Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
SRS_BD1 (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
37.44 Кб
Скачать

2.2 Sql командаларының категориялары

CREATE DATABASE

Бұл команда жаңа деректер қорын құрады:

CREATE DATABASE db_name;

Мұнда db_name құрылатын дерекқордың аты болып табылады. Жаңа forum дерекқорын құру үшін , Клиент шақыру-бағанында MySQL mysql> командасын және дерекқор атын белгілеңіз:

mysql> CREATE DATABASE forum;

USE

Кестелермен жұмыс істеуді бастау үшін, MySQL-ге сіз қандай дерекқормен жұмыс істейтін хабарлау керек. Бұл USE командасы арқылы іске асады:

USE db_name;

CREATE TABLE

CREATE TABLE командасы берілген дерекқорда жаңа кестені құрады және қарапайым жағдайда келесі синтаксисті қабылдайды:

CREATE TABLE table_name [(create_definition, ...)]

Мұндағы table_name – құрылатын кестенің аты.

DESCRIBE

DESCRIBE командасы құрылған кестелердің құрылымын көрсетеді және келесі систаксисте болады:

DESCRIBE tаble_name

Мұндағы tаble_name – құрылымы сұралған кесте аты.

ALTER TABLE

ALTER TABLE командасы кестелер құрылымын өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл команда бағандарды қосуға және өшіруге, индекстерді құруға және құртуға, бағандардың және кестелердін атын өзгертуге мүмкіндік береді. Команда келесі систаксисте болады:  

ALTER TABLE table_name alter_spec

DROP TABLE

DROP TABLE  командасы бір немесе бірнеше кестелерді өшіруге арналған:

DROP TABLE table_name [ ,table_name,...]

Мысалы, forums кестесін өшіру үшін, келесі SQL сұранысын жүзеге асыру керек:

mysql> DROP TABLE forums;

DROP DATABASE

DROP DATABASE командасы дерекқорды, кестелермен бірге өшіреді:

DROP DATABASE database_name

Мысалы forum дерекқорын өшірейік:

mysql> DROP DATABASE forum;

Insert into…values

INSERT…VALUES командасы жаңа жазуларды кестеге енгізеді.

Команданың синтаксисі:

INSERT INTO table_name VALUES (values,…)

VALUES операторынан кейін жақшаның ішінде, үтір арқылы, сәйкес келетін бағандар мәні өз типіне сәйкес аталады.

DELETE

DELETE FROM table_name [WHERE definition]

DELETE командасы table_name кестесінен жазбаларды өшіреді, definition шартына сәйкес келетін, және өшірілген жазбалар санын қайтарады.

Былай authors кестесінен жазбаларды өшіруге болады:

mysql> DELETE FROM authors;

2.3 Sql типтері

Кең түрде кездесетін типтер 13,6-13,8 кестелерінде көрсетілген. Деректер типтерінің көбіне, жақша ішінде көрсетілетін, максималдылық мәні беріледі, оны біз max деп белгілейміз. Мысалы INT(2) жазуы берілген бағанда мәні 100 – ден аса алмайтынын білдіреді.

Сандық типтерге бүтін сандар және жылжымалы нүктелі сандарды жатқызамыз. Жылжымалы нүктелі сандар үшін, максималды мәннен басқа, Р символымен белгіленетін, үтірден кейінгі сандарды көрсетуге болады.

13.6 Кесте. Сандық типтер

Тип

TINYINT[(max)]

Диапазоны -127…128 болатын өте кіші бүтін сандар.

SMALLINT[(max)]

Диапазоны -32768…32767 болатын бүтін сандар.

MEDIUMINT[(max)]

Орта бүтін сандар.

INT[(max)]

Жай бүтін сандар.

FLOAT[(max,P)]

Бірлік нақтылы жылжымалы нүктелі сандар.

DOUBLE[(max,P)]

Екілік нақтылы жылжымалы нүктелі сандар.

DECIMAL[(max,P)]

Char типтес жылжымалы нүктелі сандар.

Мерзім және уақыт типтері 13.7 кестесінде көрсетілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]