыттық жағдайда жасау үшін тарамдалған мықты өнеркәсіптерінің құрылуы.

Екінші топтағы факторлар өнеркәсіптік, қоғамдық және тұратын үйлердің аумақтық жоспарлық шешімдеріндамытуды, конструкцияларды унификациялауды және типизациялауды, құрылыстардың жаңа түрлеріне (көліктер, байланыс, атымдық энергетика ғимараттарына және т.б. жерастында және суастында ерекше жағдайларда салынатын ғимараттарда) темірбетон конструкцияларын қолдануды кеңейту мүмкіншілігін қамтиды.

Бетон және темірбетон конструкцияларының беріктілігі мен мәңгілігінің жоғарылығы, олардың жоғары температура және агрессивті орта әсерлеріне тұрақтылығының жоғарылығы, су астында бетонның қатайып мықтылығын жоғарылататын қабілеті, бетонның және темірбетон ның үйлерді, ғимараттарды және конструкцияларды арналуына және тұрғызу мүмкіншілігі құрысшыларды ертеден қызықтырған.

  1. Жобалауға арналған бастапқы мәлімет

    1. Өнімнің сипаттамасы(номенклатурасы)

Жабын тақталары әртүрлі қолданыстағы көп қабатты ғимараттарды жабу үшін қолданады. Мысалы, азаматтық ғимараттар, өндірістік кәсіпорындардың көмекші ғимараттары және басқа да құралыстар. Мемлекеттік стандартқа сәйкес салмақ түсетін конструкцияның қадамдары көп болған сайын, жабын плиталары жіңішке болу керек. Жабын тақталары тек қана зауыттарда ғана өндіріледі. Жабын тақтасының міндеті- көтерме конструкцияларының өзара жабысуы және жоғарыдан түсетін салмақты көтеру болып табылады. Сол себептен, жабын тақталарын тек қана алдын ала кернеуленген, сығылу жұмысы кезінде өзін жақсы көрсете білген бетоннан өндіреді.

Барлық жабын тақталарын тегіс және қабырғалы деп екіге бөлуге болады. Тегіс жабын тақталары жолдарды төсеу үшін, ал қабырғалы жабын тақталары ғимараттар үшін қолданылады.

    1. – сурет. Жабын тақтасы

1.1– кесте

Өнімнің техникалық сипаттамасы

Бұйымның түрі(эскизі) және оның аталуы

Габаритті өлшемдері, мм

Салмағы, т

Бұйымға шығын

МемСТ, ТШ

l

b

h

Бетон

Болат,кг

Түрі және маркасы

Көлемі м3

Кернеуленбеген

Кернеуленген

5980

2980

300

3,5

В25

1,31

68,2

79,5

ГОСТ 27215-87

1.2 Жобалық өнімділік

Конвейер технологиясы бойынша тізбектің жылдық өнімділігі келесі формуламен анықталады

Өж= (1.1)

мұндағы Өж- зауыттың жылдық өнімділігі;

Вр – 1 жылдағы жұмыс күн саны;

һ – тәуліктегі жұмыс уақыт саны;

V – 1 уақытта қалыптанатын бұйым көлемі;

Tқ.ц. –қалыптау циклі;

Өж= =10438 м3/жылына

1.3 Өндірістің жұмыс режимі. Өндірістік бағдарлама

1 жылдағы жұмыс тәулігінің номиналды саны- 249 тәулік.

Сондай-ақ теміржол транспортының шикізат және материалдың төгуі бойынша – 365 тәулік.

1 тәуліктегі жұмыс ауысымы- 2 ауысым.

Жұмыс ауысымынң ұзақтылығы- 8 сағат.

Жобалық тоқтау ұзақтылығы және жұмыс тәулігінің есептік саны (технологиялық негізгі жабдықтау жұмыс уақытының жылдық қоры)конвейерлік тізбек үшін:

- жобалық тоқтаудың ұзақтылығы, тәулік ....................................13

- 1 жылдағы жұмыстық тәуліктің есептік саны............................. 249

1.2-кесте

Өндірістік бағдарлама

Бұйым атауы

Шығарылымы, м3

Жылына

тәулігіне

ауысым

Сағатына

12 м қабырғалы жабын тақтасы

10438

42

21

2,6