Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әдістеме дәрістер 1,2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
51.55 Кб
Скачать

Әдебиеттану ғылымымен байланысы

Әдеби теориялық білім шығарманы оқып-үйрену барысында, сол туынды бойынан шығарылып, игеріледі. Көркем әдебиеттің өзіндік ерекшеліктері, шығарма құрылымы, әдеби жанр түрлері, көркем шығарма тілі туралы ұғым түсініктер қалыптастырылады. Оқушыларға әдеби білім беру арқылы, оларға ақын-жазушылардың еңбектерін терең түсініп оқи білуде, олардың идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерін ажырата, талдап ұғуда әдебиет теориясынан мағлұматтар жүйелі түрде берілуі тиіс. Сонда ғана оқушыларымыз көркем шығарманың мазмұны мен формасын бірлестікте қарап, оның идеялық- тақырыптық мазмұнын, образ-кейіпкерлерін, сюжетін, композициясын, тілін, жанрлық ерекшелігін, көркем шығарманың қоғамдық, көркемдік және тарихи-әлеуметтік маңызын түсініп біледі, жазушының стилін таниды.

Тіл білімімен байланысы

Көркем шығарманың идеялық-тақырыптық мазмұнын, оқиғаны дамыту, адам характерін ашу, күйініш-сүйінішін жеткізу, шындықпен астастыра суреттей білу т.б. барлығы тілдің күші арқылы танылады. Әл-Фараби «тіл-ойдың көрінуі, ендеше бүкіл ғылым тіл арқылы өрнектеледі, осы арқылы ғылым баяндалады, білім алынады»,-деп тілдің орнын белгілейді. Тілдің қызметі шексіз,ақын, жазушы шығармасында өзінің идеялары мен образдарын тіл арқылы бейнелейді. Тіл көркем туындының талдауға жататын құрамды элементтерінің бірі болғандықтан, жазушы тілі де кейіпкер тілі де шығарманың идеялық-көркемдік мазмұнын ашудың басты құралы болып табылады. Оқушыға көркем шығарма тілін таныту да әдістеменің міндеті.

Тарих ғылымымен байланысы

Қай халықтың болмасын көркем әдебиеті сол халықтың тарихын танытады. Мектеп бағдарламасында берілетін әдеби шығармалар тарихи – хронологиялық бірізділікпен орналастырылған. Ақын-жазушылардың өмірбаяндарын өтуде дүниеге келген кезеңдері тікелей тарихпен байланыстырылады.

Жоғары сыныптарда қазақ әдебиетінің жеке дәуірі кезеңдеріне байланысты тарихи – әдебиеттік шолу тақырыптар берілген. Бұларды түсіндіру барысында тарихи және әлеуметтік жағдайлар түсіндіріледі.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысы Махамбет шығармашылығы, ХІХ ғасырдың екінші жартысы Шоқан, Ыбырай, Абай шығармашылын тарихпен байланыста алу.

Психология ғылымымен байланысы

Әдебиетті оқыту әдістемесінің әртүрлі мәселелері психология ғылымымен байланыста бір-бірін толықтырып отырады. Әдебиет әдістемесі психологиялық заңдылықтарға негізделіп, ереже, қағидаларды басшылыққа алады. Әдеби білім беруде оқушылардың психологиялық ерекшеліктері есепке алынады.оқушының жалпы психикалық дамуы оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты. Мұғалім оқушыны жүйелі түрде зерттеп, оқырмандық қызығушылықтарын анықтайды, олардың психологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқыған шығармасынқабылдау, түсіну дәрежесін саралайды. Әдебиетті оқыту арқылы жаңа психикалық қасиеттер қалыптасады, баланың дамуы, өздігінен ойлауы жоғары сатыға көтеріледі. Әдебиетті шығармашылықпен оқыту барысында ой дербестігі, оқу әрекетін, образды ойлау, қайта елестете алу қасиеттерін дамытуға ықпал етеді.

Педагогика теориясымен байланысы

Әдебиетті оқыту әдістемесі педагогикамен әдебиет сабағындағы бүкіл оқу-тәрбиелік үрдіс және сыныптан тыс уақыттағы әдебиетке байланысты жүргізілетін жұмыстар арқылы байланысады. Көркем туындының білімдік, тәрбиелік жақтарын оқушының сана-сезіміне жеткізеді, ал жеткізу амалдарын педагогика теориясына негіздейді.

Бақылау сұрақтары:

1. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің мақсатын, міндеттерін көрсетіңіз.

2. Әдебиетті оқыту әдістемесін «Көркем тарихы», «Өмір оқулығы» дәрежесінде оқып – үйретудің өзіндік ерекшелігі.

3. Әдебиетті өмірмен байланыстыра оқыту.

4. Әдебиетті оқыту әдістемесін басқа пәндермен байланыстыра оқыту.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Мемлекеттік білім стандарты. – А., 1998.

2. Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы. – А., 1997.

3. Қазақ әдебиеті пәні бойынша қазақ мектептеріне арналған бағдарлама. V – IX, X – XI сыныптар, - А., 1999.

4. Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. – А., Мектеп, 1985.

5. Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. – А., Мектеп, 1969.

6. Ақшолақов Т. Көркем шығармаға талдау жасау. А., Мектеп, 1993.

7. Бітібаева Қ.Әдебиетті оқыту әдістемесі. – А., 1997.

8. Жұмажанова Т. Әдебиеттен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ғылыми - әдістемелік негіздері. А., 1995.

9. Қирабаев С. Мектеп және қазақ әдебиеті. – А., Мектеп, 1979.

10. Дайырова Ә. Орта мектепте І.Жансүгіров творчествосын оқыту. – А., 1969.

11. Қалиев С. Мектепте Ғ.Мүсірепов шығармаларын оқыту жолдары. – А., 1974.

12. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. – А., 1981.

13. Мақпыров С. Әдебиеттен шығарма жұмыстары. – А., 1981.

14. Бітібаева Қ. Әдебиет сабағының түрлері мен үлгілері. – А., 1994.

15. Жұматаева Е. Әдебиетті оқытудың кейбіп мәселелері. – А., 1994.

16. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – А., 1964.

17. Қабдолов З. Әдебиет теориясының негіздері. – А., 1970.

2-дәріс Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қысқаша тарихы

Әдебиетті оқыту әдістемесінің дамуындағы үш кезең:

1917-1927 жылдар. Әдебиет пәнінің кеңестік идеологияны орнықтырушы қоғамтану құралы ретінде оқытылуы.

1928-1938 жылдар. Отызыншы жылдардың басында әдебиеттің мектептік жүйеге негізделмеген тарихи-әдебиеттік курс ретінде оқылу себептері. Оның зиянды зардаптары.

1939-1990 жылдардағы мектеп реформаларының мектепте әдеби білім беру ісін жетілдіруге тигізетін әсері.

1990-2000 жылдардағы еліміздегі жалпы және орта білім беру жүйесіндегі түбегейлі бетбұрыс. Оның тарихи-әлеуметтік себептері. Әдеби білім тұжырымдамасының жасалуы.

Қазақтың кең-байтақ өлкесінде білім ісінің пайда болып, даму тарихы да өзінің ілкі бастауларын сонау ерте замандардан алады. Қазақстан жерінде, әсіресе, оның отырықшы аудандарында орта ғасырдың ерте дәуірінде-ақ (ҮІІ-ҮІП ғ.ғ.) көптеген мектептер (мұсылманша бастауыш оқу орны) медреселер, діни білім беретін хадим және жәдид мектептері болғаны тарихтан белгілі.

Ертедегі Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Түркістан, Отырар, т.б. қалаларында көптеген медреселер болған, олардың жалпы саны 84-ке жеткен. Ауылдық жерлерде мектепте молдалар (татар, башқұрт, т.б.) ұстаздық еткен. Медреселер мұсылмандық рәсімдерін таратушы оқу орны болып қана қоймай, ірі мәдениет орталығы ретінде де қызмет атқарған. Бұл оқу орындарында заңтану, тарих, логика, философия, математика, астрономия, медицина, т.б. пәндер енгізілген. Медреселердің жанында салиқалы кітапханалар болған. Патша үкіметінің 150 жылға созылған отарлау саясаты халқымыздың егемендік жолындағы ғасырлар бойғы күресіне зор нұқсан келтіргенімен, Батыс пен Шығыстың рухани өміріндегі қарым-қатынасына жол ашты. Мысалы, Змеиногорскіде (Шығыс Қазақстан) қорғасын-мырыш кен орнында 1761 жылы тау-кен жұмысшыларының балаларына арнап мектеп ашты, 1786 жылы Омбы қаласында "Азиялықтар мектебі" ірге көтерді. Осындай мектеп 1789 жылы Орынбор қаласында да ашылды. Қазақ феодалдарының (сұлтан, би, бай, старшин) балаларына Неплюев кадет корпусына (1825), Омбы кадет корпусына (1848) түсіп оқуына рұқсат етілді. Алғашқы қазақ мектебі Бөкей хан ордасында (1841), 1850 жылы Орынбордағы шекара комиссиясының жанынан ашылған болатын. Ресей Халық ағарту министрлігі 1870 жылы бұратана халықтарға білім беру шаралары туралы арнаулы заң қабылдады. Осы заң бойынша шет аймақтағыларды орыстандыруды көздеген миссионерлік педагогика жүйесі енгізілді. Мәскеуде құрылған арнайы миссионерлік қоғамның негізгі принциптерінде былай делінген: мусылман елдерін ыдырату, арасына от жағу, яғни, пантүркішілдік пен панисламдыққа қарсы күресу; бұратана халықтарды провославие дініне көшіріп, шоқындыру, халықты ата-баба тарихынан, ұлттық мәдениетінен қол үздіру, орыс алфавитін енгізу; мұсылмандық мектептер мен медреселерді біртіндеп жою, олардың орнына орыс-түзем, орыс-қазақ мектептерін ашу, кейін бұлардың бәрін таза орыс тіліне көшіру, шет аймақтардағы отаршылдық саясатты жүзеге асыру үшін миссионер ғалымдар, оқытушылар кадрларын көптеп даярлау. Омскідегі "Азия мектебі", Орынборда Неплюев кадет корпусы, Омскідегі кадет корпустары құжатта көрсетілген шаралардың жүзеге асуының нақты көрінісі болатын. Қазақ қоғамындағы білім беру ісі "қазақтың тұңғыш ұстазы" ретінде танылған Ы.Алтынсарин есімімен тығыз байланысты. Оның ағартушылық қызметі қазақ халқының рухани-саяси отарлау саясатының қысымшылығы қысып тұрған кезеңге тұспа-тұс келді. Бұл саясатты тоқтатуға жергілікті ағартушылардың саяси күші болмады. Тек ұлттық білім беру жүйесін заман талабына сай, миссионерлік оқу-ағарту ісінің негізгі заңдылықтарын қабылдай отырып, Қазақстанда халық ағарту ісі жаңа жолға түсті. XIX ғасырдың аяқ кезінде "қазақ мектептері қандай болу керек" деген мәселе күн тәртібіне қойыла бастады. Осы жөнінде бір-біріне қарама-қарсы екі көзқарас пайда болды.

Бірі - бұратана халықты шала сауатты қалдырып, төл мәдениетінен қол үздіріп, бірте-бірте орыстандыру саясатын көздейтін миссионерлер (Н.И.Ильминский, т.б.), ал екіншісі – орыс халқының прогрессивті озық мәдениет үлгілерін игеру арқылы "Өз елін өркениетті елдердің деңгейіне көтеру қажет"- дейтін қазақ ағартушылары (Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев) еді.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында 1861 жылдан бастап орыс-қазақ мектептері Троицкіде, Торғайда, Ырғызда, қазанда, Перовскіде ұйымдастырылды. 1876 жылы Қазақ мұғалімдер семинариясының директоры Н.И.Ильминский идеясы бойынша қазақтарды орыс алфавиті көмегімен оқыту қолға алынып, бұл жұмысқа Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып тағайындалған Ы.Алтынсарин тартылды.

Ы.Алтынсарин орыс сауатын оқытатын бірнеше ауылдық мектептер ашты.

Жалпы ХІХ ғасырдың екінші жартысында, ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда мектептің білім жүйесі мынадай еді:

1. Орта оқу мекемелері – ерлер мен әйелдер гимназиялары, жылдық училищелер, мұғалімдер семинариялары.

2. Бастауыш оқу мектептері- қалалық училищелер, орыс-қазақ және орыс-туземдік мектептер мен училищелер, ауылдық-болыстық мектептер, бастапқы сауаттылық беретін мектептер.

3. Кәсіби оқу мекемелері-мұғалімдер семинариялары мен мұғалімдер мектептері, ауыл шаруашылығы мектебі, фельдшердік мектеп және қолөнер мектебі.

Бұл мектептердің саны, әрине көп емес еді.

Ы.Алтынсарин Торғай, Ырғыз, Ақттөбе, Николаев уездерінде уездік екі кластық мектептер ашады, бұлардың кейінгі екеуінде тек қазақ балалары оқыды, кейін Бөрте, Қарабұға, Обаған, Жетіқара, қаратоғай болыстарында да осындай мектептер1881 жылы Омбы қаласынан қазақтың тұңғыш оқытушылар мектебі ашылған. Ы.Алтынсарин өзі ашқан жаңа мектептердің жұмысына дұрыс бағыт беріп, үнемі көмек көрсетіп отыратын рухани басшысы да болды. Өзінің бір хатында «оларға» (мектеп жастарына) адамгершілік жағынан әсер етуге де бар күшімді салып отырмын»,- деп жазды Ыбырай.

Оқытудың жәдид (төте оқу) деп аталатын ағымы отаршылдық орыстандыру саясатына қарсы түркі тектес үлттардың өзін-өзі сақтап қалу жолындағы қажырлы күресінен туған еді. Отаршылдар оның өрісін тарылтып бақты. Патша үкіметі ұлт мектептеріндегі екі ағымды (хадим-ескі діни араб оқуы, ал жәдид-жаңа араб әрпімен білім беру) бір-біріне қарама-қарсы айдап салу арқылы ұлттың сана-сезімнің оянуын тежеуді көздеді. Осының нәтижесінде хадим ағымының өкілдері жәдидшілерді, "қүдайға күпірлік жасады" деп айыптап, олардың үстінен патша әкімшілігіне арыз жазуға дейін барды. Жәдид ағымына белсене қарсы шыққандардық бірі - Н.И.Ильминский. Жәдид ағымы мектеп, медресеге байланысты мына мәселелерді көтерді: біркелкі оқу жоспары мен бағдарлама жасау арқылы мұсылман мектептерін бір ізге түсіру, оқу жоспарына арифметика, жағырапия, жаратылыстану, тарих, т.б. пәндерді енгізу арқылы қазіргі заман талабына сай шәкірттерге орта білім беруді қамтамасыз ету, сауатсыз, фанатик молдаларды тиісті білімі бар молдалармен алмастыру, дыбыстық оқыту әдісін енгізу, мектеп пен медресе бітіргендерге емтихан тапсыртып, оқушыларға тиісті құжаттар тапсыру, әскери міндетін атқаруды жеңілдету, мұсылман мектептерін бақылауды жұрт сайлаған құрметті азаматқа тапсырып, оны өлкенің ресми қамқоршысына бағынышты ету, т.б. Осы мектептердің материалдық жағына көмектесу, оқу құралдарымен қамтамасыз ету, мұғалімдерге тұрақты жалақы төлеу мәселесі де назардан тыс қалмады. Жәдид ағымының көшбасшысы белгілі турколог-лингвист А.Байтұрсынов болды. Жәдидшілер бастауыш мектеп мәселесіне айрықша мән берді, осыған орай бірнеше оқу құралдарын жарыққа шығарды. Жәдид ағымы мектеп бітірушілердің медреселерде немесе жоғары оқу орындарында білімін әрмен қарай жалғастыру, олардың өз ықтиярымен мамандық таңдап алу мүмкіндігіне жол ашты, жұрттың бұл мектепке деген ынта-ықыласы тез өріс алуына жағдай туғызды. Қазан төңкерісінің жеңісінен кейін халықты қажытқан жиһангерлік және азамат соғысының қиян-кескі, зобалаң зардаптарына қарамастан, өлкедегі мектеп саны едәуір өсе түсті. Сол кездегі ағарту саясатындағы басты мәселенің бірі - жаңадан ашылып жатқан ауыл мектептерін мұғалім кадрларымен қамтамасыз ету жайы еді. Бұл міндет үш түрлі жолмен жүзеге асты: Біріншісі, бұрынғы патшалы Ресейдің мұғалім-кадрларын мектепке тарту, екінші жолы - білімге құштар сауатты жастарды қысқа мерзімді курстардан өткізу, үшіншісі, арнайы педагогикалық оқу орындарын көптеп ашу арқылы мұғалім даярлау.

Осы кезеңде А. Байтұрсынұлы ХХ ғ. басындағы оқу-ағарту ісіне белсене араласып, ұлттың өз тілі, діні, жазуы сақталуы үшін күресе білді. 1917 жылы алаш Орда партиясының А.Байтұрсынұлы басшылық еткен бағдарламасында: «Халыққа білім беру баршаға тең, әрі тегін болуы тиіс. Бастауыш мектепте оқыту ана тілінде болуы керек. Қазақтардың жоғары және орта арнаулы оқу орындары (университетке дейін) болуы қажет. Мектеп автономиясы болуы шарт, ал өкімет мектептің ішкі өміріне араласпауы керек. Барлық мұғалімдер мен профессорлар сайлануы қажет»,- деп көрсетілді. Бұл құнды бағдарлама кейін Кеңес Одағының жаңа білім беру жүйесінің негізгі принциптерінде пайдаланылды. А.Байтұрсынұлы халық ағарту комиссары қызметін атқарған кезде (1920-21ж.ж.) ұлттық сипаттағы мектептерді ашуға көп күш жұмсады. 1921 жылы Орынборда зиялы қазақ азаматтарын мәжіліске шақырып, төмендегі жайды баяндаған: «Бұл күнге дейін қазақ тілінде 1-ші һәм 2-ші басқыш мектептер үшін оқу құралдары жоқ, сондықтан қазақша оқу құралдарын жазып, тәржімалауға тезінен кірісу керек. Әдебиет пәні үшін хрестоматия құрастырып жазу ісі С. Сейфуллинге, Ж.Аймауытовқа тапсырылады»,-деп міндеттеген. Осы мәжіліс шешімінің негізінде оқу кітаптары дер кезінде жазылып, басылып шығып 1928-29 жылдарға дейін оқытылды. 1920 жылы 18 ақпанда Бүкіл Қазақстандық оқу-ағарту конференциясы шақырылды. Онда балаларды қорғау, бірыңғай мектеп жүйесін құру, кәсіптік-техникалық білім беру, саяси тәрбие жұмысы, т.б. оқу-тәрбие жұмысына байланысты мәселелер қаралды. Республикада жоғары білімді кадр даярлауда Алматы қаласында тұңғыш ашылған Абай атындағы Қазақтың педагогикалық институты үлкен рөл атқарды.

1929 жылы араб алфавитінен латын графикасына көшті. 1940 жылы латын алфавитінен орыс жазуына көшу ісі өркениет жолындағы тағы бір үлкен соққы болды. Оқу-ағарту саласындағы осындай үлкен бұрмалаулар ұлт мәдениетінің дамуына кері әсерін тигізді. Неміс-фашист басқыншылары шабуылына байланысты көпшілік ер мұғалімдер майданға, Отанды жаудан қорғауға аттанды, оқушылар болса колхоз, совхоз шаруашылығына көмектесіп, майдан қажетін өтеуге ат салысты, 15-16 жастағылар ФЗО мектептеріне түсіп, қысқа мерзімді курстардан өтіп, фабрика, зауыт, шахталарда ер-азаматтардың орнын басты. Өндіріске барушылар көбейе түсті, осыған орай жұмысшы шаруа жастарының кешкі мектептері көбейді. 1945-60 жылдары мектептер мен онда оқитындар саны күрт өсе бастады. 1950-60-шы жылдары тың игеруге байланысты мектептердің саны күрт өскенімен, қазақ мектептері көбірек жабылып, оның орнына орыс-қазақ және орыс мектептері көбірек ашылды. 1980-90 жылдары елімізде жаппай халыққа орта білім беру саласында біраз жұмыс жүргізілді. Соның бірі -мектепке 6 жастан бастап қабылдау.

1990 жылдан Еліміз егемендік алғаннан кейін білім негіздерін демократиялық, интеграциялық принциптерге орайлас әр баланың жеке-дара ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, оқытып, тәрбиелеу талап етілді. Осы жайттар ұлт мектептерінің жаңа бағдарламаларынан елеулі орын алды. Арнаулы білім салаларына икемі бар балаларға арналған лицей, гимназия, колледж, медреселер сияқты мектептің жаңа түрлері ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы Заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді. Осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік саясат принциптері айқындалады.

Оқулықтар Отар елдердегі халыққа білім берудің жағдайында, бодандық шектеушіліктің соншалықты саяси және рухани төзгісіз жағдайында қазақ балалары үшін қазақ тілінде алғашқы оқулық «Қырғыз хрестоматиясы» (Қазақ хрестоматиясын) жазып, баспадан шығарып, оны мектеп тәжірибесіне енгізуі Ы.Алтынсарин тарапынан тарихи бастама болды, бұл қазақ әдебиеті үлгілерін мектепте оқытудың алғашқы қадамы еді. Ы.Алтынсарин тұңғыш қазақ оқулығын неге хрестоматия түрінде жазуды таңдап алған деген сұрақ тууы мүмкін.

Қазақ халқының сауатсыздығынан, қазақ тілінде басылған бірде-бір кітаптың жоқтығынан оқу орындарының мұғалімдері қазақ балаларын оқытқанда, амалсыздан қазақ тілінің орнына татар тілін пайдаланып жүр. Сондықтан шәкірттерге амалсыздан татар тілінен ешқандай кемдігі жоқ ана тілін тастап, татар тілін үйренуге тура келеді.

Екінші жағынан татардың кітап тілі араб, парсы сөздеріне толған, сол себепті ол сауатсыз қазақтарға түсініксіз. Бұл тілде басылып шыққан кітаптардың бәрі де тек дін туралы жазылған кітаптар, сондықтан олар осы жағынан алып қарағанда, дүниелі мақсаттарды көздейтін орыс-қазақ мектептерінде пайдалану үшін қолайсыз»- деп жазды ол.

Ы.Алтынсаринге дейін әдеби мазмұндағы қазақ оқулығы былай тұрсын, таза қазақ тілінде оқытатын мектеп те болмаған еді Ы.Алтынсарин екі бірдей маңызды, қажетті тарихи бастама жасады:

а) қазақ тіліндегі оқулықты қажет еткен таза, қазақ мектептерін ашты;

ә) ашылған қазақ мектептерінің сұранысын қанағаттандырды, алғашқы оқулық жасап шығарды.

Ы.Алтынсарин өзі бастаған ұлы істің жалғасы үзілмеуін қалады және солай болатынына сенгендіктен де оның тарихи маңызына өте зор мән берген болатын.

«Мазмұны балалардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды асықпай, бірақ алған бағыттан қайтпай, қазақ өз тілінде шығара беру керек»,* деп жазды Ы.Алтынсарин.

«Қазақ хрестоматиясы» қазақ әдебиеті пәнінің атасы, әдебиет оқулығын жасаудағы алғашқы тәжірибе деп бағаланады. Басталған іс үзіліп қалмай, Ыбырай оқулығы үлгісінде қазақ тілінде әдеби мазмұндағы оқулықтардың шығып, бүгінгі кәсіби педагогикалық сападағы әдебиет пәніне ұштасты.

«Қазақ хрестоматиясы» кейін біраз қысқартылып 1889,1896,1899 жылдары «Махтуба» деген атпен, араб алфавитімен басылды.

«Махтуба» арабша «хаттар» деген мағынада 1906 жылы А.Васильев редакциясымен едәуір толықтырылып, орыс алфавитімен қайта жарияланды.