Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экзаменационные задачи для фарм казахский 2015-2016 учебный год.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
146.67 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

БИОЛОГИялЫҚ ХИМИЯ КАФЕДРАСЫ

ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ 2 КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ арналған

БИОЛОГИЯЛЫҚ ХИМИЯДАН 2015-2016 ОҚУ ЖЫЛЫНың ЕМТИХАН ЕСепТЕРІ

1 есеп

Кейбір сырқаттану кезінде ағзаның сырқатқа қарсы тұруының салдарынын науқастың дене қызуы көтеріледі. Дегенмен дене қызуының көтерілуі ағза нәруыздары үшін ауыр соққы болып табылады. Не себепті дене қызуы +400С-тан жоғары көтерілсе нәруыз қызметі бұзылып, адам өміріне қауіп төнетінін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Нәруыздардың құрылымын нативті конформацияда ұстап тұратын нәруыздардың құрылымы және байланыстары;

  2. Температураның жоғарылауымен туындайтын нәруыздардың қызметі мен құрылымындағы өзгерістер

  3. Ферменттер үшін оңтайлы температура дегеніміз не? Қайтымды және қайтымсыз инактивация.

2 есеп

Ми нейропептиді Leu-энкефалин тир-гли-гли-фен-лей тізбегінен тұрады. рН-ң мәні 3,0-ке; 7,0-ге; 11,0-ге тең болғандағы молекуланың қосынды зарядын анықтаңыз. Пептидтің изоэлектрлік нүктесінде рН-ң мәні нешеге тең?

Шешу алгоритмі:

  1. Берілген пентапептидтің формуласын келтіру.

  2. Берілген аминқышқылдары химиялық құрылымы және қасиеттері бойынша қандай топтарға жататынын анықтау

  3. рН-ң берілген мәндерінде аминқышқылдарын ион түрінде жазу.

3 есеп

Мидағы пептидтер нейропептидтер болып табылады. Нейропептидтердің алдыңғы екі өкілі энкефалиндер деп аталады, олар 1975 жылы жануарлар миынан бөлініп алынған. Бұл пептидтер ауруды тыныштандыратын қасиетіне орай дәрілік құралдар ретінде пайдаланылады. Берілген пентапептидті сипаттаңыз.

Шешу алгоритмі:

  1. Тир-Гли-Гли-Фен-Мет метионин-энкефалиннің құрылымдық формуласын жазыңыз және пептидтің «N» және «С» соңдарын айқындаңыз.

  2. Бейтарап ортада пептидтің қосынды зарядын және электрофорез кезіндегі оның бағытын анықтаңыз.

  3. Бұл пептидпен оң болатын түсті реакцияларды анықтаңыз.

4 есеп

Молекулаларды немесе иондарды мембрана арқылы тасымалдайтын нәруыздар кей жағдайда трансмембраналық нәруыздар деп те аталады. Мұндай нәруыздардың құрылымында биомембрананың липидтің қабатында қоршалған және клетканың ішкі жағына (цитоплазмаға) қарай, сонымен қатар жасушаның сыртқы аймағына бағытталған аумағы болады. Осындай нәруыздарды сипаттаңыз.

Шешу алгоритмі:

  1. Берілген трансмембраналық протеиннің түрлі аумақтарында қандай аминқышқылдары басым болатындығын жобалаңыз

  2. Полярлы және полярсыз радикалды аминқышқылдарына мысалдар келтіріңіз

  3. Қандай жағдайда нәруызды молекуланың қосынды заряды нөлге тең болатынын түсіндіріңіз.

5 есеп

Фенилкетонуриямен ауыратын науқастың зәрінде фенилаланиннің мөлшері – 6мМ/л (қалыпты жағдайда 0,01мМ/л) және оның метаболиті болып табылатын фенилпирожүзім қышқылы – 4,9 мМ/л ( қалыпты жағдайда болмау керек). Не себепті аурудың ағзасында фенилаланиннің деңгейі жоғары және оның метаболиті зәрде пайда болған?

Шешу алгоритмі:

  1. Қай фермент болмаған кезде фенилаланиннің тирозинге айналу процесі тоқтайды? Реакция теңдеуін жазыңыз.

  2. Жоғарыда аталған реакцияны жылдамдататын ферментті, оның коферментін , және ферменттің дұрыс жұмыс істеуіне қажет витаминдерді атаңыз

  3. Жаңа туылған сәбиде фенилкетонурия ауруы анықталған жағдайда дәрігер қандай ұсыныстар беру керек және бұл ауру дер кезінде анықталмаса қандай салдары болуы мүмкін?

6 есеп

Қазіргі кезде биохимиялық зертханаларда адам ағзасындағы биологиялық сұйықтықтар ферменттерінің активтілігін анықтау үшін автоматты биохимиялық анализаторлар қолданылады. Лактатдегидрогеназаның (ЛДГ) активтілігін анықтау үшін қажетті реактивтерді дұрыс таңдауға лаборантқа көмектесіңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. ЛДГ катализдейтін реакцияны жазыңыз.

  2. Субстратты, коферментті, негізін қалаушы витаминді, фермент көзін көрсетіңіз

  3. Ферментативті реакция жылдамдығын қандай параметрлер бойынша бағалауға болатындығын түсіндіріңіз.

7 есеп

Адам гомойотермді (температура тұрақты деңгейде) тірі ағзалар қатарына жатады. Медицинада кейбір жағдайларда емдік әсерде экстремалды температура қолданылады. Жекеше алатын болсақ, мәселен, ұзаққа созылатын ота кезінде, әсіресе миға және жүрекке ота жасағанда гипотермиялық жағдай қолданылады. Гипертермиялық жағдайлар ұлпаларды коагуляциялау мақсатында қолданылады. Аталған жағдайлардың қаншалықты дұрыстығын түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Көптеген ферменттер үшін оптималды температураны және ферментативті реакция жылдамдығының температураға тәуелділік графигін сызып көрсетіңіз.

  2. Ұзаққа созылатын ота кезінде гипотермиялық жағдайдың қажеттігін түсіндіріңіз.

  3. Ұлпаларды термиялық коагуляциялау әдісі неге негізделгендігін суреттеңіз.

8 есеп

35 жастағы әйел клиникаға ауыз қуысының шырышты қабатының қабыну процестеріне, бұлшық ет әлсіздігіне, конъюнктивитке шағым айта келді. Ауру әйел ұзақ уақыт бойы өзінің рационынан бауыр, сүт, қарабидай, ашытқы тәрізді тағамдарды алып тастап бір текті тамақтанған. Дәрігер В2 витаминінің жетіспеушілігін анықтады. Байқалған симптомдардың себептерін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. В2 витамині құрамына кіретін коферменттерді атаңыз және олардың құрылысын схема түрінде көрсетіңіз

  2. Коферменттерінің құрамында В2 витамині бар ферменттерді атаңыз.

  3. Аталған ферменттер қандай реакцияларды жылдамдататынын атаңыз (кез-келген біреуінің реакция теңдеуін жазыңыз).

9 есеп

Ауру көзінің шырышты қабатының және зәр шығару жолдарының жиі қабынуға ұшырайтындығына, сонымен қатар күңгірт жерде көзінің көруі нашарлағанын айтып шағымданды. Тексеру барысында көз қасаң қабығының қабынуы мен құрғақтығы, ақ шел баса бастағандығы, яғни гиперкератоз айқындалды. Аурудың бұл күйі қалай аталады? Бұл белгілердің механизмдері?

Шешу алгоритмі:

1) Берілген жағдайда қажетті витаминнің химиялық табиғатын, биологиялық әсерін сипаттаңыз және әріптік белгісін көрсетіңіз

2) Бұл витаминнің провитамині қалай аталады, және витамин мен оның провитамині қандай тағамдарда кездеседі?

3) Витаминнің биологиялық әсерін сипаттаңыз.

10 Есеп

Тубуркулезге қарсы препараттармен (тубазид, фтивазид) ұзақ уақыт емделгеннен соң науқаста ашуланшақтық, кейде сіңір тартылу, дерматит, стоматит пайда болды. Қанға биохимиялық талдау жасағанда гипохромды анемия, гипераминоацидемия белгілері, сонымен қатар зәрінде оксалаттың және аминқышқылдарының, әсіресе гомоцистеин мен цистатионның көбейгендігі байқалды. Берілген белгілердің, ауытқулардың механизмін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Берілген жағдайға қажетті витаминнің химиялық табиғатын, биологиялық әсерін сипаттаңыз, әріптік белгісін көрсетіңіз

  2. Бұл витаминнің витамерлерін атаңыз

  3. Құрамында аталған витамин бар ферментер катализдейтін реакцияларға мысалдар келтіріңіз.

11 Есеп

Негізгі тағамдары жүгері болып келетін Оңтүстік Америка тұрғындары көп жағдайда нерв жүйесінің зақымдануы (деменция), ас қорыту жүйесінің зақымдануы (диарея) және терінің ашық жерлерінің симметриялы түрде зақымдануы тәрізді белгілер көрсететін аурулармен жиі ауырады. Аталған белгілердің механизмін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Берілген жағдайға қажетті витаминнің химиялық табиғатын, биологиялық әсерін сипаттаңыз, әріптік белгісін көрсетіңіз

  2. Бұл витаминнің антивитаминін атаңыз; қандай тағамдардың құрамында болатындығын және механизмін түсіндіріңіз

  3. Бұл витамин ағзада қандай аминқышқылдарынан түзілетіндігін атаңыз және формуласын жазып көрсетіңіз. Ағзада бұл витамин аминқышқылдарының біреуінен (атаңыз) түзілгенімен, егер де тағаммен түспесе авитаминозге ұшырататындығын түсіндіріңіз.

12 Есеп

Инсоляция төмен болып келетін Солтүстік аймақта тұратын сәбиге мешел ауруының алдын-алу үшін балық майы берілген. Дәрігер тексеру кезінде бас сүйегінің ерте қатаюын, сүйектердің ұзына бойы өсуінің баяулауы нәтижесінде қаңқа сүйегінің қисаюын байқады. Анасы сәбиде іш қату барлығын, тағамға тәбетінің нашарлағанын және салмақ жоғалтқанына шағымданды. Сәбидегі бұл өзгерістердің себептерін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Сәбиде қандай алмасу процесі бұзылған? Витамин қалай аталады?

  2. Теріде витаминнің түзілу схемасын және оның бауыр мен бүйректегі метаболизмін көрсетіңіз

  3. Берілген витаминнің әсер ету механизмін және ішек қабырғасындағы метаболиттік алмасу түрлерін көрсетіңіз

13 Есеп

Ұзақ уақыт бойы алкогольді мөлшерден тыс ішуінің нәтижесінде бауыр циррозына ұшыраған науқас көмірсуы басым диетаға отырған және жүрек тұсының ауыратындығына, саусақтарының ұшы жансызданатындығына, балтырларының ауыратындығына, есте сақтау қабілетінің нашарлағандығына шағымданды. Қан талдауы пируват пен лактаттың концентрациясының жоғарылауынан туындаған ацидоз ауруын көрсетті. Бұл себептердің механизмін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

  1. Науқаста алмасудың қандай түрі бұзылған? Витамин қалай аталады?

  2. Берілген жағдайда пируват пен лактаттың түзілу реакциясын жазыңыз. Ферменттерді, коферменттерді және олардың құрамына кіретін витаминдерді атаңыз.

  3. Аэробты жағдайда пируваттың өзгеріске ұшырау реакциясын, ол реакцияның жүру жолын, реакцияны катализдейтін ферменттерді, олардың коферменттерін және құрамына кіретін витаминдерді жазыңыз.