- •Мазмұны
- •Курстың тақырыптық жоспары
- •2. Лекция сабақтарының конспектісі
- •2 Сурет — Кездейсоқ процестердің (в.Г) корреляциялық функциялары (а,б)
- •5 Сурет - цикл бөлігі және барлық циклдер бойынша табылған, едендік орайтын машинаның тұмсығындағы мк (1 кисық) және ско (2 қисық) статистикалық бағалау қатынастарының өзгеруі
- •6 Сурет - 8 кездейсоқ жүктеменің таралу тығыздығының гистограммасы (1) және функциясы (2)
- •8 Сурет — f(х) белгілі таралу функциясы және кездейсок а, а2 т.Б. Сандар бойынша X кездейсоқ параметрлер мәнін табу
- •10 Сурет - Жүктемені анықгайтын машинаның корытынды графы
- •11 Сурет — 15хснд маркалы болаттың а5 ұрылу тұтқырлығының 1 мм үлгідегі кесілу радиусы кезіндегі температурадан t тәуелділігі.
- •13 Сурет - бөлшек қимасындағы кернелу өзгерісінің асимметриялық процесі
- •14 Сурет - Шаршау қисықтары а-...Координат жүйесінде; б- координаттың логарифмдік жүйесінде
- •Статистикалық және циклдік беріктіктің жағдайында элементтердің жүру қабілетінің таралуы
- •15 Сурет - Күрделі бөлшектер (а) мен қисық шипті-жорғалағыш (кривишипно-ползундық) механизм (б) массаларының инерциялык моменттерін анықтау
- •Біліктер қаттылығы
- •16 Сурет — Эксцентрлі тесілген білік
- •17 Сурет - Шеңберлі тілігінен білік (а); ұзынша тілінген білік (б)және график
- •18 Сурет — Лыскалы білік (а) және график ...
- •19 Сурет- а - сатылы; б - конусты біліктер
- •20 Сурет - Шлицалы білік (а); эллипсті (б); тікбұрышты (в)крест тәрізді (г) және ерікті (д) қималар
- •21 Сурет - к,„ коэффициентін анықтайтын номограмма
- •22 Сурет - Біліктердің жалғасуы
- •23 Сурет - фланцты жалғасу
- •24 Сурет - Әмбебап шпиндель
- •25 Сурет - Цилиндрлі спиральды пружиналы муфта
- •Сыртқы жүктемені келтіру
- •Массаларды келтіру және инерция моменттері
- •30 Сурет - Есептеу схемасының мысалдары
- •Сурет - Кіру-қозғалыс жүйесінің есептік схемасы
- •Сурет - Айналдырғыш жүйесінің есептік схемасы
- •33 Сурет —Келу-козғалмалы да және айналмалы да элементтері бар жүйенің есептік схемасы
- •35 Сурет — Механизмнің екімассалық эквиваленттік схемасы
- •36 Сурет - Металлургиялык жүктеменің сызыктық, (а), экспоненциалдық (б)
- •37 Сурет — Импульстік жүктеме
- •38 Сурет — Саңылаулардағы серпімді ұрылу
- •39 Сурет — параметрлік тербелістер тұрақтылығы облысының диаграммасы
- •40 Сурет - Машиналардағы автотербеліс
- •41 Сурет — Тәуелсіз қозатын тұрақты тоқты қозғағышы бар электржетектің электрмеханикалық жүйесінің физикалық моделі
- •42 Сурет - Ауыспалы тоқтың электрқозғағышы бар электржетектің электрмеханикалық жүйесінің физикалық моделі
- •3. Глоссарий
- •4. Қолданылған әдебиеттер тізімі
10 Сурет - Жүктемені анықгайтын машинаның корытынды графы
Бұл граф қолдану жағдайларының X, U жасалуы, басқару процестерінің У, машина мен орындау органының орын ауыстыруының Z, машинаның конструктивтік ерекшеліктерінің М және сапа көрсеткішінің К, элементтер мен жүйелер N1 жүктемесіне әсерлік жағдайларын көрсетеді.Осы графтың әрбір жоғарғы шыңы көптеген элементтер ретінде қарастырылады. Әткеншекті құйғыш машиналарға, оған сәйкес Ү көптігіне әткеншектің бұрылу, Ү1 , қасықтың йілуі Ү2 , анод алатын машина Ү3 механизмдерін басқару процестері кіреді. Басқарудың әрбір процесі берілген мезанизмнің козғағышы мен тежелуінің қосылу бірізділігінен тұрады. Z көптігіне әткеншектің айналуы Z1 , қасықты бұру механизмінің қозғалысы Z2, анод алғыш жебесінің ұшу өзгерісі Z3 т.б. кіреді.
М көптігіне жеке бөлшектердің конструктивтік ерекшеліктері М, және жетек жүйесінің конструктивтік варианттары М2 кіреді. Бұру механизмінің соңғы берілісі қыз немесе тісті жұп түрінде орындалады. Мұнда әртүрлі ілініскен саңылаулар пайда болады, бұру механизміндегі жүктеме соған байланысты болады. Жүктемеге арқандағы асылған жүктің типі (сызықты, тегіс, кеңістіктік), жебе құрылғысының типі (пилиспаст теңестіргіші бар жебе, шарнирлік- бөлшектенген жебе), жетек типі (тұрақты, ауыспалы токтың электржетегі, гидрожетек), механизмдер жетегінің саны (бір, екі, бірнеше) т.б сияқты конструктивті варианттар жүйесі әсер етеді.
К көптігіне жүктемеге әсер ететін сапа көрсеткіші кіреді. Оларға К1, тағайындау көрсеткіші (жүк көтеру кабілеті, ұшу т.б), өнімділік көрсеткіші К2 (механизмдер жылдамдығы), машина массасының көрсеткіші К3, және басқа көрсеткіштер кіреді. Көтеру және бүру механизмдерін (Ү1, көптігі) басқарудың бірнеше варианттарын немесе осы механизм жылдамдығының бірқатар шамасын (К2 көптігі) қарастыруға болады.
ХN1, UN1, К.N1, МN1,ZN1, YN1 доғалары элементтер мен жүйедегі N1, жүктемесіне айтылған факторлардың әсерін көрсетеді. Сөйтіп, байланыс операторлары стохастикалық, дифференциалдық теңдеулер жүйесі болып саналады. Олардың коэффициенттері мен оң жақ бөліктері X,U, К, М, Z, Y көптіктерінен тәуелді болады. Теориялық-көптеген айтылғандарды қолдана отырып, қарастырылатын машина мен доғаны цифрлық ЭВМ көмегімен, жеңіл ашылатын функционалдық сәйкестік түрінде қарауға болады. ХК, ХМ, ХZ XV, UМ, КМ, КZ, КY, МZ, МY, ZY,YZ доғалары жүктемені анықтайтын факторлар арасындағы байланысты белгілейді. Бұл байланыстар математикалық тәуелділік немесе эфристикалық қорытындылар түрінде болады. Кранның максималды ұшуы (К көптік элементі) оның айналу осінен жүкті түсірудің мүмкіндік нүктесіне дейінгі максималды қашықтығына тең болу керек. Оның координаты машина жұмысының технологиялық вариантымен анықталады (X көптік элементі). Бұру механизмі конструкциясына (М көптік элементі) шығаратын зауыттың технологиялық әсері (U көптік элементі), механизмнің планетарлық редукторының қарастырылмаумен анықталуы мүмкін, себебі бұл зауыт термо өңдеу мен берілістің дәл дайындалу деңгейін қанағаттандыра алмайды. Жүктемеге әсер ететін факторлардың көбі кездейсоқ жағдай, шама, процестер болып саналады. Факторлардың әрбір үйлесімдеріне і (белгілі бір технологиялық жұмыс варианты, басқару квалификациясы, жіберу және тежеу аппараттарын реттеу т.б.) ықтималды Рi, кейбір көріністері сәйкес келеді. Механизмге немесе металлконструкцияға N1S жүктемесінің берілген үйлесімді факторлары кезінде өзінше таралу заңы болады fi(S). Қарастырылатын барлық үйлесімді факторлар кезінде таралудың жиынтықтық заңын анықтау үшін, кездейсоқ қоспа теориясы, қолданылады, соған сәйкес:
f(S)
=
(14)
мұнда п - үйлесуі мүмкін факторлар саны.
Ықтималды Рi, ЭВМ-де алдында айтылған функционалдық сәйкестіктің ашылуы кезінде есептеледі.
Жүктеменің орташа деңгейі, кездейсоқ қоспа теориясына сәйкес, тәуелділік бойынша анықталады:
(15)
мұнда - і факторлар үйлесіміндегі жүктеменің МК
Әдебиет
5 негізгі/83-118/
Бақылау сұрақтары
1. Жобалау кезеңіндегі эксплуатациялық жүктеме қандай жолмен есептеледі?
2. Ститистикалық динамика нені зерттейді?
3. Қандай операторлар құлдыраған деп аталады?
4. Эксплуатациялык жүктемені аныктаудың имитациялық әдісінің мәні неде?
5. Басқару жұмысының қалыптасуы үшін қандай әдістер қолданылады?
6. Машина моделінің қорытындыланған графы нені білдіреді?
№ 4 лекция Пайдалану жүктемелерін анықтау әдістері
Технологиялық машиналардыің сенімділігі жеке элементтерінің (бөлшектерінің) сенімділігіне байланысты. Механизмдер бөлшектері мен металлконструкциялардың сенімділігі беріктік пен циклдік беріктік бойынша тек жүктемеден ғана емес, сонымен бірге сол элементтердің жүру қабілетіне де байланысты.
Жүру қаблеті деп жүктеменің әсерінен бөлшектер жағдайының шегіне жетуін айтады. Бөлшектер жағдайының шегі деп оның одан әрі жұмыс істеу қабілетінің тоқтауын айтады. Технологиялық машиналар жағдайының бірқатар шегі бар. Олардың ең негізгісі төменде қарастырылады.
Статистикалық беріктік шарты бойынша, шектік жағдай, шегіне жеткен жүктеменің әсерінен бөлшектер түрдің бұзылуы немесе формасының жоғалуы дамиды, ол иілгіштік ақаулардан немесе тұрақтылықтың жоғалуынан болады. Мысалы, механизмге шектен тыс жүктеме түскенде, редуктордың шойын корпусының бұзылуы немесе болат біліктің майысуы.
Циклдік беріктік шарты бойынша шектік жағдай, тиісті жүктемеден болатын ауыспалы кернелу әсерінен, шектік шамаға жететін шаршау жарығы пайда болғанда көрінеді. Бұл жарықтардың пайда болуынан бөлшектер бұзылуы мүмкін. Мысалы, металлконструкция жебесіндегі жарықтың боуынан немесе біліктің кенеттен бұзылуынан кранның жұмысы тоқтайды, бұл жарықтарды байқау өте қиын, өйткені ол редукторда болады.
Ескіру шартына байланысты шектік жағдай, сыртқы жүктеме әсерінен, белгілі бір температурада, жылдамдықта, қажалатын беттердің майлану және ластану жағдайларында бөлшектер бір-бірімен қажалып, істен шығуынан пайда болады. Мысалы, порталдық кранның жылжу механизмдерінің ашық тісті берілісінің ескіруі. Басқа да шектік жағдайлар болуы мүмкін.Технологиялық машиналар элементінің жүру қабілеті бөлшектердің беріктігі мен конфигурациясына, оларды жасаған материалдың механикалық сипатына, материалдардың сырткы және ішкі қабаттарының термиялық және суықтық өңдеуден өтуіне, ылғалдыққа, оны қауіпті ететін әртүрлі ерекшеліктерге байланысты. Төмен температурада көптеген материалдар созылмалы түрден сынғыш түрге енеді.
Төмен температурада бірқатар болат конструкцияларында ұру түтқырлығы төмендейді, бұл суықсынғыштыққа әкеледі (2,11 суреттер). Болат бөлшектердің суықсынғыштығына салқын температурадан басқа болаттың химиялық құрамы мен құрылымы, кернелу концентраторларының болуы, сыртқы жүктеменің түсу жылдамдығы, болат өндірісінің технологиясы т.б. факторлар әсер етеді. Сынғыштықтан бұзылу процесі жарықтың пайда болуынан басталып, ол әр түрлі жылдамдықпен таралады, сөйтіп бөлшектің бұзылысына әкеледі. Суықсынғыштық критериі бойынша СтЗ, СтЗкп маркалы көміртектік қайнайтын болат қауіпті болып саналады. Төмен температура көптеген металл емес бөлшектердің сенімділігін төмендетеді.
