- •Математика оқытудың арнайы әдістемесі екі бөлімнен құрылады:
- •I. Санның құрылуы. Екі жолы қарастырылады:
- •VI. Сандарды салыстыру.
- •VII. Сандардың құрамы.
- •I. «Ондық» деген түсінікті қайталау
- •II. Санын құрылуы
- •III. Санның ондық құрамы
- •IV. Санды жазу.
- •V. Екі таңбалы санда әр цифр орнының бекіту.
- •VII. Сандар мен көптіктерді сәйкестендіру.
- •VIII. Сандарды салыстыру.
- •100 Шамасындағы сандардың номерленуін оқыту әдістемесі.
- •20 Және 100 шамасындағы сандармен арифметикалық амалдар қосу және алуды орындауды оқыту әдістемесі
- •Қарапайым есеттердің топтастыруы
- •1000 Шамасындағы және көп таңбалы сандарды номерлеуді оқытудың міндеттері
- •1000 Шамасындағы және көп таңбалы сандарды номерлеуді оқыту әдістемесі.
- •1000 Және көп таңбалы сандарды номерлеуді оқыту әдістемесі мен кезектілігі.
1000 Шамасындағы және көп таңбалы сандарды номерлеуді оқытудың міндеттері
1.Жаңа есептеу және разрядтық бірліктермен таныстыру: мыңдық бірліктермен, мыңдық ондықтармен, мыңдық жүздіктермен, миллионды бірліктермен.
2. Бірліктер классы және мыңдықтар классы түсінігімен таныстыру .
3. Мыңға дейін, 1 млн.белгілі есептеу бірліктерімен санауды үйрету.
4. Көп таңбалы сандарды нақты жазу дағдысын қалыптастыру.
5. Көп таңбалы сандарды ондық құрамы бойынша нақты талдау дағдысын қалыптастыру – санды класс және разряд бойынша бөлу; берілген класс және разряд бойынша сан құрастыру.
6. 1000 шамасындағы және көп таңбалы сандармен ауызша және жазбаша есептеу тәсілдерін қалыптастыру.
Материалды меңгеру ерекшеліктері:
1000 шамасындағы және көп таңбалы сандарды номерлеуді зияты зақымдалған балалар қиындықпен меңгереді, көп таңбалы сандарды нақтылау қиынға соғады, 1000, 10000, 100000 сандарын білдіретін шынайы заттарды елестете алмайды.
Разрядтан өтіп санау қиынға соғады, мысалы: 296, 297, 298, 299, екі жүз тоқсан он, екі жүз тоқсан он бір ... немесе 299, екі жүз тоқсан жүз; 529, 600; ондықтармен санағанда : 1980, 1190, 2000 деп айту мүмкін.
Көп таңбалы санды оқығанда мыңдық класты бөле алмайды, мысалы: 4321- төрт жүз отыз екі бір, оқығанда нолдерді ескермейді; мысалы : 5620 оқығанда 562, 3085 оқығанда 385 деген қателер жібереді.
Қолданылатын көрнекі –дидактикалық материал:
1000 және көп таңбалы сандарды номерлеуін және арифметикалық амалдарды орындауды оқыту барысында міндетті түрде көрнекі – дидактикалық материалдар қолданылады:
1000: ондық бума және жүздік бүмалар - 1000 таяқшаларға дейін:;
- 10 квадрат жүзден (әр қайсысы 100 тор көзге бөлінге);
- сандық кітапша «мың»; арифметикалық жәшік
- толық жүздіктер жазылған кесте (1000); толық мыңдық, ондықтан мың, жүздіктен мың.
- разрядтық кесте
мыңдық классы |
бірліктер классы |
||||
мың жүздіктер |
мың ондық |
мың бірлік |
жүздік |
ондық |
бірлік |
|
|
|
|
|
|
Жеке қолдануға арналған карточка өлшемі:
- бір таңбалы санға: 50х25 мм
- екі таңбалы санға: 50х50 мм
- үш таңбалы санға: 50х75 мм
1000 Шамасындағы және көп таңбалы сандарды номерлеуді оқыту әдістемесі.
Зияты зақымдалған мектеп бағдарламасына сәйкес V сыныпта 1000 шамасындағы сандармен танысады.
VI сыныпта - 10000 шамасындағы сандармен.
VII сыныпта - 100000. шамасындағы сандармен.
VIII сыныпта - 1000000 шамасындағы сандармен.
Номерлеуді оқыту кезектілігі.
1000 шамасындағы 10000 шамасындағы (көп таңбалы сандар)
1. Оқыған сандардың номерлеуін қайталау (10 дейін, 20 дейін, 100 дейін) .
2. Толық жүздіктерді 1000 дейін номерлеу.
3. Толық мыңдықтарды 10000 дейін нөмірлеу, жаңа разряд – мыңдықпен таныстыру. Толық мыңдықты құру
4. Үш таңбалы санның номерлеуі.
5. Төрт таңбалы санның номерлеуі.
