Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
PKhS_sil_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
292.86 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

«МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» ШЖҚ РМК

БАЛАЛАР ЖӘНЕ ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

СИЛЛАБУС

Пәні: Хирургиялық стоматология пропедевтикасы

Пәннің коды: ПДО 02

Мамандығы: 5В130200 – «Стоматология»

Оқу сағаттарының көлемі: 405

Оқыту курсы мен семестрі: 4 курс, 7 семестр

Ақтөбе, 2014

Оқытушылар туралы мәліметтер:

1. Таганиязова Алия Адыловна – м.ғ.д., кафедра доценті. Жалпы медициналық тәжірибесі 31 жыл, педагогикалық тәжірибесі 20 жыл. 52 ғылыми мақаласы бар.

2. Сисеналиев Айбек Амангельдиевич – кафедра ассистенті. Жалпы медициналық тәжірибесі 2 жыл, педагогикалық тәжірибесі 2 жыл. 1 ғылыми мақаласы бар.

3. Изтлеуов Сагынтай Аскарович – кафедра ассистенті. Жалпы медициналық тәжірибесі 4 жыл, педагогикалық тәжірибесі 1 жыл. 4 ғылыми мақаласы бар.

Байланыс ақпараты:. Ақтөбе қ, Маресьева 76А көшесі, тел: 8(7132)54-45-37

Пәннің саясаты – пәнді оқу барысында оқушыға қойылатын талаптар. Пәннің саясаты силлабуста айтылған және де келесі бөлімдерді көрсетуі тиіс:

- Оқу процесінің ұйымдастырылуы

- Оқу процесін ақпаратты қамтамасыз ету

- Аудиториялы сабақтарды және СӨЖ өткізуге қойылатын

талаптар

- Оқушыларға талаптар

Оқу процесінің ұйымдастырылуы

- кафедра оқу процесін жоспарлайды және ұйымдастырады;

- оқу процесін жүргізудің түрлерін жетілдіреді;

- оқу кестесін оқу бөлімімен және офис тіркеушімен бірге келістіреді;

- студенттерді оқу-әдістемелік құжаттардың барлық түрлерімен қамтамасыз етеді;

- клиникалық базамен тығыз байланыста жұмыс жасайды және тәжірибелік сабақтарды тақырыпқа сай науқаспен қамтамасыз етеді;

- қызметкерлер мен студентердің ғылими зерттеу жұмысын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасайды;

- қосымша білім қызметі үшін жағдайлар жасайды.

Оқу процесін ақпаратты қамтамасыз ету

- кафедрада және кітапханада силлабустар, анықтама-жүргізушілер, тәжірибелік сабақтар үшін әдістемелік нұсқаулар, СӨЖ студенттерге электронды алып жүруде берілген;

- сабақтар, кеңес алу кестелері және басқа кафедраның шешімі бойынша кафедраның ақпаратты қабырғасында ілінген;

- оқушыларға уақытында рейтинг бағалары туралы ақпарат беру.

Аудиториялы сабақтарды және сөж өткізуге қойылатын талаптар

- барлық аудиториялы және аудиториядан тыс сабақтар әдістемелік нұсқаулармен қамтамасыз етілуі тиіс.

Оқушыларға талаптар

- тәжірибелік сабақтарға және дәрістерге міндетті түрде қатысуылары тиіс;

- киім формасы: ақ халат, бас киім, маска, ауыстыратын аяқ-киім, стационарда хирургиялық костюм;

- еңбек тәртібін сақтау;

- жіберіп алған сабақтар мен лекцияларды мідетті түрде қай та орындау;

- студенттер аралық конференцияларға қатысқандары үшін кафедра шешімі бойынша + 4 балл аралық рейтингке қосымша бонустар ретінде қосылады.

1. Кіріспе:

Хирургиялық стоматология пропедевтикасы - халыққа хирургиялық стоматологиялық көмекті ұйымдастыру мәселелерін, хирургиялық стоматологиялық ауруы бар науқасты клиникалық тексерудің ерекшеліктерін, стоматологиялық хирургиялық араласудағы жансыздандыруды оқытатын пән.

Хирургиялық стоматология пропедевтикасы стоматология факультеті студенттерін клиникалық кафедраларда әрі қарай оқытуға негізделеді және дәрігерлік мінез-құлық пен ойлауды, сондай-ақ хирург –стоматологтың кәсіби міндеттеріншешуді қамтамасыз ететін іскерлікті қалыптастыру жолымен жалпы практика дәрігер-стоматологының кәсіби машықтарын меңгеріге үйретеді.

2. Пән мақсаты:

Хирургиялық стоматология негіздері, стоматологиядағы негізгі хирургиялық аурулардың диагностикасы мен емдеудің жалпы принциптері жөнінде білім мен іскерлікті қалыптастыру.

3. Оқыту міндеттері:

  • халыққа хирургиялық стоматологиялық көмекті ұйымдастыру принциптері туралы білім беру;

  • хирургиялық стоматология пропедевтикасының дәрігер-стоматологты дайындаудағы ролі туралы түсінік қалыптастыру;

  • хирургиялық стоматологиялық науқасты тексерудің негізгі және қосымша әдістеріне үйрету;

  • дәрігерлік деонтология негіздері, семиология, негізгі хирургиялық стоматологиялық аурулардың диагностикасы туралы түсінік қалыптастыру;

  • хирург-стоматологты негізгі кәсіби мануалдық дағдыларға үйрету (фантомда)

4. 4. Оқытудың соңғы нәтижелері:

Студент білуі керек:

  • халыққа хирургиялық стоматологиялық көмекті ұйымдастыру сұрақтарын, емханалар және хирургиялық стоматологиялық бөлімшелер жұмысының ұйымдастыру- экономикалық аспектілерін;

  • хирургиялық стоматологиядағы жергілікті жансыздандыру әдістерін,

  • науқасты хирургиялық стоматологиялық кабинетінде тексерудің жалпы принциптерін;

  • тісті жұлу операциясының әдістерін;

  • бет-жақ аймағының қабыну ауруларын емдеудің принциптері және семиотикасын;

  • бет-жақ аймағындағы флегмона және абцесстерді ашу, секвестрэктомия, жоғарғы жақ қуыстарының пункциялау, мұрынға тампон қою және алдыңғы риноскопия әдістемесін;

  • бет-жақ аймағындағы зақымдану клиникасы ерекшеліктерінің жіктелуін;

  • жақсүйектері зақымданғанда уақытша және тұрақты иммобилизация әдістерін:

Студент жасай алуы керек:

  • бет-жақ аймағы ауыратын науқастарға тексеру жүргізуді;

  • негізгі хирургиялық патологияларға диагноз қоюды;

  • көрсетілімді анықтауды және жергілікті жансыздандыру, операция әдісімен емдеу тәсілдеріне таңдау жүргізуді;

  • стоматологиялық араласулар кезінде жалпы жансыздандыруға арналған көрсеткішті анықтауды;

  • бет-жақ аймағындағы қабыну ауруларын емдеудің кешенді жоспарын құруды;

  • емдеу процесінде физиотерапиялық процедураларды таңдауды;

  • бет-жақ аймағының ауруларында және зақымдалу кезінде ауыз қуысын гигиеналық өңдеуді қамтамасыз етуді;

  • науқас және оның туыстарымен, әріптестерімен және өзге медициналық қызметкерлермен максималды сенім қатынастарын орнатуды;

  • ұжымдасып жұмыс жасауды.

Дағдыларды жасай білу:

  • қолдарын дезинфекциялық ерітінділермен өңдеуге, операциялар мен жараларды таңу алдында қолдарын өңдеуге;

  • барлық жергілікті жансыздандыру (инфильтрациялық және өткізгіштік) әдістерін орындауға;

  • бет қаңқасының өзге сүйектерін және жақтардың уақытша (транспорттық) иммобилизация жүргізуге.

5. Пререквизиттер: мойын және бастың клиникалық анатомиясы, жалпы хирургия, физиология, фармакология, коммуникативтік дағдылар, визуальдық диагностика, стоматологиялық аурулардың алдын алуы, ішкі аурулар, офтальмология, оториноларингология, дерматовенерология, микробиология, фтизиатрия.

Постреквизиттер: хирургиялық стоматология, терапиялық стоматология, ортопедиялық стоматология, ортодонтия мен бала жасындағы стоматология.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]