Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экзаменационные задачи для фарм казахский 2015-2016 учебный год.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
146.67 Кб
Скачать

18 Есеп

Көп мөлшерде кофеин қабылдаған адамдарда адреналиннің әсеріне ұқсас белгілер пайда болады: жүрек жиырылуының артуы, қолқаның кеңеюі, қозу, энергия тасымалдаушыларды қорға жинақтаушы ұлпаларда метаболизмнің өзгеруі. цАМФ-тің ыдырауына (цАМФ--------АМФ) жауапты фермент фосфодиэстеразаның (ФДЭ) бәсекелес ингибиторы болып табылатын кофеиннің әсер ету механизмін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Кофеиннің әсерінен жасушада қандай заттың концентрациясы артады?

  2. Кофеинді қолдану нәтижесінде қандай процестер активтенетінін атаңыз және бұл процестердің (реакциялардың) схемасын келтіріңіз

  3. Берілген жағдайда қандай реакциялардың жылдамдығы артады және қандай ферменттер активтенеді?

19 Есеп

Клиникада асқазан ішек жолдарындағы бездерінің функциялары жеткіліксіздігінде және ингибиторлар ретінде де көбіне энзимді препараттарды тағайындайды. Бұл жағдайда ферменттерді қабылдау неге негізделген ?

Шешу алгоритмі:

  1. Асқазан ішек жолдарында асқорыту процестері бұзылғанда энзимдік препараттармен орынбасу терапиясын тағайындайды. Осы препараттарға қандай ферменттер кіреді (класын, тобын және топшасын, түзілген жерін көрсетіңіз).

  2. Асқорытуға қатысатын ферменттердің әсерін көрсетіңіз (схемамен).

  3. Созылмалы панкреатитте (ұйқы безінің қабынуы) трасилол немесе басқа пептидтік трипсіннің ингибиторларын тағайындайды. Созылмалы панкреатитте трипсинннің ингибиторларын қабылдау неге негізделген? (ингибирлеу түрін көрсетіңіз).

20 Есеп

Аурухананың қабылдау бөліміне түскен науқас кеуде астының, көкірек тұсының ауыратынына және өзін нашар сезінетініне шағымданды. Қабылдау бөлімінің дәрігері биохимиялық зерттеулер арқылы АСТ-ның көрсеткіштері жоғарылағанын анықтады. Науқастың қай органы зақымдалған деп болжам жасауға болады?

Шешу алгоритмі:

  1. АСТ ны жылдамдататын реакцимя теңдеуін жаз және осы ферменттің құрамына қандай витамин кіреді?

  2. Диагнозды нақтылау үшін науқасқа қосымша қандай биохимиялық көрсеткіштерді анықтауды тағайындау керек?

  3. Атеросклерозды анықтау үшін науқаста қандай көрсеткішті анықтау керек?

21 Есеп

Оңашаландырылған митоходриялармен жүргізілетін зерттеуде тотығатын субстрат ретінде малатты пайдаланды. Берілгендердің ішінде қайсысы тыныс алу тізбегінің, ал қайсысы тотығудан форфорлану процестерін ингибирлейді?

А) натрий амиталы; Б) 2,4-динитрофенол; В) цианидтер; Г) май қышқылдары; Д) СО

Шешу алгоритмі:

  1. Электрондарды (БТ) тасымалдау тізбегінің схемасын салыңыз және түсіндіріңіз, сіз таңдаған қосылыстар қай этаптарға қалай әсер етеді.

  2. БТ мен ТФ қабысу нүктелерін көрсетіңіз

  3. Қай кезде тыныс коэффициенті 1, 2, 3-ке тең және осы көрсеткіштердің ішінде қайсысы қалыптыға сәйкес келмейді, түсіндіріңіз.

22 Есеп

Митохондрияларды жабық ыдыста фосфатты буферде инкубирледі, сутек доноры ретінде

малат қолданды.Реакция жылдамдығын тәжірибелік сынамадағы сіңірілген оттекпен анықтап отырды(ыдыстағы газдың азаюымен).АДФ-тың әр қосылуымен оттектің сіңірілуі жедел артып отырды және АДФ-тың келесі үлесін қосылғанша өзгермей тұрды.Бұны қалай түсіңдіруге болады?

Шешу алгоритмі:

1) Малатты дегидрлеу реакциясын жазыңыз,БТ сызбанүктесін пайдалана отырып электрондармен протондардың оттекке жолын көрсетіңіздер.

2) БТ тізбегіндегі электрондардың тасымалдануымен АТФ синтезі арасындағы байланысты көрсетіңіздер.

3) Тыныс алуға анықтама беріңдер және АДФ-ты мөлшерлеп қосқанда митохондрияда өтетін құбылыстарды түсіңдіріңіз.