Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ситуациялық есептер каз. 2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
144.38 Кб
Скачать

Кафедра меңгерушісі, профессор Синявский ю.А. «тағам гигиенасы» бойынша

18 ситуациялық есеп

Тараз қаласының СЭҚБ-на балалар мекемелерінің бірнешеуінде балалардың бір мезгілде ауырғандығы туралы хабарлама түсті. Ауру майлы сүзбені тұтынғаннан кейін 3-4 сағаттан соң кенеттен басталған. Ауру тіркелген жерлердің ас үйлерінде асты әртүрлі аспазшылар дайындаған. Барлығына жалпы осы сүзбе болып табылды, бір мекемелерде сүзбе қаймақпен, кейбіреуінде қантпен берілген. Ауру тіркелген жерлерде сүзбе жылулық өңдеуден өткізілмей берілген. Науқастардың клиникалық көрінісі: жиі-жиі құсу, іштің ауыруы, дене қызуы 37,30 дейін көтерілген, тері мен шырышты қабаттың бозаруы. Аурудың ағымы орташа ауырлықта. Барлық клиникалық көріністер 3-4 сағат ішінде өтті. Тергеу жүргізген уақытта балалар жағдайы жеңілдеген. Барлық ауырғандарға мед.көмек көрсетілген.

Барлық мекемелер сүзбені сүт зауытынан алған. Сүт зауытын тексергенде айтарлықтай ауытқулар байқалмады: жарықпен қамтамасыздау жүйесі істен шыққан, осының салдарынан цехтар мен қазандықтарға келетін артезиан скважинасының жұмысы тоқтап, зауыттың ыстық және суық сумен қамтамасыздау жүйесі бұзылған. Бұл сүттің пәстерленуінің және суытылуының бұзылуына алып келген. Сүт зауытына сүттің эпидемиологиялық қолайсыз шаруашылықтардан әкелінгені (мастит) анықталды.

Лабораториялық зерттеуге құсық, нәжіс, сүзбе мен қаймақ сынамалары алынды. Сүзбе сынамаларынан токсигенді стафилококк табылды.

1. Осы тамақтан уланудың этиологиясы қандай?

2. Тамақтан улануға қандай тамақ себепші болды?

Кафедра меңгерушісі, профессор Синявский Ю.А.

«ТАҒАМ ГИГИЕНАСЫ» бойынша

20 ситуациялық есеп

10 тоннадан тұратын қара бидай партиясы қардың астында қыстап шыққан. Дән ылғалданған, өңезделген. Микологиялық тексергенде анықталғаны: дәннің 3 пайызынан аса бөлігі фузариумдармен зақымдалған.

1. Осы бидай партиясын қалай таратады?

2. Дәнді дақылдардың қамба зиянкестерімен ластану дәрежесі.

Кафедра меңгерушісі, профессор Синявский Ю.А.

«ТАҒАМ ГИГИЕНАСЫ» бойынша

21 ситуациялық есеп

Сұйық газды хроматография әдісімен азық-түліктердегі пестицидтердің қалдық мөлшерін анықтау үшін лабораториялық зерттеулер жүргізгенде анықталғаны: жеміс-жидектерде, көкөністерде, бидайда, ұнда, сүтте, етте фосфорорганикалық пестицидтердің ШРЕК-дан 3-4 есе артық екендігі тіркелді.

1. Осы азық-түліктерді тарату жолын атаңыз.

2. Пестицидтерді тасымалдағанда жүргізілетін қауіпсіздік шаралары.

Кафедра меңгерушісі, профессор Синявский ю.А. «тағам гигиенасы» бойынша

23 ситуациялық есеп

Қара бидай ұнын лабораториялық тексергенде анықталғаны:

  • ылғалдылығы- 14 %;

  • желімтіктігі- 30%;

  • қышқылдығы- 5 0

  • күлділігі- 1,9%

  • қастауыш араласпалары жоқ;

  • металл араласпалары жоқ;

1. Зерттелетін ұнның сапасы туралы қандай қорытынды беруге болады?

2. Қандай арам шөптердің араласпалары дәнді дақылдардың құрамында мүлдем жіберілмейді?