- •Математика оқытудың арнайы әдістемесі екі бөлімнен құрылады:
- •I. Санның құрылуы. Екі жолы қарастырылады:
- •VI. Сандарды салыстыру.
- •VII. Сандардың құрамы.
- •I. «Ондық» деген түсінікті қайталау
- •II. Санын құрылуы
- •III. Санның ондық құрамы
- •IV. Санды жазу.
- •V. Екі таңбалы санда әр цифр орнының бекіту.
- •VII. Сандар мен көптіктерді сәйкестендіру.
- •VIII. Сандарды салыстыру.
- •100 Шамасындағы сандардың номерленуін оқыту әдістемесі.
- •20 Және 100 шамасындағы сандармен арифметикалық амалдар қосу және алуды орындауды оқыту әдістемесі
- •Қарапайым есеттердің топтастыруы
- •1000 Шамасындағы және көп таңбалы сандарды номерлеуді оқытудың міндеттері
- •1000 Шамасындағы және көп таңбалы сандарды номерлеуді оқыту әдістемесі.
- •1000 Және көп таңбалы сандарды номерлеуді оқыту әдістемесі мен кезектілігі.
I. «Ондық» деген түсінікті қайталау
Кең түрде ондықты және бірліктерді білдіретін көрнекіліктерді пайдалану қажет. Мысалы:
Таяқшаларды сана. Қанша?
Он таяқша ббір бірден жеке – жеке бірліктерді білдіреді.
Енді буыңдар. Бұ тұтас бір ондық болып саналады
II. Санын құрылуы
Санның құрылуының 3 жолы қарастырылады, негізгісі біріншісі болып табылады:
ондыққа бірнеше бірлікті қосу арқылы;
алдындағы санға бірді қосу жолымен;
кейінгі саннан бірдіі алу жолымен.
Мысалы: тақырып: «13 саны»
Оқушыларға 10 –ға бұылған таяқшалар көрсетіледі.
- Бұл нені білдіреді?
- 3 кубик нені білдіреді?
- Мен 3-ін 1 ондыққа қоямын.
ОН ҮШ |
Көрсетіледі
- Бұл сан қалай аталады
- Бұл неге бұлай аталады
- Осы санда неше ондық бар? Неше бірлік бар?
Оқушылардың өздерімен аналогиялық жұмыс жүргіздіреміз: брусоктармен және кубиктермен, жолақшалар мен квадраттармен, есеп шотында.
III. Санның ондық құрамы
Санның ондық құрамын анықтау кезінде сандағы ондықтар мен бірліктері анықталады.
Мысалы сұрақтар:
- 13 санында қанда неше бірлік бар?
- 13 санында неше ондық бар?
IV. Санды жазу.
Екінші ондықтағы сандарды жазуды үйретуде есеп шотымен, разрядттық кестемен жұмыс жасаған тиімді.
Оқушылардың назарын 13 санының жазылуы қалай пайда болғанына аудару керек: алғаш ондықтарды жазамыз, содан кейін бірліктерді.
V. Екі таңбалы санда әр цифр орнының бекіту.
- 13 санын жазуға бізге неше цифр керек болды?
- Ол қай цифрлар?
- 13 санындағы 3цифры нені білдіреді?
- Осы сандағы 1 цифры нені білдіреді ?
- 13 санында бірліктер қай орында тұрады? (оң жақтан бірінші).
- Ондық қай орында орналасқан? (оң жақтан екінші).
Мұндай сұрақтарды қою арқылы екітаңбалы сандағы цифрлардың орындарының маңызын бекітеміз.
VI. Сан қатардағы санның орнын келесі сұрақтар арқылы бекітеміз
- 13 саны қай саннан кейін тұрады?
- 13 саны қай санның алдында тұрады?
VII. Сандар мен көптіктерді сәйкестендіру.
Сандарды және көптіктерді сәйкестендіру келесі тапсырмалар арқылы жүргізіледі: санға бірнеше затты таңдап алу, керісінше бірнеше затқа соған сәйкес санды таңдау. Мысалы: мен қандай санды көрсетемін, сендер соншалықты шапалақтайсыңдар. Немесе, мен бірнеше затты қойып шығамын, сендер соған сәйкес санды таңдайсыңдар.
Мысалы тапсырмалар:
- Берілген санға сәйкес цифрді таңда.
- Мен қанша сан көрсетем, сен соншалықты заттар қойып шық.
VIII. Сандарды салыстыру.
Балаларды салыстыруға үйретуде шартты түрде 3 кезеңнен өтеміз:
1 - кезең: көрнекі құралдарды қолдану арқылы сандарды салыстырамыз (бумалар мен таяқшалар, брусоктар және кубиктер, жолақшалар мен квадраттар қолдана отырып). Разряд бойынша салыстыруды үйретеміз, салыстыруды ондықтар разрядынан бастаймыз.
2 - кезеңде көрнекілікті ауыстырамыз: разрядтық кестені сүйеніп салыстыру.
3-кезеңде көрнекі-дидактикалық материалдарды қолданбай, натурал сандардың сандық қатардағы қасиетіне сүйенеміз.
-2б-
