Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус каз.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
90.87 Кб
Скачать

«Жалпы дәрігерлік практика» пәні бойынша дәрістің, тәжірбиелік сабақтың, сөж сағат саны

Пәннің аты

Дәріс

Тәжірбиелік сабақ

СӨЖ

ЖДП жұмысындағы ІА

14

120

67

ЖДП жұмысындағы хирургиялық аурулар

4

30

17

ЖДП жұмысындағы акушерлік іс және гинекология

4

30

17

ЖДП жұмысындағы балалар ауруы

8

60

34

Барлығы

30

240

135

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина мамандықтарының түлектерін оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес оқу курсы келесі компетенциялардың дамуына бағытталған.

Білім алу деңгейі

Рөлдермен берілген компетенциялар

Салыстырмалы үлестірілімі

Б1.1.

ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ (1) -БІЛІМІН ҚОЛДАНУ: медициналық емес, биомедициналық , клиникалық, әлеуметтік ғылымдарды тәжірибе жүзінде қолданады.

0,2

Б2.1.

ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ (1) КОММУНИКАТИВТІ ДАҒДЫЛАР: Әртүрлі жағдайда, науқастармен жұмыс жасаған кезде, коммуникациялық дағдыларды меңгергендігін көрсете алады;

0,2

Б2.2.

ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ (1) НАУҚАСТАРДЫ ЖҮРГІЗУ: науқастың шағымын сұрастыру, анамнезін сұрастыру, физикальды зерттеу жүргізу, қосымша зерттеу жоспарын құру, зерттеу нәтижелерін талдау секілді дағдыларды көрсете біледі.

0,3

Б2.3.

ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ (1) МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРОЦЕДУРАЛАР: Бакалавр дәрежесіне сәйкес стандартты медициналық процедураларды жасай алатындығын көрсетеді.

0,2

Б2.5.

ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ (1) ПРОФИЛАКТИКА ЖӘНЕ РЕАБИЛИТАЦИЯ: аурудың алдын -алу мен реабилитация қағидаларын түсінеді.

0,1

2. Пәннің мақсаты: жалпы дәрігерлік практика практикасында кеңінен тараған жағдайлардың алдын алу, диагностикалау, емдеу және динамикалы бақылаудың жалпы принциптері бойынша білім мен іскерлікті қалыптастыру.

3. Оқыту мақсаттары:

  • Медициналық-санитариялық алғашқы жәрдемді (МСАЖ) ұйымдастыру жағдайында халыққа медициналық көмек көрсету үшін кең тараған жағдайларда студенттерді негізгі емдік-диагностикалық араласуларға, принциптерге, әдістерге үйрету;

  • Студенттерді амбулатория жағдайында кең тараған ауруларды динамикалық бақылаудың негізгі принциптеріне, адам мен отбасында салауатты өмір салтын қалыптастыру принциптері мен әдістеріне үйрету;

  • Тұлғамен араласу және пациенттерге кеңес беру машықтарын жетілдіру.

4. Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі

Оқу курсы бағдарламасындағы оқытудың соңғы нәтижелеріның жалпы көлемі:

Білім алу деңгейі

Рөлдермен берілген компетенциялар

Оқытудың соңғы нәтижелері

Б1.1.

ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ (1) -БІЛІМІН ҚОЛДАНУ

Білім (когнитивті) домені:

Қолдану: Әлеуметтік мәні бар аурулардың ерте диагностикасы, алдын алу принциптері, қауіп факторларын анықтауда игерген және пререквизиттерден алған білімін қолданады.

Дағдылар (психомоторлы) домені:

Дәлділік: Презентация жасауды дәлділікпен орындайды.

Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені:

Құндылықтарды үйлестіру:

Іс-әрекетінде медициналық білім берудегі оқыту негіздерінің құндылықтарын үйлестіреді.

Б2.1.

ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ (1) КОММУНИКАТИВТІ ДАҒДЫЛАР

Білім (когнитивті) домені:

Қолдану: Науқастармен қарым қатынаста этикалық принциптерді қолданады.

Дағдылар (психомоторлы) домені:

Дәлділік: Науқаспен, оның туыстарымен, әріптестермен және басқа медицина қызметкерлерімен тиімді қарым-қатынас әдістерін дәлділікпен орындайды.

Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені:

Құндылықтарды үйлестіру: Коммуникациялық дағдылар принциптерінің құндылыктарын үйлестіре алады.

Б2.2.

ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ (1) НАУҚАСТАРДЫ ЖҮРГІЗУ

Білім (когнитивті) домені:

Есте сақтау: ЖПД тәжірибесінде кеңінен тараған аурулардың алдын алудың негізгі принциптерін және халықтың денсаулығын нығайту шараларын есте сақтайды.

Түсіну: кеңінен тараған ауруларды амбулатория жағдайында динамикалық бақылаудың негізгі принциптерін түсінеді.

Қолдану: амбулаториялық қабылдауда науқастан анамнез жинауда, амбулаториялық жағдайда науқасты қарау арқылы тексеріп, алғашқы диагнозды қоюда білімін қолданады.

Дағдылар (психомоторлы) домені:

Дәлділік: жүйелер бойынша сұрастыру, қарау, пальпация, перкуссия және аускультация жүргізуді және т.б. дағдыларды дәлділікпен жасайды.

Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені:

Құндылықтарды үйлестіру және ұйымдастыру: жасаған іс-әрекетінің құндылыктарын үйлесімділігін орынды тауып, дұрыс ұйымдастыра алады.

Б2.3.

ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ (1) МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРОЦЕДУРАЛАР

Білім (когнитивті) домені:

Қолдану: Амбулаториялық жағдайда науқасқа медициналық процедураларды жасауда пререквизиттерден алған білімін білімін қолданады.

Дағдылар (психомоторлы) домені:

Дәлдік:тәжірибе барысында сабақ талабына сай жасалатын машықтарды дәлдікпен орындайды.

Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені:

Құндылықтарды үйлестіру және ұйымдастыру: өз іс-әрекетінің құндылыктарын үйлестіре орырып, дұрыс ұйымдастыра алады.

Б2.5

ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ (1) ПРОФИЛАКТИКА ЖӘНЕ РЕАБИЛИТАЦИЯ

Білім (когнитивті) домені:

Түсіну: кеңінен тараған ауруларды алдын-алу және реабилитация шараларының негізгі принциптерінің

қажеттілігін түсінеді;

Дағдылар (психомоторлы) домені:

Дәлділік: амбулатория жағдайдайында науқастарға алдыналу және реабилитация шараларын жүргізуді дәлдікпен орындайды.

Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені:

Құндылықтарды үйлестіру және ұйымдастыру: аурудың алдын-алу және реабилитация шаралары қажеттілігінің құндылықтарын үйлестіріп, дұрыс ұйымдастыра алады.

Студент білуі тиіс:

  • ЖДП тәжірибесінде кеңінен тараған аурулардың алдын алудың негізгі принциптерін және халықтың денсаулығын нығайту шараларын;

  • кеңінен тараған ауруларды амбулатория жағдайында динамикалық бақылаудың негізгі принциптерін;

  • науқаспен, оның туыстарымен, әріптестермен және басқа медицина қызметкерлерімен тиімді қарым-қатынас әдістерін.

Студент жасай алуы тиіс:

  • амбулаториялық қабылдауда науқастан анамнез жинау;

  • амбулаториялық жағдайда науқасты көзбен көру арқылы тексеріп, алғашқы диагнозды қою;

  • басқа мамандардың кеңесіне немесе стационарға жолдама беруді негіздеу;

  • еңбекке жарамсыздығын сараптау;

  • науқасты амбулаториялық жүргізудің жоспарын құру;

  • қалқанша безін пальпациялау;

  • науқаспен, оның туыстарымен, әріптестерімен және басқа да медицина қызметкерлерімен жоғары сенімділік қатынас орнату;

  • командада жұмыс істеу.

Дағдыларды игерген болуы тиіс:

  • қарау, пальпация, перкуссия және аускультация;

  • артериялық пульс пен қысымды өлшеу;

  • қалыпты ЭКГ тіркеу және интерпретациялау;

  • пикфлоуметрия жасау және интерпретациялау.

  • тік ішекті саусақпен тексеру;

  • ішекті тексеру;

  • сыртқы акушериялық тексеру;

  • ішек пен жатыр мойнынан сүртінді алу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]