- •«Тағам гигиенасы» бойынша
- •Кафедра меңгерушісі, профессор ю.А.Синявский «тағам гигиенасы» бойынша
- •Кафедра меңгерушісі, профессор ю.А.Синявский «тағам гигиенасы» бойынша
- •Кафедра меңгерушісі, профессор ю.А.Синявский «тағам гигиенасы» бойынша
- •Кафедра меңгерушісі, профессор Синявский ю.А. «тағам гигиенасы» бойынша

- •Кафедра меңгерушісі, профессор Синявский ю.А.
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
НУТРИЦИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ ЕМТИХАННЫҢ II-КЕЗЕҢІНІҢ ТАПСЫРМАСЫ |
||
«Тағам гигиенасы» бойынша
№ 3 ситуациялық есеп
Бірнеше жанұяның ауырғандығы белгілі болды. Ауырғандардың барлығы "Broodmaster" мекемесінде дайындалған кремі бар торт жеген. Торттың осы партиясы 118 кг мөлшерде 12 сағаттан аса дайындалды. Осы өнімді тарату 26 сағаттан кейін ғана басталды. Торт партиясының қалғанын тарату орындарынан алып тастады. Клиникалық белгілері: лоқсу, құсу, іш өту, инкубациялық кезең - 3-6 сағат. Ауырғандар бірнеше күннен кейін айыға бастады.
Тексергенде: аспазшының біреуінің оң алақанында пышақ кескеннен кейінгі іріңдеген ошақ табылды. Зақымданған жарадан алтын түстес стафилококк анықталды.
1. Аса тез бұзылатын азық-түліктерді сақтау тәртібі.
2. Стафилококкты токсикоздың алдын-алу.
Кафедра меңгерушісі, профессор ю.А.Синявский «тағам гигиенасы» бойынша
№ 4 ситуациялық есеп
Қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасына 8 адам бір мезгілде түсті. Олардың шағымдары: жалпы әлсіздік, көз алдында заттардың екеуленуі, жұтынуы қиындаған. 2 ауру емханадағы көз дәрігеріне бары қаралды. Бірақ көз алдындағы екеулену жазылмаған соң, жұқпалы аурулар ауруханасына түскен. Осы аурулардан анамнез жинағанда анықталғаны: барлығы Қиыр Шығыстан әкелінген үй жағдайында тұздалған балық жеген. Ауруханаға түскенде жалпы жағдайлары- қанағаттанарлық, дене қызуы 36-36,80 С, бастары айналады. Ішкі ағзаларында өзгерістер жоқ.
Ауруханаға түскен күні бұлшық ет ішіне А типті 10000 МЕ және В типті 5000 МЕ ботулинге қарсы сары су енгізілді. Сары суды енгізгенге дейін аурулардан 10мл қан, зәр, асқазан шайындысы, құсық, нәжіс алынды. Келесі күні сары су дәл осындай мөлшерде қайта енгізілді.
Аурулар 28-30 күннен кейін жазылып, үйлеріне шықты. Қойылған диагноз: А типті ботулинмен улану.
1. Ботулизмнің алдын-алу.
3. Тағамдық токсикоинфекция кезінде жүргізілетін лабораториялық зерттеулер.
Кафедра меңгерушісі, профессор ю.А.Синявский «тағам гигиенасы» бойынша
№9 ситуациялық есеп
№2 Алматы қалалық сүт зауытына Қаскелең ауданының шаруашылығынан 2 т сүт әкелінді. Сүт арнайы көлікпен жеткізілген, машинаның санитарлық төл құжаты болған жоқ. Жүргізушінің медициналық тексеруден өткен уақыты өтіп кеткен. Сүтті лабораториялық тексергенде анықталғаны:
иісі және дәмі қышқыл;
тығыздығы-1,039 г/см3,
қышқылдығы -270Т,
майлылығы- 1,6%,
құрғақ қалдығы-10,9%,
құрғақ майсыз қалдығы- 9,3%;
қоспалар анықталған жоқ.
1.Сүттің сапасына қандай қорытынды беруге болады?
2.Сүттің микробпен ластану көрсеткіштерін атаңыз.
Кафедра меңгерушісі, профессор ю.А.Синявский «тағам гигиенасы» бойынша
№14 ситуациялық есеп
Бостандық аудандық СЭҚБ-ның лабораториясына сиыр етінің сынамасы келіп түсті. Сынама орталық базардан алынған. Бұлшық еттің түсі- ағараңдаған дақтары бар қоңыр-қызыл, майы-сарғыш, тығыздығы мен серпімділігі жеткіліксіз. Бетінде аздаған шырыш бар. Етті финндер мен трихинеллаға тексергенде: бұлшық ет кесінділерінде үлкендігі бидайдың дәніндей сопақ формалы көпіршіктер тығыздалып орналасқаны байқалды. 40см2 осындай түзінділердің 4-6 данасы табылды.
1.Осындай етті тұтынғанда қандай ауру дамуы мүмкін?
2. Осы ет партиясын қалай таратуға болады?