- •10 Есеп
- •11 Есеп
- •12 Есеп
- •13 Есеп
- •14 Есеп
- •15 Есеп
- •16 Есеп
- •17 Есеп
- •18 Есеп
- •19 Есеп
- •20 Есеп
- •21 Есеп
- •22 Есеп
- •23 Есеп
- •24 Есеп
- •25 Есеп
- •26 Есеп
- •27 Есеп
- •28 Есеп
- •29 Есеп
- •30 Есеп
- •31 Есеп
- •66 Есеп
- •67 Есеп
- •68 Есеп
- •69 Есеп
- •70 Есеп
- •71 Есеп
- •72 Есеп
- •73 Есеп
- •74 Есеп
- •75 Есеп
- •76 Есеп
- •77 Есеп
- •78 Есеп
- •79 Есеп
- •80 Есеп
69 Есеп
40 жастағы ер кісі дәрігерге мынадай шағым: тершеңдік, бетінің дөрекіленгені, жақында өлшемі үлкен аяқ киім алуға мәжбүр болғанын айтты. Дәрігер әлсіз гипертензия мен глюкозурияны анықтады. Науқас эндокринологиялық бөлімге тексерілуге жіберілді. Науқаста қандай гормондық бұзылыс болғанын болжауға болады және бұл себептер немен байланысты?
Шешу алгоритмі:
1) Науқастың қанынан қандай гормондарды анықтау қажет? Неліктен? Қандай өзгерістерді күтуге болады?
2) Осы жағдайдағы глюкозурияның молекулалық механизмдерін түсіндіріңіз.
3) Берілген патологиялық өзгерістермен байланысты гормонның физиологиялық әсерлерін сипаттаңыз.
70 Есеп
Әйел адамға бұдан 2 жыл бұрын сүт безі рагына операция жасалған. Ісік рецидивінің белгілері байқалмаған, бірақ науқас соңғы айларда шөлі қанбайтынына және кіші дәретке жиі отыратынына шағымданды. Ол шөлге шыдамсыз болды. Сонымен қатар науқастың түнде кіші дәретке отыру және су ішу үшін жиі оянуына байланысты ұйқысы да бұзылды. Біріншілік тексеру барысында глюкозурия байқалмады, қан сарысуындағы креатинин, калий және кальций концентрациясы қалыпты мөлшерде болды. Қосымша тексеру жүргізілді. Науқаста қандай гормональдық бұзылыс екенін болжауға болады және аталған белгілер немен байланысты?
Шешу алгоритмі:
1) Су алмасу сатыларына сипаттама беріңіз.
2)Су гомеостазына қатысатын гормондарды атаңыз, олардың түзілетін орны мен физиологиялық эффектілерін көрсетіңіз.
3) Диабеттің қай түрі екенін айтыңыз және осы күйдің туу себептерін көрсетіңіз.
71 Есеп
Жас қыз дәрігерге қаралды, оның шағымы: көп терлеу, көзінің аясынан шығуы және тәбеті қалыпты болғанына қарамастан, дене салмағының азаюы. Тексеріп қарау барысында қалқанша безінің ұлғайғаны байқалды. Науқаста қандай гормональдық бұзылыс деп болжауға болады? Аталған белгілер немен байланысты? Жауабыңызды түсіндіріңіз.
Шешу алгоритмі:
1) Науқастың қанынан қандай гормондарды анықтау қажет? Неліктен? Қандай өзгерістерді күтуге болады?
2) Берілген патологиялық жағдайдағы гормондардың физиологиялық эффектілерін көрсетіңіз.
3) Науқас организміндегі ауытқыған үрдісті және соның нәтижесінде байқалған тердің көп бөліну себебін сызба түрде көрсетіңіз.
72 Есеп
Науқас дәнекер тінінің жүйелік ауруы бойынша диспансерлік есепте тұр. Қан сарысуындағы белок фракцияларын зерттегенде, олардың мөлшері: альбуминдер – 56,3%; альфа-1-глобулиндер – 2,8%; альфа-2-глобулиндер – 6,5%; бета-глобулиндер – 9,9%; гамма-глобулиндер – 25,3% екені анықталды. Осы жағдайдағы қан сарысуын электрофоретикалық зерттеу нәтижесі нені білдіреді?
Шешу алгоритмі:
1) Қан сарысуындағы белок фракцияларының қалыпты көрсеткіштері қандай?
2) Қалыпты жағдайдағы қан плазмасының химиялық құрамын және организм үшін иммуноглобулиндердің маңызын көрсетіңіз.
3) Электрофорез әдісінің мәні неде? Белоктың изоэлектрлік нүктесі дегеніміз не және ол неге тәуелді?
73 Есеп
Қан сарысуындағы белок фракцияларын зерттегенде, олардың мөлшері: альбуминдер –52%; альфа-1-глобулиндер – 8%; альфа-2-глобулиндер – 13%; бета-глобулиндер – 10,0%; гамма-глобулиндер – 17% екені анықталды. Осы жағдайдағы қан сарысуын электрофоретикалық зерттеу нәтижесі нені білдіреді?
Шешу алгоритмі:
1) Қан сарысуындағы белок фракцияларының қалыпты көрсеткіштері қандай?
2) Қалыпты жағдайдағы қан плазмасының химиялық құрамын көрсетіңіз және қан сарысуының альфа-глобулиндік фракцияларының негізгі өкілдерін атаңыз, олардың ролін айтыңыз.
3) Электрофорез әдісінің мәні неде? Белоктарға қышқылдық және негіздік қасиет беретін, белок молекуласының теріс және оң зарядты болуын қамтамасыз ететін қандай амин қышқылдары? Осы амин қышқылдарына мысал келтіріп, формулаларын жазыңыз.
