Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус жедел каз 15-16.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
305.15 Кб
Скачать

2.3. Оқытудың мақсаттары:

  • студенттерге шұғыл жағдайларды диагностикалаудың негізгі принциптерін үйрету;

  • студенттерге әртүрлі шұғыл жағдайларда алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуді үйрету;

  • тұлға аралық қарым-қатынас дағдыларын және пациенттерге кеңес беруді жетілдіру

2.4. Пәнді оқудың соңғы нәтижесі

Оқу курсы бағдарламасындағы оқытудың соңғы нәтижелерінің жалпы көлемі:

Білім алу деңгейі

Рөлдермен берілген құзіреттіліктер

Оқытудың соңғы нәтижелері

(бағалау әдісі)

Б1.1

ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ(1) - БІЛІМІН ҚОЛДАНУ

Білім (когнитивті) домені:

Қолданады: кенеттен науқастанған адамдардың немесе зардап шегушінің жалпы жағдайын бағалау немесе зардап шегушінің өміріне қауіпті және шұғыл көмекті қажет ететін патологиялық жағдайларды анықтауда осы пәннен алған білімін;

Дағдылар (психомоторлы) домені:.

Дәлділік:зардап шегушілердің немесе кенеттен науқастанғандардың өмірін құтқаруда алғашқы медициналық көмек көрсетуді дәлдәкпен орындайды;

Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені:

Құндылықтарды үйлестіреді: іс-әрекетінде ғылыми жаңалықтардың құндылықтарын үйлестіреді.

Б2.1

ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ(1) - КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ДАҒДЫЛАР

Білім (когнитивті) домені:

Қолданады: науқаспен,оның туыстарымен және басқада медицина қызметкерлерімен барынша сенімді қарым-қатынас құру барысында этикалық принциптерді;

Дағдылар (психомоторлы) домені:.

Дәлділік:медициналық сұхбатты тиімді түрде бере алады;

Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені:

Құндылықтарды үйлестіреді: коммуника-циялық дағдылар принциптерінің құндылыктарын үйлестіреді.

Б2.2

ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ(1) - НАУҚАСТЫ ЖҮРГІЗУ

Білім (когнитивті) домені:

Есте сақтайды:науқасқа немесе зардап шегушінің өміріне қауіп төндіретін жағдайда,шұғыл көмекті қажет ететін патологиялық жағдайларды;

Түсінеді: науқасқа немесе зардап шегушінің өміріне қауіп төндіретін жағдайларда жүйелер бойынша дамыған патологиялық процестердің негізгі клиникалық симптомдары мен синдромдарын;клиникалық белгілердің айқындалу дәрежесін бағалауды;

Қолданады: науқасқа немесе зардап шегушінің жалпы жағдайын,жарақаттану түрін ерекшелігін бағалау,көрсетілетін жедел көмек түрін анықтап,соған сәйкес көмекті кезектілігімен орындау барысында білімін;

Дағдылар (психомоторлы) домені:

Дәлділік: анамнез жинау,физикалық тексеру (қарау, пальпация, перкуссия және аускультация жүргізуді,ЭКГ түсіру) және осы дағдылардың нәтежесінде диагноз қойып алғашқы көмек көрсетуді,ӨЖЖ-ді,жүрекке тікелей емес массаж жасауды,интубация жасауды,асқазанды жууды дәлділікпен жасайды.

Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені:

Құндылықтарды үйлестіреді:жасаған іс-әрекетінің құндылықтарын үйлестіре отырып,дұрыс ұйымдастырады;

Б2.3

(1)МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРОЦЕДУРАЛАР:Бакалавр дәрежесіне сәйкес стандартты медициналық процедураларды жасай алатындығын көрсетеді

Білім (когнитивті) домені:

Қолданады: науқасқа немесе зардап шегушінің жалпы жағдайын,жарақаттану түрін ерекшелігін бағалау,көрсетілетін жедел көмек түрін анықтап,соған сәйкес көмекті кезектілігімен орындау барысында білімін;

Дағдылар (психомоторлы) домені:.

Дәлділік: анамнез жинау,физикалық тексеру (қарау, пальпация, перкуссия және аускультация жүргізуді,ЭКГ түсіру) және осы дағдылардың нәтежесінде диагноз қойып алғашқы көмек көрсетуді,ӨЖЖ-ді,жүрекке тікелей емес массаж жасауды,интубация жасауды,асқазанды жууды,шина,таңғыштар салуды,қан тоқтату әдістерін дәлділікпен жасайды.

Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені:

Құндылықтарды үйлестіреді: жасаған іс-әрекетінің құндылықтарын үйлестіре отырып,дұрыс ұйымдастырады;

Оқудың соңғы нәтижесін талдау:

Студент білуі тиіс:

  • науқастың (зардап шегуші) өміріне қауіпті және шұғыл көмекті қажет ететін патологиялық жағдайлардың негізгі клиникалық белгілерін;

  • зардап шегушілердің және кенеттен науқастанғандардың өмірін құтқаруда дәрігерге дейінгі көмек көрсету шараларының кезектілігін;

  • төтенше жағдайлар кезінде жұмыс жасауда дәрігер мен пациенттің негізгі қауіпсіздігін;

Студент істей алуы тиіс:

  • кенеттен науқастанғанның немесе зардап шегушінің жалпы жағдайын бағалау;

  • өмірге қауіп тудырушы жағдайларда жедел жәрдем көрсету;

  • пациентпен, оның туыстарымен, әріптестермен және басқа медициналық қызметкерлермен барынша сенімді қарым-қатынас туғызу;

  • командамен жұмыс істеу.

  • ЭКГ түсіру және талдау.

  • «ауыздан ауызға» және «ауыздан мұрынға» жасанды тыныс беруді өткізу;

  • жүректің жабық массажын жасау;

  • коникотомия;

  • жұмсақ катетермен қуықты катетеризациялау;

  • гипертониялық кризді басу;

  • шаншулар кезіндегі ауыру синдромын басу;

  • бронхообструкция синдромын басу;

  • талма кезінде жедел жәрдем көрсету;

  • сыртқы қан кетуді тоқтату;

  • асқазанды сүңгісіз жуу;

  • жарақаттар кезінде аяқ-қолды иммобилизациялау;

  • анафилактикалық шокты, Квинке ісінуін және есекжемді басу;

  • гипогликемиялық жағдайды басу;

  • жіті коронарлық синдром кезінде ауыру сезімін басу;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]