Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тезисы лекций по матем каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
298.5 Кб
Скачать

VII. Сандардың құрамы.

Екі түрі қарастырылады:

1. Санның құрамының бір компоненті бірге тең болған жағдайда, мысалы: 5=1+4; 5=4+1.

2. Екі кіші саннан құрылған жағдайда: 5=2+3; 5=3+2.

Санның құрылуын қарастырғанда балалармен келесі жұмыс ұйымдастырылады.

Заттық-тәжірибелік іс-әрекетін ұйымдастыру, яғни заттар көптігін екі топқа бөлуді үйрету, мысалы:

Әр оқушыға 5 таяқша береді де осыларды екі топқа бөл деген тапсырма ұсынады. Балалар таяқшаларды бір-бірден екі топқа жіктейді, содан кейін мұғалім нәтиже шығарады.

  • Таяқшалардың саны қанша?

  • 5 таяқшаны қанша топқа бөлдіңдер?

  • Бірінші топта таяқшаның саны қанша?

  • Екінші топта таяқшаның саны қанша?

  • Яғни 5 саны қандай екі саннан құрылған?

Бекіту тапсырмалары: менің қолымда 5 кубик бар, бір қолымда біреу, екінші қолымда қанша?

Немесе:

5=ОООО+.... 5=ОО+... 5=О+...

Осындай тапсырмаларды балаларға жиі жүйелі түрде ұсыну керек. Әр санның құрамын балалар жатқа білуі тиіс.

-3-

10 колеміндегі сандармен қосу, алу амалдарын шешуді оқытудың үш кезеңге бөледі:

1. Оқушылар есептерді шешуде заттық – тәжірибелік әрекетке сүйенеді;

2. Абакты, есеп шотын қолдану арқылы ;

3. Ауызша, талқылау ауызша жүреді.

Лекция 6

Тақырып: 20, 100 шамасындағы сандарды номерлеуін және арифметикалық амалдар орындауды оқыту әдістемесі

Мақсаты:

Екінші ондық сандарды оқыту әдістемесіне қойылатын бағдарлама талаптарымен таныстыру; жүз шамасындағы сандарды оқыту әдістемесіне қойылатын бағдарлама талаптарымен таныстыру; ) 20, 100 шамасындағы сандармен есептер шығаруды оқыту әдістемесі және кезеңдері.

Көрнекілік:

1. Сызба «Жүз шамасындағы сандарды қалыптастыру»

2. Карточки с алгоритмами вычислительных приёмов путём разложения чисел на разрядные слагаемые.

Жоспары:

  1. 20 және 100 шамасындағы сандарды номерлеуін оқытудың міндеттері.

  2. Номерлеуді оқыту әдістемесі:

а) 20 шамасындағы;

б) 100 шамасындағы.

3. Арифметикалық амалдарды оқыту әдістемесі :

а) 20 шамасындағы сандармен қосу және алу арифметикалық амалдарды орындауды оқыту әдістемесі.

б) 100 шамасындағы сандармен қосу және алу арифметикалық амалдарды орындауды оқыту әдістемесі.

-1-

Екінші концентрдің материалын 2 және 3 –ші сыныптың басында оқиды. 20 шамасындағы сандармен 2 сыныпта таныстырады. Бірінші 11-ден 20 дейінгі сандардың номерленуін оқиды, ал III тоқсаннан бастап разрядтан өтпей 20 шамасындағы сандармен қосу және алу амалдарын орындаумен танысады.

3-сыныптың 1 тоқсанында ондықтан өтіп қосу және алу амалдарын орындаун өтеді

Міндеттері:

1. Оқушылардың сан туралы, натуралды сандар қатары туралы түсінігін кеңейту.

2. 20, 100 шамасындағы сандарды санау дағдысын қалыптастыруды жалғастыру.(тура, кері, берілген саннан берілген санға дейін)

3. Жаңа есептеу бірлігі ретінде, жаңа разряд ретінде ондықты белгілеу арқылы есептеу жүйесінің қағидалары туралы оқушылардың түсініктерін қалыптастыру.

МЫҢДЫҚ

ЖҮЗДІК

ОНДЫҚ

БІРЛІК

4. Санның ондық құрамымен таныстыру, бір таңбалы және екі таңбалы сандар туралы түсініктерін қалыптастыру.

5. 11- ден 20- дан 100 дейінгі сандарды цифрмен белгілеуді үйрету.

6. Екітаңбалы сандағы цифрдың орнының қағидасы туралы түсінік беру.

7. Оқушыларда 20, 100 шамасындағы сандармен ауызша есептеу тәсілдерін қалыптастыру.

Материалды меңгеру ерекшеліктері.

1. Сандардың аттарын көпке дейін есте сақтай алмайды, шатастырады. (, 20, 30, 40, 50)

2. Санның реттілігін қиындықпен меңгереді.

3. Екітаңбалы сандағы әр цифрдің орнының мағынасын түсінбейді, орындарын ауыстырады (алдымен бірлікті содан кейін ондықты жазады). Мысалы: он екі – 21. 12.

4. Санның ондық құрамын талдауда қиналады.

5. Келесі заңдылықты қиындықпен меңгереді: 10 бірліктен - жаңа бір ондық құрылатынын.

6. Разрядтан асып шығаратын есепті қиындықпен меңгереді, мысалы : 5+6=11, 46+ 26.

7. Арифметикалық амалдарды орындағанда разрядтарды ескермейді.

Пайдаланатын көрнекі – дидактикалық материалдар: жеке және ондықтарға бұылған санақ таяқшалары; арифметикалық жәшіктегі брусоктар мен кубиктер; есеп шоты; жолақшалар мен квадраттар; абак; разрядтық кесте; цифрлі касса; санауға арналған түрлі заттар.

100 шамасындағы сандардың номерленуін оқытқанда міндетті түрде келесідей көрнекі дидактикалық материалдар қолданылады: ондықтарға бұылған жұз 100 таяқша; арифметикалық жәшік; абак; метрлік сызғыш; квадрат 100(10x10); разрядтық кесте; цифрлі касса және қиылған сандармен , ондықтар және бірліктермен карточкалар .

-2а-

11 -ден 20 –ға дейін әр санмен бәлек таныстырамыз.

Әр санды оқытуға бірнеше сабақ беріледі .

20 шамасындағы сандардың номерлеуін оқытуда келесі сұрақтар қарастырылады:

I. «Ондық» деген түсінікті қайталау.

II. Санын құрылуы.

III. Санның ондық құрамы.

IV. Санды жазу.

V. Екі таңбалы санда әр цифр орнының бекіту.

VI. Сан қатардағы санның орны.

VII. Сандар мен көптіктерді сәйкестендіру.

VIII. Сандарды салыстыру.