- •Бағалау саясаты
- •Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші
- •Баға қоюдын критерилері (мысалы)
- •Дәрістік сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Тәжірибелік сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •5В011100 -«Информатика» мамандығы үшін
- •Тәжірибелік сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •5В010900 -«Математика» мамандығы үшін
- •Зертханалық жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар
- •Осөж күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Сөж мақсаты және оны орындауға әдістемелік ұсыныстар
- •Глоссарий
- •Дәрістер кешені
- •2. Ньютон (жанама) әдісі
- •Симплекстік әдіс
- •3. Ньютонның интерполяцияланған формулалары негізінде сандық дифференциалдау.
- •Үлестіру.
- •Биноминаль үлестіруі.
- •Пуассон үлестіруі.
- •5. Нормаль үлестіру
- •6. Гамма үлестіру.
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау өлшемдің құралдары
- •2. Сандық әдістер пәнінен тест сұрақтары
Оқытушы туралы мәлімет:
Жексембаева Раушан Жексембаевна - Информатика және ИОӘ кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі. Байланыс телефондары: с.: 8 707 7601407, e-mail: R.Zheksembaeva@mail.ru, жұмыс телефоны 25-54-64 (228), №2 корпус, 323 кабинет .
Пән пререквизиттері:
«Сандық әдістер» пәнін оқып үйрену студенттердің аналитикалық геометрия, сызықтық алгебра, программалау тілдері, математикалық анализ, дифференциалдық теңдеулер - пәндерінен алған білімдеріне негізделеді.
Пән постреквизиттері:
Бір-біріне аралас пәндер құрамына алгебра, математикалық талдау, дифференциалдық теңдеулер, программалау тілдері, тиімділік әдістері, амалдарды зерттеу және ақпараттық технологиялар пәндері кіреді.
Пәннің қысқаша сипаттамасы:
"Сандық әдістер" пәні қолданбалы математика бойынша мамандарды жалпы математикалық сауаттылыққа дайындауда ең негізгі фундаментальдық пәндердің бірі. Сонымен қатар, "Сандық әдістер" пәні 5В011100 - “информатика” мамандықтары үшін жұмыстық оқу жоспарына сәйкес жалпы білім беретін пәндерге жатады.
Пәннің мақсаты:
"Сандық әдістер" пәнінің мақсаты – қолданбалы есептерді шешудің жуықтау әдістері, математикалық модельдеу әдістері, қателік көздері және нәтиже дәлдігінің әдістері жөніндегі түсініктерді студенттерге жүйелендірілген түрде қалыптастыру. Сондай-ақ, оларды таным үрдісінде пайда болатын математикалық есептерді ЭЕМ-ның көмегімен шешудің есептеу алгоритмдерін құрып, қолдана білуге дайындау. Сонымен қатар, оны тәжірибелік іс-әрекетінде математикалық модельдеудің көмегімен шынайы әлемнің заңдылықтарын пайдалана білу болып табылады.
"Сандық әдістер" пәнінің негізгі міндеттері:
сандық әдістердің анықталған арсеналдарымен студенттерді қаруландыру және қолданбалы есептерді ЭЕМ-ді пайдаланып жуықтау үшін сандық әдістерді пайдалана білу іскерлігін қалыптастыру;
сызықтық алгебралық теңдеулер жүйесін және қарапайым дифференциалдық теңдеулерді сандық әдістерді қолданып шешуде - тиімді әдістерді таңдауды, оны негіздеуді, дәлдікті бағалау жолдарын көре білуді, қолданған әдістердің алгоритмін меңгеруді және оған сәйкес программалар құра білуді үйрету;
курсты бағдарламалық жағынан қамтамасыз етуді жете зерттеу және студенттерді оны қолдану икемділіктерімен дағдыландыру;
студентттерді алдыға қойған есептерді шешу барысында сандық шешудің тиімді тәсілдерін таңдауға, әртүрлі әдістермен алынған есептің нәтижелерін салыстыруға үйрету;
алынған сандық шешімдердің дұрыстығын және дәлдігін тексеру әдісі жайындағы болжамды, жинақтылықты және сандық шешімнің нақты алгоритмдерін қолданудағы қисындылықты негіздеу үшін шешімді алу жылдамдығын тексеру тәсілдерін қалыптастыру;
есептеу алгоритмдерін әмбебап бағдарламалау тілдерінің көмегімен орындай білу іскерлігін қалыптастыру.
"Сандық әдістер" пәнін оқу нәтижесінде студент келесі іскерлік, білім, дағды минимумдарын білуі тиіс:
Алгебра, геометрия, математикалық анализ, дифференциалдық теңдеулер есептерін сандық және жуық әдістермен шеше білу;
Бір айнымалысы бар теңдеулерді түбірді жекелей білу және оларды кесіндіні қақ бөлу (дихотомия), жәй қайталау, хорда және жанама әдістерімен шешуді меңгеру;
Сызықтық алгебралық теңдеулер жүйесін Гаусс, Зейдел және итерациялық әдістерді қолданып шешуді;
Функцияларды интерполияциялауды (Лагранж және Ньютонның интерполияцияланған көпмүшеліктерін құру және т.б.);
Қарапайым диференциялық теңдеулерді сандық дифференциалдау (Эйлер және Рунге-Кутта әдістері) және сандық интегралдау (Трапеция және Симпсон әдістері) жолдарын;
Дербес туынды алуда теңдеулерді шешудің жуықтау әдістерін қолдануды меңгерулері;
Математикалық физика есептерін шешудің сандық әдістерін қолдануды меңгерулері тиіс.
Пәнді меңгеру нәтижесінде төмендегі құзырылықтар қалыптасады:
негізгі құзырылықтар:
қалыптастырушы: қазіргі ақапаарттандырылған қоғамның дамуы кезінде ақпараттың мәні мен маңызын түсіну;
жүйелеуші: ақпарат, ақпараттық үрдістер туралы білімді меңгеру, ақпаратты бағалау, таңдау, және ұйымдастыра білу;
зерттеу: ақпаратты алу және пайдалану, түрлі деректерді қабылдау және қолдан білу;
пәндік құзырлықтар:
коммуникативтік: түсінікті болу үшін сұхбат құра білу, тапсырмаларды уақытылы орындау;
технологиялық: білімгерлердің өздігінен жоспарлаған ақпараттық өнімдерін сызба бойынша құру және оны өңдеу мүмкіндігін түсіну;
бақылаушы:ақпараттандыру саласындағы білімді меңгеру, бақылаушы-бағалаушы материалды дайындау, алынған нәтижені өңдеу;
арнайы құзырлықтар:
бағдарламалық: ақпаратты қабылдау, сақтау, өңдеу әдіс-тәсілдерін меңгеру, ақпаратты басқарушы құрал ретінде компьютерде жұмыс жасай алу, ауқымды компьютерлік желімен жұмыс істей алу қабілетінің болуы;
пәнаралық: компьютерлік сауаттылықты меңгеру және әр түрлі пәндердің материалдарымен жұмыс істеу кезінде қолдана алу;
әлеуметтік: ұжымда жауапкершілікпен жұмыс істей алу;
дамытушық: оқытудың жаңа дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерін меңгеру, жоғары кәсіби тәжірибелі ұстаздардың тәжірибесін үйрені және тарату;
креативті: компьютермен басқарылатын конструкторлық материалдарды пайдалану арқылы құрастыру және модельдеу;
ұйымдастырушы-әдістемелік: нормативтік құжаттарды меңгеру, ұйымдастырушы қабылетін дамыту;
Бағалау саясаты
Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі
Әріппен белгіленген баға |
Бағаның цифрлік эквиваленті |
Пайыздық мөлшері |
Дәстүрлі түрде бағалау |
A |
4,0 |
95-100 |
Өте жақсы |
A- |
3,67 |
90-94 |
|
B+ |
3,33 |
85-89 |
Жақсы |
B |
3,0 |
80-84 |
|
B- |
2,67 |
75-79 |
|
C+ |
2,33 |
70-74 |
Қанағаттанарлық |
C |
2,0 |
65-69 |
|
C- |
1,67 |
60-64 |
|
D+ |
1,33 |
55-59 |
|
D |
1 |
50-54 |
|
F |
0 |
0-49 |
Қанағатанарлықсыз |
Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші
Бағаланатын бағдар (позиция) |
1-8 аптадағы бағалау мөлшері |
9-15 аптадағы бағалау мөлшері |
Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері |
Электронды журналға балл қоюдың кезеңі |
Ағымдық бақылау |
7 |
7 |
Әрбір бағалауға 100 баллдан |
Апта сайын (бірінші аптадан басқа) |
СӨЖ |
2 |
2 |
Әрбір СӨЖ –ге 100 баллдан |
4,7,11, 14 апталарда |
Аралық бақылау |
1 |
1 |
Әр аралық бақылауға 100 баллдан |
8 және 15 аптада |
Кіру рұқсатының рейтингісі 1 |
R1 |
100 |
8 апта |
|
Кіру рұқсатының рейтингісі 2 |
R2 |
100 |
15 апта |
|
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтингісі |
R= (R1 + R2)/2 |
100 |
15 апта |
|
Емтихан |
Е |
100 |
16-19 апта |
|
Қорытынды баға |
І = R*0.6+E*0.4 |
100 |
|
|
Баға қоюдын критерилері (мысалы)
Бақылау түрі |
Максимальдық баға |
Оқытушының журналына балл қойылатын мерзімі |
|
Ағымдық бақылау: қатысу үй тапсырмасын орындауы лабораториялық сабақтың орындалуы белсеңділігі дәріс барысындағы жауаптары. ОСӨЖ |
100 15 10
20 15 40 |
Әр аптада |
|
СӨЖ 1 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 |
100 30 40 30 |
СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес |
|
СӨЖ 2 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 |
100 30 30 40 |
СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес |
|
СӨЖ 3 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 Тапсырма 4 |
100 25 25 25 25 |
СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес |
|
СӨЖ 4 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 |
100 30 35 35 |
СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес |
|
Аралық бақылау 1: коллоквиум Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Сұрақ 3- баға 3 |
100 100 100 100 |
8апта |
|
Аралық бақылау 2: коллоквиум Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Сұрақ 3- баға 3 Қорытынды баға: (баға1+баға2+баға3)/3 |
100 100 100 100 |
15 апта |
|
*СӨЖ мазмұны силлабустағы СӨЖге арналған кестеде көрсетілген
